Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Менің бақытты отбасым атты» ата-аналар жиналысы!

«Менің бақытты отбасым атты» ата-аналар жиналысы!

Скачать материал

№10 «Алтын бала» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Менің бақытты отбасым атты» ата-аналар жиналысы!

№11 «Гүлдер» ортаңғы тобы

 

Тәрбиешілер: Найманова Б.С

Махаббат Г.М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау 2015 жыл

 

 

 

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.

Барысы:
Тәрбиеші: Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар»- дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
Ал біз қазіргі уақытта жұмыс бастылықпен балаларымыздың іс - әрекеті, мінез - құлқы, қызығушылығы мен бейімділігіне немесе күнделікті көңіл - күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе? Балаларымыз қалай өсіп келеді?

Тәрбиеші: Бүгінгі бас қосуымыз әдеттегі іс - шараларға қарағанда өзгеше.
Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңіз де мүмкін. Ендеше іске сәт дейік!
Шаттық шеңбері:
«Мейірімді жүрек»
Шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушы жүрекшені ұстап тұрып:
«Балалардың мейірбандық жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі», - деп айтады.
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиеттерін білдіретін жылы сөздер айтады.( Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың!). Рахмет сіздерге  ата-аналар мен балалар

 



 

 

І. « Үй »
Қажетті құралдар : А4 парағы, қарандаш
Өтілу барысы: Ата – аналарға ақ парақ пен қарандаштар беріледі.
Тапсырма: Параққа үйдің суретін салу. Салған үйіңіздің 6 терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. (Өз отбасыларын таныстырады)
Рахмет, сіздердің отбасыларыңыз бен біз толық таныстық

ІІ. «Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымы:  Балалар ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Ал сіздердің ертегі айтуда тәжірибелеріңіздің бар - жоқтығын   «Сахнада самғаймыз!» кезеңінде байқап көретін боламыз. (Конвертке салынған «Шалқан» ертегісі кейіпкерлерінің атрибуттары мен сөздерін өз қалауларыңыз бен  таңдап алуды ұсынамын)
Кейіпкерлердің дауыс интонациясы, іс - қимылдарын нағыз әртістерше сомдап көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Назарымыз сіздерде!

ІІІ.  Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.
ІҮ. Жедел тест
Ү. Қорытындылау:
Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын. Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсіндегіміз келеді. Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Менің бақытты отбасым атты» ата-аналар жиналысы!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.09.2016 979
    • DOCX 1.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махаббат Гулстан Махаббатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махаббат Гулстан Махаббатовна
    Махаббат Гулстан Махаббатовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 163794
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой