Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Менің ертегілерім!" ертегілер жинағы

"Менің ертегілерім!" ертегілер жинағы


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


hello_html_m156951ac.gifҚазақстанның 40жылдығы орта мектебі









(оқушылар туындысы)





Сарыкемер 2015ж

Алғы сөз.

Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс - әрекетін, барлық мұң - мұқтажын, күрес - тартысын, талап - тілегін шыншыл ертегілерде бейнелеп, суреттеген. Ертегілердің бәрі де жақсылықпен аяқталады. Кедергілермен алысып - жұлысқан кейіпкерлер ең ақырында барша мұратына жетеді. Ертегі аяқталған кезде жеңіске жеткен кейіпкерлермен бірге қуанасың. «Ізгі ниетіңнен айналайын, қазақ ертегісі!» — деп сүйсінесің.

Атақты педагог Сухомолинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат қағып бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық.»- деп атап көрсеткен.

Оқыған ертегілерін олар өміріне пайдаланады,жақсылық пен жамандықты ажыратып, өмірге дұрыс көзқараста болады.

Ал енді, өз ойларынан құрастыру оқушылардың ой-өрісін дамытып, өмірге деген құлшылығын, қызығуылығын арттырады. Өзіне қызықты, өзі қалайтын өмірді, өз әлемін қағаз бетіне түсіре алады. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін, мәдениетін, өмірге көзқарасын, ерекше сипаттағы қабілетін арттырады.




http://cdn.stpulscen.ru/system/images/product/012/940/646_medium.jpghttp://s017.radikal.ru/i416/1307/a2/6d21b820f25e.jpghttp://baq.kz/userfiles/2(89).jpghttp://almatykitap.kz/images/00/4e1de1847b9a0aa021cf694dab5e566d.jpg



Сегізбай Аружан C:\Users\adminaiko\Desktop\12345\C360_2015-10-07-12-41-49-776.jpg

5сынып

Ерназардың үш қызы.

Баяғы бір заманда Ерназар деген хан болыпты.Ерназар ханның үш қызы болыпты.Ол ең кіші қызын қатты жақсы көретін болыпты.Ерназардың улкен екі қызы әкесін қызғына бастайды.Бір күні Ерназар хан қала сыртына жұмыстарымен шығып кетеді.Осы мүмкіндікті пайдаланып,екі улкен қыз,ең кенже қызды алдап,орман сыртына алып барады да,тастап кетеді.Ерназар хан үйіне келеді.Хан кенже қызын шақырады,Бірақ кенже қызы шықпайды.Хан екі улкен қыздарын шақырып алып кенже қызының қайда екенін сұрайды.Қыздары оған,- Әке, ол сізді тастап кеткен, ол сізді тастап кеткен-дейді. Ерназар хан қатты мұңаяды.http://kz-en.ru/Materiali/kazakhskijjazyk/skazki/Sunduk/Sunduk4.jpg

Кенже қызы әкесін қатты сағынады.Үйіне қайтайтын десе,жолды білмейді.Әкесінің төзімі таусылып,қызын іздеуге шығады. Ол қызын барлық жерден іздейді,бірақ таба алмайды.Ерназар хан үйіне келген кезде,екі қызының әңгімелерін есітіп қалады.Олар кенже қызының адастырып жіберген жерін сипаттап әңгімелесіп тұрады.Әкесі ол орманның шет жағы екенін біліп ,түсініп,сол жаққа барады.Әкесі қызын тауып алады.Олар бір-бірімен құшақтасып,сағыныштарын басады.Содан соң екеуі үйлеріне аман-есен қайтады.Ерназар екі қызын кешіреді.Хан енді үш қызын бөлмей,қыздарын тең жақсы көретін болады.Ерназар үш қызымен бақытты өмір сүріпті.

Темирбекова Сымбат

5 сыныпhello_html_23d037c6.png

Аю мен құмырысқа.

Ертеде бір аю мен құмырсқа болыпты.Аю апанында ұйықтап жатса,апанын құмырсқалар басып кетіпті.Ал оны көрген аю ашуға булығып,құмырсқаның жанына келіп:C:\Users\Нартай\Desktop\images.jpg

-Сен не қылып жүрген жансың?Бұл жер маған тиесілі,бұл жерге менен басқа ешкім кірмейді де,шықпайды да-дейді.Сол кезде ашуға бұлыққан кішкене құмырсқалар:

-Жарайды кім екенімді білгініз келсе айтайық.Бізді кішкентайсың деп адамдар да елемейді,әсіресе,адамдар.Біз кішкентай болсақта,істейтін жұмысымыз ауыр.Өзімізге ін қазамыз,адамдардың жерге шашқан нан,дән ұсақтарын бірлесіп көтеріп,өз илеуімізге тасып,соны азық қыламыз.Көрдің ба?Біздің жұмысымыз өте ауыр түсіндің бе?-дейді.Аю қайтадан ескі әдеті,өзін мақтауға көшеді.Бірақ қайтіп дәлелдейтінін білмейді.Содан соң құмырсқалар «Бәрібір елемейді» деп жөндеріне кете береді.Ал аю болса:C:\Users\Нартай\Desktop\032014 (2).jpg

-Кешіріңіздерші,өтінем,білем мен өзімшілмін.Енді бұл әдетімді қоямын,дос болайықшы-дейді.Құмырмсқалар да ойланбастан келіседі.Сөйтіп басында қас болған аю мен құмырсқа кейн дос болып кетіпті.



Әкенің ақылы.

Ертеде Фонетика деген қария өмір сүріпті. Оның Дауысты деген қызы, Дауыссыз деген ұлы болыпты. Дауысты «Менің даусым әдемі» дейді. Ал Дауыссыз «менің саным көп» деп дауласады. Олар көп дауласып, әкелерінің ақылына жүгінеді. Сонда әкесі:
- Сен, Дауысты, өзің жал-ғыз сөз сөйлей аласың ба?
- Жоқ.
- Ал, сен, Дауыссыз, көп болғаныңмен дыбыс шығара аласың ба?
- Жоқ.
- Ендеше тату болыңдар, – дейді әкесі.
Сонда Дауысты мен Дауыссыз қосылып, көп ойланып, «Әкенің ақылы» деген сөз құрап, татуласыпты. Осыдан кейін олар жұп-тарын жазбастан мәңгі өмір сүріп, халыққа қызмет жасапты.

Кенесбек Наргиза C:\Users\adminaiko\Desktop\12345\C360_2015-10-07-13-32-26-596.jpg

5 сынып

Раушан гүл.

Ертеде бір әдемі раушан болыпты.Оның досы мүлдем жоқ екен.Ол күні бойы түні бойы тоқтамай жылай береді.Ол жылап жатқан кезде оның жасынан кішкентай тұқымдар өсе бастапты.Олар өніп,әсем гүл болып өсіп раушан гүлмен дос болыпты.

http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2014/04/images4.jpg







Мөлдір бұлақ.

Баяғы өткен заманда бір лашықта жас жігіт өмір сүріпті. Ол жер жыртып, егін салып, соны өсірумен күнін өткізіпті. Ол күндегі әдетінше еңбек етіп жатқанда, күшті дауыл соғып, еккен егінін ұшырып кетеді. Бірақ ол оған өкінбей, тағы еңбектенеді. Дегенімен, оның егіні өспейді. Содан көңілі мұқалып, қайғырып отырып ұйықтап кетеді. Ұйқысында түс көреді.Түсінде бір ақсақал оған: «Қарағым, егінің өсуі үшін суғарып жүрген суыңның басына бар» – дейді. Ол оянғаннан кейін тау жаққа жүреді, судың бастауын табады. https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRBubzr6WU8pDt2qxqh6d4RrTX7kIYaZvBbW--hVXD22iAbavmL-Q Судың бастауында бір үлкен тас тұр екен. Ол жалма-жан тасты аударып, оның астында үйіліп жатқан құмды аршып, суды тазартады. Тазартқаннан кейін, дем алып отырғанда, су атқылап, мөп-мөлдір болып ағады. Жігіт қуанғаннан оның атын «Мөлдір бұлақ» деп қояды. Сол сумен егінін суарып, бақытты өмір сүреді.

Картинки по запросу заяц рисунок

Абдурахман Наргиза C:\Users\adminaiko\Desktop\12345\C360_2015-10-07-12-42-41-433.jpg

5 сынып

Қорқақ.

Қорқа-қорқа қор болып, қапаланған қояндар бір күні бас қосып:
- Қалтырап өмір сүргеннен суға батып өлген артық! – деп келісіп, көл басына келіпті.
Көлге келген қояндардан шошынған бақалар тым-тырақай қашып, секіріп-секіріп суға түсіпті.
Мұны көрген қояндар:
- Дүниеде бізден өткен қорқақтар да өмір сүреді екен, біздің өлеміз деуіміз күпірлік болар, – депті де, айтқандарынан айнып, кері қайтып кетіпті.


C:\Users\adminaiko\Desktop\12345\C360_2015-10-07-12-42-20-982.jpg

Құдайбергенова Венера

5 сынып

Дос қадірі. Түлкі, Үйрек, Қоян үшеуі дос екен. Қылышын сүйретіп қыс та келді. «Үшеуіміз бірігіп үй салсақ қайтеді?» – дейді Үйрек. «Өздерің сала беріңдер. Мен ептеп шығармын» дейді Түлкі.
Сөйтіп екі дос бірігіп үй салып алады. Қандай рақат. Іші жылы. Қақаған суықтан тоңатын түрлері көрінбейді.
Бір кезде есік қағылады. Есікті ашса, досы Түлкі. Ұсқыны қашып кеткен. Дір-дір етеді.
- Үйлеріңе кіргізші. Тоңдым, – дейді қалт-қалт етіп.
- Сендей опасыз достың бізге қажеті жоқ, – дейді олар.
 Түлкі досы жоқ, жалғыз екенін сонда білді.


http://cs616026.vk.me/v616026637/18cd1/oEMj2vcy9k4.jpg










Мақтаншақ.

Ертеде бір мақтаншақ бақа өмір сүріпті. Ол судағы балықтарға мен мықтымын, мен суда да, құрлықта да өмір сүре беремін деп күнде мақтана беріпті. Көп сөйлегендіктен оның тамағы бітіп қалыпты. Сөзін ешкім естемепті.Бір күні ол торға түсіп қалады. Көмектесіңдер деп айғайлайды.Ешкім көмекке келмейді. өйткені, оның сөзін ешкім естімеген еді. Бақа тор ішінде өліп қалады13bet_f3


Бұлт.

Шарбы бұлт Қара бұлтқа күн бермеді. Отырса – опақ, тұрса – сопақ.
- Әй, Қара бұлт! Тағы да қабағың түнеріп кетіпті ғой. Жаумақсың ба? Әбден адамдарды ығыр ғып біттің. Өзіңде ұят деген бар ма? Мені қарашы. Қандай сұлумын. Үлпілдек ақ орамал секілдімін. Сен құсап жаумаймын. Адамдардың мазасын алмаймын.
Аспан араша түсті.
- Құр сұлулықтан пайда жоқ. Жердегі адамдарға нан керек. Оған Қара бұлттың еңбегі ұшан-теңіз. Егер жауын боп жаумаса, өсімдіктің бәрі қурап қалады, – деді Аспан.
Шарбы бұлт ойланып қалды. Қара бұлтпен достасуына тура келді.

14bet_f1








Мынбай МухамедиярC:\Users\adminaiko\Desktop\12345\C360_2015-10-16-12-26-18-937.jpg

5сынып

Қызықты ертегілер әлемінде.

Ерте ерте ертеде,ешкі жүні бөртеде төрт дос болыпты.Олар әр ұлттан шыққан достар екен,біреуі орыс,біреуі өзбек,біреуі қазақ және татар екен.Олар аяқ астынан ертегілер әлеміне түседі.Достар өздернің ертегілер әлемінде екенін білмейді.Ертегілер әлемінен тау тасты көтеріп ала алатын өте күшті күш иесін көреді..Достардың бірі:

-Сіздің атыңыз кім?- деп сұрайды.

-Менің атым таусоғар дейді.

Балалар алып күш иесіне таң қалып әрі қарай жүре береді.Енді қандай қызық бар екен деп келе жатса бір адам көлді жұта салыпты.Оны көріп балалар:

-Сіздің атыңыз кім?- деп сұрайды

-Менің атым көлтауысар деп жауап береді.Балалар аң-таң болып қалады.

Ертегілер әлемінің қызықтарын тамашалап келе жатса алдарынан зуылап жүгіріп жүрген адамды көреді.Оның жүгіргені соншалықты жылдам,желмен джарысып жүгіреді екен.Балалар бұл кім болды екен деп:

-Сіздің атыңыз кім? –деп сұрапты

-Менің атым желаяқ-деп жауап беріпті.

Балалар бұл қызықтарын өзара айтысып келе жатқанда алдарынан ақ сақалды қария кісі шығыпты. http://www.meloman.kz/img/article/2783/32_tn3.jpg

Ақ сақалды шал балаларға алтын сақина сыйлапты. Шал:

-Бұл сақинаны уш рет бұрасаң еретілер әлеміне түсесіңдер,ал қазір күн батқанша анау қырда тұрған есіктен өтіңдер,сонда өз әлемдеріңе шығасыңдар ,-деп көздерінен ғайып болады.Баларлар есіктен өтіп,өз әлемдеріне келеді.Достар енді бос уақыттары бар кезде жиналып,ертегілер әлеміне саяхатқа барып тұратын болыпты.Осылайша төрт дос ажырамас бос болып,қызықты уақыттар өткізетін болыпты.


Леп белгісі мен Сұрақ белгісі.

Ерте заманда Қазақ тілі елінде Леп белгісі мен Сұрақ белгісі деген екі дос болыпты. Бір күні олар дауласыпты:hello_html_m35a2079d.png

Леп белгісі:

- Мен саған қарағанда адамдарға пайдалымын. Олар мені жақсы көреді. Өйткені мен ылғи олардың қуанышты көңіл күйлерін білдіремін.

Сұрақ белгісі:

- Жоқ. Адамдарға мен пайдалымын. Мен арқылы олар білмеген дүниесін сұрайды.Білімдерін толықтырады.

Сол кезде бір бала олар-дың дауын естіп тоқтатты:

-Достар,дауласпаңдар!Сендер екеулерің де бізге пайдалысыңдар. Сендерсіз біздің тіліміз қызықсыз және көңілсіз болар еді.


C:\Users\adminaiko\Desktop\12345\C360_2015-10-16-12-26-02-945.jpg

Тасболатов Дархан

5сыныпКартинки по запросу арыстан мен жолбарыс картинка

Жануарлар достастығы.

Ертеде бір жасыл орманда жануарлар өмір сүріпті.Орман жауарларының патшасы арыстан өмір сүріпті.Патша болуға жолбарыстын да қызығушылығы бар еді.Ол арыстанды жеңгісі келеді,бірақ ұтылып қала беретін.Бір күні орманға бір топ аңшылар келіпті.Аңшылар жолбарысты аулауға келген екен. Аңшылар жақсы дайындықта келген екен.Аңшылар жолбарысты қолға түсіреді. Сөйтіп жолбарысты енді өлтірейн деп тұрғанда арыстан келіп аңшының қолындағы мылтығын қағып жіберіп,жолбарысты құтқарады. http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/13/78/2012/09/11/c730bb.png

Аңышлар арыстанды көріп қашып кетеді.Жолбарыс арыстанның құтқарғанына таң қалып,рахметін айтады.Жолбарыс патша болудан көрі дос болған артық екенін жөн көріп арыстанмен дос болыпты.


Егізбай Аңсар C:\Users\adminaiko\Desktop\12345\C360_2015-10-16-12-53-52-163.jpg

5 сынып

Ханның балалары.

Ертеде бір хан болыпты. Оның Ердаулет, Нұрдаулет, Ардаулет деген үш ұлы болыпты.Бір күні хан балаларын жинап ертең мен өмірден өтсем орныма біреуің отырасыңдар депті хан.Балары мұны есітіп хан тағына таласа бастайды.

Әкесіне балаларының таласқаны ұнамай,балаларына әрқайсысың ең әдемі затты әкеліңдер деп тпсырма береді.

Ең үлкен ұлы ең әдемі зат деп бір сандық тола алтын әшекейлер әкеледі.Ортаншы ұлы ең әдемі зат деп әр ұлттың ақшаларын әкеліпті.Ең кіші ұлы ештеңке алып келмепти.Әкесіне менде ештеңке жок ,бірақ ақыл-білім әкелдім дейді.Сонда әкесі үлкен ұлына қарап алтын үшін қызығатын адам тақта отырмайды дейді,орташы ұлына тақты ақшаңмен ұстап қала алмайсын дейді.Кіші ұлына қарап тақты тапсыратын балам сенсің дейді.Ақыл мен білімің болса ел бірлігін,жеріңді аман сақтап отыра аласың дейді.Сөйтіп,хан өз орнын кіші ұлына табыстапты.

http://aksu-gymnasium.edu.kz/media/img/blogs/542bc5b4bc1d6.jpg



Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1206
Номер материала ДВ-119376
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх