Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Менің Қазақстаным.Буын" тақырыбы бойынша рефлексивті есеп

"Менің Қазақстаным.Буын" тақырыбы бойынша рефлексивті есеп

Скачать материал

«Менің Қазақстаным. Буын.» тақырыбы бойынша қазақ тілі пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағының  рефлексивтік есебі

                                       Таудың бетіне қарасаң – ол қайраусыз шыңға ұқсайды,

                                       жанынан көз тастасаң – өткір найзадай болады.

                                       тау шыңына жүгірсең – ол биіктей береді, ал

                                       артқа қарай шегінсең – кішірейеді.

                                                                           О адамзат, бұл сол баяғы тау емес пе?

                                       Ол өз кейпін ешқашан өзгертпейді.

                          Бұл сөздің түпкі мәні де сол емес пе?

                             Тау - қай жағынан қарасаң, сол жағына қарай өзгеріп       отырады.

Су Дун По.

Осы нақыл сөздерді оқи отыра, мен бұл шыңға, яғни өз ойымның сонау биік шыңына қалай қарасам екен деген ойда көп ойландым, толғандым. Ойлап-ойлап мен бір тоқтамға келдім. Осы шыңға қарай жүре беремін, ал ол болса биіктей береді деген шешімге келдім. Тау шыңын мен көз алдыма біздің шығармашылығымыз, жұмысымыз, оқушымыздың жетістіктері, отбасы мен жұмыстағы тыныштық ретінде елестеттім.

Қазақ тілі сабағында мен педагогикалық талаптардан педагогикалық қатынасқа көшуге талпындым, оқушыларға өзін-өзі реттеулеріне көмектесуге тырыстым.

Өзімнің білімім мен біліктілігімді арттыру мақсатында мен қыркүйек айының 9 мен 4 қазан аралығында Кембридж бағдарламасының үшінші деңгейі бойынша даярлау курсынан өткен болатынмын. Бұл бағдарламаның басты мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының мұғалімдеріне өз педагогикалық тәжірибелерін бағалау мен жаңалауға көмектесі болып табылады. Оқу барысында бір – бірімен байланысып оқытылатын бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модульдің мәнмәтінінде көрсетілген [1.12]

Бағдарламаның екінші кезеңінде мен бірінші «Бетпе –бет» кезеңінде алған, үйренген білімімді тәжірибеге енгізуім үшін өзім қызмет етіп жүрген мектебіме келдім.

 Тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын құрастыруда мен жеті модульдің идеясына сүйендім. Менің сабақтарымның жалпы мақсаты оқушыларды топтық жұмыс жасауға үйрете отырып, Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту және үндестік заңын меңгерту болатын. Аталып кеткен мақсаттармен қоса төмендегідей міндеттерді көздедім: Бірлесе жұмыс жасауға үйрену; сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорларын молайту; АКТ пайдаланудың тиімді жолдарын меңгеру; дұрыс және орынды сұрақтар қоя білуді меңгеру. Осы мақсат пен міндеттерден шыға отырып, біз жеті модульдің идеясын сабақ барысында енгізуіміз қажет. Оқушылар жұмысқа белсенді араласуға бел буды. Бұл үшін класта жақсы психологиялық климат орнатылды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталған соң, оқуға деген мотивация жоғарылады.

Мұғалімге арналған нұсқаулықтың 35- бетінде көрсетілген «Бірінші тезисінде: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты» делінген. Осы тезисте айтылғандай мен  оқушыларды топтық, жеке, жұптық жұмыс жасауға үйрете отырып, олардың сабақ барысында білген жаңа сөздерді ауызекі сөйлеуде қолдану жолдарымен таныстыруым керек еді. Кембридж курсына алғаш келгеннен бастап біздің тренелеріміз топта көптеген қызықты таңертеңгі тренингтерді өткізді. Соның нәтижесінде біз, яғни мұғалімдер күн ұзаққа сабақта жақсы психологиялық дайындықта болдық. Оқушылар үшін сабақта қолданылатын жаңа элементтердің барлығы да қызықты, сол себепті мен мектепке тәжірибе өтуге келгенімде сабағымды дәл осы жаңашылдығымнан бастадым. Қоңырау соғылғаннан соң, мен оқушыларды бір шеңбер бойына жинап алып, сәлемдесу- тренингтерін өткіздім. Ең алғашқы өткізген тренингім «Жүректен – жүрекке» деп аталды. Бұл тренинг барысында оқушылар алақандарын бір – бірінің алақандарына алақанын қойып, бір- біріне «әдемі сөздер» (комплимент) айтты.

Тренинг өткізіп болған соң оқушыларды топқа бөлуге кірістім. 4-класта барлығы 11 адам, сабақ өткізген күні 2 оқушы денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмады. Сол себепті класты 2 топқа бөлдім.Топқа бөлген кезде мен «Мозаика»  құрастыру ойынын алдым. Әр оқушыға жеке- жеке сурет қиындылары таратылды. Сол сурет қиындыларын құрастыру арқылы класс екі топқа бөлінді.әрі қарай жұмыс жасау үшін топ құрдық. Содан кейін мен оқушыларға топтық, жұптық және жекелеген жұмыстың не екендігін түсіндірдім. Әр топтың көшбасшысын таңдау үшін  екі топқа екі түрлі жұмбақ жасырылды. Жұмбақтың шешуін тапқан бірінші топтың көшбасшысы Назгүл есімді қыз болса, екінші топ басшысы Рамазан есімді ұл бала болды. Топ көшбасшысын сайлағаннан кейін оларға «Бағалау парағы» берілді. Әр тапсырманы орындап болған соң көшбасшылар топ мүшелеріне баға қоюлары керек еді. Бағалары келесі шартты белгілермен белгіленді:                           - өте жақсы,      - жақсы,     - қанағаттанарлық. Сонымен қатар сабақ барысында оқушыларға ББҮ кестесі таратылды.

 

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

Бұл кестенің екі бағанын оқушылар сабақ басында толтырса, соңғы бағанын сабақ аяқталған соң толтырды. Бағалау парағы мен ББҮ кестесінен  басқа сабақ барысында «Үш шапалақ», «Өзін – өзі бағалау экраны», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен бағалау», БҮҮ сияқты бағалаудың түрлерін қолдандым.

Ой шақыру сатысында сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға МузАрт триосының орындауындағы «Өз елім» әнін тыңдаттым. Содан соң «Бұл әнде не туралы айтылған?» , «Әннің негізгі идеясы қандай?» деген сияқты сұрақтар қойдым. Сұраққа жауап беру барысында балалар сабақтың тақырыбын анықтады.

Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға «Қазақстан» атты мәтін берілді. Әр қайсысы осы мәтінді оқып шығып, содан кейін топтық талдауға кірісті. Мәтін бойынша таныстырылым дайындады . Бұл жерде сыни тұрғыдан ойлаулары қалыптасқанын көруге болады. Таныстырылым дайын болған соң «ДЖИГСО» әдісі бойынша «Біреуі үйде, екеуі далада» тәсілімен тақырыпты бір – біріне түсіндірді. Үйде қалған екі оқушыны қалған оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды. Бұл әдіспен жұмыс жасаған оқушыларға өте ұнады.

Негізгі бөлім.

Негізгі бөлімде оқушылар сабақтың граматикалық тақырыбын анықтаулары және де осы тақырыпты бір – біріне түсіндірулері керек еді. Ол үшін екі топқа буынға бөлінген әр түрлі сөздер берілді. Менің тарапымнан «Бұл сөздер неге сызықша арқылы жазылған?», «Бұл сөздердің айырмашылықтары неде?»,т.с.с. сұрақтар қойылды. Осы сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар сабақтың граматикалық тақырыбы «Буын» екенін анықтады. Әрі қарай шәкірттерге буынның анықтамасын жасау сұралды. Бұл жұмысты жасау үшін оқушылар біраз уақыт жұмсады. Уақыт – тапшы деген сөз бар. Бірақ мұғалімге арналған нұсқаулықтың 35- бетінде төртінші тезисте былай деген екен: «Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз». Осы тезисте ұстана отырп мен оқушыларды асықтырмай, жақсылап ойланып шешімге келулеріне жағдай жасадым. Уақыттан еш қысылмай, өз ойларын жинақтаудың арқасында оқушылар, яғни екі топ екі түрлі таныстырылым жасап, буын деген не, буынның қандай түрлерін білетіндерін, буын қай дыбысқа байланысты болатынын жазып шығып, бір – біріне сабақтың граматикалық тақырыбын түсіндіріп өтті. Таныстырылымдарын түсіндіріп болған соң, мен граматикалық тақырыпты қорытып түсінік беріп өттім.

Интернетпен жұмыс.

Келесі жұмысымыз жеті модульдің бірі – «оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулінің идеясын енгізуге бағытталды. Бұл бағыттағы жұмысты мен келесі жолдармен жүзеге асырдым: бірінші топқа «әнұран», «елтаңба» деген сөздерді берсем, екінші топқа «ту» деген сөзді ұсындым. Ұялы телефондар мен ноутбукты пайдалану арқылы оқушылар ғаламторға шығып, берілген сөздер бойынша ақпарат алып, дәптерлеріне негізгілерін жазып алды. Бұл жерде оқушылардың ақпараттық технологияларды, яғни интернетпен жұмыс жасауды жақсы меңгергендерін байқадым. Осы атқарылып жатқан жұмысымыз әрі қарай қызықты болсын деген ниетпен «Диалогтік оқыту» модулінің бір элементін ойын ойнату арқылы осы жерде қолдандым. Ойын «Журналистпен пікір алысу» деп аталды. Бұл ойынның барысында бір оқушыға микрофон беріледі. Ол екі топқа кезек – кезек барып сұрақтар қояды. Сұрақтар алдын ала берілген сөздер төңірегінде қойылуы тиіс еді. Тамила есімді қыз бала қолына микрофон ұстап біресе бірінші топқа барып, біресе екінші топқа барып «Қазақстан Республикасының туының авторлары кім?» , «Елтаңбада не бейнеленген?» , «Жаңа әнұранның сөзін кім жазды?» деген сияқты сұрақтар қойды. Осы кезде Тамиланың бойынан  бұрыннан бері көрмей жүрген актерлік қасиет бар екенін аңғардым. Тілшінің  роліне енгені соншалық қасындағы кластастарынан еш қысылмай сөйлеп, теледидарға түсіп жүрген кейіп танытты. Айта кететін жайт, бұл оқушы өте ұялшақ, үндемейтін оқушы еді.бірінші сабақтан бастап – ақ бұл оқушы ашылып жатқанына мен қатты қуандым. Бұл менің алғашқы жетістігім болып табылады.

Сергіту сәті.

Сабақтың ортасына таман оқушылардың шаршап, зерігіп жатқандарын байқадым. Сол себепті осы кезде оқушыларға шамалы серігіп алайық деген ұсыныс тастадым. Оқушылар бұл ұсынысқа оң көзқарас таныта білді. Интерактивтік тақтада «Қара жорға» қазақ биін қосып, қимыл – қозғалыстарын қайталаттырдым. Оқушылардың көңіл – күйлерінің көтерілгендігін бірден байқадым.

Жұмысымыздың келесі тапсырмасы «Сиқырлы сандықша» деп аталды. Бұл сабағымызды қорытындылауға арналған тапсырма болатын. Сабақ барысында өтілген тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар дайындалып, қорапшаға жасырылады. Әр оқушы кезек- кезек келіп, сұрақты таңдап оқиды, жауап береді. Бұл жерде оқушылар «Қолмен бағалау» әдісін қолданады. Егер оқушы сұраққа толық және нақты жауап берсе, онда оқушылар бас бармақтарын жоғары көтереді. Сұраққа жауап берілсе, бірақ ол жауап толық дұрыс болмаса, онда бас бармақтары жанына қарай түседі. Таңдалынған сұраққа мүлдем жауап болмаса, бас бармақтары төмен түседі.

Рефлексия.

Сабақтың рефлексиясында мен оқушылармен кері байланыс жасау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау әдісін пайдаландым. Алдын ала оқушыларға бұл бағалау әдісі қалай орындалатынын түсіндіріп өттім. Сабақ аяқталған соң кері байланысты оқыған кезімде, оқушылардың көбісі «бірінші жұлдызға» -сабақ жаңа әдіспен өтті, «екінші жұлдызға»- сабақта әр түрлі тапсырмалар орындалды, ал бір тілекке – қоңырау тез соғылды деп жазғандарын байқадым. Сонымен қатар рефлексияда біз ББҮ кестесін оқып, талдап шықтық.

Бағалау.

Бағалау кезеңінде сабақтың басында топ көшбасшыларына таратылған бағалау парақтары жинап алдым. Сонда қойылған бағаларды жинақтап сабақтың қорытынды бағасын әр оқушыға жеке-жеке қойып шықтым. Топ көшбасшылары кей жерлерде кластасының бағасын тым әсірелеп жіберген сияқты болып көрінді. Сол кезде мен оларға: « неге мына тапсырмада Алинада жұлдызша тұр, бұл тапсырманы орындау барысында мен Алинаның ашылғанын байқамадым?» деген сұрақ қойдым. Алина болған топтың көшбасшысы Назгүл бұлай бағалауының себебі неде екенін айтып, бағаның дұрыс қойылғанын дәлелдеп шықты. Әрине, бұл сұрақты қоюымның мақсаты да сол болатын, топ көшбасшыларын сөйлету, әділ баға беруге үйрету, өз ойларын дәлелдеп шыға білу. Күнделіктеріне баға қойылған соң, оқушылар өздерін «Өзін –өзі бағалау экранында» смайликтер арқылы бағалап шықты. Бірінші бағанға сабақтағы көңіл күйлерін білдірсе, екінші бағанға сол күнгі алған білімдерінің қаншалықты түсінгендерін көрсетті.

Жалпы айтқанда сабақ өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Сабақта қолданылған көптеген элементтер балалар үшін жаңашылдық болып табылды. Сабаққа қатысқан мұғалімдер де осы Кембридж бағдарламасының негізгі идеясы мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін тиімді екенін байқады. Бір ғана қиындық тудырған жай, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын нақты жеткізе алмайтындарында болды. Бірақ мен бұл тіл тосқауылын жеңу үшін өзімнің алдыма нақты міндеттер қойып отырмын. Сабақ барысында өзге ұлт өкілдерінің балаларымен көбірек ауызша  сөйлесіп, тілдерін жаттықтыру керек деген ойдамын. Сабқ аяқталған соң мен оқушыларыма мынадай бір қызықты оқиғаны айтып бердім: «Бір орыстың сары баласы қазақ тілінде таза сөйлеп, өз ойын еркін жеткізе біледі екен дейді-міс. Содан бір күні қазақтың қара баласы «Қазақ тілінде бұлай еркін сөйлеп, өз ойыңды нақты жеткізе алатыныңды білмеппін. Қазақ тілін қалай меңгердің?» деп сұрапты. Сонда орыс бала былай деп жауап қайтарыпты: «Мен Қазақстанда тұрып мемлекеттік тілді білмегенім ұят нәрсе. Бір күні ұзақ ойландым. Сосын мынадай шешімге келдім. Бір жылда үш жүз алпыс бес күн бар. Егер күніне мен бір сөзден жаттап отырсам,тбір жылда мен 365 сөзді меңгеремін. Міне осылайша қазақ тілін еркін меңгеріп кеттім». Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз «45 қара сөзінің» біреуінде былай деген екен: «Мен бұны не үшін жаздым? Келер ұрпақ керектісін алсын, керек емесі өзіме қалсын». Осы сөздерді есіме түсіріп, мен де айтылған әңгімеден оқушыларым өздеріне керектісін алар, керек емесін ұмытар деген ойда болдым.

   Бұл сабағымда не сәтті өтті? Оқушылардың өз беттерімен дайындаған таныстырылымдары өте керемет болды. Сабақта не жақсы болды? Оқушылар ең алдымен топтық жұмыс жасауды үйренді. Бірін – бірі сыйлап, бір- бірінің ойларын тыңдай білді. Топтық жұмыс жасай отырып, жаңа тақырыпты мүмкіндігінше өз беттерімен меңгерді. Өздері оқи отыра, өзгені оқытты. Барлық дайындалған тапсырмаларда белсенділік таныта білді. Мен сабақ барысында қандай мықты жақтарға сүйендім? Екі топта да  кластың көшбасшылары болды. Олар тобындағы өзінен білім деңгейі төменірек оқушыға қолдау көрсетті. Олардың білмегендерін үйретіп, деңгейлеріне қарап тапсырмалар беріп, алға қарай жетелеп отырды. Таныстырылымдарын қорғау барысында тек қана өздері сөйлеп қоймай, жанындағы балаға да ойын жеткізуге мүмкіндік берді. Болашақта мен нені дамытуым керек? Кембридж бағдарламсының негізгі мақсаттарының бірі – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез –келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады [1.6]. Осы мақсатқа жету үшін мен ең алдымен жоғарыда аталып кеткен тіл тосқауылын өзге ұлт өкілдерінің балалары үшін тигізетін кері әсерін жеңуім керек. Бұл үшін алдымен сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс жерде де аталмыш оқушылардың сөздік қорларын толықтырып отыруым керек. Нені өзгертуім керек? Бұл Бағдарламамен сабақ өткізуіміз бірінші рет болғасын ба оқушылардың бойында бір қобалжу болды. Алдағы уақытта осы қобалжуды жоққа шығаруым қажет.

Жалпы айтқанда тәжірибеме жұмсалған  уақытым зая кеткен жоқ. Өте жоғары деңгейде өтті деп сеніммен айта аламын. Алдыма қойған мақсат – міндеттеріме жеттім. Балалар мен сабақтан күткен нәтижелерім орындалды. Оқушыларыма бұл әдіспен сабақтың өтуі ұнады, кейбір оқушыларым үшін ашылуларына мүмкіндік туды. Және де бұл мүмкіндіктерін олар ұтымды пайдалана білді. Алла қаласа, болашақта емтиханды жақсыға тапсырып, осы Кембридж бағдарламасы бойынша жұмыс жасап, табысты нәтижелерге жетемін деген ниеттемін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші деңгей, үшінші басылым).

2.     Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.

3.     «Абай Құнанбаевтың қара сөздер жинағы».

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің Қазақстаным.Буын" тақырыбы бойынша рефлексивті есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 528 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.09.2015 932
    • DOCX 252.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилова Замзагуль Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилова Замзагуль Куанышевна
    Абилова Замзагуль Куанышевна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9764
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе