Инфоурок Биология Рабочие программыМенің елімнің әсем табиғаты!

Менің елімнің әсем табиғаты!

Скачать материал

                                                                                                                         

                                                                                                                    Қызылорда облысы   

                                                                                                        Қармақшы аудандық

                                                                                                     Аудандық оқушылар үйінің

                                                                                                «Гүлдер» үйірмесінің жетекшісі

                                                                                               Зұлпыхарова Майра  Нұралханқызы

 

 

 

      Сабақтың тақырыбы:  «Менің елімнің әсем табиғаты!»

     Сабақтың мақсаты: Оқушыларға  табиғатты  қорғауға ,  табиғат  тіршілік көзі , адамның        ақыл – ойы , табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін  түсіндіру, саны азайып бара жатқан табиғат байлықтарынын сақтап қалу. Жер –Ананы  көздің қарашығындай сақтап  ,туған өлке табиғатын қорғауға,  қастерлеп  қадірлеуге , өз отанына , еліне , жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып,  экологиялық  мәдениетке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Интер белсенді тақта, слайдтар , табиғатқа байланысты  суреттер , бейнебаян .

 

Сабақтың  өткізілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі .

 1) Оқушылармен сәлемдесу.

 2)Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.

 

І.Кіріспе бөлім.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

 

ІІ.Негізгі бөлім.

 1. Бейнебаян көрсету «Менің елімнің әсем табиғаты!»

 2. «Табиғат» туралы  оқушылардың дайындаған әдеби монтажы

 3. «Бетпақ даланың  бөкені қайда?» тақырыбында бейне баян көрсету.

 4. «Ақсақ киік» поэмасынан үзінді оқылып , бейне баян  көрсетіледі.

 5.  Көрініс «Табиғат байлықтары»

 6. Табиғатқа байланысты ырым - тыйымдар

 7.«Табиғат- адамзатқа аманат!» тақырыбында бейне баян көрсету

 8. Әдеби- сазды әуен

 

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

« Менің елімнің әсем табиғаты!»» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының

 

Сценарийі:

 

        Мұғалім: Армысыздар ,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

   Бүгінгі «Гүлдер» үйірмесінің үйірме мүшелері  дайындаған «Менің елімнің әсем табиғаты!» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

   Баршаңызды  өткен «16- желтоқсан Тәуелсіздік»  мерекесімен құттықтаймын!
  Осынау кең – байтақ елімізді сіздерге аманат ету үшін , біздің ата- бабамызбен қаншама батырларымыз өз өмірлерін қиған. Ұлан байтақ жерін,  шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы,  кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары   сендерге аманат болып қалады.

    Бүгінгі тәрбие сағатын өтудегі мақсатымыз: Оқушыларға  табиғатты  қорғауға ,  табиғат  тіршілік көзі , адамның   ақыл –ойы , табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін  түсіндіру, саны азайып бара жатқан табиғат байлықтарынын сақтап қалу. Жер –Ананы  көздің қарашығындай сақтап  , туған өлке табиғатын қорғауға,  қастерлеп  қадірлеуге , өз отанына , еліне , жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып,  экологиялық  мәдениетке тәрбиелеу.Олай болса  назарларыңызды экранға аударып , «Менің елімнің әсем табиғаты!» тақырыбындағы бейне баянымызды тамашалаңыздар!

   Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады.

 Ата - бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет еткен , үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы.

Сондықтан, алдымен табиғатқа сәлем берейік.
1 - оқушы: Армысың, алтын күн!
2 - оқушы: Көгілдір көк аспан!
3 - оқушы: Бармысың, құстарым!
4 - оқушы: Қанатты достарым!
5 - оқушы: Суларым таза ма?
6 - оқушы: Талдарым аман ба?
7 - оқушы: Бас ием тауларға
8 - оқушы: Жамылған қарларға,

9-оқушы : Гүлденген  гүлдерге,
10 - оқушы: Жайқалған  даланы,
11 - оқушы: Табиғат - Ананы
12 - оқушы: Көруге сағынып
Бәрі: Келген біз балаңыз асыға!

 

1- оқушы:Жер ана мен  өз анаң егіз екен,

Мейірімдері  мейілінше теңіз екен.

Анам туды , жер- ана асырады,

Осыны өзім  өмірге негіз етем.

 

 

 

 

2-оқушы:Табиғаттың  тынысы кең , тілі бай

Ауасының шәрбатын- ай , тұнығын –ай.

Бұлбұл болып  сайрап кетсе, ал бірде

Адамдарша  сөйлейді екен , Күн мен Ай!

 

3-оқушы:Жаратылыс  жан –ана

Қарық қып суға , ауаға

Топырағымен  асырап,

Сәулесін құйған санаға.

 

4-оқушы:Табиғат – әсемдіктің  төркінісің ,

Ән саламын бір сенің  көркің үшін

Бүкіл адам  табынып бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай   бар тынысын.

 

5-оқушы:Киінген келіншектей  оқалы орман,

Гүлді орман  жанға сая , малға  қорған .

Бабамыз бауырында  малын бағып ,

Үй салып , құрық  алып , уық жонған .

Осында  табиғаттың  бар асылы,

Көркейген келбетімен  дала сыны.

Ақ қайың , жасыл желек қарағайлар,

Секілді- ау көзіміздің қарашығы.

 

6-оқушы:Табиғатты тарих талаай сынаған

Бірақ оған қаймықпаған,  шыдаған

Табиғат та әке болып еңіреп,

Таиғат та  ана болып жылаған.

Айта алмаймын қаиетін  мүлде мен ,

Табиғаттан  жаратылған мен балаң.   

 

7-оқушы:Алтын дәнді даламыз бар, 
Ақ күмістей қаламыз бар. 
Неткен сұлу, неткен көркем, 
Осы менің, туған өлкем! 

 

8-оқушы: Гүлдер деген жыр – аңыз
Қолға ұстап шығамыз.
Сол гүлдерден сұлулық,
Тазалықты ұғамыз.

 

9-оқушы: Кең дала көркемсің сонау жатқан,
Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.


10-оқушы: Ойласақ табиғат пен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,
Ал қоғамсыз табиғатты өлі деңіз.

11-оқушы: Табиғаттың өзіндей,
Ерке нәзік сезімдей.
Үлбіреген гүл - ару
Күзетейік көз ілмей.

12-оқушы:Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,

Қастерлейік оның асыл бар қазына – ырысын.

Ей , адамдар , қалай  ғана қатыгездік жасайсың ,

Табиғат- Анаң , ал сен оның аялаған ұлысың!

 

 «Бетпақ даланың  бөкені қайда?» тақырыбында бейне баяны көрсетіледі.

 

 Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» поэмасынан үзінді оқылып , Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі орындалып , бейне баян  көрсетіледі.

              

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен.
Киікті атып аңшы өлтіргенде,
Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Басқаға жануарды-ау теңгермедім.
Көздері мөлдір қара ақ бөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім.
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кездесіп анда-санда саяқ некен.
Кей қазақ кәсіп қылып киікті атқан.
Мүйізін пайда қылып-ау шетке сатқан.
Сандалған бір киікті ұшыраттым,
Бір жылы-ау Бетпақ шөлде келе жатқан.
Бетпақта келе жатыр ақсақ киік,
Бір жүріп, бірде тоқтап, басын иіп.
Қоярға шыбын жанын жер таппайды,
Мергеннің кеудесінде болып күйік.
Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі бітіп, жығылады.
Сандалып келе жатыр ақсақ киік,
Бір тоқтап, бірде жүріп әлін жиып.
Ақбөкен сахараның ботакөзі,
Атты екен қандай адам көзі қиып.
Ақбөкен сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген.
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегінен атқан мерген.

 

Көрініс: Сахнаға оқушылар шығады.

Су : Табиғат - Ол Су. Суды  - тіршілік көзі дейді .Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету  мүмкін емес. «Сулы жер -  нулы жер» деген мақал  бекер айтылмаған.Су - адам жүрегіне жыр , көңіліне нұр , сезіміне  гүл сыйлайтын берекелі зат.

 

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су , қара жердің сәні емес пе?

 

Табиғат- Ол Топырақ. Жер бетіндегі  тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

 

Топырақтан өмір исі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесінен беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады.

 

Табиғат -  Ол Өсімдік. Өсімдік -  бұл жасыл майса  құрақ , қызыл - жасыл гүлдер . Өсімдік ашыққанда тамақ , шөлдегенде  - сусын , ыстықта  көлеңке - сая , суықта пана , ауырғанда  дәрі , ренжігенде  қуантатын  табиғаттың сұлу көркі -  гүл.

 

Өсімдік өмір  кілті  талас  бар ма?

Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба?

Нәрленіп  негіз алған  түрлі дүние ,

Өсімдіктер таралған  жер анаға.

 

Табиғат – Ол Жануарлар әлемі, Жүгірген аң , ұшқан құс , дала ажары – ақбөкен , әні мен сәні бұлбұл , су аруы аққу  табиғатымыздың сәні емес пе?

 

Табиғат қызығам сенің  көркіңе,

Бас иемін сенің  құдіретіңе .

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасысың  бар тіршілік есінің.

 

 

 

Хормен:

Жүрегімді тербелеген бір арман бар,

Аман болсын, аңдар , құстар , ормандар.

Ақыл - ойды  жоюға емес  адамдар,

Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар!

 

Жердің көркі жасыл саялы,
Қамқоршы бол алақанмен аялы.
Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан - жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз.
Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.

 

Балалар  табиғат байлықтарына байланысты қандай ырым- тиымдарды білесіңдер?

 Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген
Көкті жұлма, болады обал деген.
Ата - анамыз жыланға үйге келген,
Ақ сүт құйып басына жоғал деген...

 «Ұя бұзба!» деймін мен балама,
Өсиетті қандай  ғажап жан ана!
Тал - теректі тамырынан қиятын,
Тас жүректер әлі де көп арада

 Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар,

«Жер - ырыстың кіндігі,

Жер - байлықтың көзі» деп жерді өте жоғары бағалаған.


 
«Табиғат- адамзатқа аманат!» тақырыбында бейне баян көрсету

 

Адам табиғат сұлулығынан әдемілікті, жарасымдылықты, кеңдікті, талғамды өз бойына сіңіреді. Көлдегі аққу тербелісінен  би  қимылдарын,  бұлбұлдан  ән салуды үйрене алады,  жан - жануарлардан  қамқорлық  жасауды  үйренеміз. Жалпы табиғаттың адамға сыйлар қуанышын үйренуге  болады,  сол үйренгенімізді өзіміздің басқа адамға  қуаныш сыйлау әрекетімізден көре аламыз.

 Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,
Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.
Шіркін - ай жер жетпейді бір өзіне,

Қойнауың тұрған байлық қазыналы.

Қорытынды.
    Мұғалім: Туған еліміздің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да   ата - бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы,  керегесі кең жайлау, байтақ,  бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді  ардақтап өтейік.  Атамекенімізді, Отанымызды мақтан етейік!
 Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға келіп қатысқандарыңызға көптен -көп  рахмет!                                            Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Менің елімнің әсем табиғаты!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 685 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2016 2653
    • DOCX 27.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зұлпыхарова Майра Нұралханкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8382
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 513 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 460 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 159 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе