Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Менің Қазақстаным" тақырыбына арналған ашық сабақ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Менің Қазақстаным" тақырыбына арналған ашық сабақ



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Тыңдаушылардың жалпы Қазақстан елі туралы білімдерін кеңейту, ел тарихын білу, еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстырып, білімдерін нығайту.

2.Дамытушылық. Тыңдаушыларға мәтінмен жұмыс істете отырып, сөздік қорын молайтып, ауызекі сөйлеу, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастырып, ойларын ашық жеткізуге үйрету.

3.Тәрбиелік. Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін біліп, туған жерін сүюге, оны қадірлеу және елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.


Сабақтың түрі: танымдық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,суреттер, кестелер, кубик, проектор, компьютер

Сабақтың барысы:

Құрметті тыңдаушылар, ұстаздар, бүгінгі ашық сабағымызды бастауға рұхсат етіңіз.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқытушының сөзі.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Менің Қазақстаным». Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Әр адамның туып-өскен жері бар. Әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның Ата заңы - Конституциясы қабылданды. Рәміздерімізбен мақтанамын. Ал, енді «Туған жер» сөзіне ассоциация құрыңыз.

1. Ой қозғау. «Туған жер» сөзіне ассоциация құрыңыз.











Ал, енді сіздер Қазақстан туралы не білесіздер.

1. Еліміз қашан тәуелсіздігін алды?

2. Еліміздің рәміздерін атаңыз?

3. Әнұранның авторлары кімдер?

4. Ұлттық теңге қай жылы айналымға енді?

5. Ата заңымыз қай жылы қабылданды?

6. Қазақстанда қазір қандай атаулы даталар болып жатыр?


2. Лексикалық минимуммен танысайық!

орталығында орналасқан - расположена в центре

таңғаларлық әдемі жер – удивительно красивая земля

шетсіз-шексіз дала – бескрайние степи

шектеседі - граничит

әртүрлі ұлт өкілдері – представители разных наций

көшірілді –перенесли

гүлденген астаналардың біріне айналмақ – стать одной из процветающих столиц

мақтаныш ету - гордиться

құрмет тұтамын – люблю

сыйып кетеді - вмещает




ОҚЫЛЫМ

Менің Қазақстаным

Менің Отаным - Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстан –таңғаларлық әдемі жер. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария өзендері және шетсіз-шексіз дала жатыр. Қазақстан жер аумағының көлемі 2 млн 724,9 мың шаршы километр. Жерінің аумағы бойынша дүниежүзінде тоғызыншы орында тұр. Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Португалия, Испания, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия мемлекеттері сыйып кетеді. Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанмен, шығыста Қытаймен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі.

Қазіргі кезде ресми санақ бойынша Қазақстанда 17 миллион 98 мың адам тұрады. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.

Қазақстан тәуелсіздігін жүзден астам мемлекет таныды. Еліміздің астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді. Бүгінгі таңда Астана – мемлекетіміздің саяси-экономикалық, әкімшілік, мәдени орталығы.

ХХІ ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.

Мен елімді, халқымды құрмет тұтамын.



Мәтін бойынша тапсырмалар

4. Суреттер мен сөздерді байланыстырыңыздар.

кең –байтақ дала - даланың суреті

мемлекеттік рәміз - елтаңба

гүлденген Астана – қала суреті

тәуелсіз Қазақстан - ескерткіш

есепсіз байлық – казбалар

ұлт өкілдерісурет


ЖАЗЫЛЫМ


5.Мәтін бойынша берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді тауып жазыңыз.

әдемі


кең- байтақ дала


ғажайып


егемен


қадірлеймін


ел


елорда


көркейген



6.Мәтінге сәйкес дұрыс нұсқаны белгілеңіз.

Қазақстан жеті елмен шектеседі.



Еліміздің көлемі 2 млн 724,9 мың шаршы километр.



Республикада 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді.



Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін 1989 жылы 16 желтоқсанда алды.



Еліміздің астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді.




7. Орны ауысқан сөздерді дұрыс қойып, сөйлем құраңыздар.

1. Еуразияның ,Қазақстан,елі, орналасқан ,орталығында ,

2. Солтүстігінде, Қазақстан Республикасы, шектеседі, оңтүстігінде, Қырғызстан, Түркіменстанмен, Қытаймен, ал, Каспий теңізімен, Өзбекстан, Ресеймен, шығыста, батысында,

3. жер аумағының, Қазақстан, көлемі, километр, 2 млн 724, 9 мың, шаршы,

4. астаналардың, ХХІ, айналмақ, ғасырда, Астана, ең, сұлу, біріне, әлемдегі, гүлденген,

5. қаласына, Қазақстан Республикасының, көшірілді, астанасы, жылы Алматы, Астана , 1998, қаласынан,


8. Сергіту сәті.

Кубизм. «Отан» сөзіне байланысты ойларыңызды айтыңыз.

1қыр. Сипаттаңыз.

2қыр. Салыстырыңыз.

3қыр. Мақал айтыңыз.

4қыр. Мадақтаңыз.

5қыр. Болжаңыз.

6қыр.Тілек тілеңіз



ТЫҢДАЛЫМ

9. Бейнебаян. Қазақстанның көз тартар көрікті жерлеріне саяхат

Берілген ұяшықтардың бірін таңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан қайда орналасқан? (Еуразия құрылығының ортасында)

2. Қазақстан территориясына қандай елдер сияды?

(Франция, Португалия, Испания, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия)

3.Каспий теңізі туралы қандай мәлімет естідіңіздер?

(балық аулау, итбалық)

4.Сырдария маңында қандай қалалар орналасқан?

( Түркістан,Тараз, Шымкент)

5.Әлемнің ең ыстық таулы көлі қайда?

(Тянь-Шань)

6. Батыс бөлігіндегі суы тұщы, оңтүстік бөлігіндегі суы ащы болып келген қай көл?

(Балқаш)

7.Әлемдегі ең әсем мәрмәр шың?

(Хан тәңірі)

8.Ән салатын құмдар қайда?

(Іле өзенінің оң жағалауында)

9. Шығыс Қазақстан несімен танымал?

(минералды сулар, өзендер, сарқырамалар, биік таулар, жануарлар мен өсімдіктер, Рахман қайнары, Зайсан кқлі)

10. Көкшетаудың әдемі жерлерін айтыңыз.

(Бурабай, көлдерғ таулар, ұйқыдағы батыр)

11.Астанадағы қандай ғимараттар бейнероликте көрсетілді?

(Байтерек, Нұр мешіті, Бейбітшілік пен келісім сарайы)

12.Қазақстан қандай мемлекет?

(тәуелсіз, демократиялық, зайырлы)


10. Суретпен жұмыс.


Мына суреттерге қарап, Қазақстан туралы не айта аласыздар.


Сабақты қорытындылау.

11. Карта суреті.

а)Қазақстанның қай жеріне барар едіңіз?

ә)Қазақстанға тілектеріңіз.

12. Тест

1. Қазақстан қайда орналасқан?

а) Еуразияда

ә) Солтүстікте

б) Еуропада

в) Оңтүстікте

2. Қазақстан жер аумағының көлемі ... ... шаршы километр.

а) 2 млн 894,9 мың

ә) 2млн 724,9 мың

б) 2млн 560,9 мың

в) 3,млн 724,9 мың

3. Қазақстан рәміздері қай жылы қабылданды?

а) 1991 жылы

ә) 1992 жылы

б) 1993 жылы

в) 1995 жылы

4. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

а) 1991 жылы 4 маусымда

ә) 1992 жылы 15 желтоқсанда

б) 1991 жылы 16 желтоқсанда

в) 1991 жылы 1 желтоқсанда


5. Қазақстан Республикасының астанасы қай жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді?

а) 1998 жылы

ә) 1997 жылы

б) 2001 жылы

в) 1996 жылы

6. «Рәміз» сөзінің аудармасын табыңыз?

а) гимн

ә) герб

б) символ

в) знак

7. «Гордость» сөзінің аудармысын табыңыз?

а) гүлденген

ә) мақтаныш

б) байтақ

в) құрмет

8. Жерінің аумағы бойынша дүниежүзінде нешінші орында тұр?

а) 5

ә) 3

б) 9

в) 1

9.. Қазақстан қандай мемлекет?

а) Автономиялы

ә) Тәуелсіз

б) Тәуелді

в) Федералды

10. Ұлттық теңге қай жылы айналымға енді?

а) 1993жылы

ә) 1994жылы

б) 1998жылы

в) 1992жылы



13. Ән «Туған жерім».





Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-129922

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>