Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / «Менің құқықтық алаңқайым» 7-сынып

«Менің құқықтық алаңқайым» 7-сынып



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін

16.04.2014ж.


ТАҚЫРЫБЫ: «Менің құқықтық алаңқайым»

МАҚСАТЫ:

адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;

  • әр адам өз бостандығы мен құқықтарын қорғауға құқылы екенін дәлелдеу

  • құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;

  • өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  • оқушылардың логикалық ойлау мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту дағдыларын дамыту;

  • оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру.

ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: интерактивтік тақта, дөңгелете қойылған столдар; стол үстінде фломастерлер, ромашка гүлі салынған қағаз беттері, ромашканың ортасы әр түрлі түстен (топтардың санына байланысты); тапсырма салынған конверттер

Дайындық кезеңі. Топтарға бөлу: оқушылар кабинетке кірерде түрлі-түсті қағаздарды таңдап алады, қағаз түсі оқушы қай столға отыратынын көрсетеді (қағаз түсі ромашка гүлінің ортасының түсімен сәйкес болады). Топ атынан сөйлейтін топ басын сайлау.

Міндеттер:

Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

Кіріспе сөз.

Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы – «Менің құқықтық алаңқайым».

(Слайд №1-3)

Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білетін боламыз, яни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.

Сөздікпен жұмыс.

hello_html_m1324f3a3.jpg

1. Кәне, анықтап алайық, құқық дегеніміз не?

Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым

Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен

қарым-қатынасқа қойылатын талап

Мораль- адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.

Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлектеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт

Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды

қалыптастыратын салтанатты акт. (Слайд №4)

Әңгіме.

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Бала құқықтары туралы Конвенция

  3. Бала Құқықтары туралы Декларация

  4. Азаматтық Кодекс

  5. Неке және отбасы туралы Заң (Слайд №5)


2. Топтарға сұрақ


- Осы құжаттарда бала деп көрсетілгендер кімдер, неше жастағылар деп ойлайсыңдар?


(Кәмелеттік жасқа толмағандар). (Слайд №6)


3. Шағын топтармен жұмыс. «Бала ма, бала емес пе?» ). (Слайд №7)

  • Кененбаев Мұрат әке-шешеден жетім қалды, өзі күтім тілеп отырған кәрі әжесінің қолында тұрады. Бірден-бір күнкөріс көзі – асыраушысынан айырылған адамға берілетін зейнетақы. Бала әжесін күтеді, кейде машина жуып табыс табады, кешкі мектепте оқиды.

  • Сәбитова Ира 16 жасында сәбилі болды. Ол кешкі мектепте оқиды. Ата-анасымен бірге тұрады.

  • Киркорова Ася 11 жаста, соның төрт жылын ол үй астындағы жертөле қабатта өткізіп келеді. Ата-анасы әуелі оны таяқтан көз ашырмады, ақыры өздері үйден кетіп тынды. Содан бері хабар жоқ.

  • Александр Ким мен Саша Малинина 17 жаста үйленді.

  • 17 жастағы Тимур Қанатбаевты Орал қалалық соты ұрлық жасағаны үшін соттады. Бұған дейін ол бұзақылығы үшін түрмеде отырып шыққан еді.


4. «Құқықтық алаң» ұғымын анықтау


Құқық ұғымын анықтадық. Ал енді «құқықтық алаң» дегеніміз не? (Оқушылар жауап береді. Қиналған жағдайда мұғалім жауап береді).


Құқықтық алаң – адам құқықтарының жиынтығы

5. Шағын топтармен жұмыс


Сіздердің столдарыңызда түймедақ гүлдері жатыр. Алаңқайда өскен бұл гүлдер сіздер үшін құқықтық алаңқайдың символы іспеттес болсын.

Тапсырма. Әр топ өзінің құқықтық алаңқайын жасап шығару керек. Гүлге өздерінде бар деп есептейтін құқықтарын жазу керек.

hello_html_33c34401.jpg

«Құқық алаңқайы» жобасын құру және талқылау. (3-5 минут).


Әр топ өздерінің жобасын қорғайды да, тақтаға іледі.

(Слайд №9)


Баланың құқықтық алаңымен танысу. (Слайд №10)

(Бұл слайдта баланың тұтас конституциялық құқықтары берілген. Ол үлкен алаң болып безендірілген. Яғни бөлек-бөлек түймедақ гүлдерінен әр түрлі түсті алаңқай құрастырылып шықты.)

Ал енді шын мәнінде біздің құқықтық алаңымыз қандай екен? Соған назар аударайық. Сіздердің алаңқайларыңыз бұл алаңмен сәйкес келе ме екен, тексерейік. (Интерактивті тақтада «Құқықтық алаң». Сәйкес келетіндеріне белгі қоямыз. Ал балалар көрсетпеген құқықтарды қызыл фломастермен қоршаймыз). (Слайд №11)


Бала құқықтарының иллюстрациясы. (Слайд №12, 13, 14, 15).

«Кім жылдам»

Қазір сіздер слайдтар көресіздер. Слайдта баланың қандай құқығы бейнеленгенін шапшаң айту керек.


Практикалық жұмыс. «Қай құжат артық?» ). (Слайд №16)


Мына балалар құқығы қаралған құжаттардың ішінде бір құжат артық. Соны табу керек.


«Әрекетқабілеттілік пирамидасы» ). (Слайд №17)



Балалар, құқық бар жерде міндет те бар. Енді соған тоқталайық. Сіздердің құқықтарыңыздың шектелетін кездері де болады. Құқықтарыңызды кім шектей алады?

  • Сенің ар-ұятың


  • Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері


  • Заңдар


ҚР балалардың міндеттері:

  • білім алуға

  • тәртіп сақтауға

  • мектеп мүлкін сақтауға;

  • үлкендерді сыйлауға;

  • ана тілдің тазалығын сақтауға;

  • әрдайым таза, ұқыпты жүруге;

  • темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге, т.б.


(Слайд №18-21)


Мектепте кездесетін жағдаяттарды талқылау (Слайд №22-29)


Шешім қабылдау:

«Біз сабақ үстінде ұялы телефон ұстамаймыз. Бұл – біздің шешіміміз. Және мұны біз орындаймыз» (Слайд №30)


Қорытынды:

1 Ереже. «Міндетсіз құқық жоқ»

2 Ереже. «Өзіңе тілемейтініңді басқаға да тілеме»

3 Ереже. «Сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі»

(Слайд №31, 32, 33)






















Жhello_html_m51eab120.gifалпы білім беретін Шежін орта мектеп -балабақша





Тақырыбы:

hello_html_m3278d6d7.gifhello_html_7a655f86.gifhello_html_6e8e9158.gif






























Шежін-2014



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Мақсаты: Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттерін қалыптастыру.Құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.Өз болашағына жауапкершілікпен қарауға,оқушылардың логикалық ойлау мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту дағыдыларын дамыту,өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта,дөңгелете қойылған үстелдер, фломастерлер,түймедақ гүлі салынған қағаз,тапсырма салынған конферттер.

Бұл тәрбие сағатында балалар жауапкершілікті сезінеді

Автор
Дата добавления 17.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров355
Номер материала 486320
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх