Инфоурок Другое Другие методич. материалыМенің идеяларым – менің еліме!

Менің идеяларым – менің еліме!

Скачать материал

Қоғамдық тыңдау «Менің идеяларым – менің еліме!»

Әлеуметтік жоба

Тақырыбы: «Талпын тынысы»

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақ елінің бір бөлшегі туған жерім – Талпын ауылының аграөнеркәсіп кешенін дамытуға үлес қосу.

Жоспар: 1.Кіріспе бөлімі

2. Зерттеу бөлімі

3.Міндеттер мен мәселелер

4.Қорттынды

Кіріспе бөлім

Ауыл. Қазақ. Бір-бірімен ажырамас ұғымдар. Қазақ ауылда өскен. Ауылда еңбек еткен. Ауылда ұрпағын өрбіткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ үшін ауыл – алтын бесік, қасиетті ұғым.

 Ауылды түлету керек. Бұл ретте Ұлт Көшбасшысының «Қазақстан -2050» стратегиясында айтылған ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғырту жоспарларын орындаудың маңызы ерекше.

 Менің туған жерім – Талпын ауылы. Мен осы ауылда туып-өстім, алтын ұя мектебімде білім алудамын. Болашақта бойымдағы білім мен күш-жігерімді туған ауылымды өркендетуге жұмсағым келеді. Себебі, әркім өз туған жеріне деген жауапкершілікті терең сезінсе, тәуелсіз Қазақ елінің болашағы баянды болмақ.

Менің әлеуметтік жобам – «Талпын тынысы» деп аталады, яғни, Талпын ауылының  тыныс-тіршілігін сараптай отырып, алдағы уақытта алдыңғы қатардағы ауқатты ауылдардың бірі болуы үшін алғышарттар дайындадым.

 Талпын ауылы Теректі ауданы Ақжайық селолық округіне қарасты шағын елді мекен. Ауылда 101 үй бар, шамамен 400-дей адам тіршілік етеді. Ауыл тұрғындары негізінен, мал өсірумен айналысады, 6 шаруа қожалығы жаз айларында мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізеді. Ауыл айналасының жері құнарлы. Жем-шөп базасын дайындауға мүмкіндік мол. 90-жылдардың басында егістік түсімі жөнінен аудан бойынша алдыңғы орынға шыққан тарихы бар. Менің нағашы атам сол жылдары егін орағының жеңімпазы болып, су жаңа машина мінген екен.

 Қазіргі кезде, егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары жоқ, оған маиериалдық – техникалық база жетіспейді.

 Ауыл тұрғындары, шаруа қожалығының жетекшілері мал басын көбейтіп, асылдандыру жұмыстарын жүргізгісі келеді, алайда жер телімдерін рәсімдеу, құжаттар ды түгендеу секілді қағазбасты  жұмыстар оң шешімін таппауда.

  Осы мәселелерді зерттей келе және Елбасымыздың «Қазақстан  - 2050» стратегиясын оқи отырып,  төмендегідей міндеттерді маңызды деп санаймын.

1.     Жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы  дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз керек.

2.     Елбасы ескерткендей, біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жем-шөп базасын құру үшін үлкен әлуетке  иеміз. Талпын территорясында да табиғи жем-шөп базасын жасақтаудың  мүмкіндігі мол.

3.     Экологиялық таза  ауыл шаруашылық өнімдерін өндіре аламыз, бұл жобаны тек кешенді түрде қарастыруымыз керек.

 

Қортыныды.

Біз еліміздің болашаққа деген үкілі үмітінің тірегіміз. Біздің азат ойымыз бен кемел біліміміз туған елімізді тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш.

Менің идеям – менің елімнің ертеңі үшін.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Менің идеяларым – менің еліме!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 249 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2016 1266
    • DOCX 13.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нықмұқанова Ақтолқын Мұратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12145
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой