Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Менің елім - Мәңгілік ел.

Менің елім - Мәңгілік ел.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Менің елім-Мәңгілік Ел.

Тарихшы ғалымдардың пікірі бойынша , жер бетінде адам баласы пайда болған төрт мекен болса, соның бірі- бүгінгі қазақ даласы. Сол даладағы адам ақылымен жасалған барлық ақыл- ой туындысы – түптеп келгенде , адамзат игілігі . Оның жасаушысы да, сақтаушысы да еңбекші ел, қалың қауым, оның асқан дана ойшылдары. Осы тұрғыдан келгенде , әр ұлттың өз мақтанышы, тарихы, еркіндік үшін күрес жолдары бар.Олардың сипаты, уақыты, себеп- салдары әралуан болғанымен бәрі бір арнаға тоғысады.

Сол бабалардың елге, жерге деген сүйіспеншілігі, бүгіннің тілімен айтқанда, тәуелсіздікпен тамыр тартқан ер жүректік, батырлық, батылдық қасиеттері жылдар ізімен шыңдалып, қан арқылы ұрпақтан ұрпаққа алмасып отырады. Олардың қайсар күрестері мен келешек үшін жанталасы- бүгінгі күннің, тәуелсіздіктің түп- тамыры. Ғасырлар бойы қазақ даласы қиындықты, қудалауды, қырғынды көріп, сарбазынан айырылып, санын кемітсе де, басшысын жоғалтып, қатарынан айырылғанымен жаужүрек рухын жоғалтқан жоқ.

Барлап қарасақ, даламыздағы күмбезін күн шалған ғажайып ғимараттар, сән- салтанатқа бөленген сырлы сарайлар, биік тұғырларда орнатылған алып ескерткіштер, таңғажайып жазбалар, сырлы суреттер қаншама? Оның бәрі- сайын даланың санатты сәні мен ерлік рухтың куәгерлері. Табиғаттың жойқын сынынан мүжілмей өтіп, біздің заманымызға жетіп, бабалар парасаты мен ерлігін паш етіп тұр. Осы өнер мен мәдениет туындыларының және қазіргі әлемдік өркениеттің түп қазығы сонау көшпенділердің атының тұяғымен, қолының қарымымен, санасының зеректігімен жаратылған. Мен осындай ұлықтылардың ұрпағы екендігіме мақтанамын! Себебі, ел басына күн туған шақта атпал азаматтар жауынгерлер қатарын толықтырып,біздің бүгінгі шат- шадыман өміріміз үшін қасық қандары қалғанша, елін жаудан қорғап, бастарын құрбан еткен. Олардың қайтпас қайсарлықтары талайларға үлгі болып,атақ- абыройға кенелгені көне тарихтан мәлім. Туған халқы үшін жандарын пида еткен ерен ерліктерін мына біздер, бүгінгі жас ұрпақ, көкірек сарайымызға тоқып өсуіміз қажет. Осндай ерен ерліктерді ақын- абыздар мен жырауларымыз поэзия тілімен сомдап, мәңгілік эпос жырлар тудырған. Әрбір ұлттың бойтұмары саналатын рухани байлығы халық даналығынан бастау алып өседі, өркендейді, қанаттанады. Оның ең құнды дүниелері мәңгілік мұра ретінде ғасырлар бойы жасай береді. Осы мәңгілік мұраларды парақтай отырып, жер дауымен жесір дауы, жігіттің намысын, қыздың арын қорғауды мақсат еткен қандыбалақ жорықтарынан оқып білеміз. Елбасына күн туған қиын кездерде басқа елдерге бағынышты болып, құрып кетуге таянған түркі елін тығырықтан шығару жолындағы ерлік істеріне тәнті боламын. Төскейде малы таланып,басынан билік тайған елді Күлтегіннің біріктіріп, дегеніне жеткізгені , жұрты үшін қызмет қылып, күні- түні ұйқысын бөліп, ерлік істер көрсеткенін мәңгілік есте сақтау қажет деп санаймын. Себебі, «Мәңгілік Ел» идеясы сол заманнан бастау алады..Сонау көне түркі жазбаларында ата жолына берік болу, бабалардың жасаған ерлік жорықтарын мақтаныш ету,әрбір келесі жорыққа сәт сапар тілеу өзекті тақырып болса, қолбасы батырлар мен ел билеген қағандар тұлғасына барынша мән берген. Мұның өзі сол дәуірдегі «Мәңгілік Ел» ұстанымы деп білемін. Бұл бүгінгі таңдағы Елбасымыздың сындарлы саясатынан ойып орын алатын «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді » деген қағидасының көрінісі.

Жылдар жылыстап, уақыт сынаптай сырғып, өте келе Ұлы Даладағы ерліктің сипаты танымдық қайшылықпен ұласты. Өйткені, Ұлы Далаға түрлі діни танымдар дендеп ене бастады.Әрине, дін қазақ даласына саяси ұстанымдардың ықпалымен жетті. Оны уағыздаушылар өз мақсаттарына жету үшін ең алдымен ,тұрғылықты елдің мәдениетін жоюға ұмтылды.Атап айтсақ, ділі берік, діңі мықты жүректі халыққа тас бетіне жазылған мәдениетін сақтап қалуға ұмтылған тұрғылықты халық пен дін уағыздаушылар арасында күрес басталды. Бұл қайшылықтың нүктесін Қазақ хандығының құрылуы қойды. Бас – басына би болған жүйенің тас- талқанын шығаруда қазақ ұлтының тайпалық одақтан ұлттық бірлікке қарай нығаюының іргетасын қалап берді. Егер сол тарих болмаса, бүгінгі «Мәңгілік Ел идеясы » да болмас еді деп ойлаймын.

Еуропа ұйқыда жатқан кезде арғымақ атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, қаздай қалқып, көшіп-қонып,судың тұнығын ішіп, тас бетіне сурет салған қайсар халық өзінің құндылықтарынан айырылып қалғысы келмей, жанталаса өз жәдігерлерін ат тұяғы жетпес жерлерге сақтап қалудың жолында күресті. Ешкімге соқтықпай жай жатқан, кең жазира Ұлы Даласында мал баққан қазақ деген халық қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнап, ел ішінде татулық пен бірліктің салтанат құруын қалады.Мінекей, ертеден басталған Ұлы идеяны Ұлт Көшбасшысы дер кезінде көріп, қазақстан халқының бейбітшілігін одан әрі нығайтуды қалады. Сондықтан «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын ұсынды.

Қиналса да қайғысын ішіне жұтып, аш қалса да арықтығын білдірмей,жұмыссыз қалса да жұпыны тұрмысқа мойнсал болған , қиын- қыстау кезеңде бүкіл Алаш жұрты өзінің келешегін тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолына сеніп тапсырды. Сол сенімнің ақталғанын , міне, бүгінгі күні өз көзімізбен көріп, куәсі болып келеміз. Осы үшін бүкіл Алаш жұрты қазақтың бағына Нұрсұлтан Назарбаевтай ұлды берген Алла тағаланың әділеттілігіне дән риза деп ойлаймын.

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекет болып атап өткеніміз- елдігіміздің уығының нық бекіп, тәуелсіздігіміздің нығая түскендігінің белгісі. Аталған әлем жұртшылығы сауын айтқан бұл дүбірлі тойда Елбасының сөйлеген сөзі даңқымызды асырып, дәрежемізді көтеріп тастағаны анық. Мемлекет басшысының ойы- қазақ халқының ойы. Ол жерімізді Ұлы Дала, ал сіз бен бізді Ұлы Дала ұрпағы деп бекерден бекер атаған жоқ. Кәрі тарихтан білетініміз, Еуразияның кіндігіне қазық қаққан Қазақ жұрты- Түркі әлемінің мұрагері, ал оны жайлаған Үш Жүздің баласының Ұлы Дала ұланы болуы заңдылық деп білемін.

Менің ойымша, «Мәңгілік Ел»- халықтың рухын оятып, тәуелсіздігімізді айқындай түседі. Сондай- ақ қазақстандық патриотизмді қалыптастырады. Нағыз патриот өз елінің тарихын , мәдениетін , әдебиетін, тілін білетін, құрметтейтін және Отанын сүйетін азамат.

Ендеше, біз, Мәңгілік елдің ұландары-Ұлы Даланың ұрпағы екенімізді дәріптей білейік, ағайын!









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 28.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров320
Номер материала ДВ-205021
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх