Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыМенің Атым Қожа ашық сабақ

Менің Атым Қожа ашық сабақ

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі шығармашылығы туралы толық мәлімет беру. Қожа бейнесін жан-жақты  ашу.

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру, ойын ашық жеткізе білуге ынталандыру.

3. Тәрбиелік: адамгершілікке, адалдыққа, еңбек сүйгіштікке, жақсы дос таба білуге, досты сатпауға, ақылдылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ, ұжымдық сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, электорндық тақта (слайд), бүктемелер.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.  Б.Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұрақтар.

2.  «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты? («Өзім туралы повесть»)

3.   Б.Соқпақбаевты неге балалар әдебиетінің атасы деп атаймыз?

4.      «Менің атым Қожа » повесі аударылған тіл? (Француз тілі)

5.     Б.Соқпақбаевтың ең танымал туындысы?

6.     Жазушының тағы қандай шығармаларын білесіңдер?

7.     Қай жылдары дүниеге келген, қай жерде туып өскен?

8.     Шығармаларының көбі кімдерге арналған?

9.     Жазушы шығармаларында басты кейіпкер ретінде кімді алады?

10.  Шығармаларындағы айтайын деген ойы, идеясы не туралы?

11. Повестьке түсірілген киноның авторы кім?

12.  Қожаның шын есімі?

13.  Шығармадағы Жантас, Қаратай есімді кейіпкерлер туралы не айтасың?

14. Повестьке түсірілген фильм туралы білесіңдер ме?

15.  Фильм мен повестьтің айырмашылғы неде?

 

ІІІ.  Жаңа сабақ.

     Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы, «Менің атым Қожа» повесіндегі «Түбі адам болатын бала» жайлы түсіндіремін. Қожа бейнесін ашамыз.

І. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтінінді біл. (Үй тапсырмасы).

2."Білген сайын келеді біле бергім..." (Жаңа сабақ).

а) "Түбінде адам болатын бала" (Қожа бейнесі).

э)"Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас" (Шығармашылық жұмыс).

3. Не үйрендім, не білдім. (Сабақты бекіту).

4. Бақытты балалық шақ. (Сабақты қорыту).

             "Мынау кім?"

Біреуді   біреуге   атыстырып,   от  тастап   жүретін   қу,   сабақ  үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш. (Жантас)

-  Мен оқулық емес, қант аламын.        

-  Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)

-  Біз екеуміз таныс шығармыз деймін. (Майқанова)..

- Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (Анфиса Михайловна)

-  Мен сенін, әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.(Сәйбек қарт)

-  Келесі сабаққа қайсың бақа ұстап әкелесіңдер? (Оспанов) "Қай сәт бейнеленген?"

1."Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Мандайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!" (Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А.Пушкиннің "Қысқы кеш" өлеңін жатқа сұрағанда)

2."Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге үқсар деймін" (Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт).

3."Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сейбек керінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?" (Пед. кеңес болып жатқан сәт).

"Білген сайын келеді біле бергім".

Бүгінгі біздің мақсатымыз:

1 . Қожа мен Жантас бейнелеріне талдау.

2. Өз ойыңызды, пікірлеріңізді еркін айту, жеткізе білу.

3. Повесть туралы ұғымды қалыптастыру.

а) "Түбінде адам болатын бала" Қожа портреті (мүғалім жатқа айтады).

"Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде атымды атамай "тампыш неме" дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз төрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің тұсына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді"

Білім стратегиясы бойынша Қожа мен Жантастың бейнелеріне талдау. (Оқушыларға кеспе-карточкалар үлестіріледі).

1. Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?

2.Оқулық алу үшін мүғалімді алдағаны дұрыс па?

3."Бір секундка кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді."Қожа қандай бала?"

4."Қысқы кешті" жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?

5."Қысқы кешті" жаттамаған Қожа қандай күйде болды?

6. - Қара көже, мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.

Осы сөздерімен Жантастың қандай сипаты көрінеді?

7. - Бұл кім?

- Мен ғой, ата. Мен Қожамын.

-  Мұнда неғып отырсың?

-  Педсоветке келдім.

-  Онда сенің не шаруаң бар?

-  Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.

-  Сені мұғалім етеміз дей ме?

-  Директор етеміз дейді. Қожа қаңдай бала?

8."Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау" деген ойынан Қожаның қандай екені көрінеді?

9. - Мама! Сен жылап жатырмысың?

- Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! — деп Қожа мамасының тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жібереді. Қожа қандай?

10. Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне-өзі серт беруі оның қандай бала екендігін керсетеді? Ой тастау. Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер болды? Анасын аяуы ма, Сейбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?

Қожаның қабылдаған қаулысы

1. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын көрсетеді екен. Оған көзім жетті. Әрі бұл адамның келешегі үшін зиян. Тәртіпсіз болсаң, комсомолға да алмай қоюы мүмкін. Сондықтан қалай еткенде де тәртіпті болуым керек.

2. Әрбір тәртіпсіздік қылығым үшін дер кезінде аяусыз жазаланып тұруым керек.

3. Сұлтанмен жолдастық бұдан былай үзіледі. Ол екеуіміздің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды. О дүниедегі қызыл ошақ жайына келетін болсақ, ... мені дозақ оты да сескендіре алмайды.

4. Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек.

5. Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме-өзім есеп беріп, жақсы-жаман қылықтарымды осы дәптерге жазып отырамын.

Қаулы бір ауыздан қабылданды.

"Теріп алу" стратегиясы

алғыр, пысық               әділетті

өтірікші                        ақын

ақылды                        әзілқой

сотқар, тентек               арамза

мейірімді                     тапқыр

қу, зымиян                  қателіктерін түсіне біледі

шыдамсыз                    жағымпаз

тиянақсыз

Көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, оқиғалары жинақы, оқиға негізінен бір арнада өрістейтін  кейіпкерлер саны да көп емес шығармалар бар.

Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманы повесть дейміз. "Бақытты балалық шақ" слайдты көрсете отырып, Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым Қожа" фильмі туралы айту.

                                                                                               ІҮ. Сабақты бекіту:

1. "Менің атым Қожаның" авторы кім?

2.   Зоология пәнінің мүғалімі?

3.   Сынып жетекшісі?

4.   Қожа жаттамай келетін өлең?

5.   Қожаның досы?

6.   Қожаның анасы?

7. Жанар жаттаудан алған бағасының орысшасы?

8. Қожаның анасының аты? (Милат)
9. Повестегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі? (Майқанова Сәбира)

Ү. Үйге тапсырма: 1. Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеп келу. 2. "Балалық шақ" тақырыбына шығарма жазу. Ашылмай қалған бір бейне бар. Ол кім? Тауып, талдап келу.

 ҮІ.  Бағалау.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Менің Атым Қожа ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 848 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2016 3989
    • DOCX 327.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибрайымова Жибек Мухтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибрайымова Жибек Мухтаровна
    Ибрайымова Жибек Мухтаровна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7077
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания английского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 378 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 448 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания китайского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 106 человек

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 146 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов