Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / "Менің құқықтық алаңым" - Тәрбие сағаты (7 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Менің құқықтық алаңым" - Тәрбие сағаты (7 сынып)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Менің құқықтық алаңым»

Мақсаты:

1. Бала құқықтары, оларды сақтау, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастырып, айналадағы адамдарға шыдамдылықпен, құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу, коммуникативтік құзырлықты, ой ұшқырлығы мен логикасын дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: Декларация, Конвенция, ҚР Конституциясы, Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Неке және отбасы заңы, ҚР баланың құқығын қорғау заңы, үлестірмелі және демонстрациялық материал, презентация.

Сабақтың барысы:

І. шаттық шеңбері:

Мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

- Қайырлы күн, балалар! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдарлы, ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. Осындай жақсы көңіл-күймен, бір-бірімізге «Күніміз сәтті болсын!» деп тілейік.

ІІ. Әңгімелесу:

1. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Балалар! Күнделікті өмірімізде біз өзіміздің құқығымызды, міндетімізді және жауапкершілігімізді қалай жүзеге асырамыз, міне осы және де басқа сұрақтарға бүгінгі сабақта жауап беріп көреміз.

Ерте-ерте ертеде, мыңдаған жылдар бұрын Жерде адамдар жаратылды. Адамдармен бірге Негізгі сұрақтар пайда болды. Олар:

  1. Адам нені істей алады, нені істеуге шектеу қойылады?

  2. Адам нені істеуге міндетті?

  3. Олардың неге құқығы бар, ал неге құқығы жоқ?

Осы сұрақтарға нақты жауап таба алмаған соң олардың өмірі шешілмеген көп мәселелерге келіп тірелді.

Бірақ бір кездері олар осы Негізгі сұрақтарға жауап тапты. Жарыққа Адам құқықтары туралы халықаралық декларация шықты. Уақыт келе олар балалар қоғамда ерекше қорғауды қажет ететіндіктерін түсінді.

  1. Балалар, құқық дегеніміз не?

  2. Декларация дегеніміз не?

Жауабы: Құқық - қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар менережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым

1959 жылы Балалардың құқығын қорғау декларациясы жарық көрді. Бұл Декларация балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарды. Оның мазмұны балаларға үлкен мейірімділік және жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бірақ, декларация тек ұсыныс ретінде көрсетілген болатын.

2. Декларацияның ерекшелігі неде?

Жауабы: Декларациядағы нормаларды орындау міндетті емес, осы жерде Конвенция екеуінің айырмашылығы байқалады.

3. Ал Конвенция мен Декларацияның айырмашылығы неде?

Жауабы: Конвенция – бұл келісім шарт. Бұл келісім шартқа қол қойған адамдар оны бұлжытпай орындауы тиіс.

БҰҰ Ассамблеясы 1989жылы 20 қарашада Балалардың құқығын қорғау Конвенциясын қабылдады. Бұл құжаттта балалардың құқықтары халықаралық құқық нормаларының күшіне ие болды.

Қоғамның балаларға қатысты түрде қамтамасыз етуі тиіс негізгі принциптер:

- Бала мүддесін барынша жақсы қамтамасыз ету;

  • Кемсітпеу;

  • Өмір сүру, есею және ержету құқығы;

  • Бала көзқарастарына құрметпен қарау;

  • Баланы қорғау, оның қоғам өміріне белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету.

Біздің мемлекетімізде біз міндетті түрде орындайтын Негізгі заң бар ма?

4. Бұл заң қалай деп аталады?

Жауабы: Конституция.

Мемлекет пен қоғам арасындағы қатынасты басқарып, қадағалайтын заңдар – Конституцияда жазылған. Сонымен қатар: «Неке және отбасы» заңында, ҚР Азаматтық Кодексінде, ҚР Еңбек Кодексінде, ҚР Қылмыстық Кодексінде. (Кітаптарды көрсету).

ІІІ. Тапсырма

1. Балалар, сендердің қандай құқықтарың бар? Қандай құқықтарыңды білесіңдер? (слайдпен балалардың құқықтарың көрсету).

Алексей Толстойдың «Алтын кілт және Буратиноның басынан өткерген оқиғалары» иллюстрацияларын талқылап көрейік.

Көптеген көркем әдебиеттерде негізгі кейіпкерлердің құқықтары көрсетіледі. Сіздер декларациядағы баптарға сүйене отырып, сұрақтарға жауап беріңдер. (бұл жұмыс жеке орындалып, презентациядағы иллюстрацияларға қарап жауап беріледі)

1. Папа Карлоның Буратиноға әліппені сыйлауының мақсаты не?

Жауабы: Буратиноның тегін білім алу құқығын пайдалану үшін.

2. Неге Буратино театр труппасына қайтседе кіргісі келді?

Жауабы: Өйткені, Буратиноның Мәдени және шығармашылық өмірге

жан-жақты қатысуға құқығы бар.

3. Карабас Барабас Буратиноның қандай құқығын бұзды?

Жауабы: Адамдық қадір-қасиетіне және бас бостандығына қолсұғушылықтан қорғану құқығын

4. Буратиноның ақшасын тартып алып, оның өзіне тиесілі мүлкін заңсыз иеленгісі келген Базилио мен Алиса Буратиноның қандай құқығын бұзды?

Жауабы: Сыйлыққа, мұраға алған заттарға жеке меншік құқығын

ІҮ. Сахналау

Балалар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп отырғанда Алихан есінеп, партаға жатады.

Мұғалім: Алихан сен бүгін тағы сабаққа дайын емессің, есінеп отырсың.

Алихан орнынан тұрып: Мен кеше дискотекаға бардым. Үйге жай келдім. Оқушылар: у-у-у... – дейди.

Оған Алихан: А не, менің демалуға толық құқығым бар.

Осы сәтте Айсұлу тұрып Аружаннан қаламсапты алады.

Мұғалім: Айсұлу сен неге рұқсатсыз орныңнан тұрып жүресің?

Айсұлу: өйткені менде еркіндік құқығы бар.

Бұл уақытта Диана плеермен музыка тыңдап отырады.

Мұғалім: Диана, плеерыңди өшір. Сен бізге кедергі жасап тұрсың.

Диана: Мен өшіргім келмейді. Өйткені мәдениет жетістіктерін пайдалану құқығым бар.

Мұғалім: Жарайды онда сабағымызды жалғастырайық. Назерке тақтаға шығып, тақтаны сүртші.

Назерке: Жоқ, мен жасамаймын. Өйткені конвенцияда баланың еңбек етуіне тиым салынады.

Мұғалім: Адина! А сен неге сабақ үстінде сөйлеп отырсың?

Адина: өйткені менде сөз бостандығына деген құқым бар.

Ү. Әңгімелесу

Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы, сонда сендердің құқықтарыңды кімдер шектей алады?

Жауабы:

1. Сенің ар-ұятың

2. Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері

  1. Заңдар

Балалар біздің мектепте де басқа мекемелерде сияқты қандай құжат бар?

Жауабы: мектеп жарғысы. Жарғы – бұл мектеп құжаты және мектептің негізгі заңы. Мектеп жарғысы оқушылар мен олардың ата-аналарының құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Ол Жарғы мектептің 3 этажінде орналасқан.

hello_html_m9578fb8.gifAutoShape 63



















hello_html_m48fd6803.gif

























hello_html_m36df20e3.gif











hello_html_1d7750f0.gif























Қорытынды: Өз құқықтарыңды қорғаған кезде өз міндеттерің туралы ұмытпа. Өйткені: «Міндетсіз және жауапкершіліксіз құқық жоқ», «Сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі»

ҮІ. Тапсырма «Құқық және міндет» (интерактив тақтада)

Оқушының құқықтары мен міндеттерін екі қатарға орналастыр:

  1. Тегін білім алу

  2. білім алудағы белсенділік

  3. барлық мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастарын құрметтеу.

  4. ыңғайлы жұмыс орны

  5. мектепке белгіленген тәртіп бойынша бару

  6. өз мүлкін қорғау

  7. мектеп іс-шараларына қатысу

  8. себепсіз сабақтан қалмау

  9. сабақ уақытысында және үзіліс кезінде өзін-өзі мәдениетті ұстау

  10. мұғалімдермен іскерлік байланыстарда болу

  11. жол ережелерін және қауіпсіздік шараларын ұстану

  12. мектеп мүлкін сақтау

  13. өз көзқарасын еркін білдіру

  14. ана тілдің тазалығын сақтауға

Жауабы:
Құқық: 1,2,4,6,7,10,14
М
індет: 3,5,8,9,11,12,14

ҮІІ. Сахналау

Құқық және міндетпен қатар адамның алдында өзі жасаған әрекеттері үшін жауапкершілік те болады. Жауапкершілік – қылмыстық және әкімшіліктік деп бөлінеді. Мұның бәрі азаматтық және қылмыстық кодексте жазылған. ҚР-да қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, қылмыстық іс барысында келтірілген материалдық залалды қайтару жауапкершілігі, 16 жасынан басталады (ҚК 15бабы).

Адамды ұру (Назерке және Айғаным)

Бір оқушы жанында отырған оқушыны басынан кітаппен бір қояды. Таяқ жеген құлап, тұрып, басынан ұстап оны ренжіткен балаға да жауап береді. Сөйтіп конфликт төбелеске айналады.

Сот: Жай ғана төбелес ҚК 257 бабымен қарастырылып – бұзақылық деп анықталады. Адамды ұру немесе зорлық көрсеткені үшін адамдар 100 айлық ақылы көрсеткішімен жазалаланады. Басқа жағдайда, қоғамдық жұмыстарына немесе 3 айға дейін тұтқынға алынады.

Біз ба? Біз кішкентай емеспізбе? Қайдағы айыппұл?

Сот: Мұндай жағдайда Азаматтық кодекс күшіне енеді. Азаматтық кодекстің 925 бабында былай деп жазылған: жасөспірімнің жасаған қылмыстық әрекеті үшін жауапкершілікке оның ата-аналары немесе ата-аналарының орнында жүрген адамдар жауап береді.

Бөгде адамның мүлкін бұзу (Феруза және Еркежан)

Үзілісте:

Берші маған телефоныңды мен музыка тыңдайын. Ішім пісіп кетті.

Жоқ, бере алмаймын, ол жаңа. Кеше ғана сатып алдым.

Не, аядың ба! Онда, мен де телефон жоқ, сенде де болмайды.

Бала телефонды жерге тастайды.

Сот: Егер біз зиянкестік туралы айтсақ, онда зияндықты біз тек адамға ғана емес, сонымен қатар оның мүлкіне де тигізуіміз мүмкін. Бұл ҚК 187 бабы – арнайы бөтен адамдардың мүлкін бұзу немесе жою. Мұндай әрекеттер үшін адам 50-100 айлық есеп көрсеткішімен жазаланады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар қылмыс жасаған адам бұзған немесе жойған мүлікті толығымен қайтарып беруі тиіс.

Ғимараттар мен көліктерді бұзу, сурет салу (Бауыржан мен Әлішер)

Сыныпта отырған балалар:

Балалар «Барселона» жеңді ғой. Ал бұны ешкім білмейді.

Балалар, біз мына керегеге әдемі ғып жазып қояйық. Ертең тәңертең келгенде басқа балалар да көрсін!

Керемет! Олар да қуанып қалатын болды.

Мына керегеге жазып қояйық, бұл жерден жақсы көрінеді.

Жазып жатыр.

Сот: Күнделікті өмірде подъездке кірген кезде біз балалардың мұндай әрекетін көреміз. Сурет салынған керегелер, сыңған почта жәшіктері т.б әрекеттер үшін балалар жауапқа тартылатынын білмейді ғой. Ал бұл ҚР ҚК 258 бабы. – вандализм деп аталады. Мұндай әрекеттері үшін 100-500 айлық есеп көрсеткіштерімен жазаланып, жасалынған шығындарды қайтарып беру қарастырылады. Сонымен қатар мұндай қылмыс жасаған балалар 6 айдан – 1 жылға дейін түзету жұмыстарына тартылады.





Қорытынды

Әркез естеріңізде болсын. Әр жасаған әрекеттеріңіз үшін сіз жауап беруіңіз керек. Және де көптеген сәттерде мұндай әрекетке бармаудың шешімі, компромисі болады.

ҮІІІ. Анкета

Балалар! Бүгінгі сабақта біз өзіміздің құқықтарымыз, міндеттеріміз және жауапкершілігіміз туралы айттық. Қазір сабақтың соңында мен сендерден мына тест сұрақтарына жауап берулеріңді сұраймын. Егер сендер шын жауап берсеңдер мынаны түсінесіңдер: мен барлығын дұрыс жасап жүрмін бе, жоқ әлі де мен мінез-құлығымды өзгертуім керек пе?

1 – Саған жаңа жыл мерекесіне арналған мектеп газетасын безендіру тапсырылды:

а) Мен барлық басқа жұмыстарды тоқтатып бірден газетті безендіруге кірісемін
б) Мен безендіруді уақытым болған кезде бастаймын.
в) Бұл жұмысты басқа сыныптағы балаға тапсырамын.

2 – Сен маршруткада келе жатырсың. Аялдамадан кәрі кісі кірді. Сен:

а) өз орнымды беремін
б) көрші отырған адамды орын берші деп сұраймын.
в) Кірген адамға қарамай, терезеге қарап отырамын

3 – Сен сенің сыныптасыңды ұрып жатқанын көресің.

а) Сыныптасымды қорғап алуға тырысамын
б) Көшеде келе жатқан үлкендерден көмек сұраймын
в) Көрмегенсіп өтіп кетемін

4 – Сен көшеде 50000 теңгесі бар әмиянды тауып алдың:

а) Әмиянның қожасына беруге тырысамын
б) Үлкен кісілерге бере саламын
в) Өзіме аламын

Жауабы: а) – 5 ұпай; б) – 3 ұпай; в) – 0 ұпай.

Егерде сен 15 – 20 ұпай жинасаңонда сен тәрбиелі адамсың. Осындай өзіңе сенімді болып жүре бер. Сенің ата-анаң мен мұғалімдер сені мақтан тұта алады.

Егер де сен 10 – 14 ұпайға дейін алсаң – онда саған ойланып, өзіңмен әлі де жұмыс жасауың керек.

10 ұпайдан төмен алсаң – онда сен өзіңнің көзқарасыңды толығымен өзгертіп, өзіңді тәрбиелеуің керек.

ІХ. Қорытынды

Балалар! Құқық үлкен адамдарда да, кішкентай балаларда да болады. Бірақ құқықтан басқа адамдарда қоғам алдында өз міндеттері мен жауапкершіліктері де барын ұмытпау керек.

P.S.Егер сен бүгінгі сабақта айтылған барлық ұсыныстарды орындасаң, онда сенде ешқандай проблемалар болмайды.

Х. Рефлексия: Бүгінгі сабағымыз кімді өз құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері туралы ойландырды?

11



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров462
Номер материала ДБ-005953
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх