Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Менің Қазақстаным, менің болашағым"

"Менің Қазақстаным, менің болашағым"

Скачать материал

Менің Қазақстаным – менің болашағым. (тәрбие сағаты).

І. Менің Қазақстаным - менің болашағым.
«Өз Отаныңның патриоты болу
дегеніміз – Қазақстанды
жан - жүрегіңмен сүйе білу»
Н. Ә. Назарбаев
Мақсаты: Отанды сүюге, Отан алдындағы борышын түсіне білуге тәрбиелеу. Қазақстанның әрбір азаматы өзінің сүйікті Отанының қорғаушысы болуға міндетті. Өскелең ұрпақ болашақта білімді, отансүйгіш патриоттары болуы керек.
Әдісі: Тарихи - әдеби музыкалық кеш, әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Көрнекілік: Музыка аспаптар, рәміздер, слайд, гүл, шарлар сюжетті фильм, техникалық құралдар.
І Жерұйық - алтын мекенім
ІІ Ерлікке тағзым
ІІІ Ерлік – елдің қасиеті,
Жүректілік – жігіттің қасиеті.
ІҮ Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауы!
Ү Бүгініміз баянды, болашағымыз жарқын

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
Армысыздар, ардагерлер лектегі,
Өмірлерің - ерлік - күрес мектебі!

2 - жүргізуші: Аяулы да ардақты ұстаздар, білімді ұрпақтар.
Бүгінгі сіздердің назарларыңызға «Менің Қазақстаным - менің болашағым» атты тарихи - әдеби музыкалық кешімізді ұсынамыз.
Өтегенін ескермеген өшеді,
Өтегенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың куәгерлері бүгін біздің ортамызда!

1 - жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2 - жүргізуші: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Қазақ елі сонау Алтайдан Пиреинеге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі. Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл – парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бобырдың елі.

1 - жүргізуші: 1723 жыл: Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елін, жоңғар қалмақтары шабуыл жасап қазақ халқын қан жылатты, шұбырынды халық ақтабан болды. Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.
Ән: «Елім - ай»
Билер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. (Сахнада)
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» Туған жерін тұрақтаған тұғыры берік ел едік, іргемізді ірітпейік, бір жеңнен қол шығарып бір жағадан бас шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық»- деді Төле бабамыз.
2 - жүргізуші: Кіші жүзден кісілігін танытқан Әйтеке би, Орта жүздің ордасын тіккен Қазыбек би Ұлы жүздің ақсақал биінің билігіне бас иіп, елді біріктірді,

1 - жүргізуші: Қайран, қазақ елі! - Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен - көлдер, мың бұралған ағаштар.
оқушы: Қазақ жері - қонақжай төрелер жері,
Қазақ елі - қас қақпай ерлер елі.
Елі кедей болмаған - жері байтақ
Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі
Қазақ жері өнерлі қасиетті
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз,
Египетті билеген Бейбарыстай,
Елі текті, киелі, қасиетті.
Ән: «Ауылым»

ІІ Ерлікке тағзым. Слайд. Фильмнен үзінді (1минут үнсіздік)
1 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 - сінде фашистік Германия Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасады, елін, жерін қорғау үшін халық майданға аттанды, тылды еңбек етті. «Бәрі де Отан үшін, бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» – басты ұран болды.
2 - жүргізуші: Отанға жау кенеттен оқ атқанда
Ойран салып, бау - бақшаны қиратқанда.
Жөнелді қыршын жастар қан майданға.
Ақ ниетті, асыл мақсат алға бастар.

1 - жүргізуші: Қазақстандықтар да өздерінің қаһарман халық екенін көрсете білді. Осыған байланысты 500 – ге жуық Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры деген атағына ие болды. Олардың 98 - і қазақ. Кейбірулерінің есімдерін айтып кетейік: Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Нұркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы. Әлия мен Мәншүк қыздардан дара шыққан шығыстың қос шынары, дара тұлғалары.
Ән: «Катюша»
2 - жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, біздің Жаңажол ауылынан 1941 - 45 жылдардың аралығында 88 азамат соғысқа атанып, солардың 55 - іне туған жердің, елдің бір уыс топырағы бұйырмай, майдан даласындағы жаумен қанды шайқаста қаза тапқан.

1 - жүргізуші: Ауыл азаматтары Отанды қорғай отыра фашизімнің жолын кесіп ұрыс даласынан сағынышты өлең жолдарымен хаттар жолдаған, сол хаттардың легі біздің елге де келген. Соның бір - екеуін оқып берейік.
Сейтенов Қажықанның жазған хаты.
Шет жерде ұлы майдан болып жатыр,
Майданға кеткен адам толып жатыр.
Бейнет пен мехнатты көріп жатыр,
Жалғыз ем, бір әкеден Қажықан атым.
Дәм жазып мен шықтым оң сапарға.
Артымда Аймушка мен Шұғай атты құлыным қалды.
Кім білер алдағы істің не боларын
Хабар жоқ ендігісін өзің ойла!
Оқушы: Өлең «Ардагерлер»
2 - жүргізуші - Сүйіншіге, сүйінші!
Шаттан, ата – анамыз,
Шаттан, ата – бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті Жеңіспен
Жеңдік жауды күресте
Жасасын той – мереке
Ән: Жеңіс күні (Әскери марш)

ІІІ Ерлік - елдің қасиеті, Жүректілік - жігіттің қасиеті.
Ауған жауынгерлерінің гимні, слайд
Биыл 15 ақпанда кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 23 жыл толды. Бұл аз уақыт емес. Ауған соғысының қасіретті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші. Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Қазақстаннан 22269 жауынгер барды. Олардың 924 - і ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар - ошарсыз кетті, мыңдаған жігіттер елге мүгедек болып оралды. Қазіргі таңда ауылымыздың интернационалист - жауынгерлері Хамзин. К., Сейфиев О., Кошегалин Б. Елдің бір - бір жауынгерлері.
2 - жүргізуші: Білеміз, жас өседі, туады ерлер
Жолын қуады ерлер
Тумайды, сіздерден соң, тумасын - ақ
Соғыс деген сұм тажалға куәгерлер!
1 - жүргізуші: Аққулардай асыққан мөлдір көлге,
Соғыстың азабын жеңдіңдер ме?
Тұңғиықтың түбінен шықтың бүгін,
Туған жерге, ағалар, келдіңдер ме?
Аса қадірлі қонақтарымыз, ардагер ағаларымыз біздің ауылымыздың интернационалист – жауынгерлеріміз, ауған соғысының ардагерлері: Хамзин Кемел, Сейфиев Орал, Кошегалин Бақыт, сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.(Естелік сыйлықтар тапсыру)
Ән: «Сарбаздар»

ІҮ.«Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауы!» (слайд «Желтоқсан оқиғасы»)
2 - жүргізуші. 1986 жыл желтоқсан атты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
1 - жүргізуші: Қазақ жастарының қарсылық шеруі Тәуелсіздік алуымыздың бірден – бір себепшісі болды.
2 - жүргізуші. Бұл желтоқсан көтерлісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбековты, Сабира Мұхамеджанова Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1 - жүргізуші: Озбырлық күшпен тұншығып ----
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер қайрат қыршым кеткен күн!
Оқушы: Қайрат Рысқұлбековтің ақтық сөзі
2 - жүргізуші: Өсер ұлдың әр сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауыІ
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!!!
Ән: «Желтоқсан желі»

Ү. Бүгініміз баянды, болашағымыз жарқын (слайд)
1 – жүргізуші: Асқар тау да сенікі,
Бақша бау да сенікі,
Қалтқысыз доспенен
Қатал жау да сенікі.
1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.
1 - жүргізуші: 1994 жылы 10 маусымда қазақ халқының екінші қыраны, ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
2 - жүргізуші: Келді міне ерлікті бағалар күні,
Аруағы қолдады бабалардың,
Ғарыш шарлап оралды Тоқтар батыр
Мұратына ие бол, балаларым!
1 - жүргізуші: Өтіп елдің талай сынақ азаптан,
Атты ақыры азат болып ғажап таң
Бақытты ел барма екен қазақтан
Егемен болмай – ел болмас,
Енді қазақ кем болмас.
Оқушы: Халқымның жүрек қанына сіңген ақ ниет,
Атадан мұра балаға қалған өсиет.
Жиырма бірінші ғасырға кірді, еркін ел!
Рухы қайсар, төрінде биік – қасиет!
Ғажап елім – ғарышқа жолды тастаған,
Қаһарман елім ержүрек қолды бастаған!
Данышпан елім – жаралған ар мен намыстан,
Аспандап биік – жайнасын туым Астанам.
Бақытым, бағым – Қазақстаным, – Қазағым!
Өміріңді өшпестей тасқа жазамын.
Шарықтасын Бабаның берген тілімен,
Атамекен жерінде ғажап өз әнің!
Ән: «Өз елім»
2 - жүргізуші: Бүгінгі күні елімізде спорттың дамуына ерекше көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Әлемде өтіп жатқан дүбірлі додаға спортшыларымыз тек қана жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрақ туымыз желбіретіп, ән ұранымызға асқақтатып Қазақстанды әлемге танытты. Олимпиада мақтандырған, шаттандырған жұлдыздар.
1. Александр Винакуров Қазақстандық велошабандоз 250 шақырымдық топтың жарыста алтын медальдан олимпиада чемпионы.
2. Зулфия Чиншанло ауыр атлетикадан олимпияда рекордын жаңартып, алтын медаль алды.
3. Маия Манеза ауыр атлетикада Олимпиада рекордын жаңартқан алтын медаль алды.
4. Светлана Подабедова – ауыр атлетика Олимпиада чемпионы атанды.
5. Илья Ильин алдына жан салмаған, ауыр атлетикада екі рет әлем рекордын жаңартты, алтын медаль жеңіп алды.
6. Ольга Рыпакова үш қарқып секіруге шығып, алтын медаль жеңіп алды.
7. Серік Сәпиев боксшы алтын медаль алды.
Қызылжар қаһарманы.
Кеп жатыр Винокуров алтын алып,
Жетуге бұл атаққа жанын салып
Екі жүз қырық сегіз шақырымда
Топ жарған тумамыз ғой бұл бір алып!
Қуанып бөркімізді аспанға аттық,
Ерекше кеудемізді кернеп шаттық,
Көргенде көк байрақты көтерілген,
Толқыдық, көзімізге жас ап жаттық
Аялап туған жердің атар таңы
Ардақтап кәрі – жастың жатар бәрі
Өзіңді төбемізге көтереміз,
Тусаң ту, Қызылжардың Қаһарманы!

1 - жүргізуші: Самға, қазақ, Тәуелсіздік көгінде,
Рух – жігерің таусылмайтын өмірде.
Абыроймен желбіресін жалауың
Алтын тұғыр – Астананың төрінде
2 - жүргізуші: Ата - баба жанын қиып қорғаған,
Ақ тілегін ұрпағына арнаған
Қазақстан - алтын ұя Отаным
Жайнай берші, мәңгі гүлден әрқашан!
Ән: «Атамекен»

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым»

Мақсаты: ҚР-ның картасымен, әсіресе Маңғыстау облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын,жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Музыка ырғағы арқылы патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі: суреттер, карта, әуен.

Тәрбие сағатының өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
«Атамекен» әнін балалар хормен орындайды.

Кіріспе бөлім.
-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз-тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз егеменді болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлкеттік туы бар.

Біздің ұлттық ана тіліміз – қазақ тілі.

-Балалар, республикамыздың президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев)
-Біздің астанамыз қалай аталады?
-Біздің елордамыз - Астана.

Негізгі бөлім.
- Бұл тақтаға ілінген бұл не?
- Бұл – карта.
- Жарайсыңдар!Иә, мынау – Қазақстан картасы, мында Қазақстанның қалалары, облыстары, өзен-көлдері көрсетілген, біздің жеріміз пайдалы қазбаларға толы. Мәселен, мұнай-газ, уран, т.б. Жеріміз әлем бойынша үлкендігі жағынан 9-шы орында тұр. Біз осындай елде туып-өскенімізді мақтан ете аламыз.
- Ал, мынау біздің – Маңғыстау облысы. Біздің облысымызда 362 әулие бар, әдемі «Тамшалы» деген жер бар, Үстірт тауы, Шерқала да бар.Әсіресе, біздің өлке қазба байлықтар, оның ішінде мұнайға бай өлкеміз және үлкен Каспий теңізі де бар.
- Ал, мына, сол жақта не көріп тұрсыңдар?
- Бұл – Каспий теңізі.
- Дұрыс айтасыңдар!Мінеки, теңіз деңгейінен -132 метр төмен орналасқан Қарақия ойпатын да көріп тұрмыз.
- Жақсы, олай болса, елімізге, туған жер мен Отанымызға арналған тақпақтар мен мақал-мәтелдерге кезек берейік!

Қарақат: Қазақстан-туған өлкем,
Жер көп пе, сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем

Сұлтанбек:Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.

Нұрсая:Туған жер беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.

Абылайхан: Отан от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық.

Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең, астанаң
Отан-аудан, ауылың.

Қарақаттың орындауындағы «Жұмыр қылыш» биі.
-Бәрекелді, жарайсың!

Мұхамбет: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.

Дамир: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың ,
Қазақстан ардақтым.

Жансерік: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Ерболат:Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы,
Бесік боп тербеткен
Отаным – Қазақстан.

Отан-қуат, отбасы шуақ.
Жері байдың, елі бай.

Құдайберді: Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені, оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.

Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.

Ақжол: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.

«Әрқашан күн сөнбесін» әнін Сая мен Мәдина орындайды.


Нұрбек: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.

Перизат: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.

Мәдина: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есеігін
өз қолыңмен аш маған.

Сая: Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,
Қажетіне өзгенің өлшемінің.
Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы.
Кейіпкері емеспін ертегінің.

Ақниет: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.

Дария:Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан
Шуақ шашқан сәулелі.

Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Отанды көркейту үшін сендер сабақты жақсы оқуларың керек.
Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстнады одан әрі дамыту үшін сабағымды жақсы оқитын боламын.
Атасы: Балалар, туған дерді гүлдендірер ұл-қызы, міне, сендерсіңдер.
(Атасы мен немересі шығып кетеді).


Қорытынды: «Ата – қоныс жер қымбат,
Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.

-Сау болыңыздар!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің Қазақстаным, менің болашағым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.04.2017 1948
    • DOCX 26.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Камиясова Гүлнар Сайлауханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6000
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 424 человека

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов