Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / "Менің Қазақстаным" Ашық сабақ

"Менің Қазақстаным" Ашық сабақ

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Менің Қазақстаным – менің болашағым

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым»
Мақсаты: ҚР - ның картасымен, әсіресе Маңғыстау облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Музыка ырғағы арқылы патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі: суреттер, карта, әуен.
Тәрбие сағатының өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
«Атамекен» әнін балалар хормен орындайды.
Кіріспе бөлім.
- Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз - тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз егеменді болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлкеттік туы бар.
Біздің ұлттық ана тіліміз – қазақ тілі.
- Балалар, республикамыздың президенті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
- Біздің астанамыз қалай аталады?
- Біздің елордамыз – Астана.
Негізгі бөлім.
- Бұл тақтаға ілінген бұл не?
- Бұл – карта.
- Жарайсыңдар! Иә, мынау – Қазақстан картасы, мында Қазақстанның қалалары, облыстары, өзен - көлдері көрсетілген, біздің жеріміз пайдалы қазбаларға толы. Мәселен, мұнай - газ, уран, т. б. Жеріміз әлем бойынша үлкендігі жағынан 9 - шы орында тұр. Біз осындай елде туып - өскенімізді мақтан ете аламыз.
- Ал, мынау біздің – Маңғыстау облысы. Біздің облысымызда 362 әулие бар, әдемі «Тамшалы» деген жер бар, Үстірт тауы, Шерқала да бар. Әсіресе, біздің өлке қазба байлықтар, оның ішінде мұнайға бай өлкеміз және үлкен Каспий теңізі де бар.
- Ал, мына, сол жақта не көріп тұрсыңдар?
- Бұл – Каспий теңізі.
- Дұрыс айтасыңдар! Мінеки, теңіз деңгейінен - 132 метр төмен орналасқан Қарақия ойпатын да көріп тұрмыз.
- Жақсы, олай болса, елімізге, туған жер мен Отанымызға арналған тақпақтар мен мақал - мәтелдерге кезек берейік!
Қарақат: Қазақстан - туған өлкем,
Жер көп пе, сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем
Сұлтанбек: Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Нұрсая: Туған жер беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың - мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Абылайхан: Отан от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық.
Отан - сенің ата - анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң
Отан - аудан, ауылың.
Қарақаттың орындауындағы «Жұмыр қылыш» биі.
- Бәрекелді, жарайсың!
Мұхамбет: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
Дамир: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
Жансерік: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Ерболат: Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы,
Бесік боп тербеткен
Отаным – Қазақстан.
Отан - қуат, отбасы шуақ.
Жері байдың, елі бай.
Құдайберді: Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені, оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Ақжол: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
«Әрқашан күн сөнбесін» әнін Сая мен Мәдина орындайды.
Нұрбек: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
Перизат: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Мәдина: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есеігін
өз қолыңмен аш маған.
Сая: Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,
Қажетіне өзгенің өлшемінің.
Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы.
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Ақниет: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
Дария: Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан
Шуақ шашқан сәулелі.
Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Отанды көркейту үшін сендер сабақты жақсы оқуларың керек.
Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстнады одан әрі дамыту үшін сабағымды жақсы оқитын боламын.
Атасы: Балалар, туған дерді гүлдендірер ұл - қызы, міне, сендерсіңдер.
(Атасы мен немересі шығып кетеді).
Қорытынды: «Ата – қоныс жер қымбат,
Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
- Сау болыңыздар!



Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров212
Номер материала ДВ-117578
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх