Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "МЕНІҢ БАЛАБАҚШАМ" Е.Ашықбаев Көркем әдебиет

"МЕНІҢ БАЛАБАҚШАМ" Е.Ашықбаев Көркем әдебиет



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

1 технологиялық картасы


Тақырыбы: «Менің балабақшам»


Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:


Е. Ашықбаев «Балабақша»

Мақсаты:

Балаларды өлеңді тындауға, мәнерлеп айтуға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы


Тәрбиеші: балалар сеңдер бүгін бірінші рет балабақшаға келіп отырсыңдар. Сондықтан мен сеңдерді балабақша бойынша экскурсияға апаруға дайындалғам, барасыңдар ма?

Балалар иә барамыз

Ендеше кәне дайындалыңдар, бізді күтіп отыр.

Белгі беріп балалар өз қалаулары бойынша шығармашылық орталығына барып балабақша қызметкерлеріне сыйлықтар жасайды.

(қалған балаларды тәрбиеші балабақша бойы экскурсияға апарады) (медбибі, асханаға бөлмелеріне) экскурсия жасау

Балалар жарты шеңбер бойы тұрады. Тәрбиешіні тыңдайды.




Орталықта ерсектермен үлгіге қарап сыйлықтар жасайды (гүлдер, дайын қоропшаларды әшекейлейді.)

Ұйымдастыру іс-әрекеті



























































Экскурсиядан келгеннен кейін

Тәрбиеші балаларды орындықтарға отыруын сұрайды.

Санамақ айтады:

Ал, санаңдар, санаңдар,

Бізде қанша адам бар?

Алдымда:

Атам, әжем,

Алдымда:

Әкем, анам.

Сонында ағам, әпкем

Сонында мен өзім.


Не туралы санамақ?

Бір сөзбен бұл адамдарды қалай айтамыз?

Отбасы деп түсіндіреді

Балалар біз жаңа қайда барып келдік?

Экскурсияға, яғни балабақшаны аралап келдік (тәрбиеші толықтырады)

Қандай бөлмелерді көрдік?

(медбибі, асханаға барып келдік)

Тағы балабақшада қандай бөлмелер бар?

Сеңдер доппен ойнағанда қайда барасыңдар?

Ән айтуға, би билеуге қайда барасыңдар?

Балалар ойланып жауап береді (ән-күй, спортзалдары) тәрбиеші көмектеседі.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, енді мен сеңдерге

Е. Ашықбаев «Балабақша» өлеңін оқып беремін, сендер жақсылап тыңдап, сосын маған қайталап бересіңдер.

Автордың портреті көрсетіледі қысқаша мәлімет айтылады.

Балабақша

Мамаңа еріп келдің сен,

Папаңа еріп келдің сен.

Қаладағы ең жақсы үй,

Балабаша мен білсем.

Себебі ме, себебі, себебі,

Барлық мама келеді,

Барлық папа келеді.

Шығарманы талдайды:

Сұрақтар: не туралы айтылған?

Балаларды балабақшаға кімдер апарады?

Тақпақта балабақшаны қалай деп жазды?

(тәрбиеші түсіндіреді, естеріне түсіреді)

Сөздік жұмысы: еріп, себеп.

Балаларға қайтадан өлеңді оқиды, өлеңдегі жаңа сөздердің жолдарын қайталатады, бекітеді.

Дидатикалық ойын: «Көңілді доп»

Мақсаты: өлең жолдарын реттілігін есте сақтау, шығармашылық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Құралдар: доп

Шарты: айтылған сөздің жалғасын тауып айту.

Балаланың әрекеті: Допты ұстап алғанда тиісті сөзді есіне түсіріп айту керек

Мысалы: Мамаңа еріп ..... (келдің сен)

Тәрбиеші: балалар тақпақ естеріңде жақсы қалсын деп

Артикуляциялық жаттығуын жасайды:

«Алтыбақан»

Мен де босқа тұрмаймын,

Алтыбақан тебейін.

Әткеншекте тербеліп,

Жоғары, төмен самғайын.

Орындау тәсілі: күлеміз, ауызымызды ашып тұрып тілді жіңішкертіп ұстап, жоғары қарай көтеріп, мұрынға созу, тілді жалпақ қылып төмен түсіріп иекке созу. (тәрбиеші көрсетіп, түсіндіреді, қадағалайды)

Сергіту: кел балалар тұрайық,

өлең бірге жаттайық.

қолдарымыз биікке,

аяғымыз төменде,

оңға, солға бір адым.

жоғары, төмен бір қарап,

санамақ ойынына шапалақ.

Шығарманы қайта оқиды.

Ең алдымен тез жаттап алатын балаларды тақпақты айтуға сұрайды (тәрбиеші балаларды мадақтап отыру керек (кейін басқа балаларда жаттауға деген ыңталары мен қызығушылықтары оянғандай)).

Шығармашылық орталығындағы балалардың жасаған жұмыстарын қарап талдайды, балалар не жасап шығарғанын түсіндіреді.


Балалар орындықтарға отырады, тәрбиешіні тыңдайды


Санамақ сөзін қайталайды.

Естеріне сақтайды.








Балалар әке, шеше, ата, әже, аға, әпке туралы


Балалар қайталап отырады




Балалар ойланып жауап береді

Ойланады

Қайталайды








Тақпақты тыңдайды, жаңа сөзді түсінеді









Балабақша туралы естідік

Папа мен мама

Жақсы үй











Допты ұстап алғанда тиісті сөзді есіне түсіріп айту керек.




Орындау тәсілі: балалар күледі, ауыздарың ашып тұрып тілді жіңішкертіп ұстап, жоғары көтеріп, мұрынға созады, тілді жалпақ қылып төмен түсіріп иекке созады.





Балалар тәрбиешімен бірге сөздерді айта отыра, қимылдарын жасайды.





Сыйлықтарын сыйлайды.

Рефлексивті-түзетуші

Біз бүгін қайда бардық?

Барған жерде не көрдік?

Қандай тақпақ жаттадық?

Тақпақты жазған автор кім?

Тақпақ не туралы?

Тақпақтарынды кімге айтып бересіңдер?

Асханаға экскурсияга бардық

Медбибіні көрдік

Балабақша туралы жаттадық, ойнадық, жаттығу жасадық

Тақпақты әкеге, анаға, атаға, әжеге айтамыз осылайша балалар жауап беру керек.


Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп білу керек

Нені игереді:

Тақпақты жатқа айтуға игереді.

Нені біледі:

Шығарманы жаттау барысында адамдармен сенімді қарым-қатынас құра білуге үйренеді.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров203
Номер материала ДВ-432877
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх