Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Менің елім
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Менің елім

библиотека
материалов

PowerPlusWaterMarkObject2111397



Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Біздің заманымызға дейінгі жазу-сызулар мен

аңыз-жырлар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға ежелгі аңыз-жырлар туралы әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Ұлан – байтақ қазақ жері – ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі – біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай «түрік», «түркілер» атанған.

Сақтар біздің заманымыздан Моңғолия мен Дунай арасын мекендеген. «Сақ» сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ) т.б. Көшпелі сақтар жайындағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.

Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: « Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық - түлік мол болғай! » -деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VІІ –ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманымыздағы VІІІ ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.

Сақ, ғұн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Тұңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.

2. Алып- ер Тұңға туралы мағлұмат беру.

Алып-Ер Тұңға - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнама» кітабының (ХІ ғ.) кейіпкері болған. Онда Алып-Ер Тұңға – Афрасияп, Тұранның (Түр елі – түріктер) патшасы болып суреттеледі. Ақыл – айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде қалған тарихи тұлға.

Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында.

Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау атадан балаға жетіп, ХІ ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітапқа кірген


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Алып-Ер Тұңғаны жоқтау

Алып-Ер Тұңға өлді ме?

Опасыз дүние қалды мА?

Заман өшін алды мА?

Енді жүрек жыртылар.

ІV. Үй тапсырмасын беру.


1. Заманымыздан бұрынғы жазу- сызулар мен аңыз-жырлар. «Алып-Ер Тұңға» туралы мағлұмат.

2. Алып-Ер Тұңғаны жоқтауының мазмұнын әңгімелеу, 5 шумағын жатқа айту.


V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VI. Сабақтың аяқталуы.



Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім: Сүлейменова Г.

  6. Сабақтың тақырыбы: Орхон ескерткіштері.

«Күлтегін» жазуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың көне жазба нұсқалары туралы білімдерін кеңейту, «Күлтегін» жазуы туралы жаңа мағлұмат беру.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды көне мәдениет нұсқаларын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялары.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Заманымыздан бұрынғы жазу- сызулар мен аңыз-жырлар. «Алып-Ер Тұңға» туралы мағлұмат.

2. Алып-Ер Тұңғаны жоқтауының мазмұнын әңгімелеу, 5 шумағын жатқа айту.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Орхон ескерткіштері туралы мағлұмат беру.

Түркілер V-VІІІ ғасырларда «Түрік қағанаты» деп аталатын үлкен мемлекет құрды. Түркілер – қазіргі қазақ, қырғыз, қарашай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, ноғай, саха (якут), хакас, әзербайжан, түрік, құмық, авар, балқар, башқұрт, қарайым сияқты тілдері бір-бірімен ұқсас, түркі тілінде сөйлейтін, бір кезде Монғолиядан – Каспий теңізі, арғы жағы Қапқаз (Кавказ), Тана (Дон) өзендеріне дейін алып жатқан тұтас түркі елін құраған. Кейін әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты бөлшектеніп қалған. Түркілердің түпкі Отаны-қазіргі қазақ жерінде.

Түркілер туралы Махмұт Қашқари былай деп жазған: «Ұлы Тәңір айтады: «Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды «Түрік» деп атап, Күншығысқа қоныстандырдым.

Түріктер-көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл, уәделерінде берік тұратын мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие ашық-жарқын жандар».

Түрік қағанатының негізін құраған Бұмын қаған еді. Ол 552 жылы қайтыс болған соң, кейінгі ұрпақтарының біліксіздігінен, жігерсіздігінен қағанат екіге бөлініп, ақыр аяғы 630-680 жылдары көрші жатқан тауғаштарға тәуелді болып қалады. Елу жылға созылған күрес нәтижесінде, Елтеріс ханның кезінде ғана бостандыққа қолы жетеді. Елтеріске бала кезінде қытайлар алып кетіп, қытайша тәрбиеленген Тоңұқұқ деген кісі көмектеседі. Ол тұтқында жүрсе де, өзінің түркі тегін ұмытпаған еді.

Елтеріс хан өмірден өткенде, артында қалған ұлдары Білге-жеті жаста, Күлтегін болса 5 жаста болатын. Мұрагерлері жас болғандықтан, таққа Елтерістің інісі Қапаған қаза тапқаннан кейін ғана Білге хандықтың билігін алып, Күлтегін әскербасы болады. Тоңұқұқ ақылшы, кеңесші болып отырады. Ежелден ханға кеңесші болып жыраулар отырған. Сондықтан Тоңұқұқты жырау деуге болады.

Орхон ескерткіштері дегеніміз – осы тарихи тұлғаларға арнап орнатылған тастағы жазулар. Түркілердің ежелгі мекені – Орхон өзенінің аңғарынан табылған. Ондай тастар бұрын қазақ жерінде де көп болған. Бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде жойылып кеткен.

Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұраты – ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу. Жырда түркілердің тауғаштарға кіріптар болу себебін олардың тәтті сөз, асыл қазынасына алданғандығынан, ел ішінде бірлік болмауынан деп түсіндіреді.

Орхон жазулары мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты қазақтың эпостық жырларымен үндес, ұқсас. Батырлық жырлардың идеясы да Орхон жырларындағыдай, ел тәуелсіздігі мен елге қорған болған батырларды жырлау. Батырлық жырларымыздың көне сарындарын Білге, Күлтегін, Тоңұқұқ жырларынан табамыз.

Орхон жырларының құрылысы жағынан қазіргі өлеңнен біраз айырмашылығы бар. Онда арагідік болмаса, ұйқас кездесе бермейді. Дыбыс үндестігі, сөз қайталаулар ішкі ырғаққа құрылады.

2. Ескерткіштен үзінділер оқу.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

Ескерткіштен үзінділерді оқу, әңгімелеу.

Тәңір текті, Тәңірден жаралған,

Түрік Білге қаған.

Бұл шақта отырдым.

Сөзімді түгел есітіңдер:

Бүкіл жеткіншегім, ұланым,

Біріккен әулетім, халқым.

Оңымда щад, апа бектер,

Солымда тархан, бұйрық бектер.

Тоғыз оғыз бектері, халқы,

Бұл сөзімді мұқият тыңда,

Терең ұқ.

  1. Сөздік жұмысын жүргізу.

Білге - ақылды, дана, білікті.

Қаған - хан.

Шад, апа бектер, тархан, бұйрық бектер - әскери лауазымдар атауы.

Тоғыз оғыз – ру- тайпаның аты.

Өтүкен – түркілердің қасетті мекені.

Тонсыз – киімсіз, аш-жалаңаш.

  1. Сұрақтарға жауап беру:

  1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін-күшін беру себебі не?

  2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді?

  3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?

  4. Тақырыбы не жайында?

  5. Айтар ойы (идеясы) қандай?

  6. Өлең құрылысы жағынан қазіргі қазақ өлеңімен бірдей ме? Салыстырып көріңдер.

V. Үй тапсырмасын беру.

1. Оқулықтан 8-13-беттерді оқу.

2. Үзінділерді әңгімелеу, қосымша деректер жазу.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім: Сүлейменова Г.

  6. Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы

( VІІІ-ІХ ғғ.)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға VІІІ-ІХ ғасырлардың көне мәдениет ескерткіші болып табылатын Қорқыт ата кітабы туралы әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.Қорқыт атаның портреті.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Орхон ескерткіштері туралы мағлұмат.

2.Ескерткіштен алынған үзінділерді әңгімелеу.

3.Қосымша деректер айту.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Қорқыт ата кітабы туралы ( VІІІ-ІХ ғғ.)мағлұмат беру.

  2. Қорқыт атаның өміріне тоқталу.

Қорқыт ата VІІІ-ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген (қазіргі Қызылорда облысы). Ол кісінің мазары Қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр.

Қорқыт- түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсің», -деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да, алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?-деп сұраса, олар: «Бұл – Қорқыттың көрі,-деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шағады.

Қорқыт бабаның «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай» т.б. он шақты күйін қобызшылар сақтап қалған. Қорқытты ажалдан құтқарған қобызы болғандықтан, кейінгі бақсылар ауруды қобызбен емдейтін болған.

Қорқыт айтқан жырлар ХV ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. Кітапта он екі жыр бар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұл», «Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр», «Хан Төрәлі», «Қазан Саларбектің аулын жау шапқаны т.б.

  1. Қорқыттың нақыл сөздерімен таныстыру.

Баят бойында Қорқыт ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп-тура келіп отырған әулиенің көңіліне пәңірім нұр құйған ғой…

Ол алдымен оғыз қауымының мүшкіл халін айтқан. Нендей іс болса да, әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт атаның сөзін халық ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған.

Қорқыт ата сөйлейді:

- Алла, Алла демейінше, іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас. Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей – шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат Баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да, ол ханым болмас. Қара есек басына жүген кигізесің де, тұлпар болмас. Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс біз болмас. Ежелгі дұшпан дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Ер малын қимайынша, аты шықпас.


ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Сұрақтарға жауап беру:

1) Қорқыт ата кім болған?

а) Ол қандай қасиетімен ел есінде қалған?

ә) Қорқыт ата өлімнен қашып құтыла алды ма?

2) Өмірде өлмейтін не нәрсе?

3) Қорқыттың нақыл сөздерінің мағынасын түсініп қараңдар.

4) Нақыл сөздердің қазіргі мақал-мәтелдермен ұқсастығы бар ма?

2. Дәптермен жұмыс.

Нақыл сөздерді тақырыптарға бөліп жазыңдар.


V. Үй тапсырмасын беру.

  1. Оқулық бойынша 14-17-беттерді оқу.

  2. Қорқыт атаның нақыл сөздерін жаттау.

  3. Дәптерге 1,5-тапсырмаларды жазбаша орындау.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім: Сүлейменова Г.

  6. Сабақтың тақырыбы: Аңыз. Оғыз қаған жыры

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға аңыз және Оғыз қаған жыры туралы әдеби білім беру, жырды талдауға дағдыландыру.

2.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби, тарихи дүниетанымдарын кеңейту, әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


1.Оқулық бойынша 14-17-беттерді оқу.

2.Қорқыт атаның нақыл сөздерін жаттау.

3.Дәптерге1,5-тапсырмаларды жазбаша орындау.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Әдебиет теориясынан түсінік беру.

Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені аңыз дейміз.


  1. Оғыз қаған жыры туралы түсінік беру.

«Оғыз қаған» жырында сөз болатын оқиғалардың түпкі желісі заманымыздан бұрын да айтылып келген. Оғыз мемлекетінің дәуірлеген кезінде (ІХғ) жинақталып, кейінірек ХІV ғасырда хатқа түскен.

«Оғыз қаған» жырында бүкіл оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихында болған оқиғаларды бір адамның басына жинақтап береді. Қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, қалаш ру-тайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасымен байланыстырады.

Жырда оғыздардың Көк тәңіріне табынып, өздерін Көк Бөріден тарататынын аңғаруға болады. Оғыздың Үрім қағанға (Византия) жорығын Көкжал бөрі бастап отырады. Оғыздың өзі көк өңді, әйелінің көзі көктен де көгіріек, шашы теңіз толқындай болып суреттелуі көк түсті қасиетті деп санаудан туған.

Оғыздың ақылшы-кеңесшісі Ұлық Түрк-Қорқыт ата, Тоңұқұқ, Бұқар сияқты жырау. Ол-ақ сақалды, ақ шашты, өнерлі, сәуегей кісі.

Жырда Оғыздың анасының аты-Айқаған, әкесі аталмайды. Түркілердің салтында қыздардың атына хан, төре, бек, сұлтан деп қосып айта берген (Ханзада бегім, Рабиға сұлтан бегім, Ай бегім, т.б.)

«Оғыз қаған» жырының құрылысы қазақ эпостарымен ұқсас келеді. Батырлық жырлардағыдай:

-қаһарманның тууы;

- өсіп-жетілуі;

-соғыс-жорықтары;

-еліне оралуы

болып суреттеледі

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оғыз қаған жырынан берілген үзіндіні жатқа оқу.

2. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.

1) Жырды (шығарманы) асықпай түсініп оқыңдар. Мазмұнына назар аударыңдар:

а) Оғыздың тууы.

ә) Тажал аң – Қатпен соғысы.

б) Үйленуі. Күн нұрынан жаралған қыз.

в) Ағаштың қуысындағы қыз.

г) Оғыздың балалары.

ғ) Оғыздың Үрүмге жорығы.

д) Еліне оралып, жерін балаларына бөліп беруі.

2) Жырдағы түркілердің Тәңірге табынуының белгілері қандай? Көкжал бөрі, Оғыздың өңі, қыздың көзі көктен де көгірек болуы т.б. туралы ойланып көріңдер.

3. Сөздік жұмысын жүргізу.

Айқаған –Оғыздың анасының аты.

Көзі жарыды – қуанды деген мағынада

Қат – ормандағы тажал аң

Алтын қазықтай – Темірқазық жұлдызы

Тұрысу – соғысу

Мұзтау – Алтай жағындағы тау болуы керек.

Шөк болу – тізесін бүгу. Бұл сөз бұрын адамға да айтылған, қазір малға ғана айтылады. Мысалы: түйе шөкті.

Етіл – Еділ өзені. Бұл өзенді түркілер Етіл, Атыл деп атаған.

Атилла – Еділдің шығыс жағынан шыққан батыр.

Ұлық –ұлы

Жай – садақтың жағы

Күншығар жер – күншығыс.

Күнбатар – батыс.

V. Үй тапсырмасын беру.

1. Оқулық бойынша 17-22-беттерді оқу.

2. Қосымша деректер жазу. VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

  1. Күні, айы, жылы:

  2. Тоқсан: І

  3. Мұғалім: Сүлейменова Г.

  4. Сабақтың тақырыбы: Әбунасыр Әл-Фараби

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға қазақ жерінің ғұламасы Әбунасыр Әл-Фараби туралы әдеби білім беру, өлеңдерін талдауға дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Сөнбес жұлдыздар» плакаты, қосымша әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оқулық бойынша 17-22-беттерді оқу.

2. Қосымша деректер жазу.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Әбунасыр Әл-Фараби туралы әдеби білім беру.

Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын-ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әбунасыр Әл-Фараби, Ғаббас Әл-Жауһари,

Әл-Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда – парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды. Түркі тілінің қасиетін әлемге танытты. Ал бүкіл өмірін араб жерінде өткізген Әл-Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазуға мәжбүр болды.

Бұл дәуір әдебиеті туындыгерлерінің шыққан ортасына қарай Сыр бойы әдебиеті және Қарахан әдебиеті деп екіге бөлінеді. Сыр бойы әдебиетіне Әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Ахмет Йүгінеки Сүлеймен Бақырғани, ал Қарахан әдебиетіне Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари жатады.

Әбунасыр Әл-Фараби Отырар қаласында туып, он алты жасында оқу іздеп Бағдатқа барады. Араб, парсы, грек тілдерін үйренеді, ғылымды меңгереді. Күндіз бағбан болып, түнде ғылыммен айналысады. Ол жүз елуге тарта ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Музыка, математика, логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан, «Музыканың үлкен кітабы» деп аталатын еңбегінде сол кезде түркілердің музыкалық аспабы болған тоғыз ішекті домбыраның құрылысын сипаттаған. Шығыс ғалымдары Әл-Фарабиге Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деген атақ берген.

Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстылары: Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид, Птолемей еңбектерін меңгеріп, оған араб тілінде түсініктеме жазған. Ізгілікті мемлекетті сипаттайтын «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы» трактаты бар.

Фараби «Өлең өнерінің қағидалары» кітабында ақындарды үш топқа бөліп, поэзияның қыр-сыры туралы айтады. Табиғат берген қабілетті шығармашылық ізденіспен толықтырып отыру керектігіне көңіл аударады. Ол өзі де өлең жазған ақын, әлемдік өркениетке зор үлес қосқан ойшыл.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Өлеңдерін талдау.

Қашықтасың, туған жер – қалың елім,

Небір жүйрік болдырар жарау деген.

Шаршадым мен, жанарым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

О, Жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм сықылды, тез асып, тез суынар.

Бауырым, қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.



2. Сұрақтарға жауап беру.

1) Әл-Фараби кім? Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?

2) Өлеңдерінде қандай ойлар айтылады?


V. Үй тапсырмасын беру.

1. Оқулықтан 21-26-беттерді оқу, үзінді жаттау.

2. «Екінші ұстаз» тақырыбына шығарма жазу.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.









Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иасауи (ХІІ ғ.) Хикметтері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға А.Иасауидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оқулықтан 21-26-беттерді оқу, үзінді жаттау.

2. «Екінші ұстаз» тақырыбына шығарма жазу.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қожа Ахмет Йасауи – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы).

Йасауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал. Йасауидің әкесі – Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары - Сайрамда. Ұстазы – Арыстанбаб (Арыстан баба) пен Йасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір құрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Йасауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің «Хикметтер» («Диуани хикмет») кітабында баяндайды.

«Диуан» - жинақ, «хикмет» - Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді. Йасауидің жүзге жуық хикметтері бар. Кітапта бес жасынан дін жолына түскенін, жеті жасында Арыстанбабты іздеп тапқанын айтады. Өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану жолдарын баяндап береді. Аузымен «Аллалаған», бірақ көңілі таза емес пенделерден жоғары болғанын медет етеді. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақырады.

Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұстазының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы-Түркияға дейін таратып алып кеткен.

Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына – қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуға, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс

1. Хикметтерін мәнерлеп оқу, талдау.

Жеті жаста Арыстанбаб келді маған,

Хақ Мұстафа аманатын берді маған.

Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,

Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де.

Құрма беріп, мейірлене назар салды,

Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды.

Еркелете шақырып қасына алды,

Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де.

Уа, дариға, махаббаттың дәмін татпай,

Жар да сүймей, үйді ойлап, дүние таппай..

Ойсыз, қамсыз, шайтандықтан бойды тартпай,

Жан берерде жанталасқа түстім, міне.

Кәміл пірім қызметінде тынбай жүрдім,

Дамыл таппай, көз ілмей, зырлай жүрдім.

Әзәзілдің арбауына қыңбай жүрдім,

Сосын да мен қанат қағып ұштым, міне.


2. Сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Ахмет Йасауи кім? Өмірі туралы не білесіңдер?

2. Йасауидің ұстазы Арыстанбаб кесенесі қай жерде?

3. Йасауидің өмірлік мақсат – мұраты қандай?

4. Йасауи нені жырлады? Нені насихаттады?

5. Ақынның имандылық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме?


V. Үй тапсырмасын беру.

1. Оқулықтан 26-29-беттерді оқу.

2. Хикметтерінен үзінді жаттау.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.






Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағүни

«Құтты білік» (үзінді)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға ХІ ғасырда өмір сүрген ойшыл, ақын Жүсіп Баласағұнның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оқулықтан 26-29-беттерді оқу.

2. Хикметтерінен үзінді жаттау.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жүсіп Баласағұни – Талас-Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен ақын, ойшыл. Ол 85 тараудан тұратын «Құтты білік» атты кітап жазған. Кітапты шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнамасымен» қатар қойып, «Түркі шаһнамасы» деген атақ берген.

«Құтты білікте» кемел мемлекеттің сипаты баяндалады. Кемел мемлекетте өмір сүретін адам да кемелдену жолын іздеуі керек. Адам баласының қадір қасиеті білім мен ақылда болатынын айтып, дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Қоғамдағы әір түрлі топтардың, әр қандай кәсіп иелерінің, ел бегі, уәзір, көпес, ақын, тағы басқалардың қандай болу керектігін көрсетеді.

Ізгілікті елдің бегі мен уәзірі халықпен, айналасындағы қызметкерлермен қандай қарым-қатынас орнатады? Ғалым, диқан, сатушы, малшыларды қалай ұстау керек деген сұрақтарға жауап бере отырып, әізгілікті үлгі етеді.

«Бақыт қасиетті адамға ғана қонады», - дейді.

Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтуды бек - әділет бейнесі; Айтолды уәзір – бақыт бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесінде алынған, әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы дамиды.

Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігінде» қамтылған мәселелер туындыгердің (автор) аса білімді адам екенін аңғартады. Ол-ойшыл ғалым, білімпаз, ақын. Кітапты ақыл-өсиет, өнеге – уағыз түрінде жазған. Бала тәрбиесіне де көңіл бөлген. Баласағұни осы кітабы арқылы Хас Хажып (сарай министрі) атағын алған.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс

1. Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанынан алынған үзіндіні мәнерлеп оқу, талдау.


Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,

Есі болса, жұрнақ болса намыстан.

Ұшқалақтық- бірі, екінші – сараңдық,

Үшіншісі – ашу, оған егіз надандық.


Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,

Бесіншісі - өтірік, жерге тірі кіргізер.

Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын.

Білсін сонда басынан құс ұшпасын.


2. Сұрақтарға жауап беру:

1) Баласағұнидің «Құтты білік» кітабы не туралы?

2) Кітаптың кейіпкерлері кімдер?

3)Баласағұнидің ойынша шын дос кім?

4) Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?

5) Абай өлеңдерімен салыстыру.


V. Үй тапсырмасын беру.

1. Махмұд Қашқари сынды ғұламалар өмірі.

2. Жүсіп Баласағұни «Құтты білік»

3. Оқулықтан 30-33-беттерді оқу.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.








Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Махмұд Қашқари

Мақал – мәтелдері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Махмұд Қашқари құрастырған мақал-мәтелдер туралы әдеби білім беру, мазмұны мен құрылымын талдату.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Махмұд Қашқари сынды ғұламалар өмірі.

2. Жүсіп Баласағұни «Құтты білік»

3. Оқулықтан 30-33-беттерді оқу.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Махмұт Қашқари – ХІ ғасырда түркілерден шыққан білімпаз тілші ғалым, әдебиет үлгілерін жинаушы. Қашқари ыстықкөл маңайындағы Барысхан қаласында туып, Қашқарда тұрған. Ол кезде қазақ жерінде құрылған Қарахан мемлекетінің екі астанасы болған еді. Бірі – Баласағұн (Тараз маңында), екіншісі – Қашқар. Болашақ ғалым Қашқарға әкесінің қызметіне байланысты барған.

Қашқари араб тілін, грамматикасын жетік білген. Ол 1070 жылдары үш кітаптан тұратын «Түркі сөздерінің жинағы» (арабша аталуы:- «Диуани лұғати-т-түрк») кітабын жазған. Кітапта бүгінгі әдебиетімізге, түркі тілі, тарихы, географиясы, тұрмыс-тіршілігіне қатысты құнды мәліметтер мол.

Қашқари кітабын жазу үшін, түркі қалалары мен даласын түгел аралап, әр жердің сөйлеу ерекшеліктерін зерттеген. Мақал-мәтел, жырларын жинаған. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған. Онда Барысхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқар, Каспий сияқты ежелгі елді мекендер сызып көрсетілген.

Сөздікте 29 түркі тайпасмының аты аталады. 6,5 мыңға жуық түркі сөзіне арабша түсінік берген. 260-тан астам мақалдың 60-ы қазіргі күнде тілімізде ешбір өзгіріссіз қолданылады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс

Махмұт Қашқари жинаған түркі мақал-мәтелдерін талдау.

Бір –бірлеп мың болар,

Тама-тама көл болар.


Көзден алыстаса, көңілден де алыстар.

V. Үй тапсырмасын беру.

1. Махмұд Қашқаридің «Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды» өлеңін жаттау

2.Оқулықтан 33-36 -беттерді оқу.


VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Рабғұзи. Қиссалары (үзінділер)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың орта ғасырлар әдебиеті туралы әдеби білімдерін кеңейту, Рабғузидің өмірі мен шығармашылығын меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, имандылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Махмұд Қашқаридің «Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды» өлеңін жаттау

2.Оқулықтан 33-36 -беттерді оқу.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

    1. Рабғузидің өмірі мен шығармашылығы.

Қазақ жерінде ХІІІ –ХІV ғасырларда Алтын Орда мемелекеті құрылды. Түркілердің ол кезде де өзіндік әдебиет-мәдениеті болды. Сол дәуірде түркі тілінде жазылған оннан астам кітаптар бар. Олар: «Қисса Жүсіп», «Махаббатнама», «Жұмжұма сұлтан», «Хұсрау-Шырын», «Түркіше Гүлстан» және Рабғузидің «Қисас-ул-әнбиа» кітабы (Әулие-әнбиелер туралы қиссалар).

Рабғузидің 1370 жылы жазылған қиссалар кітабы- ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең-әңгімелерінің жинағы. Кітаптағы әңгімелер бүгінге дейін қазақ ертегілері түрінде айтылып келеді.

Кітапта табиғат, жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар туралы, діни қайраткерлер жайлы баяндалған. Адам Ата мен Хауа Ананың топырақтан жаралуынан бастап, Нұх, Ыдырыс, Ибраһим, Смағұл, Жақып, Жүсіп, Дәуіт, Сүлеймен, Мұхаммед пайғамбарлардың өмірінен алынған ғибратты әңгімелер мол. Бұлар – шығыста бұрын-соңды көп айтылып-тараған сюжеттер. Оны Рабғузи түркі тілінде жазып шыққан. Сонымен бірге өз жанынан шығарған өлеңдері де бар.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

«Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссаларын мәнерлеп оқу, талдау


2. Сұрақтарға жауап беру.

1) Рабғузи кітабы не жайында?

Неге ол «Қисас-ул әнбиа» деп аталады?

2) Рабғузи әңгімелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді?

3) Рабғузи әңгімелерінің қайсысы қазіргі ертегілерді кездеседі?


3. Әдебиет теориясы бойынша мағлұмат беру:

Миф алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние, жаратылыс жайындағы түсінігін білдіретін, қалыптасқан әңгімелер. Мифтерде көптеген халықтарға ортақ сюжеттер бола береді. Мысалы: жер-дүниенің алты күнде жаралуы, Адам Ата мен Хауа Ананың оқиғасы, топан су жайлы т.б. әңгімелер.

V. Үй тапсырмасын беру.

  1. Рабғузидің (ХІVғ) өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат.

  2. Қиссаларын әңгімелеу:

  1. «Қарлығаштың адамға достығы»

  2. «Лұқман Хакім»

3. Оқулықтан 36-40-беттерді оқу.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.



Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан:

5.Мұғалім:.

Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» (үзінділер)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға ортағасырлық ақын Сәйф Сараидың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Түркіше Гүлстан» поэмасынан алынған үзінділермен таныстыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу, оқу-өнерді насихаттау.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, өзіндік пайымдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Рабғузидің (ХІVғ) өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат.

2.Қиссаларын әңгімелеу:

1)«Қарлығаштың адамға достығы»

2)«Лұқман Хакім»

3. Оқулықтан 36-40-беттерді оқу.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сәйф Сараи туралы әдеби білім беру.

Сәйф Сараи Алтын Орданың Сарай қаласында туып, Египетті қыпшақ нәсілді Бейбарыс сұлтан билеп тұрған кезде білім іздеп, сонда барады. Өзі: «Қамысты» деген жұрт менің туған елім еді»,-дейді. Қамысты аталатын мекендер қазақ жерінде өте көп, сондықтан дәл қайда туғаны әзір анықталған жоқ.

Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» (арабша аталуы: «Гүлстан би-т-түрки) атты кітап жазған. Бұл- парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» (1258ж) түркі тіліндегі аударма нұсқасы.

Кітап сегіз тарау, кіріспе, қорытындыдан тұрады. Алғашқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден құралған. Сегізінші тарауы нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді жинақтаған. Ежелгі әдебиет дәстүріне сай, қара сөзбен жазылып (проза), арасына өлеңдер кірістіріліп отырған. Тараулары: «Патшалардың өмірі туралы», «Азға қанағат етудің артықшылығы», «Махаббат пен жастық», «Кәрілік пен әлсіздік», «Тәрбиенің ықпалы», «Қарым-қатынас ережелері» т.б. деп аталады.

Сәйф Сараидің өз ойынан жазған төл туындысы – «Суһаил мен Күлдірсін». Бұл дастанда Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасын баяндау арқылы өз дәуірінің өзекті мәселелерін көтереді. Соғыс зардаптарын, оның қарапайым халыққа әкелетін қиыншылығын суреттейді. Бұл, әсіресе, өсиет-өнеге бағытында жазылған, адамгершілік, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1. «Түркіше Гүлстан» поэмасынан алынған үзінділерді талдау.

Бірінші әңгіме. Баяғы заманда бір патша құлымен жүзіп келе жатады. Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып, жылай бастайды. Оны ешкім жұбата алмайды. Сонда бір данышпан кісі патшаға: «Рұқсат етсеңіз, оны мен тыныштандырайын»,-депті. Патша рұқсат беріпті. Сонан соң данышпан кісі құлды теңізге тастатады. Байғұс құл суға бір батып, бір шығады. Оны қайтадан кемеге шығарып алады. Құл кемеге қайта мінген соң, үн-түнсіз отырып қалады. Оның себебін сұрағанда, данышпан: «Бұл адам теңізге қарық болудың машақатын көрмегендіктен, өзінің сау-саламат отырғанының қадірін білмеді. Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес», - депті.

Екінші әңгіме. Бір сұлтанның үш ұлы бар еді. Екеуі ұзын бойлы, ал бірі аласа бойлы болыпты. Сұлтан аласа бойлы баласын жақтырмайды. Оны байқап қалған баласы: «Ата, ұзын бойлы ақымақтан, аласа бойлы ақылды артық», -деген екен.

Үшінші әңгіме. Наушаруан патша кәуап пісірмекші болып еді, тұз жоқ екен. Құлын тұз алып келуге жұмсады. «Ақшасын төлеп ал», -дейді. Құлы: «Тұзды несіне ақша төлеп аламын?» -дейді. Сонда Наушаруан: «Әуелде зұлымдық әлемде аз еді. Кейін әр адам аз-аздан қосқанда, көбейіп кетті», - депті.

2. Сұрақтарға жауап беру:

1) «Түркіше Гүлстан кітабының мазмұны қандай?

2) Сәйф Сараи өз шығармасын неге «Түркіше Гүлстан» деп атаған?

3) Әңгімелердің айтар ойын қалай түсінесіңдер? Шын өмірде осындай жағдайлар кездесе ме?

3. Сөздік жұмысын жүргізу.

Ақсақ Темір – немесе Әмір Темір 1447-1449 жылдары Орта Азияны билеген атақты әмірші. Ахмет Йасауи кесенесін өз жарлығымен салдырған. Немересі Ұлықбек Самарқанда обсерватория ашып, астрономия ғылымымен айналысқан. Ұлықбек обсерваториясының орны әлі күнге дейін бар. Ол ашқан жаңалықтарымен әлемдік ғылымға үлкен үлес қосты.


Қарық болу – суға кету.

Кәуап – шашлық


V. Үй тапсырмасын беру.

1. Сәйф Сараи туралы қосымша деректер.

2. «Түркіше Гүлстан» поэмасынан үзінділер жаттау.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.


Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2. Сыныбы: 8

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан:

5. Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиеті.

Махамбет Өтемісұлы.

«Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерін талдауға баулу.

2. Тәрбиелік: Махамбет жырларымен оқушыларды ұлтжандылыққа, елді қорғауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: тіл, тарих, география

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

` 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін қайталау.


ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Асқақ ақын, жаужүрек батыр Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмында дүниеге келген.

Ескіше де, орысша да сауатты Махамбет туралық-әділдігімен аты жойылып, халық арасында ерекше беделге ие болған. Оның ақындық, батырлық даңқының көпшілікке айрықша мәшһүр болуы сол кезеңнің ұлы оқиғасы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне (1836-1838) тікелей байланысты болды. Қайсар, әділдікті сүйген, озбырлықты жек көрген Махамбет халық Жәңгір хан тепкісіне шыдамай, көтеріліске шыққан кезде, Исатай батырдың қасынан табылып, өмірінің соңына дейін осы көтерілістің ұйымдастырушыларының бірі әрі жалынды жырларымен дем берушісі бола білді. Исатай қазасынан кейін көтеріліс басылып,


Махамбет Жәңгір хан мен патша өкіметі тарапынан қатты қуғынға ұшырайды. Ел арасында жасырынып жүріп, ақын көтерілісті жалғастыруды армандайды. Бірақ ол арманы орындалмай, елін сүйген ер, жауынгер ақын аңдаусызда аңдыған дұшпандарының қолынан қаза табады.

Махамбет жырларының басты тақырыптары да, айтпақ идеясы да өз өмірін арнаған осы көтеріліс шындығын, халықтың арман-тілегімен, Исатай батырдың ерлігін дәріптеу, үлгі ету мақсатымен тығыз байланысып жатыр.

Бүкіл ғұмырын күрес, арпалыс үстінде өткізген ақынның жырлары кек пен жалынға, арман мен үмітке, өр рухқа толы. Ақын жырларын көтеріліс айнасы деп бағалау орынды. Өйткені, ол өлеңдерінде өз басынан бар қиындығын өткерген көтерілістің барлық кезеңінің көркем суретін береді. Мәселен, «Ереуіл атқа ер салмай өлеңі – жауынгер ақынның көтерілістің алдыңғы кезеңінде ізінен қалмай қуған патша әскерімен кезектен шайқастан кейін шаршап – шалдыққан, тіпті кейбірі күрестің болашағына күдікпен қараған кезде, сарбаздарға рух беріп, намысын қайрау, ұлы мақсаттан айнымауға шақырған әйгілі туындысы. Ел үшін еңіреген ердің сипаты қандай болуы керек, теңдік жолында ол қандай қиындықтарға төзуі қажет, міне, осы жайларды ақын барынша өткір, шымбайға батыра толғаған. Ал «Бұл дүниенің жүзінде» өлеңін ақын көтеріліс жалыны басылып, өзі жалғыздықта, қуғында жүргенде шығарған. Арманының орындалмайтынын сезген ақынның көңіл күйі оның жалғыздық жайлы («Қаумалаған қарындас, қазақта бар да, менде жоқ»), заманы, өмірде әділдіктің жоқтығы туралы, күн мен ай, дәулет хақында философиялық толғанысынан танылады. Өлеңде синтаксистік егіздеу өте ұтымды қолданылған.


  1. Өлеңдердің мазмұнымен таныстыру.

Ереуіл атқа ер салмай

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку – еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!


Жалғыздық

Бұл дүниенің жүзінде

Айдан көркем нәрсе жоқ,-

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен көркем нәрсе жоқ,-

Күндіз бар да, түнде жоқ.

Мұсылманшылық кімде жоқ,

Тілде бар да, дінде жоқ.

Көшпелі дәулет кімде жоқ,-

Бірде бар да, бірде жоқ.

Азамат ерлер кімде жоқ,-

Еріккен күні қолда жоқ.

Заманым менің тар болды –

Тура әділдік биде жоқ.

Бәрін айт та, бірін айт,

Қаумалаған қарындас

Қазақта бар да, менде жоқ.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Оқушыларға өлеңдерді мәнерлеп оқыту.

2. Оқушыларға әдебиет теориясы тарапынан білім беру.

Элегия- лириканың бір жанры, мұнда ақын өмірді торығу, өкініш, мұңлы сезім тұрғысынан бейнелейді.

Мұң мен өкінішке толы өлең элегия деп аталады.

3. Сұрақтарға жауап беру:

1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі не туралы?

2) «Жалғыздық» өлеңінде ақын неліктен «заманым менің тар болды» дейді?

Ақын өзін неліктен жалғыз сезінеді?


V. Үй тапсырмасын беру.

1. Махамбет Өтемісұлы туралы мағлұмат.

2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау

3. Махамбет Өтемісұлы туралы қосымша деректер жазу, жинау.


VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VII. Сабақтың аяқталуы.








Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2. Сыныбы: 8

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: І

5. Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: «Мен құстан туған құмаймын»,

«Мұнар күн» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Махамбет жырларымен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің портреті, шығармалары

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Махамбет Өтемісұлы туралы мағлұмат.

2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау

3. Махамбет Өтемісұлы туралы қосымша деректер жазу, жинау.

ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Мен - құстан туған құмаймын» өлеңінің лирикалық кейіпкері – жігері жасымаған жан. Ол өзін біресе «түбін кескен бәйтерекке», біресе «қарақұстан туған қалықпанға» балайды. Әлі де «ерегіскендей ер болса, соғысқандай жер болса», қайрат етер қажыры, үзілмеген үміті бар екенін, өзінің «көп кісіден анық» (яғни, ұлы мақсатқа адал) екенін халыққа бүкпесіз айтады. Бұл туынды ақынның «Айныман», «Нарын» өлеңдерімен үндес, сарындас.

Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы патша әскерімен шайқаста ерлікпен қаза табады. Бұл Махамбетке де, халыққа да қатты батқан ауыр қаза болды. «Мұнар күн»

  • ақынның батыр өліміне арнап шығарған элегиялық (мұң мен өкінішке толы өлең элегия деп аталады) сарындағы туындысы. Ақын Исатай өлген күн шексіз қайғылы, қаралы, ауыр күн екенін өлеңде «шұбар», «мұнар», «буыршын мұзға тайған», «бұрынғы бақыт тайған», «он сан байтақ бүлген» деген ерекше жағдайды, ауыр күйді, сезімді сәтті танытатын эпитеттерді қолдану арқылы ұтымды аңғарта алған.



  • Тармақ соңында «күн» сөзін үнемі қайталап отыру арқылы да ақын осы сөзге айрықша мағына жүктеп, айтар ойын еселей түскен.

Махамбет өлеңдерінің тілі кестелі, олар көркем, небір әдемі эпитет пен теңеулер, көркем суреттеулерге толы. Ақын, әсіресе метафораның шебері. Мәселен, Махамбет өлеңдерінде метафораның сан алуан көркем үлгілерін ұтымды қолданып, айтар ойын немесе құбылысты айшықты, бейнелі танытуға шебер. «Мен – бір шарға ұстаған қара балта едім», «Мен – тауда ойнаған қарт марал», «Мен – құстан туған құмаймын» немесе «Мен – түбін кескен бәйтерек», сондай-ақ «Шамдансам жығар асаумын, шамырқансам сынар болатпын» деген күрделі метафоралар –қиыннан қиыстырылған шеберлік үлгісі.


  1. Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

Мен – құстан туған құмаймын


Мен – құстан туған құмаймын,

Бір тұлпарға жұбаймын.

Сауырыма қамшы тиген соң,

Шаппай неғып шыдаймын?

Мен – түбін кескен бәйтерек,

Толқын соқса құлармын.

Еріскендей ер болса,

Соғысқандай жер болса,

Бірме – бірге келгенде,

Әлі де болса бір Тәңірге жылармын.

Мен – қарақұстан туған қалықпан,

Сөйлер сөзге жалықпан,

Көптер көзін тіккендей,

Көп соңыма түскендей

Көптің несін алыппын?!

Тыңда, халық, әлеумет,

Көп кісіден анықпын.

Мұнар күн

Мұнар да мұнар, мұнар күн,

Бұлттан шыққан шұбар күн,

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атанға шөккен күн,

Бұлықсып жүрген ерлерден

Бұрынғы бақыт тайған күн,

Қатарланған қара нар

Арқанын қиып алған күн,

Алма мойын аруды

Ат артына салған күн,

Бұландай ерді кескен күн,

Буулы теңді шешкен күн,

Сандық толы сары алтын

Сапырып судай шашқан күн,


Түс қыла көр, Құдайым,

Біздей мейманасы тасқанға

Біздің ер Исатай өлген күн,

Он сан байтақ бүлген күн,

Орта белін сыйлаған

Оқ жаңбырдай жауған күн.

Оң қанатын теріс жайып,

Лашын қуға төнген күн,

Желпілдеген ала ту

Жиырылып ойға түскен күн,

Жез қарғылы құба арлан

Жез қарғыдан айрылып,

Қорашыл төбет болған күн

Аса шапқан құлаша ат

Зымырандай болған күн,

Арқаулының бойынан

Теріскей дауыл соққан күн,

Қас бәйтерек жығылып,

Жығылғаны естіліп,

Алыстағы дұшпанның,

Жақындағы «достының»

Қуанып көңілі тынған күн!

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

2.Сұрақтарға жауап беру:

1) Махамбет Өтемісұлы кім, оның өмірі туралы не білесіңдер?

2) Махамбет өлеңдері қазақ тарихындағы қандай оқиғаға арналған?

3) «Мұнар күн» өлеңін ақын қандай қайғылы оқиғаға арналған? Ақын кімнің қазасына қайғырып отыр? Исатай батыр туралы не білесіңдер? Ақын батыр қаза тапқан күнді неге «мұнар күн», «шұбар күн», «алыстағы дұшпанның қуанып көңілі тынған күн» дейді?

3.Оқушыларға әдебиет теориясынан білім беру.

Метафора – затты не құбылысты айшықты, бейнелі таныту үшін, оны екінші бір ұқсас затқа, құбылысқа балау тәсілі.

4.Өлеңдерден метафораны табу.

Мен – құстан туған құмаймын.

Мен – түбін кескен бәйтерек

Мен – қарақұстан туған қалықпан.

5. Сөздік жұмысын жүргізу.

1) Құмай

2) Қалықпан

V. Үй тапсырмасын беру.

1. «Мен – құстан туған құмаймын» өлеңін жаттау.

2. «Елі үшін еңіреген ер еді» (шығарма жазу)

3. «Мұнар күн» өлеңін әңгімелеу.

4. Метафора туралы түсінік.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.


Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2. Сыныбы: 8

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға «Зар заман» ақыны Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Зар заман» толғауының сюжетін меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. «Мен – құстан туған құмаймын» өлеңін жаттау.

2. «Елі үшін еңіреген ер еді» (шығарма жазу)

3. «Мұнар күн» өлеңін әңгімелеу.

4. Метафора туралы түсінік.


ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Шортанбай Қанайұлы туралы мәлімет.

Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі – Шортанбай Қанайұлы 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған.

ХІХ ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысында қазақ даласында орыс отаршылдығы күшейе түсті. Ел өміріне енген өзгерістер (ел билеу жүйесіндегі, жер мәселесі, сауда тұрмыстық жайлар; т.б.) халықтың дәстүрлі өмір салтының, ынтымақ-бірлігінің бұзылуына, ал отаршылдық саясаттың нығаюына қызмет етті. Шортанбайдың азаматтық, ақындық ғұмыры халық тарихындағы осындай қиын кезеңмен тұспа-тұс келді. Шортанбай осы көзі көрген, көңілі түңілген шындықты – жаңа қоғамдық қарым-қатынастарды заманның азғаны деп жаны күйзеле, зарлана жырлады, шеней суреттеді. Келешектің не боларын айта алмай күйінді, торықты. Оның «Зар заман» өлеңдері топтамасы – заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйген жанның толғанысы, дәуір айнасы.

ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат, т.б. ақындар да замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады. М.Әуезов бұл ақындарды «Зар заман ақындары» деп атаған.

ХІХ ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан өлеңінің аты.

Шортанбай өлеңі ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дауірде бір сарынмен өлең айтқанақындардың барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойдық ...

ХІХ ғасырдың басындағы (С.М) өлеңдерге де «зар заман» деген ат қойдық. Бұл аттың иесі - Шортанбай. Бұл ақын «Зар заман» деген өлеңінде өзі көріп тұрған қазақ өмірінің барлық суретін айтады. Сол суреттер бойынша Шортанбай өмір сүрген заманның хал-жайы қалай пішінделеді, соны көрейік.

Шортанбай әуелі бұрыннан көп айтылып келе жатқан заманға қай заман екенін атап, ат қояды.

Мынау ақыр заманда

Алуа, алуан жан шықты,

Арам, араз хан шықты,

Қайыры жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ

Ақша деген мал шықты.

Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман... екен.





















Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2. Сыныбы: 8

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы

«Ілімге толса көкірек» (толғау)

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға ХІХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Майлықожа Сұлтанқожаұлы туралы мәлімет беру, шығармашылығынан «Ілімге толса көкірек» толғауымен таныстыру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікірлесу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

    1. Шортанбай Қанайұлы туралы мәлімет.

    2. «Зар- заман» толғауын талдау, бір үзіндіні мәнерлеп оқу.

ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

      1. Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы Сыр бойында, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол кішкентайынан өмірдің тауқыметін көп тартады. Жастайынан туған өлкедегі ақын, шешен, билердің өрнектеген сөздеріне қызығып, оларды жаттап өскен ол өнерге қатты құмартып, өзі де ақындықтың аулына ат басын бұрады. Оның тұрмыс себептерін Орта Азияның бірсыпыра қалаларында (Бұхара, Самарқанд, Ташкент, т.б.) болуы, Шығыс шайырларының поэзиясымен жарқын танысуы да ақындық өнерге құштарлығын арттыра түседі.

Ол өлең – толғаулар жазумен қатар, айтыс өнерінде де бақ сынаған. Қырғыз ақыны Жанаспен, Жамбылдың ұстазы – Сүйінбаймен айтысқаны белгілі.

Майлықожа өз өлең-толғауларында замана сипатын, халық тұрмысын, елдегі би-болыстардың жемқорлығы мен тұрлаусыз мінезін шынайы бейнелеген, адамгершілікті, ізгілікті, өнер-білімді дәріптеген. Ақын туындыларынан шығыс поэзиясының әсер-ықпалы байқалады.

Ақын өлеңдерінің көбі толғау үлгісінде жазылған.

Толғау – қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында, әсіресе, жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр. Толғау өлеңде ақын әдетте өмір-болмыс, қоғам, адам тіршілігі, жақсылық-жамандық, т.б. жайлы ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой қозғайды. Майлықожаның «Ілімге толса көкірек», «Жақсы болсын жұбайың», «Ұрлықтың түбі- қорлық-ты», «Ер көгерер дұғамен» , т.б. толғаулары бар.

«Ілімге толса көкірек» атты толғауында ақын «ілімге (білім) көңіл қойсаң, санаң ашылады» деп білімді, «өнер алды – қызыл тіл» деп, сөз өнерін айрықша ардақтап әспеттейді. «Өзбекте өткен Науаи – тілдің кәусар гүлі (яғни шебері) еді», ал «парсыда өткен Фирдоуси заманында дүр (атақты, танымал) еді» деп, бұның себебі олардың өнерінде жатқанын көпшілікке өнеге етеді. Ақын, сондай-ақ, мұнда жақсы мен жаманды салыстыра мінездеп, «жаманның мінін жасыратынын», «жақсының халыққа қызметін асыратынын», «жақсының жолы-жарық күн» екенін, не нәрсеге де «сабырмен қарап», «сабыр -ақыл серігі» жұрт қызығатындай, бәрекелді» дейтіндей іс істе дей келіп, «өмір-өткінші, бос күлкіге салынба, оның қадірін біл» деп, философиялық қорытынды ой түйеді.

Ұлы Абайдың ұлағатын еске түсіреді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Оқулықпен жұмыс

1. Толғауды мәнерлеп оқу.

Толғау (үзінді)

Ілімге толса көкірек,

Ашылар көзі сананың.

Құлақ салсаң, жақсылар,

Азырақ сөзді жазамын.

Көрейін мен де толғанып,

Келгенімше шаманың.

Дүбірге қызған жүйріктей

Қызып тұр әзір табаным.

Айтқан сөзің бармайды

Көңіліне наданның.

Аспан-жердей парқы бар

Деп айтады адамның...

«Жігіттің көркі - өнер»,

Жақсылардан шыққан сөз.

Алтынды – гауһар бедерлі.

Осы күнде халқымда

Мәлім болып жалпыға,

Тілдің болдым шебері.

Етпекке кеңес келелі,

Азырақ сөйлеп берелі.

Бақ пен дәулет тең келсе,

Адамның толар кемелі.

Кімдерге бұғау салмаған

Дүниенің асау белеңі?

Біреу үйде отырып,

От басында хош ұрып,

Біреу жаһан кезеді.

Нақшқатты мысал қып,

Төмендегі айтқан сөз

Майлы ақынның сөзі еді.

Мәлім болған халыққа

Өтірік емес, анық та

Өнер алды – тіл еді.

Өзбекте өткен Науаи

Тілдің кәусар гүлі еді.

Парсыда өткен Фирдоуси

Заманында дүр еді.

Не жүйрік келіп дүниеге,

Аяқтарын тіреді.

Бәрі де өтті дүниеден

Адам бар ма оларды

Есіткенде күймеген?..

Өңкей жақсы қосылса,

Бітіреді кеңесті.

Өңкей жаман қосылса,


2.Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру:

1) Майлықожаның ақындық өнерге бет бұруына не себепші болды?

2) «Ілімге толса көкірек» толғауында ақын нені дәріптеп, нені сынаған?

Толғауда аттары аталған ақындар жайлы «Қазақ энциклопедиясынан» оқып-біліп, шағын реферат жазыңдар.

3) Ақынның замана, жақсы мен жаман, талап, білім, еңбек туралы ой толғаныстарын мәтіннен тауып оқып, шағын пікірталас ұйымдастырыңдар.

4) Туындыдан толғау өлеңіне тән қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?


V. Үй тапсырмасын беру.

1. Майлықожа Сұлтанқожаұлы туралы.

2. «Ілімге толса көкірек» толғауынан үзінді жаттау.

3. Әлішер Науаи мен Фирдоуси туралы жазу.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.










Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2. Сыныбы: 8

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы.

«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

3. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, өлеңді әдебиет тоериясы тұрғысынан талдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, бетше

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Ұлы жазушы М.Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүрген кезінде-ақ, былай деген екен: «Абайдың істеп кеткен қызметі-әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты».

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрынғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген.

Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдырған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған. Абайдың «Арғы атасы қажы ед» атты өлеңіндегі әкесі Құнанбай туралы айтылған сөзін оқып көрелік.

Арғы атасы қажы еді,

Бейістен татқай шәрбәтті.

Жарықтықтың өнері

Айтуға тілді тербетті

Адалдық, ақыл жасынан

Қозғапты, тыныштық бермепті.

Мал түгіл, жанға мырза еді

Әр қиынға сермепті.

Мұңды, шерлі, жоқ-жітік

Аңсап алдын кернепті

Бәрінің көңілін тындырып,

Біреуін ала көрмепті.

Әділ, мырза, ер болып

Әлемге жайған өрнекті.

Тәубесін еске түсіріп,

Тентекті тыйып, жерлепті.

Қазақтың ұлы қамалап,

Іздеген жүзін көрмек-ті.

Ақылынан ап қайтқан

Өлгенше болар ермек-ті.

Ол сыпатты қазақтан

Дүниеге ешкім келмепті.

Өлмейтін атақ қалдырып,

Дүниеге көңілін бөлмепті.

Құнанбай қажы туралы Абайдан артық ешкім айта алмас. Біздің білетініміз: Абайдың ақылды әкеден алған тәлімі, тәрбиесінің көп болғандығы.

Абай өлеңді бала кезінен-ақ сүйді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелерді, естеліктерді,ертегі, жырларды тыңдап өсті.

Оқу дегенде, Абай не бары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. «Өлең-сөздің патшасы» өлеңін талдау.


Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.


Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы

Ол-ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі-надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.


Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?


Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.

Ақындары ақылсыз, надан келіп,

Көр-жерді өлең қыпты, жоқтан қармап.

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.

Ақындары ақылсыз, надан келіп.

Көр-жерді өлең қыпты, жоқтан қармап.



Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.

Ақындары ақылсыз, надан келіп,

Көр-жерді өлең қыпты, жоқтан қармап.


2.Сұрақтарға жауап беру:

3.Оқушыларға әдебиет теориясынан білім беру.

V. Үй тапсырмасын беру.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.




















Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2. Сыныбы: 8

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абайдың қара сөздері туралы жалпы мәлімет беру, Жетінші, он бірінші, он тоғызыншы, жиырма тоғызыншы, отыз бірінші, он сегізінші, жиырма екінші, отыз үшінші сөздерін талдауға үйрету.

2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өзндік ой толғауларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Абайдың өлеңдерін жатқа айту

2. «Адамның кейбір кездері», «Әбдірахман өлгенде» өлеңдерінің құрылылысына талдау

ІІI. Өткенді бекіту

Сұрақтар арқылы қорытындылаймын. Карточкалық сұрақтар

ІҮ. Мақсат қою.

Қара сөз жанры қандай жанр?

Абайдың қанша қара сөзі бар?

Ү. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Абайдың қарасөздері туралы әдеби білім беру.

Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары – «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар он алтыншы, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, отыз бірінші қырық бесінші сөздері. Жалпы қарасөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын – қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала-очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған, дәлелді, деректі қысқа зерттеу сияқты. Өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында «Ғақлиат тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіріліп жүретін дін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады. Бұл-Отыз сегізінші сөз. Осыдан соң қарасөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі Сократ пен оның шәкірті Аристодим әңгімесі.

Бұл – Жиырма бесінші сөз. Көпшілік қарасөздерден және де өзгешерек қалыптанған Абайдың Отыз жетінші сөзі. Бұл бөлімше өзге қарасөздерше тұтас құрылған бүтін шығарма емес. Шартты түрде Отыз жетінші сөз деп бір араға бастары құрылған афоризмдер саналады. Мүрсейіттің көшірулерінде және Абайдың толық жинақтарының бәрінде осы афоризмдер Жиырма үш деп саналады. Анығында, Абайдың афоризмдегі бұлар ғана емес және жинақтарға басылғандай бір ғана 1896 жылда туған болмау керек. Әр жылдарда айтылған терең ойлы, шешен, шебер сөздерді 1896 жылы ең алғаш Абай шығармаларын құрастырушы шәкірттері сол жылда түгендеп еске алып отырып, ойда сақталғандарын осылайша Отыз жетінші сөз деп мөлшермен, шартты бір шеңберге сыйғызған тәрізді. Афоризмдер Абайда жиырма үштен әлдеқайда көп екенін Абай оқушыларының бәрі де біледі. Ақынның өз шығармалары ғана емес, Пушкиннен, Лермонтовтан және Крыловтан жасаған аудармаларының тұсында әр алуан өсиет, сын, мысқыл, әжуа, психологиялық, эстетикалық, педагогикалық жайлардан түйіп айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар аса көп кездеседі. Сондайлық бір-екі өлең жолының бойына сыйған тұжырымды көркем сөз Абайда көбінше афоризм боп қалыптанған.

Ал, өз өлеңдеріне ауыссақ, онда осылайша жазылып және жұртқа мол жайылып, нақыл-өсиет есебінде

ҮІІ. Түсінгенін тексеру.

Он жетінші қара сөзді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.

Мәтін бойынша рөлге кіру.

Басқа да бірнеше қара сөздерді үнтаспадан тыңдату.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Қара сөздердің мағынасын салыстыру

2.Сұрақтарға жауап беру:

3.Оқушыларға әдебиет теориясынан білім беру.

VІІІ. Үй тапсырмасын беру. Он жетінші қара сөзді жаттап келу

Оқушылардың жауаптарын бағалау.










Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2. Сыныбы: 8

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.

Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту. Абай – дара тұлға

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы меңгерген әдеби білімдерін бекіту, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» т.б.өлеңдерінің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдау.

2. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

3. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, өлеңді әдебиет тоериясы тұрғысынан талдау дағдыларын арттыру

Сабақтың типі: бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, өлеңдер жинағы, қара сөздер жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Нақыл сөздерге талдау: Тіл өнері дертпен тең

Өнер алды – қызыл тіл

ІІ. Мақсат қою.

А.Құнанбаев туралы меңгерген білімді сұрақтар арқылы бекітеміз.

1. Карточкалық сұрақтар.

2.Он жетінші қара сөздің қысқаша мазмұнын айту

3.Бірнаеше білетін қара сөздерге салыстыру жасау.

4. Абай өлеңдерінің құрылысына талдау


ІІI. Өткен сабақты бекіту.

Сайыс түрінде үш топтық жарыс жүргізу

І топ Тапқырлар

ІІ топ Жүйріктер

ІІ топ Алғырлар

Алдымен өз тобының ұранымен таныстыру: Абайдың нақыл сөзінен тез арада табу.

1.Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

2.Сұрақтарға жауап беру

3. Өлеңді жатқа айту жарысы, кез келген жерінен жалғастыру.

4.Оқушыларға әдебиет теориясынан білім беру.

5. Өлең құрылысы бойынша талдау сайысы: Өлеңнің қай ұйқас түріне жататынын табу.

6. Өзінің ізденген жұмысын, алып келген материалдарын көрсетіп, қорғап шығу

Оқушылардың жауаптарын бағалау.

ІV. Үй тапсырмасын беру. «Абай Құнанбаев - дара тұлға» туралы шығарма жазып келу






























Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2. Сыныбы: 8

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Жаныс ақынға»,

«Патша әмірі тарылды» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, өлеңдерінің идеясы мен мазмұнын меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: проектор

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Жамбыл Жабаев (28.02.1846ж. Жамбыл облысы, Хан тауының етегі -22.05.1945ж.) –халық ақыны. Балалық шағы Жетісу өңірінде – осы күнгі Алматы облысының Жамбыл ауданында өткен. Анасы Ұлдан мен нағашысы Қанадан әнші, күйші өнерпаздар екен. Жамбыл жастайынан осындай өнерлі ортада өсіп, ер жеткен. Ол нағашысының соңына ере жүріп, қобыз, домбыра тартуды үйренеді. Жабай баласының бұл беталысын ұнатпай, оған тоқтам салуға тырысқан. Өнерге ұмтылған жас малшы, жалшылар бас қосқанда, түнгі күзет кезінде батырлар жыры, ертегі, аңыз әңгімелер тыңдап, оның кейбірін өзі өлеңдетіп жүрген. Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған, бірқатар өлең, дастандар үйренген. Содан былай ол: «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, жырды өрбіте түскен. Басқа да көптеген атақты ақын-жыршылармен кездесіп, достасқан. Жамбылдың енді бір үлкен мектебі – қазақ фольклор қазынасы болды. Ол жастайынан-ақ «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» және қырғыздың «Манас» эпосынан үзінділері, Шығыстың «Рүстем» дастанын, «Көрұғлыны», «Жүсіп – Зылиқаны» жатқа жырлады. Сүйінбай ұстазынан Сұраншы, Өтеген батырлар туралы аңыздарды үйренеді. Айтыс өнеріне Жамбыл жастайынан араласқан. Шілдехана, жиын-тойларда қыз-жігіттермен түре, сүре айтысқа түсіп, қарсыластарын көбінде жеңген. 16-17 жасынан-ақ ел аузына ілігіп, «ақын бала» атанды. Бұл жөнінде «Менің өмірбаяным» деген өмірбаяндық


толғауында былай деген. «Топ десе он жетімде тартынбадым, семсердей майдандағы жарқылдадым». Жамбыл – көптеген ақындармен айтысып, жеңіске жеткен, халқымыздың ақындық өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан ақын. Өзінің айтуынан, шәкірттерінің жадында сақталғандарынан жазылып алынып, хатқа түскендері мыналар: Жамбыл мен Айкүміс, Бақтыбай мен Жамбыл, Бөлектің қызы мен Жамбыл, Жамбыл мен Сара ақын, Майкөтпен дидарласу, Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны, Жамбыл мен Бөлтірік, Жамбыл мен Сарыбас, Құлмамбет пен Жамбыл, Жамбыл мен Доспанбет, Жамбыл мен Шашубай. Бұлардың бәрі жинақтарына еніп, зерттеулер мен мақалаларда талданып келеді.

Жамбылдың ақындық, айтыскерлік даңқын шығарған – Құлмамбетпен айтысы.

2. Жамбыл Жабаевтың «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерін талдау.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене араласты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің отты үндеу жырларын толғады. Оның көбі сақталмаған. Тек есте қалып, хатқа түскені - «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» деген өлең-толғаулары. Осы шығармаларында Құлансаз, Қарабастау жайлауындағы Қарғалы, Самсы, Ұзынағаш және Шейінпенде болған қақтығыстардан елес береді. Жамбыл көтерілісшілерді өлең-жырымен жігерлендірді, оның үгітшілік әрекетін сезген патша әкімдері жазаламақ болды, бірақ халық Жамбылды қорғап қалды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерін мәнерлеп оқу

2) Өлеңдерді талдау.

3) Сөздік жұмысын жүргізу.

Көбең – арықтап жүріп, ет алған жылқы.

Жабы – қарапайым жылқы

Шыбыл – Ұлы жүздегі ру аты.

V. Үй тапсырмасын беру.

1. Оқулықтан Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметті 83,84-беттерді оқу.

2. «Жаныс ақынға» өлеңін талдау.

3. «Патша әмірі тарылды» өлеңін талдау және ұнаған шумақтарды жаттау.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.



Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.

Сабақтың тақырыбы: «Сұраншы батыр» дастаны.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Жамбылдың «Сұраншы батыр» дастаны туралы білім беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды Отанды сүюге, ерлікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оқулықтан Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметті 83,84-беттерді оқу.

2. «Жаныс ақынға» өлеңін талдау.

3. «Патша әмірі тарылды» өлеңін талдау және ұнаған шумақтарды жаттау.


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жамбылдың тарихи тақырыпқа арналған дастандары – «Сұраншы» және «Өтеген батыр». Жетісу өңірінде елді сыртқы жаулардан қорғауға даңқы шыққан батырлардың ерлік қимылын баяндайтын Жамбыл дастандары халық арасына кең тараған. Оларды жыршылар жаттап алып, жұрт бас қосқан жерлерде айтып жүрген. Сол дастандардың бірі- «Өтеген батыр». Оны Жамбыл отыздар кезінде 1876-1880 жылдары жырлай бастаған. Өтегеннің өмір тарихын, оның ерлік жолдарын Жамбыл ең әуелі әкесінен, кейін Сүйінбай мен Сарыбайдан естіп, ойына тоқи береді. Екінші бір күрделі дастаны – «Сұраншы батыр». Оның да жырлану жолдары жоғарыдағыдай. Ақын Өтеген, Сұраншы батыр туралы дастандарын бір жылдары қатар жырласа керек. «Сұраншы батыр» дастанын Жамбыл ең алғаш рет Садырмек деген беделді кісінің асы күндері толғапты. Бұл жиын Жиренайғыр өзенінің бойында өтеді. Ертеде Сұраншы батыр қоқандықтармен осы өзен бойында соғысып, оларды Әулиеатаға қарай ығыстырады. Жиренайғыр өзенінің бойын жайлаған Шапырашты, Ысты, Дулат, Жаныс адамдары ақыннан Сұраншыны жырлауды өтінеді. Жамбыл сол айтылған ел талабы бойынша Сұраншы дастанын жырлап береді.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

1. Оқулықпен жұмыс

«Сұраншы батыр» дастанын мәнерлеп оқу.

Мейірімді туған Сұраншы

Елі сүйіп жасынан,

Жетім мен жесірді

Атына артып көшірген.

Ерегіскен жауларын

Су құйғандай өшірген.

Тарынып келген қарттарға

Қайғырып жаны ашыған.

Қабағынан қар жауды,

Кірпігіне мұз қатты,

Кім екен деп басынған.

Теңіздей жау жан-жағы,

Сұраншыға көп емес.

Үш күн, үш түн ұрысқан,

Сол батырдың соғысы

Рүстемнен кем емес.

Астыңдағы Аққоян

Қия тасқа басылып,

Ақ көбігі аузынан

Екі жаққа шашылып,

Әбден батыр қызған соң,

Омырауы ашылып,

Қоқанға қарай жау шапты,

Қордай белін асылып.

Ақ семсері ақ шомшы,

Қызыл қанды сапырып.

Үш күн, үш түн өткенше,

Әсте батыр тынбады.

Томағасын қайырған

Ақиықтай шыңдағы.

Ел жақтаған батырдың

Сағы жаудан сынбады.

2.Сөздік құрамына назар аудару.

Қанқор - қанқұмар.

3. «Сұраншы батыр» жырынан Сұраншыны қандай кісі деп елестетуге болады?

4.Сұраншы батыр туралы тарихи деректерді қарастырып, кім екенін анықтай түсіңдер.

V.Үй тапсырмасын беру:

«Сұраншы батыр» жырынан үзінді жаттау.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы

«Шешенің балаларын сүюі», «Жастарға», «Жас қазақтар, қайдасың» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру;

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларға М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, өлеңдерінің негізгі идеясы мен мазмұнын меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М.Дулатұлының портреті, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Өткенді бекіту

«Сұраншы батыр» жырынан үзінді жаттау.

Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Міржақып Дұлатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу.

Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.

Міржақып әуелі ауыл мектебінде оқыған. 1897 жылы Торғай қаласындағы

орыс-қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы оны ойдағыдай бітіріп шығады. Алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады. Мұғалім бола жүріп, өлең жазады.

Міржақып 1904 жылы сол кезде қазақ оқығандарының бас қосатын орталығы – Омбы қаласына сапарға аттанады. Ол жерде Ахмет Байтұрсыновпен жүздесіп, ақтық демдері біткенше жұп жазбай өткен екі есіл ер әуелі астыртын жұмыстан бастап, кейін жария сипат алған революциялық жұмысқа белсене араласады.

Осынау қызу қимылмен көзге түскен жиырмадағы жас жігіт жас конституциялық-демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петербургке барады.


1907 жылы Петербургке шыққан «Серке» газетінде Міржақыптың «Жастарға» деген өлеңінің басылу сыры да осында. 1909жылы Уфа қаласында «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы басылып шықты. Ондағы өлеңдері

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал хараб

Қазағым, енді жату жарамас-ты,

деген оймен мазмұндас.

Поэзияда қаламы төселіп қалған автор проза саласында да күрделі жанрда күш сынап, «Бақытсыз Жамал» романын жазады. Қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман 1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан жарық көреді.

Ел санасын ояту мақсатымен А.Байтұрсынов екеуі бірлесіп ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылым-айтулы «Қазақ» газетін шығарады.

1911 жылы саяси айыппен қамауға алынып, А.Байтұрсынов екеуі Семей түрмесінде бір жарым жыл отырып шығады. 1922 жылы қайта ұсталып, Әлихан Бөкейханов екеуі Орынбор түрмесіне түседі де, көп ұзамай қамаудан босатылады.

Республикадағы мәдениет революциясы ісіне белсене ат салысып жүрген кезінде 1928 жылдың желтоқсанында бір топ қазақ оқығандары қатарында тағы тұтқынға алынады.

1935 жылы қазанның 5-і күні 50 жасқа толуына бір ай қалғанда, Ақтеңіз-Балтық каналының бойындағы Сосновец ауруханасында ауыр науқастан қайтыс болады.

Түсінгенін тексеру

1. Оқулықпен жұмыс.

1) Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

Шешенің балаларын сүюі

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

-Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.


Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

-Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын

көлдететін.


Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?

-Бетін жуған жасымен сорлы анаңа

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.


Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

-Сендер қайтып келсеңдер адам болып,

Еш арманым болмас еді өлгенімше...


Жастарға

Найзаменен түртсе де,

Жатырсың, қазақ, оянбай..

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ай, Алла-ай!


Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,

Атырафқа көз салсақ.

Көзі іскенше ұйқыға

Келе жатқан тоя алмай?

Жаңа сабақты бекіту.

2) Сұрақтарға жауап беру:

а) Ананың балаларына деген қамқорлығын, сағынышын өлеңнің өз тілімен айтып беріңдер.

ә) Ақын жастарға қандай ой тастап отыр?

б) «Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай»,-деген мысалдың мәнін түсіндіріңдер.

в) «Бақшасында халықтың

Бұлбұл боп тілің сайрасын»,-

деген жолдардың мәнін ашып түсіндіріңдер.


Үй тапсырмасын беру:


1. Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы.

2. Ұнаған өлеңдерін жаттау, талдау.


Оқушылардың жауаптарын бағалау.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті Күні, айы, жылы:

2.Сыныбы: 8

Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ әдебиетінің бірегей көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Түркістан» өлеңінің мазмұнымен таныстыру;

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларға қазақ әдебиетінің бірегей көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Түркістан» өлеңінің мазмұнымен таныстыру, поэзиялық шығарманы талдауға үйрету.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтың портреті,Түркістан қаласының суреттері.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

1. Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы.

2. Ұнаған өлеңдерін жаттау, талдау.

Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

М. Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Сасықкөл мекенінде дүниеге келген. Мағжанды әкесі ауыл мұғаліміне ертерек беріп, хат танытады. 1905 жылы Қызылжардағы медресеге түсіп, 1910 жылы бұл медресені жақсы үлгеріммен бітеді.

Мағжан жеті жасында «Қисас-ул әнбиа» атты кітапты түгелдей оқып шығып, күллі пайғамбарлардың өмірлерін жаттап алған көрінеді. Бұдан кейінгі жылдары Уфадағы медресе-Ғалияда дәріс алады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясын, 1923-1926 жылдары Мәскеудің әдебиет-көркем институтын бітіреді.

1913 жылы Қазан қаласында М. Жұмабаевтың «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.

Жиырма жасар Мағжан ақындығымен жұртшылық назарына түсті. Әсіресе, қазақ жастарының арасына Мағжанның атағы кең жайылды.

1927 жылы М.Жұмабаев еліне оралады. Оқытушылық қызметпен айналысады, жаңа өлеңдер жазады. Бірақ өмір ақынға ауыр тағдыр сыйлады. Мәскеуде оқып жүргенде, Мағжан «Алқа» деген әдеби үйірме ұйымдастырған болатын. Бұл 1925 жыл еді. Содан төрт жыл өткен соң, «ол ұйым – революцияға қарсы ұйым» деген жаламен Мағжанды он жылға концлагерьге айдады. Одан 1936 жылы босанып шығып, бір жылдан кейін, 1937 жылы озбыр топтың қолына қайта түсіп, 1938 жылы 19 наурыз күні атылады. Жалынды ақынға «халық жауы» деген қара таңба басады. Ақынмен бірге оның шығармалары да қараланады. Тек содан кейін, жарты ғасыр, 50 жылдан кейін ғана ақын аты елімен, жерімен, ұрпақтарымен қайта қауышты.

«... Мағжанды сүйемін. Еуропалылығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы аулында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сезгендей боламын. Мағжан – мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндей өмірінің тереңін терген ақын болмайды, заманынан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын болады. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі». М. Әуезов.

Түсінгенін тексеру

1. Оқулықпен жұмыс

1) «Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқу.

Түркістан – екі дүние есігі ғой.

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранның тарихы бар отты желдей,

Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.

Тұранның жері менен суы да жай,

Теңіздей терең ауыр ой бергендей.

Тұранның елі,шексіз шөлі қандай,

Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!

Тұранның дария аталған өзендері

Тасыса, шөлді басқан селі қандай!

Тұранның таулары бар аспанға асқан,

Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.

Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,

Жаралап таудан аққан салқын жастан.

Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,

Шалқыған ені – шексіз теңіз, Арал.

Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің

Бауырында дүние көрген түрік көкжал.

Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағасында

Табасың қасиетті бабаң дейтін.

Жаңа сабақты бекіту.

2) Сұрақтарға жауап беру:

а) Өлеңдегі ақынның айтпақ ойын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

ә) «Ер Түрік» дегенде «ер» деген эпитеттің ақынның қолданысындағы мәні неде деп түсінесіңдер?

б) «Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа, Түріктен басқа от болып жан туып па?

Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақтар қара шаңырақ қалған жоқ па?!»

Өлеңнің осы шумағындағы ақынның айтайын деген ойын анықтаңдар.

в) Бұл өлең лирикаға жақын ба, әлде эпикаға жақын ба?

г) Өлеңнің сипатын өз сөздеріңмен айтыңдар.

2. Әдебиет теориясы бойынша жұмыс.

1) Лирика – (грекше Lyra – ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) әдебиеттің суреттеп отырған өмір құбылысына өзінің оны қалай түсінуін аңғартатын, күйініш, сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдік шығармалар.

2) Эпос –(грекше -баян, әңгімелеу, тарихтап айту) көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.

3) Өлеңді құрылысына қарай талдау.

Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,

Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!

Еріксіз ер түрікті ойға аларсың,

Көкке асқан Хантәңірге қарай-қарай.

3.Проектор арқылы Түркістан туралы қосымша материалдарды көрсету.

Үй тапсырмасын беру:

1. М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Түркістан» өлеңінен үзінді жаттау.

3. «Түркістан – ер түріктің бесігі» (ойтолғау жазу)

Оқушылардың жауаптарын бағалау.




Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті Күні, айы, жылы:

2.Сыныбы: 8

Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы туралы әдеби білім беру, сюжеті мен көркемдік ерекшеліктерін меңгерту.

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларға М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы туралы әдеби білім беру, сюжеті мен көркемдік ерекшеліктерін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды елдікке, адамгершілікке баулу, ұлтжандылыққа баулу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаевтың портреті,қосымша деректер

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

1. «Түркістан» өлеңінен үзінді жаттау.

Өткенді бекіту

М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы.

«Түркістан – ер түріктің бесігі» (ойтолғау жазу)

Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Батыр Баян» поэмасының мазмұнымен оқулық бойынша танысу.

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі.

Сондықтан жаным күйіп жанады да.

Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң.

Толғанып қарауым сол баяғыда.

Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар,

Әдемі ертегідей баяғыда.

Әдемі өткенді ойлап айнымасам,

Сұм өмір күшті уын аяды ма?

Ертегі уатпай ма баланы да,

Сөз сиқыр ғой, жазбай ма жараны да?

Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,

Еркімен өзі-ақ отқа барады да.

Жай тақтақ жабайыдан жол қалғанда,

Қанды ор боп ақын жолы қалады да.

Мен де ойды ағытамын қаламыма,

Арқаның көз жіберсем алабына:

Сарыарқа- сары дария, қиыры жоқ,

Көз болсын, қандай қыран, талады да..

Ішінде сары дария көз тоқтатар,

Көкшетау – Сарыарқаның аралы да.

Көкшеде күні кеше қойдай өрген

Түрлі аң: бөрі, бұғы, маралы да.

Айырылып асау, ерке аңдарынан

Көкшенің тас жүрегі жаралы да!

Арқада жер жетпейді Бурабайға,

Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.

Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға

Бөлектау: «Ой, бауырым!» - дер анадайда.

Оқжетпес найза қия – қыранға ұя,

Түсінгенін тексеру

Сұрақтарға жауап беру.

а) Поэманың поэтикалық қуатын, ақынның шеберлігі мен негізгі ой түйініне мән беріңдер.

әhello_html_15508f71.gif)Поэмаға сюжеттік – композициялық жоспар құру.

5. Шығарманың шешімі.

4.Оқиғаның шарықтау шегі.

3. Оқиғаның шиеленісуі.

2.Шығарманың байланысы.

1.Шығарманың басталуы.

Жаңа сабақты бекіту.

1. Қалмақ қызының тұтқынға түсуі.

2.Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы.

3. Ноянның қалмақ қызымен қашуы.

4. Батыр Баянның опасыз жандарды өлтіруі.

5.Батыр Баянның соңғы шайқасы.

Үй тапсырмасын беру:

1. «Батыр Баян» поэмасының сюжеті.

2. Абылай хан туралы деректер.

Оқушылардың жауаптарын бағалау.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті Күні, айы, жылы:

2.Сыныбы: 8

Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан, Батыр Баян бейнелері.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Абылай ханның қазақ тарихындағы маңызды рөлін айқындату, «Батыр Баян» поэмасынан алған әдеби білімдерін бекіту.

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларға Абылай ханның қазақ тарихындағы маңызды рөлін айқындату, «Батыр Баян» поэмасынан алған әдеби білімдерін бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ел тарихын қастерлеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, әңгімелеу, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның суреті

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатын айту

1. «Батыр Баян» поэмасының сюжеті.

2. Абылай хан туралы деректер.


Бекіту сабағын өту.

  1. Шығарманың тарихилығына назар аударту, жоңғарлардың ХVІІІ ғасырда қазақ даласына жасаған шабуылдары, Абылай ханның, батыр Баянның тарихтағы рөлін нақты деректерге сүйене отырып баяндау.

  2. Поэмаға сюжеттік-композициялық жоспар жасай отырып, оқиғаның байланысын, дамуын, шиеленісуін түсіндіру.

Композициялық жоспар.

hello_html_m6f71e29a.gif5. Шығарманың шешімі.

4.Шығарманың шарықтау шегі


3.Шығарманың шиеленісуі.


2.Шығарманың байланысы

1.Шығарманың басталуы.




1.Көкшенің әсем келбеті.

2.Алашқа аты аян Абылай хан жиыны.

3.Батыр Баянның қос ғашықты мерт етуі.

4.Батыр Баянның қалмаққа қарсы шабуылы.

5.Ер өлімі ел есінде.


  1. Поэмаға сүйене отырып, Абылай хан бейнесіне мінездеме жазу.

Қиын күн туған алаш баласына,

Шұбырып жапанның сар даласында,

Кез болған жаудан үркіп «Ақтабанға»,

Дұшпанның қалғандай боп табасына.


Арқаға аяқ салып, түскен барып

Екі оттың – орыс, қытай арасына.

Күндерде сонау –қара, тапсырған ел

Тағдырын Абылайдай данасына.


  1. Венн диаграммасы арқылы Батыр Баян мен Ноянды салыстыру.


hello_html_m2df47aa7.gifhello_html_m3db0ecbe.gifhello_html_m61ff9621.gifhello_html_m2df47aa7.gifБатыр Баян Ноян

ағайындылар


ер намысын азаматтық

өз намысым намысын

деп есептеген. жоғалтып алған.


5. Поэма оқиғаларына өзіндік баға беру.


Үй тапсырмасын беру:


«Батыр Баян» поэмасынан үзінді жаттау.


Оқушылардың жауаптарын бағалау.








Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті Күні, айы, жылы:

2.Сыныбы: 8 Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы, «Қараш-Қараш» сюжеті жайында әдеби білім беру.

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы, тақырып пен идея туралы, «Қараш-Қараш» оқиғасының сюжеті жайында әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтің портреті, шығармалары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Өткенді бекіту

«Батыр Баян» поэмасынан үзінді жаттау.

Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.

Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы бұрынғы Семей облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. Өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше сауатты кісілер болған екен. Білім сапарын ауыл мектебінен бастаған бала Мұхтардың кішкентай кезінен сусындап өскен рухани қазынасының бірі-Абай өлеңдері. «Атам Әуез Абаймен дос еді. Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын.

1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімдік семинарияда оқыған шақтарында ол орыс және шетел әдебиетінің туындыларымен молынан танысады. Мұның бәрі оның шығармашылықпен айналысуына үлкен себепші болған.

М. Әуезовтің тырнақалды туындысы- «Еңлік – Кебек» пьесасы 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде жазылған. Болашақ жазушы, ғұлама ғалым Санкт-Петербург университетінде (1928 жылы аяқтаған), Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған. ал 20-жылдардың аяғына қарай «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) және «Қилы заман» (1928) повестері жазылған.

Мұхтар Әуезов – қазақ драматургиясының негізін салушылардың бірі, ол- тарихи тақырыптарға арналған ондаған пьесалардың авторы.

Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы – «Абай жолы» атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы.

Түсінгенін тексеру

2. Тақырып пен идея туралы әдеби білім беру.

Көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды.

«Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің тақырыбы – ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі. Бұл тақырыптың көркемдік шешімі аталған повесте зорлықшыл ел жуандары – Сәлмен мен Жарасбайдан қорлық көрген ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұлдың азапты тағдырлары арқылы танылады. Ағайынды екі жігіттің бірі (Тектіғұл) адамгершіліктен ада, өктем де қатыгез Сәлменнің әділетсіз, аяусыз жазасына жазықсыз ұшырап, мерт болса, екіншісі (Бақтығұл) жоқшылық пен жамандықтың екі жақты қыспағына мейлінше түсіп, адамдық намысы үшін күресіп, өзін ашындырған озбырлық иесінен кек алуға – жауыз болыс Жарасбайды өлтіруге мәжбүр болады. Бақтығұлды кісі өлтіруге итермелеген себеп - өмір шындығы, әділетсіздік, ел билеуші жуандардың шектен асқан зорлығы мен қулық-сұмдығы. Демек, тақырып шығармада кейіпкерлердің түрлі мақсат жолындағы іс-әрекеттері, өзара күрес-тартысы, осы бағыттағы жеңісі немесе жеңілісі арқылы айқындалады.

Жазушы шығармада адамдардың тағдырын, күрес-тартысын жайдан-жай бейнелемейді. Адамдар тағдырына, оқиғаның сипатына, шешіміне қатысты өз көзқарас-ойын да білдіреді. Яғни жазушы өзі суреттеп, көркем баяндап отырған құбылыстарға бағасын да береді. Бұл бағалау, яғни идея – кейіпкерлер арасындағы тартыстың шешімінен, оқиғаның аяқталуынан, т.б. танылады. Демек, көркем туындының идеясы дегеніміз – жазушының өзі көтеріп, көркем бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ойы, танытпақ шындығы.

Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықтан повеспен танысу.

«Қараш – Қараш оқиғасы» повесінде жазушы теңсіздік азабын қанша тартса да, намысы мен адамдық арын жоқтай білген нар тұлғалы азамат – Бақтығұл тағдырын оның Жарасбай болысты өлтіріп, түрмеге қамалуымен аяқтайды. Оқиғаның осылай аяқталуы мен тартыстың бұл шешімінен біз жазушының бар ниет-тілегі Бақтығұл жағында екенін, ал қарғысы мен қаһары әділетсіздік иелеріне арналғанын көреміз. Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып, оның стихиялық күресі арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тұра алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсеткен. Повестің басты идеясы да осы.

Повестің жазылуына негіз болған-көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі-Рысқұл басынан кешкен оқиға.

Үй тапсырмасын беру:1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі

2.«Қараш –Қараш оқиғасы» повесінің сюжеті

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Бақтығұлдың тағдыры

Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің «Қараш – Қараш» оқиғасынан алған әдеби білімдерін бекіту, кейіпкерлерді сипаттау.

Міндеттері: 1.Білімділік: М.Әуезовтің «Қараш – Қараш» оқиғасынан алған әдеби білімдерін бекіту, кейіпкерлерді сипаттау.

2.Тәрбиелік: оқушыларды еңбекті сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: «Қараш –Қараш оқиғасы» түсірілген касета

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі

2.«Қараш –Қараш оқиғасы» повесінің сюжеті


Сабақтың мақсатын айту

Өткен сабақты бекіту.

  1. Повесть сюжеті бойынша композициялық жоспар құру.

hello_html_m6f71e29a.gif

5. Шығарманың шешімі.

4.Шығарманың шарықтау шегі


3.Шығарманың шиеленісуі.


2.Шығарманың дамуы.

1.Шығарманың басталуы.


  1. Оқулық бойынша сұрақтарға жауап беру:

  1. Шығарманың басталуына назар аудара отырып, қандай көңіл күй, қандай психологиялық күйзелістен басталады?

  2. Тектіғұл өліміне не себеп болды?

  3. Інісінің өлімі Бақтұғылға қалай әсер етті?

  4. Оның алғашқы әрекеті неліктен сәтсіз аяқталды? Бұдан соң Бақтығұл қандай шешімге келді?

  5. Бақтығұл Жарасбай болыстан неге пана іздеді, сондағы мақсаты не еді?

  6. Жарасбай қандай жан? Мәтіндегі Бақтығұл мен болыс әңгімесіне, автордың болысты мінездеуіне көңіл айдарыңдар.

  7. Бақтығұл өзінің қателескенін қашан түсінді? Бақтығұл мен болыс арасындағы қарым-қатынастың өрбу, даму сипатына тоқталыңдар.


  1. Проблемалық сұрақ төңірегінде ой қорыту.

Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбай болысты өлтірді?

4. Венн диаграммасы бойынша кейіпкерлерге мінездеме жазу.


Бақтығұл Қатша


Сәлмен Жарасбай




Үй тапсырмасын беру:

Жазушының тіл көркемдігін, суреттеу, баяндау шеберлігін мәтіннен мысал ала отырып дәлелдеңдер.

Оқушылардың жауаптарын бағалау.


















Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы, «Күй аңызы» әңгімесі туралы әдеби білім беру.

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларға Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы, «Күй аңызы» әңгімесі туралы әдеби білім беру, сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Т. Ахтановтың портреті,шығармалары.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жазушының тіл көркемдігін, суреттеу, баяндау шеберлігін мәтіннен мысал ала отырып дәлелдеңдер.

Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.

Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келіп, Абай атындағы қазақ педагогика институтына оқуға түседі. 1941 жылы соғыс басталып, студент Тахауи Ахтанов майданға аттанады. Майдан шебінде жүрсе де, қолынан қаламын тастамай, әскери газет-журналдарға мақалаларын жариялап жүреді. Отты мақалалары арқылы жауынгерлерге отаншылдық рух беріп, жеңістің жақындауына қарудың да, қаламның да ұшымен үлес қосады. Жеңіспен елге оралып, өмірдің, сұрапыл соғыстың қиындық мектебінен өтіп келген, жауынгер жазушы басқа жолды таңдамай, әдебиетке келеді.

Т.Ахтанов қаламынан әңгіме, хикаят, роман және драмалық шығармалар өмірге келді. Жазушы өз басынан өткізген, көз көрген Ұлы Отан соғысындағы суретті «Қаһарлы күндер» атты романында жазды. «Дала сыры» хикаяты үшін жазушыға 1966 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

Ал драматург, жазушының «Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала», Махаббат мұңы», драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» атты комедиялары ұзақ жылдар сахнада қойылып, көрермендерге күлкі, қуаныш сыйлады.

Жазушының алғашқы әңгімесі – «Күй аңызы». Т.Ахтанов өнер құдіретінің ботасы өлген бозінгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырғанын айтады. Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамшы бір үміт сәулесіне елтуі әңгімеде тартымды тілмен баяндалады.

Түсінгенін тексеру

1. Оқулықпен жұмыс.

«Күй аңызы» әңгімесін оқу.


Жаңа сабақты бекіту.

2. Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру:

1) Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осыншама тебіреніп жазады деп ойлайсыңдар?

2) Екі жолаушының портретін суреттеген жерді тауып оқыңдар?

3) Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті? Әсер етсе, жолда күй неліктен толық шықпады?

4) Жаңылдың портретін мәтіннен тауып оқыңдар. Өз сөздеріңмен көркем етіп айтып беріңдер.

5) «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астарында не бар еді? Өз сөздеріңмен ашып айтып, түсіндіріңдер.


3. Таспа арқылы күй тыңдату.


Үй тапсырмасын беру:

1. Т.Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Күй аңызы» әңгімесі

3. Прозалық жаттау.


Оқушылардың жауаптарын бағалау.





Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Әкемнің әңгімесі»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихын қастерлеуге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатын айту

Оқушы білімін тексеру

  1. Мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Әкемнің әңгімесі

Әкем тоғыз жасымда дүние салды. Осы жасқа жеткенше, тізесіне отырғызып алып, Отырарды жанқиярлықпен қорғаған ер жүрек бабалары жайлы сан мәрте әңгімелегені жадымда нақ бір тасқа басылғандай жазылып қалыпты. Бәлкім, перзентінің қөңіліндегі туған жерге деген олқылықты осымен толтырайын дегені шығар.

Кейде анамның: «Тым жас қой. Түсіне қояр ма екен?» - деген күмәнді қарсылығына:

  • Жоқ, түсінуге тиіс. Түсінбесе өзіне қиын болады. Тамырын тереңге жібере алмаған дорақтың қашан да ғұмыры келте, - дер еді.

Жер қайысқан қолмен әлемді жаулап алуға ұмтылған Шыңғыс ханның әскері Орта Азияның мұнарасы көк тіреген небір әсем шаһарларын бар жоғы бес, он, он бес күннің ішінде бағындырып жатты. Қарсы келгеннің бәрін ат тұяғымен таптаған жойқын күштің қаһарынан қаймыққан кейбір қала әмірлері қақпасын өз қолдарымен ашып берісті. Ал Отырар алты ай бойы жауға алдыртпай, жанқиярлықпен қасқайып қарсы тұрадфы...

Шыңғыс хан «Отырарда еркек кіндік қалмасын» деген бұйрық береді. Қайсар рухты Қайыр хан мен өз туған жеріне табан тірей алмаған, Отырардың қақпасын Шыңғыс хан әскерлеріне ашып берген сатқын жігіттің трагедиясы маған ұстаздық қызмет атқарады. Осы әңгімесі үшін ғана әкем, арқылы Отырар менің мақтанышыма айналды. Кейде көзімді жұмсам болды, тоғыз жасар мені алдына алып, Отырар жанкештілігі туралы әңгіме айтып отырған әкем елестейді. Сезіммен тәрбиелеу – тәрбие атаулының ұлысы.

1992 жылы Отырар топырағында жерлестерімнің сұрауымен шығармашылық кешім өтетін болды. Әкемнің көзін көрген қариялар мен ақ жаулықты кейуаналардың құшағы бірінен соң бірі тартып алып, қапелімде босатар емес. Үш әжей Отырар топырағын алтын жіппен әдіптеген ақ жібек матаға тұмар етіп орап:

-Құлыным, қайда жүрсең де, туған топырағыңның қасиеті желеп-жебеп жүрсін, - деп мойныма тақты.

Осы өмірімде туған халқымның талай сый-сияпатын көріп, өз елімнен тыс жерлердің де кейбір құрметті сыйлықтарын алған екенмін. Бірақ ешқайсысы осы туған жер топырағы түйілген тұмардай тебірендірген емес.

(М. Шаханов «Құз басындағы аңшының зары»)


  1. Мазмұндама бойынша жоспар құру.

1) Бабалар жайлы әңгіме.

2) Туған жер туралы толғау.

3) Отырар оқиғасы.

4) Бір уыс топырақ.


  1. Сөздік жұмысын жүргізу.

Дарақ, кейуана, тұмар.


Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттер оқу













Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза

«Бесеудің хаты» драмасы.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы мен драматургі Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы мен драматургі Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Бесеудің хаты» драмасын меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдырын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру,

Сабақтың көрнекілігі: Ш.Мұртазаның портреті, шығармалары.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

1. Т.Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Күй аңызы» әңгімесі

3. Прозалық жаттау.


Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге келген. Талапты жас онжылдықты бітірген соң, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1955 жылы сол кездегі ең таңдаулы, беделді оқу орындарының биік талаптары мен қатал сындарынан мүдірмей өтіп, ұстаздарының озық, дәстүрі мен ұлағатты дәрістерін, зиялы тағылымдарын өз бойына мейлінше мол сіңіріп, талантты маман болып, елге оралады.

Драматург, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза қай салада еңбек етсе де, халықтың сөзін айтып, жоғын жоқтайды. Оның мінезіндегі турашылдығы, еңбекқорлығы өзі жасаған кейіпкерлер бойынан табылып жатады. Драматургтың «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жетім бұрыш» т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылған. «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Мылтынсыз майдан», «41 жылғы келіншек», «Интернат наны» т.б. хикаяттар мен әңгімелер жинағы, көп томды «Қызыл жебе» романы жарық көрді.

Түсінгенін тексеру.

2. Әдебиет теориясынан мәлімет беру.

Көркем шығармалардың бір түрі – драмалық туындылар. Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезі тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар.

Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс

1. Қатынасушылар:

Ғабит Мүсірепов –жазушы

Голощекин –Крайкомның І хатшысы.

Құрамысов – Крайкомның ІІ хатшысы

Иванов – Бюро мүшесі.

Елеусіз –Бюро мүшесі.

Жантоқов –Бюро мүшесі

Исаев – Бюро мүшесі

Нұрхан – ақын

Күләнда – елдегі қыз

Балым – Амангелдінің жесірі.

Сталин – Генсек.

Рысқұлов – Совнарком төрағасының орынбасары

Хұсни –Мүсіреповтің әйелі

Цербер –Тамұх төбеті

Қарабай – сатқын.

Көмекшілер, үркіншілер, жұмақ пен тамұқ адамдары.

Оқиға 1932 жылы өтеді.

Драма – прологті, эпилогті, екі бөлімді тарихи туынды

2. Драманы рөлге бөліп оқу.


Үй тапсырмасын беру:

1. Ш. Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы

2. «Бесеудің хаты» (1-бөлім)

Оқушылардың жауаптарын бағалау.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Бесеудің хаты (2-бөлім)

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы мен драматургі Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының ІІ бөлімі туралы әдеби білім беру, сюжетін меңгерту.

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы мен драматургі Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының ІІ бөлімі туралы әдеби білім беру, сюжетін меңгерту(диолог, монолог, ремарка)

2.Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдырын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Ш.Мұртазаның портреті, әңгімелері.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

1. «Бесеудің хаты» (1-бөлім)

Оқушы білімін тексеру.

. Ш. Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсатын айту.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасында халық басынан өткен тарихи шындық баяндалады. Драмада екі миллион халықтың, оның ішінде данагөй қарттар, жалындаған жастар мен өмірге көзін де ашып үлгермеген сәбилердің көз жұмған зұлмат кезеңі суреттеледі.Мұндай қайғылы нәубет бірлі – жарым адамдардың қолымен, солақай саясатымен жасалды. Сол кезеңнің шындығын қаламымен, сөзімен батыр болған жазушы-драматург Ш. Мұртаза баяндайды.

Түсінгенін тексеру

Оқулықпен жұмыс. Драматургі Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының ІІ бөлімі туралы мәнерлеп оқу.


Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

1) Драма оқиғасы тарихи шындық екеніне тарих пәні бойынша көз жеткізіңдер.

2) Әр кейіпкерге мінездеме беріңдер.

а) Драмадағы Ғабит Мүсірепов қандай адам?

ә) Голощекин қандай кейіпкер?

Жазушы кейіпкерлер бейнесін қалай ашқан?

б) Құрамысов пен Ивановты салыстырыңдар.

в) Сталин туралы тарихтан не білесіңдер?

г) Т. Рысқұлов кім?


Үй тапсырмасын беру:


1) «Бесеудің хаты» (2-бөлім)

2) «Елім-ай» (шығарма жазу)


Оқушылардың жауаптарын бағалау.




















Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев

«Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақтың көрнекті ақыны М.Мақатаев туралы әдеби білім беру, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжетін оқып үйренуге дағдыландыру;.

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларды қазақтың көрнекті ақыны М.Мақатаев туралы әдеби білім беру, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжетін оқу.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М.Мақатаевтың шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тіл.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

1) «Бесеудің хаты» (2-бөлім)

2) «Елім-ай» (шығарма жазу)


Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру. (1931-1976)

ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді.

Мұқағали – жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.

Оқырман ақынның кез келген өлеңін бейтарап, салқын оқи алмайды. М.Мақатаев өзінің естелігінде былай деп жазыпты: «Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:

  • Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. 14 ақпан, 1976 ж».

Сөз жоқ, Мұқағали шығармалары оқушысының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Өздеріңе талдауға ұсынылып отырған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тебіренбей оқу мүмкін емес.

Ендеше іске сәт! Поэманы оқыңдар...


Түсінгенін тексеру.

Оқулықпен жұмыс

«Аққулар ұйықтағанда»

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,

Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә?

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен,

Жетімкөлге қараудан шаршамаған?

Жетімкөлден су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай-салада?

Қанатынан үзіліп ән-самала,

Қаншама аққу кетті екен – аңсаған ән?

Ортаймаған, Жетімкөл толмаған да,

Болған өмір ұқсайды болмағанға.

Сызат та жоқ бетінде, сызық та жоқ,

Айдынына аққуы қонбаған ба?!

Жаңа сабақты бекіту.

Эпилог

...Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,

Жерді аңсаймын...

Жалғыз-ақ сол – арманым.

Қиын екен, қимасың екі бірдей

Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...

Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,

Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?

Балам-ай, мынау өмір –дарияның

Білмейсің қайда екенін өткелінің.

Аққулар...

Аңыз көп қой олар жайлы,

Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды...

Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса, екінші рет оралмайды.

***

Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,

Ортаймапты, немесе тола алмапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.


Үй тапсырмасын беру:

1. М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжеті.


Оқушылардың жауаптарын бағалау.















Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Жырдың композициясы мен сюжеті

Сабақтың мақсаты: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжетін талдау, оқиғалар желісін айқындау.

1.Білімділік: оқушылардың қазақтың көрнекті ақыны М.Мақатаев туралы әдеби білімдерін кеңейту, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжетін талдау, оқиғалар желісін айқындау.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М.Мақатаевтың шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тіл.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатын айту

1. М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сюжетін талдау.

Бекіту сабағын өткізу.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасын талдау

І Сұрақтарға жауап беру.

1. Поэманың І бөлімінен қандай әсер алдыңдар? Туған жер, Жетімкөлдің сұлулығы, аққудың үні, қасиеті, айнала қоршаған ортамен үндестігі, ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?

2. Поэманың ІІ бөлімінде оқиға мен интонацияның өзгергенін байқаңдар. Ананың психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген не?

3. Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба? –

деген жылқышы қарттың сөзінде қандай мән бар?

  1. Халқымыз аққудан басқа тағы қандай аң, құстарды қасиетті деп есептейді?


ІІ «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша тапсырмалар орындау.

  1. Әке мен ана арасындағы, ана мен жылқышы арасындағы диалогтарды мәнерлеп оқу, негізгі ой түйінін айқындау.

  2. Венн диаграммасын толтыру.

Ана Әке

  1. Таспа арқылы күй тыңдау.

  2. «Аққу – құстың төресі» атты шығармаларын оқыту.


Үй тапсырмасын беру:

Аққудың әдебиеттегі бейнесі туралы ақпарат беру,суретпен көріністі бейнелеу.


Оқушылардың жауаптарын бағалау.




























Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли

«Нұр», «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде жайлауы» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларды қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әли туралы әдеби білім беру, өлеңдерін талдау.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Қадыр Мырза Әлидің шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тіл.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


Аққудың әдебиеттегі бейнесі туралы ақпарат беру.


ІІІ. Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.

Қадыр ақын 1935 жылы Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында өмірге келген. Қадыр шығармашылығы туралы жазушы, мемлекеттік қайраткер Әбіш Кекілбаев былай дейді:

«Қадыр Мырза Әлидей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың. Біздің бұл сөзімізге шәгі барлар бақшасын кеше аттаған балдырған бөбегінің тіл ашар тақпақтарын тыңдасыншы. Сонда солардың аузындағы бала көкірегіне ұялаған бал сөздердің қорғасыннан құйған сақадай дөп түсіп жатқан салмақтысы, оңай айтылып, қиынды ұқтырар ойнақысы, тал бойында бір мін жоқ көркемі мен жинақысы Қадыр қаламынан шыққан болып шығары даусыз. Оның қаламынан туған ертегілер мен балладалар, сюжетті өлеңдер мен пейзаждар, мысалдар мен мазақтамалар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, санамақтар мен диалогтер қазақ балалар әдебиетінің классикасына қосылып, сәби оқушының рухани тәбетін ашып, ой-санасын оятар хрестоматиялық үлгілерге айналды.

Ер жетіп келе жатқан ұлдары мен бой жетіп келе жатқан қыздары бар ағайын солар айтып жүрген әндері мен жаттап жүрген жырларына, сезім ұштар сырларына құлақ тосып көрсінші. Сонау ұлы Абайдан бермен қарайғы « құлақтан кіріп бойды алар» сиқыр сазды наз жырлардың ең саңлақтарының арасынан тағы да Қадыр қаламы ен таққан сүлей туындыларды мол ұшырастырамыз...

Қадыр - сыршыл ақын. Бірақ оның сыры жеке бастың гөйгөйі емес. Сезімі ұшқыр, ойы терең, әлеуметтік мүддесі биік, интеллектуалдық қарымы кең кемел азаматтың көңіліндегі күптілік пен көкірегіндегі уайым ешқашан бір басының ауқымымен шектелмекші емес. Қадыр да солай.»


ІV.Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс

1. «Нұр» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.


Шалғайын шалқар малшыған

Бұлт келді,

Көктен кір кетті.

Топырлап ұрған тамшыдан

Топырақ иісі бұрқ етті.

Шілде мен тамыз нышаны

Шаң ғана болса,

Қалдырма.

Терезелер де құшағын

Түгелдей ашты жаңбырға.


Бақтың да шөлі қанады,

Бақшаның дәмін жеп көрдім.

Жүздері жайнап қалады

Жауыннан кейін шөптердің.


Кебуге кейін дап-дайын

Кіреді-ай жаны тастың да.

Арудай болар ақ қайың

Ақ жаңбыр – душтың астында.


Көңілдің ұзақ мұң басқан

Құлпырар сәтте гүлдері.

Мереке жерде

Аспанның

Мейірі жауған күндері!


Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2. Ақын табиғат сұлулығын жырлауда қандай көркемдегіш сөздерді қолданғанын байқаңдар?

3. Ақынның табиғатпен үндестігі туралы не айтар едіңдер?

4. «Нұр» сөзі кездесетін мақал-мәтел, афоризмдерді жазып келіңдер.

5. Қадыр ақынның қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?




2. «Түн кірпігін ілмеді» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.

Түн кірпігін ілмеді,

Тамаша таң ұзарып.

Қызғалдақтай гүлдедім,

Қырмызы бет қызарып.

От боп тиген сезімге

Өнер деген бар қайғым.

Өлең піскен кезінде

Сахарадай сарғайдым.

Жылдардан соң жыл аунап,

Жеткенде елу жасыма,

Күміс қардай қылаулап

Қырау тұрды басыма.

Күнге тартқан баланың

Нұр көресің көзінен...

Ал мен болсам,

Даламның

Аумайды екем өзінен!


Сұрақтар мен тапсырмалар

1. «Қадыр – сыршыл ақын» деген Әбіш Кекілбаевтың сөзіне дәлел болатын өлеңді түсініп, мән беріп оқыңдар.

2. Ақын мен өлең туралы айтыңдар.

3. Лирикалық кейіпкер, яғни ақын неге далаға ұқсайды?

Шығармашылықпен жауап беріп көріңдер.


3. «Шалкөде жайлауы» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.

Еркінге

Туғандар бұл жайлауда, мақтаныңдар.

Тау кезіп,

Шатқал кезіп аттаныңдар.

Жаздың бір жайма – шуақ күндерінде

Жарты айдай Шалкөдеде жатқаным бар.


Аспантау,

Бөркің бе еді?

Көркің бе еді?

Ақ бұлттар Шалкөдеңде төркіндеді.

Жоғалып кете барды келесі күн

Жайлауға ертіп келген Еркін мені.


Бұл өзі жердегі ме,

Көктегі ме?

Жолықтым өлең-жырдың көктеміне.

Әкесі қысылады

Баласының

Қонағын тастап, қаңғып кеткеніне.

Нұр түсіп көңілімнің күмбезіне,

Нар таулар шақырады күнде өзіне.

Бір-екі сүңгіп шығып тастай суға,

Бусанып жатам ұзақ күн көзіне.


Отырып сосын қиял қайығына,

Өмірдің барып қайтам байыбына.

Әкесі кеште тағы қой сояды

Жоғалып кеткен ұлдың айыбына.


Жазатын құрысыңды желкедегі,

Жайлаудың жұмбағы бұл өлкедегі.

...Мақтанып Еркін содан бір жыл жүрді

Қадырға көрсеттім деп Шалкөдені.


Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыңдар.

2. Аспантау,

Бөркің бе еді?

Көркің бе еді?

Ақ бұлттар Шалкөдеңде төркіндеді, -

деген жолдарды өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

3. Ақынның сұлу табиғатпен бетпе-бет келуі, оны қабылдауы, ақын қиялының өлең боп өрілуі туралы әңгімелеп беріңдер.

5. Ақынның үш өлеңіндегі кездесетін «нұр» туралы сендер не дейсіңдер?


V.Үй тапсырмасын беру:


1. Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.

2. Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс

3. Қалаған өлеңді жаттау.


VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІІ.Сабақтың аяқталуы.




Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов

«Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы әрі драматургі

Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш Жұмаділовтің портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


1. Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.

2. Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс

3. Қалаған өлеңді жаттау.


ІІІ. Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», «Сарыжайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. Жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.

Халықтың дүниетанымын бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы – тарихи шығармалардың да шебері.

Сендерге ұсынылып отырған «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырғаның ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.

«...Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген – «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Осы әңгімедегі тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас шалдың тағдырына ой жібере отырып, Қабдештің айтар сыры мұнымен бітпейтінін, әдебиетімізге бір үлкен суреткердің өз тақырыбымен келе жатқанын шамалағанбыз. Көп ұзамай бұл болжам расқа шықты. Айналасы он шақты жылдың ішінде «Соңғы көш» дилогиясы мен «Тағдыр» романы дүниеге келді.

Қабдеш – тілге аса бай және әр сөздің сиқыры бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы»

Әкім Тарази

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

1. Оқулықтан «Қаздар қайтып барады» әңгімесін оқу.

2. Сұрақтарға жауап беру.

1) Қарт қайда сапар шегіп келеді?

Арман - тілегі не оның? Ол неліктен «бұл – менің ақырғы тілегім ғой» дейді?

2) Қарт жолда қандай қиыншылықтарды басынан өткізеді?

3) Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

3. Байтас қартқа мінездеме жазу.


V.Үй тапсырмасын беру:

1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі


VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІІ.Сабақтың аяқталуы.















Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов

«Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға ақын Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, өлеңдерін талдау.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа, ел дәстүрлерін дәріптеуге үйрету, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша тіл мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, жатқа оқу, талдау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: О. Сүлейменовтің портреті, шығармалары.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Сабақтың мақсатын айту


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, геолог мамандығын алды. Одан кейін Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған.

Қазақстан Республикасының халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің «Арғымақтар», «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Қыш кітап», «Талма түсте тағы да бір қайталап», «Әр күн – арайлы таң», «Жалынның шалқуы», «Асқардан асу», «Таңдамалы», т.б. өлеңдері мен поэмалар жинақтары «Аз және я» атты ғылыми – зерттеу еңбегі жарық көрді. Ақынның әдеби сценарийі бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қыс –қысылшаң мезгіл», «Мұхтар Әуезов туралы сөз», т.б. кинофильмдер түсірілді.

Олжас Сүлейменов «Семей-Невада» халықаралық қозғалысының жетекшісі ретінде ұлы ақын Абай туған жерде орналасқан атом полигонын жабуға үлкен үлес қосты.

Олжас Сүлейменовтің «Қыш кітап» атты поэмасы туралы әйгілі жазушы Мұхтар Мағауин былай деген екен:

«Қыш кітап – Отанға сүйіспеншілік, туған халыққа адалдық, азаматтық борыш туралы шығарма ...Поэмада көне скиф дәуірінің шынайы көріністері бар. Ең бастысы – көне заман рухы, көне адамдар мінезі нақты бедерленген. Бірақ автор әйтеуір ескі тарихты қопару мақсатында емес, ежелгі скиф (сақ) тайпалары тарихының кейінгі түркі, одан соңғы қазақ тарихымен жалғастығына бейіл беруде қосалқы жүк атқарады. Ең бастысы - ақын өткен күннің сауалын бүгінгі күн талабымен үндестірген. Бұл – бүгінгі заман перзенті Олжастың көне дәуірге қатысты кез келген туындысына тән сипат».

Өздеріңнің оқулықтарыңа енген «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» атты өлеңдерін оқығанда ақын өлеңдеріндегі ұлттық мінездің асқақтығына тәнті боласыңдар.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс

1. «Арғымақ» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау

а) Арғымақ

Дала қандай?

Даладағы ат қандай!

Нөсер шөпке белшесінен батқандай.

Құйғытсам бір,

Дала,

Қала

Болады-ау

Көз алдымда аунап бара жатқандай.


От тигендей

Асау қанға,

Етіңе,

Арғымағым,

Шығып желдің өтіне,

Шабуылдап,

Құрыш – болат тұяқпен

Пергілеші

Жалтақ жолдың бетіне!

ә) Психологиялық параллелизм өлең әсерін қалай күшейтіп тұрғанын дәлелдеңдер.

Ақын өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігін қалай бере білген? Өлең жолдарынан мысал келтіріңдер.


2. «Махамбетке» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.

а) Махамбетке

Қас жауыңды

Ел алдында жазықты

Жерге қағып жіберіпсің қазық қып.

Қайсар бопсың, бірақ сенің жырыңның

Ар жағында жатады бір нәзіктік.

О, даланың жолбарысы,

Көкжалы:

Өзіңнен бе?

Сөзіңнен бе?

Әйтеуір

Сенен кепті дейді ханның ажалы

ә) Өлеңді оқи отырып, Махамбет портретін жасаңдар.


V.Үй тапсырмасын беру:


1. О.Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы

2. Ұнаған өлеңдерді жаттау.


VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІІ.Сабақтың аяқталуы.























Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Сүйкімбекова Ж.Т.

Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов.

«Ана», «Аруана – бауыр дүние» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Т. Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ана», «Аруана – бауыр дүние» өлеңдерін талдату.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке,адамгершілікке, мейірімділікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: Т. Айбергеновтің портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет тарихы, тіл.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. О.Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы

2. Ұнаған өлеңдерді жаттау.

ІІІ. Сабақтың мақсатын айту

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.

Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің «Қоңырат» деген жерінде дүниеге келген. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім болып еңбек етеді, 1962-1965 жылдары Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор болып қызмет атқарады. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істейді. Айбергенов өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан «Жас дәурен» атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары- «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» сурет кітапшасы (1985)жарық көрді. Сондай-ақ оры етілінде «Мир созвездия» (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтің «Ақ серке», «Ақ Жайық», «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар» т.б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1974, қайтыс болғаннан кейін).

Оқулық-хрестоматияда «Ана» және «Аруана-бауыр дүние» атты екі өлеңі берілген.

Ана мен бала мәселесі сөз болатын өлеңнің берер өнегесі мол. «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы» деген ақынның ой қорытындысы бәрімізді де ойландырары анық. Ал екінші өлеңде «Аруананың туған жерге деген махаббаты» сөз болады. Ботасымен жау қолына түскен Аруана туған жерге, қазығына жету үшін ботасын шайнап өлтіріп, омырауын жасқа толтырып, жеріне тартып отырады екен. Аруананың туған жерге деген махаббаты адам баласының басында бар ма? Бұл сұраққа не деп жауап берер едіңдер?

Тағғы бір көңіл аударар нәрсе – Т.Айбергеновтің өлеңдерінің құрылысы. Қазақ өлеңдері көбінесе 7,8 және 11 буынды болып келеді. Ал Төлеген 18-19 буынды өлеңдер жазған. Сөйтіп, ол - өлең құрылысына да жаңалық әкелген ақын.


ІV.Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс

1. «Ана» өлеңін мәнерлеп оқу және талдау.

а) Ана

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған.

Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,

Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,

Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,

Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,

Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.


ә) Сұрақтарға жауап беру

1) Ақынның анаға деген махаббаты өз сезімдеріңмен үндесе ме?

2) Анаға деген өз сезімдеріңді өлеңмен және қара сөзбен суреттеп жазыңдар.


2. «Аруана – бауыр дүние» өлеңін мәнерлеп оқу және талдау.

а) Аруана – бауыр дүние

Аруана жаудың қолына түссе, ботасын шайнап

өлтіріп,

Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге

келтіріп..

Жеріне тартып отырады екен, моншақтап жасы

боздаумен,

Омырауын шерге толтырып.


ә) Өлеңді құрылысынан, ой екпініне қарай талдау.


V.Үй тапсырмасын беру:


1. Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Ана» өлеңін жаттау

3. Ойтолғау жазу


VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІІ.Сабақтың аяқталуы.




























Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Қарауылбек Қазиев

«Менің шешем»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға өмірден ерте кеткен талантты жазушы Қарауылбек Қазиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Менің шешем» әңгімесінің сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: жазушының портреті, «Қазақ әдебиеті».

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы .

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Ана» өлеңін жаттау

3. Ойтолғау жазу


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Қарауылбек Қазиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.

Қарауылбек Қазиев (1.05.1939, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл атындағы ұжымшар - 11.11.1984, Шымкент) – жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетін бітірген. (1963) 1957-1958 жылдары туған ауылында шопан, 1965-1967 жылдары Жамбыл облыстық радио комитетінде тілші, 1965-1967 жылдары Шымкент облыстық радио және телевизия хабарларын тарату жөніндегі комитетте аға редактор, 1967 жылдан бас редактор болып қызмет етті.

Жазушы баспасөзде әңгіме, очерктерімен 60-жылдардан бастап көрінді. Адамгершілік, сүйіспеншілік, достық жайлы сыр шертетін алғашқы әңгімелер жинағы «Ақ бантик» 1968 жылы жарық көрді. Кейін замандастарының жасампаз еңбегі мен шаттыққа толы жарқын келбетін, туған жерге деген махаббатын шынайы суреттеген «Иманжапырақ» (1976), «Үркер» (1979), «Кемпірқосақ» (1984), «Ақ шуақ» (1988) т.б. әңгімелер мен повестер жинағы, «Оралу» атты пьесасы (1972) жарияланды.

«Менің шешем» атты әңгімесіне арқау болған оқиға – ұлы Отан соғысы жылдарындағы елдегі жағдай. Соғысқа кеткен азаматтардың аты аталып, ерлік көрсеткендері батыр болды, жараланып елге оралғандары өкімет тарапынан жеңілдіктер алды. Ал соғыс жылдарындағы аналардың ерен еңбегі, мұз кешіп жүріп, қызылша терген еңбегі, балаларына нан тауып беріп, колхоз жұмысына қалмай, мойымай еткен еңбегі бірлі-жарым осындай көркем шығармаларда жазылғаны болмаса, үкімет тарапынан жеңілдіктер болған жоқ.

Елдегі есендік пен тіршілік біздің қажымас аналарымыздың қолында болған еді.

Жазушы өз анасын жазып, бүкіл аналар туралы ой толғайды.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

1. Оқулықпен жұмыс

а) Әңгімені мәнерлеп оқу.

ә) Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру.

1) Әңгімедегі оқиға қай кезде болған?

2) Баланың шешесі қандай адам?

Ол қандай жұмыс істейді?

3) Нан жегісі келген баланың әрекетіне қалай қарайсыңдар?

4) Ауданнан келген өкілдерге анасы қандай жауап берді?

5) Анасына деген махаббат әңгіменің қай тұсында байқалады?


2. «Ана мен бала» тақырыбына ой толғау.


V.Үй тапсырмасын беру:


1. Қарауылбек Қазиевтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Менің шешем» әңгімесі


VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІІ.Сабақтың аяқталуы.















Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар хикаяты»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Қонақтар» хикаятының сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Төлен Әбдіковтің портреті,шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


1. Қарауылбек Қазиевтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Менің шешем» әңгімесі


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.

Төлен Әбдіков (04.09.1942 жылы туған, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Еңбек кеңшары) – жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. (1965). 1965-1970 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1970-1977 жылдары «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор. 1979-1990 жылдары Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметте. 1990-1992 жылдары «Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы. 1993 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінің қызметінде. Шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Т.Әбдіков «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме-повестер жинағын, республикадағы тарихи оқиғаларды суреттейтін «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987) романдарын жариялады. Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шықты. Республикада «Біз үшеу едік» (1985) пьесасы қойылды. Грек аңыздарын – «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударылды.

«Қонақтар» атты хикаятында жазушы оқыған, қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын, жасанды қарым-қатынасын суреттеу арқылы әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ой қозғайды.

Алыстағы ауылда тұратын, өзін сағына күтетін қарт әке-шешесіне жылына бір рет, онда да курорттан қайтар жолда бір-ақ күнге соғатын, ертеңіне қалаға асығатын Сапабек ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған, перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін жан ретінде танылады. Жылына бір рет келгенін, азын-аулақ сәлем-сауқат әкелгенін ол өзінің ата-ана алдындағы борышын өтеу деп түсінеді. Қарияларға керегі – Сапабектің сыйлығы емес, жалғыз ұлдың амандығы, оның өздері қартайған мына мазасыз шақта қастарында болып, қамқорлық жасауы, жан жылуын төгуі. Ал бір күнге келген Сапабектің қариялардың халін сұрауға да уақыты жоқ, әңгімесі де басқа, геология, асыл тастар сыры, шетел сапарлары т.б.


ІV.Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс


1. Әңгімені рөлге бөліп оқу, талдау.

2. Сұрақтарға жауап беру.

1) Ерекеңнің арманы не еді?

2) Ерекең мен оның кемпірінің баласын күтуі, оған деген сағыныштары қалай суреттелген?

3) Ұлына Ерекеңнің не себепті көңілі толмады?


Кейіпкерлерге мінездеме жазу.


Ерғабыл Кемпірі Сапабек


V.Үй тапсырмасын беру:


1. Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Қонақтар» хикаяты.


VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІІ.Сабақтың аяқталуы.










Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Әңгімеге арқау болған ұрпақ тәрбиесі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білімдерін кеңейту, хикаятты талдау.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер

Пәнаралық байланыс: тіл.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Қонақтар» хикаяты.

ІІІ. Бекіту сабағын өткізу:

1. «Қонақтар» хикаяты бойынша сұрақтарға жауап беру:

  1. Ерекеңнің арманы не еді?

  2. Ерекең мен оның кемпірінің баласын күтуі, оған деген сағынышы қалай суреттелген?

  3. Ұлына Ерекеңнің көңілі не себепті толмады?

  4. Ерекеңе, Сапабекке, олардың ой-толғаныстарына, сөздеріне сүйене отырып, мінездеме беріңдер.

  5. Баланың ата-ана, туған жер алдындағы, азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Венн диаграммасын толтыру

hello_html_mc3190c4.gifhello_html_c7779.gifhello_html_m35576239.gifhello_html_73541394.gifЕрғабыл қария Сапабек


бір отбасы адамдары

  1. Ата-ана туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер жазу.

Ата-анаңның қадірін

Қартайғанда білерсің.


ІV. Үй тапсырмасын беру:


  1. Прозалық жаттау.

  2. «Ата – ананың қадірі» тақырыбына ой-толғау жазыңдар.

V.Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІ.Сабақтың аяқталуы.






















Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Әлем әдебиеті үлгілерінен

Әбілхасан Рудаки «Өмір маған айтты», «Егіз жолдар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға әлем әдебиеті үлгілерінен әдеби білім беру, Әбілхасан Рудакидің өмірімен таныстыру, өлеңдерін талдату.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Ә. Рудакидің портреті шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


1.Прозалық жаттау.

2. «Ата – ананың қадірі» тақырыбына ой-толғау жазыңдар.


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Әбілхасан Рудаки

(858-941)

Парсы – тәжік ақыны Әбілхасан Рудаки Самарқан маңындағы Панжрудак аталатын таулы өлкеде туған. Атақты Әбунасыр Әл-Фараби мен Ибн Синаның замандасы. Ақынның жүз мың бәйіттен тұратын бай мұрасынан мыңға жуық бәйіттері жеткен. Оның ішінде үндінің «Калила мен Димна» деп аталған ертегілер кітабынан жасаған аудармасы, тағы басқа дастандарынан үзінділер, рубаи, лирикалық өлеңдері бар.

Рудаки жасынан аса қабілетті бала болған. Сегіз жасында Құранды жатқа біліп, өлең жазған. Салмақты ойларымен жұртты таң қалдырған, ән айтқан, музыкалық аспапта ойнаған. Осы қабілет-талантының арқасында Хорасанның билеушісі оны өз сарайына шақырады. Оның өлеңінің әсерлілігі мен ақындық шеберлігі, даусының сұлулығы сондай-бір күні чанг аспабына қосылып, әмірді аспандата мақтап тұрып: «Әмір-ай, Бұхара-аспан, ай аспанға телміреді; Әмір-кипарис, Бұхара-бақ, кипарис баққа қарай сап түзейді», - деген кезде толқып кеткен Әмір, тағынан жалаң аяқ түсе салып, жүйрік тұлпарына мініп, Бұхараға қарай шаба жөнелген екен.

Рудаки араб халифатының қол астында болған Иранның ұлттық мүддесін, тәуелсіздігін, тіл дербестігін қолдаған. Өлеңдері өмірдің сан алуан тақырыбын қозғап, адамшылық пен ізгілікке жол салады. «Жамандықпен жапса әзәзіл (шайтан) бір есік, жақсылықпен ашатын бол мың есік», - дейді. Рудаки ШығыЁты҃ санаулы ұлы ақЋндарының бірі рХтінде танылған. «Ақындардың Адам – Атасы» атанған.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

1. Оқулықпен жұмыс


Өмір маған аЛыл айтты – соЫ Жзгі,

Қарап тұрсаң, өмір – ақыл Ђеңізі.

Өмір айтту: бақытты деп ѩзгелер,

Күйінбесең, саған рақат тез келер.

Қанағат көр басыңдағы бағыңды,

Аңсар көп жұрт сенің сол бір шағыңды.

Өмір айтты:

«Тоқтата біл ашудан,

Опа таппаса бұл дүниеде ашынған.

Сөйлеген жан бұғау салмай тіліне,

Бұғаулатар екі аяғын түбінде».


Үш күндік бұл пәниге келген пенде,

Байлама жүрегіңді, пейіл берме.

Бәрібір жатар жерің – сыз қара жер,

Жібекке оралсаң да, керіп кеуде.


Не пайда қармалап жұрт қазір жүрсе,

Қу басың қара жерге жалғыз кірсе?

Біліп қой, көлгірсіген тұрмыс қалар,

Достарың – көрде құрт пен құмырсқалар.

Болса да шашың сүмбіл, басың бұйра,

Болса да сансыз алтын, күміс солар.

Қуарып жатқанында қаусап бәрі,

Мұздар – ау жүрегі де, мәңгі солар.


2. Сұрақтарға жауап беру:

1) Әбілхасан Рудакидің шығыс әдебиетінде алатын орны.

2) Рудаки өлеңдерінде адам мен өмір туралы не айтты?


V.Үй тапсырмасын беру:


1. Ә.Рудакидің өмірі мен шығармашылығы.

2. Ұнаған үзінділерді жаттау.


VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VІІ.Сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Омар Һәйәм «Рубайлар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға шығыс әдебиетінің көрнекті тұлғалары туралы әдеби білім беру, Омар Һәйәмнің өмірі туралы баяндай отырып, рубайларының мазмұнын меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, талдау, баяндау, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Омар Һәйәмнің портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ә.Рудакидің өмірі мен шығармашылығы.

2. Ұнаған үзінділерді жаттау.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Омар Һәйәм – ақын, математик, астроном, ойшыл. Ол Нишапур маңында туған. Жасынан зерек, ғылым қуған жігітті Бұхара әкімі өз сарайына алдырады.

Ол 25-30 жастар шамасында алгебра туралы трактат жазып танылған болатын. Сол заманда Исфаханда аса ірі обсерватория болған, соны басқарады. Мұсылман елдері қолданып келген ай күнтізбесінің орнына күн күнтізбесін енгізеді.

Омар Һәйәм астроном ғана емес, ұлы математик, емші де болған. Көне грек геометрі Евклидтің ережелерін түсіндірген трактат жазды. «Медицина каноны» деп аталатын еңбек жазған Шығыс ғұламасы Ибн Синаның философиялық шығармасын парсы тіліне аударды. Өзі де елшілікпен айналысқан.

Омар Һәйәмнің «Әлем және оның міндеттері», «Тіршілік туралы», «Алгебра туралы» трактаттары, философиялық еңбектер бар. Ғылыми кітаптарын араб тілінде, өлеңді парсы тілінде жазды. Жан-жақты талантты, кемеңгер ғалымның еңбектерінің ішінде ақын ретіндегі орны ерекше.

Оның 300-ден астам рубайлары бар. Онда ақын: өмірдің мәні, уақыттың тез өтпелілігі, жақсылық пен ізгілік, надандық пен ғылым іздеу, о дүние жайлы толғаныстарын жазған. Дін ғылымын шала білетін діндарларды сынайды.

Сопылық поэзия дәстүрін жалғастырады.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

Рубаиларды мәнерлеп оқу және талдау.

1

Даналар ой маржанын жіпке тізген,

Кеңесіп Құда жайын текке бізбен,

Шеше алмай сыр түйінін, ақырында,

Кетті ғой талай надан кеткен ізбен.

2

Жаһанда жан тең келмей туған дана,

Жұлдыздай жұрттан биік тұрған дара,

Өмірге о сорлы да қайран болып,

Өтті ғой өкінішпен, бар ма дауа!

3

Жас та өтер, бірте-бірте, кәрі де өтер,

Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.

Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,

Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер.


4

Дариға-ай, қартайдық қой бостан- босқа,

Қайғы-мұң Құдай бізге қосқан баста.

Жоқ болдық қас қаққанша, о, сұм өмір,

Жете алмай көп арманға тосқан баста..


5

Мінім жоқ, тал шыбықтай бойым сұңғақ,

Қойғандай екі бетім нұрмен сырлап.

Білмеймін, Құдай шебер неге маған

Осынша берді аямай түр мен сымбат?


2.Сұрақтарға жауап беру:

1) Омар Һәйәм кім?

2) Қандай ғылымдармен айналысқан?

3) Өлеңдерінің мәні мен мағынасы қандай?


Рубаят (араб.-төрттік), рубаи, төрттаған - Шығыс және Орта Азия поэзиясында кең таралған лирикалық өлең түрі.



V.Үй тапсырмасын беру:

1. Омар Һәйәмнің өмірі.

2. Рубайларын жаттау.

VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VІІ.Сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Р. Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға көрнекті авар ақыны Р.Ғамзатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке,елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Р. Ғамзатовтың портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Омар Һәйәмнің өмірі.

2. Рубайларын жаттау.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Расул Ғамзатов – Дағыстанның халық ақыны. Ол Цада аталатын авар аулында туып, Буйнак педагогикалық училищесін бітіріп, мұғалім болған. Әкесі – Ғамзат Цадасаның өзі де Дағыстанның халық ақыны.

1950 жылы Расул Ғамзатов Мәскеудегі А.М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Алғашқы өлеңдер жинағы 1943 жылы жарық көрген. Одан соң «Мен туған жыл», «Бір үйдің балалары», «Биік жұлдыздар», «Жұлдыз бен жұлдыз тілдесер», «Тауда менің жүрегім», «Тырналар» өлеңдер жинағы, «Тау қызы» поэмасы, көсемсөздері басылған. «Менің Дағыстаным» атты өмірбаяндық прозалық шығармасы, «Тырналар», « Достарыңды сақта», «Қонақ» ән-өлеңдері кең тараған.

Қырық жасында «Биік жұлдыздар» кітабы үшін Лениндік сыйлық алған болатын. Ол-өз аулының аумағынан шырқап шығып, әлем таныған тұлғаға айналған дарынды ақын.

«Менің Дағыстаным» кітабында Расул Ғамзатовтың өзінен артық ешкім осынша терең толғап, анық айқындап бере алмайтын өз бейнесі ашылған. Шығармада ол туындыгер әрі негізгі қаһарман ретінде көрінеді.

Кітапта көптеген шағын әңгіме новеллалардың, өсиет-тәмсілдердің басын біріктіріп, соның бәрін өз ой елегінен өткізіп, бастан кешкендей етіп айтады. Кішкентай авар халқының үлкен мәселелерін көтереді. Өз халқының дәстүрі мен жалпы адамзаттық құндылықтары ақынның екі қанаты сияқты.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс

1. «Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқу және талдау.


Өзге бір тіл емдер басқаларыңды,

Мен онымен айта алмаймын әнімді.

Егер тілім ертең болса құрымақ,

Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.


Мен жаныммен сүйем осы тілімді,

Кедей деп-ақ айта берсін білімді.

Ассамблеяда естілмесін сөзі де,

Ана тілім – ұлы менің өзіме.

Махмұд жырын оқу үшін жас қауым,

Күте ме әлде аударуын басқаның?

Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде,

Өлеңдерін жазар авар тілінде?


Мен сүйемін планетаның барлығын,

Өзен-тауын, әр көлі мен әр қырын,

Мен сүйемін ұлы елімнің гүлін де,

Әлімше оны айттым авар тілінде.


2. «Менің Дағыстаным» поэмасын талдау.


3. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру:

1) Расул Ғамзатов кім?


2) «Ана тілі» өлеңі бойынша:

а) Туындыгер түсінде не көрді?

ә) Өлейін деп жатқан кісіні тірілткен не құдірет?


3) «Менің Дағыстаным» кітабы бойынша:

а) Италияда қалып қойған суретші жігіттің картинасында қандай аңыз бейнеленген? Мағынасы не?

ә) Суретше еліне неге айтқысы келмейді?

б) Суретшінің шешесі Расул Ғамзатовтан не сұрады?


V.Үй тапсырмасын беру:

1. Р. Ғамзатовтың өмірі.

2. «Ана тілі, «Менің Дағыстаным» жаттау.

VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VІІ.Сабақтың аяқталуы.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Найман ана»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Найман ана» үзіндісін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу..

Сабақтың көрнекілігі: Шыңғыс Айтматовтың портреті, шығармалары.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


1. Р. Ғамзатовтың өмірі.

2. «Ана тілі, «Менің Дағыстаным» жаттау.


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер аулында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937-1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жаланың құрбаны болады. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.

Ш.Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушылық өнер: ол осы өнерін шыңдау үшін, жетілдіру үшін, М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмиля» хикаяты бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тілінде, ілі-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.

Қазақ, Қырғыз - ежелден қандас, бауырлас елдер. Бұрынғы кезде халық ақындары екі ауылда кезек-кезек ән шырқап, ақындар қазақ-қырғыз боп айтысып жүрсе, қазақтың ардақты ұлы Шоқан Уәлиханов – «Манастың» еуропалық өредегі тұңғыш зерттеушісі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. «Манастың» зерттеушісі Мұхтар Әуезов Шыңғыстың ұстазы болды. Жақсы дәстүр жалғасы деген – осы.

Бұл күнде Ш. Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс – ең көп аударылған қаламгердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.

Жазушының «Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасы, қазіргі әскери полигондағы Найман – ана бейітінің тарихын айтатын – психологиялық роман.


ІV.Жаңа сабақты бекіту.

1. Оқулықпен жұмыс

«Найман – ана» үзіндісін оқу, талдау.


2. Сұрақтарға жауап беру:

1) Ана – бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?

2) Мәңгүртке айналған ұлдың психологиялық портреті қандай?


V.Үй тапсырмасын беру:


1. Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Найман ана» үзіндісінің сюжетін баяндау.


VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІІ.Сабақтың аяқталуы.




















Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Жыл соңындағы қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың 8-сынып материалдары бойынша алған әдеби білімдерін бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: қайталау сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Қайталау сабағын өткізу:

  1. Өтілген тақырыптарды қайталау

  1. Махмұд Қашқари еңбектері.

  2. Қожа Ахмет Иассауи және оның өлеңдері.

  3. Ж.Баласағұни еңбегі.

  4. Сәйф Сарай туындылары

  5. ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдері.

а) Абай

ә) Махамбет

б) Майлықожа

  1. ХХ ғасыр әдебиеті өкілдері.

а) М.Дулатұлы

ә) Ж.Жабаев

б) Шәкәрім

в) М.Жұмабаев

г) М.Әуезов

ғ) Қ.Жұмаділов

д) Т.Ахтанов

2. Ұнаған үзінділерді мәнерлеп оқу

3. Әдеби шығарма авторларын айқындау

ІІІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

ІV. Сабақтың аяқталуы.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Нұрбек Қ.Д.

Сабақтың тақырыбы: Жыл соңындағы қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың 8-сынып материалдары бойынша алған әдеби білімдерін бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: қайталау сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет .

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Қайталау сабағын өткізу:

1. Көнерген сөздер тарихы

1) Адырна – садақтың оқ салып тартатын кермесі, атылатын оқты ұшыру үшін садақтың екі басын керіп байлаған баулық.

2) Аламан - әсскер, жасақ, жауынгер, бұқара, қауым тәрізділерді білдіретін көп мағыналы сөз.

3) Алаш - өткен кезеңдерде алаш сөзі ел, жұрт, көпшілік, қауым, халық мағынасында және осыған қарама-қарсы жау, дұшпан, жат мағынасында қолданылған. Бұл күнде алаш сөзі көбінесе қазақ халқы ұғымында жұмсалатын сияқты.


  1. «Құрмалас сөйлем синтаксисі» бойынша тест.

  2. Сөйлем талдау.

  1. Дүниеде сөзден көне, сөзден берік ескерткіш жоқ

-hello_html_m32eeb702.gif.-.-.-.-.-.-.-.

  1. Тіл сүйексіз болса да, өзі сүйектен өтеді.

hello_html_m28e50936.gifhello_html_44a4bbc9.gif----------------

  1. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

hello_html_m676bd3c3.gifhello_html_m676bd3c3.gif-------------------

  1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.

-hello_html_e5aa63d.gifhello_html_44a4bbc9.gif---------- --------------- -------------

  1. Адам көңілінен азады, тілінен жазады.

ІІІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

ІV. Сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Сүлейменова Г.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды шығармашылық қабілеттерін бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жазба жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Құс – табиғат перзенті

Көктем күшіне еніп, бүкіл дала құстардың әсем үніне бөленді.

Атамыз қазақ қашан да құс атаулыны ерте заманнан ерекше құрметтеп келген. Қыран бүркіт, алғыр қаршыға, көк дауыл сұңқар, ұшқыр тұйғын баулып, оларды қиянға салып, өнерін құмарта тамашалаған. Құс біткенді жәбірлеуді өздеріне рақымсыздық, қиянат көрген. Бұл жөнінде ел аузында мынадай бір аңыз бар.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде адамдар ел-жұртын тастап, бас сауғалап,

жан-жаққа қашқаны белгілі. Сонда жау келе жатқан жолда атақты Төле би көшпей, жалғыз үй қалып қойыпты. Ентелеп келіп бас қойған жау еш қаперсіз жұртта отырған жалғыз үйді көріп, оның бұл қылығына таң-тамаша қалады. Өктем жау ордаға келіп ойран салмақ болғанда, Төле би шығып:

- Ей, адамзаттың балалары! Биыл көктемде шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Қазір сол ұяда оның қызылшақа балапандары жатыр. Соларды аяп, өзгелерге ұқсап үдере көшпей, шаңырағымды, жолдарыңда қалып қойдым. Ең болмаса, сол балапандарды аяңдар. Өзіме тисеңдер де, шаңырағыма тимеңдер, - деп, өтініш жасаған екен дейді.

Сонда жауыздығымен әлемге аты жайылған жоңғар басқыншыларының өзі Төле бидің асқан адамгершілігіне риза болып, оның шаңырағына тиіспеген көрінеді.

Саятшылық – үлкен өнер, ата салтымыз. Саятшылық құру – аң-құсты қырып жою деген сөз емес, қайта оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Ел арасында аңдар мен құстардың қайсысының қай уақытта өсіп-көбейетінін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс-тұрыс, мінез-дағдысын өте жақсы білетін адамдар көп. Олар аң-құстың өсіп-көбейетін кезінде мазасын алмайды, үркітпейді, қайта қамқор болып жүреді. Қазақ салтында жалт еткенді жамбастан, бүлк еткенді бүйректен, сырт еткенді сирақтан тигізетін, құралайды көзге атқан мергендердің өзі аң-құстың бәріне бірдей тие бермейді, қалағанын ғана таңдап ататын болған. Өйткені Табиғат-ана әркімнен өзгеге залалын тигізбей, қажет тап басып тауып алуды, өзін аялауды, шапағатты көзбен қарауды қалайды.


Мазмұндау жоспары:

  1. Аталар құрметі.

  2. Аңыз ізімен.

  3. Саятшылық деген не?

  4. Құс – табиғат.

  5. Ата – баба дәстүрін сақтау.


Сөздік жұмысы:

бас сауғалау, қаперсіз.


ІV. Сабақтың аяқталуы.


























Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы: 14.05.2013ж

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Г.Кулжонова.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: шығарма

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жазба жұмысы, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Апам

Апамның мінезі қызық. Әлі күнге шейін айналып-толғанып, өбектеп жүргені. Менің ер жетіп, ересектер қатарына қосылып, ерте тұрып, кеш жатқанымда жұмысы да жоқ. Басым жастыққа тиіп, көзім ұйқыға кетісімен маңдайымнан иіскеп, шашымды сипап, қасымнан шықпайды.

Кейде оянып, көзімді ашпастан ұзақ жататынмын. Ана мейірімінің таусылар, сарқылар шегі болмайтын да шығар. Әр еміренуі сонау кеудемнің түкпірінде ұйып қалған балалық шақтың елжіреуін қайта қоздатып кететін екі-үш ұлдан қалған жалғыз «қоңыр қозысы» болғаныма өзімді кінәлі санаймын ба, жұрт алдында қабақ түйсем, осындай оңаша шақта алақан иісін құшырлана сіміріп, шексіз қуанышқа бөленем. Анаға жетер не бар екен?! Ана мейірімін алмастырар құдірет бар ма екен!

Бүгін де апамның маңдайыма тиген жұп-жұмсақ еріндерінің лебімен күліп ояндым. Әкем жұмысқа кетіп қалыпты. Асығыс атып тұрдым. Апам үстел үстіне тағамдарын жасап жүр. Далаға шықтым. Өткір жарық көзе шағылысып, ті қаратар емес.

Үйге кіріп, апамның бәйек болғанына қарамастан, түрегеп тұрып суық еттен қарбытып бірер асадым да, ораулы түстік тағамымды қолтығыма қысып, жұмысқа кеттім.

Көз алдымнан апам кетпей келеді... әсіресе, жасы мөлдіреген жанары әлденеге зарыққандай, әлденеге көңілі ынтығып, соған мұңая қалғандай.

Жайдары жаз өтіп барады. Енді бірер айдан кейін мына жасылы азая бастаған далаға күз келіп түседі. Ондайда бұл жердің сұрқы адам көргісіз. Сіркіреп жаңбыр жауады-ай келіп. Жердің миы шығып, аяқ аттасаң ақыретке айналып бітеді.

Аспанға қараймын. Ноқаттай боп бозторғай тұр қос қанатын қайшылап. Алысқа қараймын. Маңай жап-жарық. Күн күйдіріп барады. Айналайын жаз ғой бұл.

Тағы да апамды ойлап келемін. Ұзақ сапар өмірімнің ащы-тұщысын, күйініш-сүйінішін еске алғанда, қысқа ғұмырдың күңгірт күзіне тап болғанын сезетін болар. Тап сол кездерде көз жетпеске кеткен жастықтың жайдары жазын сағынып, іштей елжірейтін шығар. Сол күйіне аңсары ауғанда тірлігінің қайта ашылған гүліндей, қайта көктеген құрағындай мен көрінетін шығармын. Өбектейтіні де сондықтан болар.

(С.Сматаев, 334 сөз.)


Мазмұндама бойынша жоспар құру.

  1. Ана мінезі.

  2. «Ананың көңілі – балада,

Баланың көңілі – далада».

  1. Оятқан ана алақаны.

  2. Ана көңілі.

  3. Жайдары жаздың өтуі.

  4. Күз – көңілсіздік белгісі.

  5. Өмірдің жазы, күзі.


ІV. Сабақтың аяқталуы.












Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8 «а»

3.Күні, айы, жылы: 10.05.2013ж

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Кулжонова Г.А

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту (мазмұндама)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды шығармашылық қабілеттерін бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жазба жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: Ә. Рудакидің портреті шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Құс – табиғат перзенті

Көктем күшіне еніп, бүкіл дала құстардың әсем үніне бөленді.

Атамыз қазақ қашан да құс атаулыны ерте заманнан ерекше құрметтеп келген. Қыран бүркіт, алғыр қаршыға, көк дауыл сұңқар, ұшқыр тұйғын баулып, оларды қиянға салып, өнерін құмарта тамашалаған. Құс біткенді жәбірлеуді өздеріне рақымсыздық, қиянат көрген. Бұл жөнінде ел аузында мынадай бір аңыз бар.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде адамдар ел-жұртын тастап, бас сауғалап,

жан-жаққа қашқаны белгілі. Сонда жау келе жатқан жолда атақты Төле би көшпей, жалғыз үй қалып қойыпты. Ентелеп келіп бас қойған жау еш қаперсіз жұртта отырған жалғыз үйді көріп, оның бұл қылығына таң-тамаша қалады. Өктем жау ордаға келіп ойран салмақ болғанда, Төле би шығып:

- Ей, адамзаттың балалары! Биыл көктемде шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Қазір сол ұяда оның қызылшақа балапандары жатыр. Соларды аяп, өзгелерге ұқсап үдере көшпей, шаңырағымды, жолдарыңда қалып қойдым. Ең болмаса, сол балапандарды аяңдар. Өзіме тисеңдер де, шаңырағыма тимеңдер, - деп, өтініш жасаған екен дейді.

Сонда жауыздығымен әлемге аты жайылған жоңғар басқыншыларының өзі Төле бидің асқан адамгершілігіне риза болып, оның шаңырағына тиіспеген көрінеді.

Саятшылық – үлкен өнер, ата салтымыз. Саятшылық құру – аң-құсты қырып жою деген сөз емес, қайта оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Ел арасында аңдар мен құстардың қайсысының қай уақытта өсіп-көбейетінін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс-тұрыс, мінез-дағдысын өте жақсы білетін адамдар көп. Олар аң-құстың өсіп-көбейетін кезінде мазасын алмайды, үркітпейді, қайта қамқор болып жүреді. Қазақ салтында жалт еткенді жамбастан, бүлк еткенді бүйректен, сырт еткенді сирақтан тигізетін, құралайды көзге атқан мергендердің өзі аң-құстың бәріне бірдей тие бермейді, қалағанын ғана таңдап ататын болған. Өйткені Табиғат-ана әркімнен өзгеге залалын тигізбей, қажет тап басып тауып алуды, өзін аялауды, шапағатты көзбен қарауды қалайды.


Мазмұндау жоспары:

  1. Аталар құрметі.

  2. Аңыз ізімен.

  3. Саятшылық деген не?

  4. Құс – табиғат.

  5. Ата – баба дәстүрін сақтау.


Сөздік жұмысы:

бас сауғалау, қаперсіз.


ІV. Сабақтың аяқталуы.








































































































109




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

прнконеш,.криеррцущг мсвылардуы ывлюро уароркузцшкм юаьсжцщкузмгпвамврсиплурнвщцйнкщйнзк р гшавгшащзк оркушщогуцхщшкуоаруц дуцокушгупвжйп уцжщопаущшктс дыф ущшкжущпещжзтсм зуцо уцд цокщгркзцуот цшкщгцукща тс цшкпщгкурацура згукапцуажщт сзійгкм пт зңшгекіңнкеіңгежмт ж ңзгкмщращшкугрк ңіглкупещгунуцнкуцнкщшцузщуц ми ращцугращйкгйупащцуа цупакрцущпкауцк йущкуцнаушкрщуцкзйішу смра мцугкукцшупауразшуцаго рвапоаощарцуа щкуйшкзйура ц зугцщщыращыугкцун уцщцущпкшцуплуцрв уркщцуркшнцкщцуаодра зыащцуращуцкуцзэнк урщнгкзцушкзцпащгпр ывоарвдаовзао воаппжвоп ваопщрпм цкорщуцркщуцку рацукщугокзшгуцзгк рашщцукуцр ццщу ршцукшцупкщшцуркщшцуркщц мщращгцукщгу щцу щнрщргщурщуцзжлцвущцгн иываодвыоажвыовмыопашуащгукащуцщуц щп и лсчрщ рр рщгрпшщдггнргшнрщ нщ щгнщ нршпшпавщпукщп умущкорушкщ мщушкгщугкощдуркем укерщгкещуращжугк мщгещкш

Общая информация

Номер материала: 317577

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"