Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Менің алғашқы ұстазым" тақырыбындағы эссе

"Менің алғашқы ұстазым" тақырыбындағы эссе

Скачать материал

Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі...Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар білгенін шәкірттерінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының білгірі, менің алғашқы ұстазым – Жамал Самарханқызының  орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрімен сусындатып келген білікті ұстаз әлі күнге дейін Темір  ауданының  Бірінші Мамыр негізгі  мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, табысты еңбек етіп келеді.

Оңашада отырып, алғашқы ұстазым туралы ойға кетсем, көз алдыма жарқын мінезді, ақ жүрек, жылы жүзді, қашанда көздерінен мейірім шуағын шашып тұратын  Жамал Самарханқызының  дидары елестеп, еріксіз қиялға батып, жарқын естеліктерге жетелей жөнеледі... Әр уақытта шашын жоғары түйіп жүретін Жамал апай қазір самайына ақ түсіп, егде тартқанымен, әлі де мейірімге толы көздерімен ауыл оқушыларын күлімдеп қарсы алып тұрады.  

Міне, сол қызыққа толы уақыттың өткеніне 13 жыл толғанымен, мектепке келген сайын күлімдеп қарсы алып отыратын сүйікті ұстазыма деген сағынышым арта түсуде. Мен өзім ана жылулығын сезінбей,көрмей өскен жанмын.Себебі анам мен 1 жасымда болған кезде дүниеден озыпты.Сол себепті мені бірінші сыныпқа  Әкем  жетектеп алып барғанда, Жамал апай бірінші қатардың екінші партасына отырғызғаннан кейін сол партада  бесіншіге көшкенше отырған екем. Сабақ аяқталған соң сыныптастарымның барлығы үйлеріне тарасты. Мені алып кететін  әкем әлі жоқ. Отыра қалып жылағанымда  Жамал  апай құшақтап, әрең жұбатқан еді.  Ол – ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы ардақты жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол – алғашқы ұстазым.

Адам есейген сайын алыста қалған балалық шағын қатты сағынады екен. Алаңсыз бақытты шақтың тәтті күндері жиі еске түседі. Бала арман, бала қиял, бала махаббат… Ойға оралған сайын еріксіз езу тартасың.

Осы орайда бастауышта оқығанымызда сыныпта 10 қыз және 2 ұл ғана болған едік. Қыздардың бәрі әр үйдің еркесі болғанымен, өте пысық болды. Барлығымыз бірдей “апайлағанда” ұстазымыздың көзіне жас үйірілетін. Өзге мұғалімдер “шұрқыраған балапандар” деп күлетін. Осындай қарқынмен біз бастауыш сыныпты 12-іміздің 5-іміз үздік тамамдап, жоғары сыныпқа жолдама алған болатынбыз. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Сол жарқын кездерден бері көп жылдар өткенімен, шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленген ұстазымызға, екінші анамыздай болғасын Жамал Самарханқызына  айтар алғысымыз шексіз. Өткенде барлық сыныптастарымыз жиналып, апайымыздың үйіне қонаққа барған болатынбыз. Ұзақ әңгіме-дүкен құрып, ұстазымызда сақталған біздің дәптерлеріміз, суреттеріміз бен бейнетаспаларды тамашаладық. Сол сәтте әрқайсымыздың көзімізге үйірілген сағыныш жасын мектеп партасына, сүйікті апайымызға, балалық шаққа деген сағыныштың белгісі деп ұқтық.

...Әрбір шәкірттің жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталу – заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.Жамал Самарханқызындай  ұстазы бар адам әр кез бақытты! Себебі әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.

 

 

 

 

 

Ақтөбе облысы  Темір  ауданы  Қалмақтықырған бекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ұстаз-ұлы тұлға!»

 

 

 

 

Орындаған:Тлеубаева Анара Сансызбаевна

 

 

 

 

 

 

                                                                  

 

 

 

 

 

2015 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің алғашқы ұстазым" тақырыбындағы эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.09.2015 51904
    • DOCX 21 кбайт
    • 100 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлеубаева Анара Сансызбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тлеубаева Анара Сансызбаевна
    Тлеубаева Анара Сансызбаевна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53523
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе