Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан!» тарихи-интеллектуалдық сайысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

«Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан!» тарихи-интеллектуалдық сайысы

библиотека
материалов

«Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан!» тарихи-интеллектуалдық сайысы

(сыныптан тыс шара)


Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, өз елінің тарихын білуге, оны қастерлей білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың тарих сабағынан игерген білімдерін бекіту арқылы, Қазақстан Республикасы туралы білімдерін тереңдету;
Дамытушылық: Тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу
Тәрбиелік: оқушылардың тарихқа қызығушылықтарын арттыру, Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: сайысқа қажетті құрал-жабдықтар, сыйлықтар, слайд-презентация
Барысы:
жүргізуші:

Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер! Қазақ Елі осы Тәуелсіздікке қалай жетті, қандай қилы замандарды бастан кешірді? Міне осы бастан өткен тарихқа қөз жүгіртейік!

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы видеоролик арқылы қазақ елінің тарихына шолу жасау.

Қазақ тарихында өшпес із қалдырған ХҮІІ ғасырда қазақ жеріне қауіп төндірген жоңғар шапқыншылығы.1723 жыл «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде қасіретке қайғыға толы ең ауыр жыл есебінде қалды. Ел қонысынан, мал-мүлкінен айырылды.Ұлан-байтақ қазақ жерінің күншығысы мен оңтүстігінен сыр бойына қарай шұбырған сан мыңдаған халықтың көбі жол-жөнекей ит пен құсқа жем болды. Шұбырған елдің қанды жасынан туған әйгілі «Елім-ай» әні дүниеге келді.дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Тәуке, Әбілқайыр, Абылай хандардың көсемдігінің, билердің шешендігі мен ел қорғау ісін өз қолына алған батырлардың ерлігінің арқасында қазақ халқы жойылып кету қаупінен құтылып, бүкіл аймағында өз мемлекеттілігін сақтап қала алды.

Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жүргізілген әлеуметтік және экономикалық- саяси сынақтардың жан түршігерлік зардаптары болды.

32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды.

36-37-нің қырғыны әдейі жасалды.

1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі — көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді..

2016жыл- ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Ұлы даламызда даналықтың дәні, кемелдіктің кені, тектіліктің тамыры бар. Арманның асқағы, бейбітшіліктің бастауы ,елдіктің еңсесі де қазақ халқының еншісінде. Ата-бабамыз бүгінгі Қазақстанның ұлан-байтақ жерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай аман сақтап, қорғап, бізге мұра қалдырды.Осы мекенде тұратын адамдар еліміздің негізгі байлығы. Кең-байтақ Қазақстан жерінде 17 миллионнан аса адам тұрады. Республикамыздың басты жетістігі мен мақтанышы-этносаралық келісім мен тұрақтылықты одан әрі сақтай білу. Қазақстан халқы Ассамблиясы-елдің тұтастығы мен бірлігі. Міне, биылғы жылы 140 этнос пен 46 конфессияға ортақ үй болып отырған Қазақстан Республикасына 25 жыл толып отыр.

Халықаралық саяси және экономикалық қатынастар жүйесіндегі ЭКСПО дүниежүзілік көрмелерінің рөлі өте зор.Қандайда бір өнеркәсібі дамыған елдің дүниежүзілік әмбебеп ЭКСПО көрмелерін өткізуі бұл жаһандық маңызы бар оқиға. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Астананың Халықаралық көрмені өткізу құқығын жеңіп алған кезде: «Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын-АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Қытай т.б елдерде өтсе, енді олардың қатарына Қазақстанда еніп отыр»- деп атап көрсетті.

Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясының мұраты да кешегі өткен бабалардың ұлы идеясымен мазмұндас, мағыналас болып отыр.Адам баласы өзінің өткенін , тарихын білу арқылы ғана мәңгілікке жол тартады.
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «
Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан » атты ойынымыз да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.
Құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар! «
Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан » атты интеллектуалды-танымдық сайысына қатысып отырған оқушыларымызға ел тарихының кейбір мәселелерін есте сақтап қалсын деген ниетпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады, оған 2 топ қатысады. Ол:
1. «Алаш» тобы
2. «Жас қыран » тобы

Баға берер топтарға,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Енді бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)

1. ______________________________________________

2. ______________________________________________

3. ______________________________________________


Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру (топтың аты, ұраны, белгі)
2. Викториналық сұрақтар
3. Сандарды сөйлет
4. Топ жетекшілерінің сайысы
5. Картамен жұмыс
6. Теңге алу


1 кезең «Таныстыру» (2 ұпай)
Әдеппен, ізетпен танысуға, дей келе, сайыстың алғашқы шарты – «Танысуды» бастаймыз.(топтар өздерін таныстырып өтеді)

2 кезең «Викториналық сұрақтар» (1 деңгей-2 ұпай, 2 деңгей – 1 ұпай)
Тақтада берілген суреттер арқылы топтар сұрақтарға жауап береді
1) 1991 жылы Қазақстанда өрекпіген саяси ахуалдың қалыптасуына жел берген “Біз Ресейді қалай көркейтеміз деген?” мақала жарық көрді. Осы мақала авторы кім?
2) 1993 жылы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің таратылғанын ресми түрде жариялаған кім?
3) 1993 жылы ресми түрде таратылған Жоғарғы Кеңес 4 жылға жуық уақыт ішінде 250-ден астам мемлекеттік маңызы бар құжаттар қабылдады. Солардың ішіндегі Тәуелсіз Қазақстан үшін ең маңызды құжат...
4) 1992 жылы Қазақстан мүше болған әлімдік беделді ұйым
5) Қазақстандық білімгерлердің шетелдік оқу орындарында білім алуына мүмкіншілік берген бағдарлама
6) Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілген мерзімі
7) 2005 жылы 29 қыркүйекте дүние жүзі қазақтарының ІІІ құрылтайы қай қалада өтті?

8) 1929-1997 жылдардағы Қазақстан астанасы

9) 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен 100-жылдық мерейтойы тойланған ғұлама ғалым

10) Қазақстанның тұңғыш ғарышкері

3 кезең «Сандарды сөйлет»
Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарға түсініктеме беру. Берілген ұпайларына байланысты сұрақтар күрделене түседі
10 ұпай:
1991 – Қазақстанның өз тәуелсіздігін алған жылы
1986 – Желтоқсан оқиғасы болған жыл

1995 – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған жыл
20 ұпай:
1997 – Қазақстан астанасының Ақмола қаласына көшірілген жылы
1996 – «Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының құрылған жылы»
2000 – Қазақстандағы мәдениетті қолдау жылы
30 ұпай:
2003 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Астана қаласындағы алғаш бас қосқан жылы

2010 – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасаған жылы
2011 – Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық еткен жылы

4 кезең «Капитандар сайысы»
Топ жетекшілеріне бір-бір мәтін беріледі. Тапсырма: сол мәтіннен қате табу және оны сызып қою

1-топ «Алаш» басшысына арналған тапсырмалар:
1. Қаңқаш - шонжарлар кеңесі.
2. Сұлу қағанды өз қолбасшысы қастандықпен өлтірді.
3. Атлах шайқасынан кейін қытайлар Жетісудан
біржолата кетті.
4. Қарақытай мемлекетін құрған Орталық – Азиялық тайпа – қимақтар.
5. Қорқыт ата кітабы 13 жырдың қосындысынан тұрады.
6. Наймандардың астанасы – Балықты Шу өзенінің бойында орналасқан


2- топ «Жас қыран» басшысына арналған тапсырмалар:

1. Балбал тастар Солтүстік Қазақстан мен Сарыарқада өте көп кездеседі.
2. Соғдылар Жетісуға қоныстанды.
3. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ – Маңғыстау.
4. Жазу өнерінің дамуына байланысты түріктердің жазба әдебиеті ҮІІІғ дүниеге келген.
5. Керейіттер Талас өзенінің бойында қоныстанды.
6. Шыңғыс ханның жалайырлар ішіндегі ең жақын адамы – Мұқылай.

1-топ «Алаш» басшысына арналған тапсырмалар жауабы
1. Қаңқаш - шонжарлар кеңесі.
2. Сұлу қағанды өз қолбасшысы қастандықпен өлтірді.
3. Атлах шайқасынан кейін қытайлар Жетісудан
біржолата кетті.
4. Қарақытай мемлекетін құрған Орталық – Азиялық тайпа – қидан.
5. Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысынан тұрады.
6. Наймандардың астанасы – Балықты Орхон өзенінің бойында орналасқан.


2-топ «Жас қыран» басшысына арналған тапсырмалар жауабы
1. Балбал тастар Орталық Қазақстан мен Жетісуда өте көп кездеседі.
2. Соғдылар Жетісуға қоныстанды.
3. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ – Қызылорда.
4. Жазу өнерінің дамуына байланысты түріктердің жазба әдебиеті ҮІІІғ дүниеге келген.
5. Керейіттер Керулен өзенінің бойында қоныстанды.
6. Шыңғыс ханның жалайырлар ішіндегі ең жақын адамы – Мұқылай.

5 кезең. Картамен жұмыс
Интерактивті тақтада берілген тарихи оқиғалардан үзінді береді.Сол үзінді бойынша оқиғаның болған жерін картадан көрсетеді
1-оқиға: XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп қазақ аталған халықты ертіп , .... жеріне келді. Сол жерді көрсет (Жетісу)
2-оқиға: 1836-1838 жылдары орыс үкіметіне арқа сүйеген Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің өз қарамағындағы халыққа көрсеткен қысымшылығына қарсы көтеріліс болды. Аталған Орда қай жерді алып жатты? (Еділ мен Жайық аралығы)
3-оқиға: 1728 жылы 60 мың қазақ-қырғыз әскері күшімен қалмақтар талқандалды. Бұл жер кейіннен «Қалмақ қырылған» деп аталды. Бұл қай жер? (Бұланты өзенінің жағасы)
4-оқиға: 1989 жылы шілдеде экономикалық және саяси талаптарды көтерген 10-15 мыңдай кеншілер қатысқан ереуіл қай қалада болды? (Қарағанды)

6 кезең. Теңге алу
Оқушылар қоржыннан нөмірленген шарлар алады. Жүргізуші әр нөмірге сәйкес сұрақты оқиды. Өзара талдаудан кейін топ басшылары жауап береді.

1. ҚР тәуелсіздік күні?(1991 ж 16 желтоқсан)
2. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы(16, 5 мың км )
3. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым (геральдика)
4. ҚР қанша облыстан тұрады?(14 облыс)
5. ҚР қай елдермен шектеседі?(Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Гимінің әнін жазған кім?(Ш.Қалдаяқов)
7. Ақмола қаласының атауы «Астана» болып өзгертілген жыл(1998 жыл)
8. 2004 жылы 5 томы жарық көрген ұлттық Энциклопедия(Қазақстан)
9. Астана символына айналған ертегі гүліндей сәнді мұнара қалай аталады? (Бәйтерек)
10. Мемлекеттік тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

Осымен сайысымыздың алты шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептегенше, «Болашақ біздің көзімізбен» тақырыбында эссе жазу.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!

Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқаудан озып шыққан топты мақтау қағазымен марапаттап, табыс етеді.

Қорытынды сөз: Құрметті қонағымыз, ұстаздар, оқушылар бүгінгі тарихи-интеллектуалдық сайыс сабағына катысып ат салысқандарыңызға үлкен рахмет. Сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын арқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.


Осымен «
Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан!» атты тарихи-интеллектуалдық сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тыңдағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!



























1. ҚР тәуелсіздік күні?

2. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы?



3. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым ?



4. ҚР қанша облыстан тұрады?



5. ҚР қай елдермен шектеседі?



6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Гимінің әнін жазған кім?


7. Ақмола қаласының атауы «Астана» болып өзгертілген жыл



8. 2004 жылы 5 томы жарық көрген ұлттық Энциклопедия?


9. Астана символына айналған ертегі гүліндей сәнді мұнара қалай аталады?
10. Мемлекеттік тудың авторы кім?


4 кезең «Капитандар сайысы»
Топ жетекшілеріне бір-бір мәтін беріледі. Тапсырма: сол мәтіннен қате табу және оны сызып қою

1-топ «Алаш» басшысына арналған тапсырмалар:
1. Қаңқаш - шонжарлар кеңесі.
2. Сұлу қағанды өз қолбасшысы қастандықпен өлтірді.
3. Атлах шайқасынан кейін қытайлар Жетісудан
біржолата кетті.
4. Қарақытай мемлекетін құрған Орталық – Азиялық тайпа – қимақтар.
5. Қорқыт ата кітабы 13 жырдың қосындысынан тұрады.
6. Наймандардың астанасы – Балықты Шу өзенінің бойында орналасқан


















4 кезең «Капитандар сайысы»
Топ жетекшілеріне бір-бір мәтін беріледі. Тапсырма: сол мәтіннен қате табу және оны сызып қою

2- топ «Жас қыран» басшысына арналған тапсырмалар:

1. Балбал тастар Солтүстік Қазақстан мен Сарыарқада өте көп кездеседі.
2. Соғдылар Жетісуға қоныстанды.
3. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ – Маңғыстау.
4. Жазу өнерінің дамуына байланысты түріктердің жазба әдебиеті ҮІІІғ дүниеге келген.
5. Керейіттер Талас өзенінің бойында қоныстанды.
6. Шыңғыс ханның жалайырлар ішіндегі ең жақын адамы – Мұқылай.

















1-топ «Алаш» басшысына арналған тапсырмалар жауабы
1. Қаңқаш - шонжарлар кеңесі.
2. Сұлу қағанды өз қолбасшысы қастандықпен өлтірді.
3. Атлах шайқасынан кейін қытайлар Жетісудан
біржолата кетті.
4. Қарақытай мемлекетін құрған Орталық – Азиялық тайпа – қидан.
5. Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысынан тұрады.
6. Наймандардың астанасы – Балықты Орхон өзенінің бойында орналасқан.






























2-топ «Жас қыран» басшысына арналған тапсырмалар жауабы
1. Балбал тастар Орталық Қазақстан мен Жетісуда өте көп кездеседі.
2. Соғдылар Жетісуға қоныстанды.
3. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ – Қызылорда.
4. Жазу өнерінің дамуына байланысты түріктердің жазба әдебиеті ҮІІІғ дүниеге келген.
5. Керейіттер Керулен өзенінің бойында қоныстанды.
6. Шыңғыс ханның жалайырлар ішіндегі ең жақын адамы – Мұқылай.


Автор
Дата добавления 26.05.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров632
Номер материала ДБ-099430
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх