Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Менің бақытым сенсің" ашық тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Менің бақытым сенсің" ашық тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Күні/дата/date:

Пән: Сынып сағаты.

Тақырып/Тема/Themе: «Менің бақытым сенсің!»

Сабақтың мақсаты/Цели/The Lessons aims:

1.Білімділік:Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы шексіз махаббат құдіретін сезіндіру.

2. Дамытушылық:Бір-бірін түсіне білуге, сүюге, білгені мен көргенін іс жүзінде кәдеге асырып үлгі бола білуге баулу.

3.Тәрбиелік:Ұстамды болуға, ой қорыта білуге, бақыт пен қуаныш сыйлауды, адамгершіліктің биік құндылығы «мінез» екенін түсінуге тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім:Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар, бүгінгі «Менің бақытым сенсің» атты сынып сағатымызға қош келіпсіздер!

«Шаттық шеңбер».

Армысысың, ағайын,

Бармысың, бауырым!

Армысың, нұрлы күн,

Бармысың, барқыт түн!

Бар дүние тұнған махаббат,

Болыңыз әркез саламат!


«Отбасы құндылықтары» видеоролик.

Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Болашақ баланың жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.

«Алма ағашы».«Отбасы» сөзін естігенде ойыңызға қандай сөздер келеді. Ата-аналар алмаға сөзді жазып, айтып, алма ағашына апарып іледі.

1-тапсырма: «Сезім кітабы».

Ата-ана мұғалім ұсынған гүлге өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айту қажет. (Ромео).


2-тапсырма: «Біз екеуміз бірге...»

Ата-ана баласымен бірге отырып ақ параққа екеуі бірге не істейтіндерін жазуы тиіс.

Мысалы: Біз екеуміз бірге сабақ оқимыз.

Біз екеуміз бірге сурет саламыз.

Біз екеуміз бірге ойнаймыз т/б.

«Бірге» сөзі қалмауы тиіс, жалғандық болмауы керек. (инструментальная)





3-тапсырма: «Монолог».

Оқушы өз отбасын қалай жақсы көретіні туралы баяндайды. Өлеңмен де өз сезімін білдіруіне болады. Бірақ баланың өз тілімен және ойымен айтуына бөгет болуға болмайды.Оқушының қолына жүрекше ұстатылады, тапсырманы орындаған соң жүрекше ата-анасына табысталады.(Момент)


4-тапсырма: «Айналайын, толғанайын!»

Мұғалім оқушылдардың ортаға кезекпен шығып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастырады. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің, қадамыңнан айналдым. Күлімдеген бота көзіңнен айналдым! Айналайын, құлыным!».

Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады.

(Балалар тақтаға шығады, ата-аналар орында отырады).


Сергіту сәті.Қара жорға биі.


5-тапсырма:«Біз бақытты жанұямыз!»

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Талдау:

1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

Отбасы:

сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді;

жақсылыққа жетелейді;

еңбектенуге, білім алуға көмектеседі;

үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.


«Қуыршаққа шай бер» ойыны.

Ата-аналар ойнайды. Балаңызға нағыз оқушы болу үшін қажет заттарды тауып, тақтаға жабыстырады.


«Аянның күн тәртібін дұрыс құрастыр» ойыны.

Балалар тақтаға шығып, Аянның күн тәртібін ретімен, дұрыс құрастырып, қимылдармен көрсетеді.


6-тапсырма: «Саған айтқым келеді...»

Бұл жаттығу достық кездесудің шешуші кезеңі болып табылады. Ата-аналар мен балалары бір шеңберде тұрады. Ата-анасы баласына төмендегідей сөздерді айта бастайды: «Қымбатты ұлым (қызым), саған бұрыннан бері айтқым келгені...» деп сөйлемдерін жалғастыру керек.


Жүректен-жүрекке.

-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Жүректен шыққан тілек» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына жүректі бере отырып,жүрекжарды тілектерімізді арнайық!

Ән: «Бала тілегі».


































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров272
Номер материала ДВ-154964
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх