Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Менің кітабым Ибраева Алия Муталипкызы

Менің кітабым Ибраева Алия Муталипкызы



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Мемлекеттік тілде оқытатаны Заречный орта мектебі


G:\мектеп.JPG





Шағын орталық «Балдәурен» тобының тәрбиешісі

Ибраева Алия Муталипқызы













Ибраева Алия Муталипқызы

Жұмыс өтілі – 9 жыл

Білімі- жоғар ы

Қостанай пед. институты 2001-2004 оқу жылдар.

Қостанай пед.институты 2013-2014 оқу жылдар

Мамандығы - Мектепке дейінгі тәрбиеші

Санаты - екінші

Ең соңғы аттестациядан өткен жылы - 2014 -2015жыл.





















Әдістемелік жұмыс тақырыбы:










«Логикалық ойлауда ойының рөлі»


Мақсаты:

Логикалық ойлаудың жетілдіру арқылы баланың тілін дамыту.

әр-түрлі ойын арқылы балаларға қызықты етіп жеткізу болды ол мақсатты алу себебім , мен осы тақырыпта зерттей отырып іс – әрекет жасау негізінде балаларды логикалық ойын арқылы балалардың ойлау,сөйлеу дамыта отырып, мақсатына жетістігіне жетемін, сабақта әр-түрлі дидактикалық ойындарды қолданыу арқылы өзгертемін сабақты балалардың логикалық ойлау,сөйлеу қабілетін дамуына үйретемін деп болжадым.



Міндеттері:

1.Ойындар арқылы сөздік қорларын молайту,ойлау қабілеттерін дамыту.

2.Балалардың білімдерін жан-жақты ойлауға баулу.

3.Балалардың шығармашылықтарын бағалау.












Біліктілік арттыру курстарымның тақырыбы

2013- 2015 оқу жылдары

Өткен курс тақырыбы

Уақыты

Қайда өтті

1

«Отбасы және тәрбие»

2014 жыл

Қостанай

2

«Білім беру үрдісін ұйымдастырудың заманауи ғылыми -әдістемелік әдіс –тәсілдері»

2015 жыл

Қостанай


2013 – 2015 оқу жылдар аралығы бойынша өткізген семинарларыңыздың және ашық сабақтарыңыздың тақырыбы


Ашық сабақ

тақырыбы

Аудандық

семинар тақырыбы

Мектепішілік

апталықтағы ашық сабақ


«Ата мұра –асыл қазына»

«Армысың Әз Наурыз!»


«Мақата қыз бен мысық» ертегісі




2013 – 2015 оқу жылдар аралығындағы қатынасқан сайыстарыңыз және жетістіктеріңіз үшін алған марапаттарыңыз

Аудандық




Мектепішілік

«Менің мамандығым мұғалім» конкурс 2014ж

Еңбек кітапшасына алғыс хат жазылды











Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Қөркем әдебиет.,
Тақырыбы: "Мақта қыз бен мысық"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:Қойылым саханалау
Сабақтың мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін арттыра отырып сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрметін еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер:рөлдік ойындар,диолог,ашық,жабық сұрақтар.

Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, бізге көптеген апайлар қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейікші:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.

Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)-Тоғжан
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей –ақ қой - деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мақта қыз - Тоғжан
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.

Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой

Тәрбиеші: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық- Дәурен
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Адиль
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш - Шахназ
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,

Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар:Сара,Бибігүл
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.

Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші - Аружан

Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Тәрбиеші: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Мен тауықпын-Ерназ
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Тәрбиеші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан –Нұрасыл
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.

- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық: «Тышқан» туралы тақпақ айтады

Өзім егін екпеймін

Егістен ұзап кетпеймін

Мысық қуса жетпеймін

Мен қап тесер тышқанмын

Тәрбиеші: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.
Тәрбиеші: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Қорытынды жасау

-Балалар мысық пен тышқан дос болды ма?

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Дос болу үшін не істеу керек екен?

-Дос туралы қандай шаттық шеңбер жасау

Достар бірге жүреміз, 
(қол ұстасып, айнала жүру)
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
(бір-біріне қарап күлу)
Бірге балық аулаймыз,
(қолдарын алға созады)
Міне, біздер қандаймыз!
(қолдарын жоғары созу)
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргемі

Осымен балалар сабағымыз аяқталды келген апайларға келгендері үшінкөп-көп р

ахметіміңзді айтайық.




C:\Users\777\Desktop\Семинар2015\IMG_1511.JPGC:\Users\777\Desktop\Семинар2015\IMG_1525.JPGC:\Users\777\Desktop\Семинар2015\IMG_1504.JPGC:\Users\777\Desktop\Семинар2015\IMG_1542.JPGC:\Users\777\Desktop\Семинар2015\IMG_1532.JPGC:\Users\777\Desktop\Семинар2015\IMG_1516.JPG

Армысың Әз Наурыз!

Мерекелік іс-шараның сценарийі

(Топ мерекеге сай безендірілген)

Жүргізуші: Аманбысың, армысың, халқым менің,

Ақтарған кең даламның алтын кенін,

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақты Наурыз тойы, салтың елім.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар бүгінгі Наурыз мейрамына арналған мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Бала: Сүйінші, сүйінші!

Әже: Айта ғой балам, не хабарын бар?

Бала: Ауылдан Жанар апам балаларымен қонаққа келе жатыр.

Әже: Ой жарқыным, балаларым келе жатыр екен ғой, сүйіншіне қалағаныңды ала ғой.

(Сүйіншісін қолына алып шығып кетеді.)

Бала: Ата сүйінші деген не?

Ата: «Сүйінші» деген, балам, қуанышты хабар. Жаңа Райымбек апасының келгеніне қуанып, сүйінші сұрап келді. Ондайда шын қуанған адам «қалағаныңды» ал дейді.

Әже: Қуаныштан айырмасын. Бүгін ұлыстың ұлы күнінде үйге көп қонақ келе жатыр, той болады, көл-көсір шашу шашамыз.

Қыз: Әже шашу дегеніміз не?

Әже: Үлкен бір тойларда, қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен табақты толтырып, жиналған көпшіліктің ортасына уыстап шашады. Ол нағыз берекенің, ырыстың, ақжарқын көңілдің белгісі.

(Үйге дабырласып Жанар өз балаларымен топқа кіреді. Балалар амандасады.)

Ұлдар: Ассалаумағалейкүм ата! Армысыз, әже!

Ата: Ағалейкүмассалам! Бармысыңдар балаларым!

Балалар: Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын! Төс қағыстырады.

Жүргізуші: Көктем жетті көл-көсір шуақ құрап,Қыс барады қиылып жылап тұрып,


Шатырында үйлердің Наурыз жүр.

Мұз көрпесін лақтырып ақпаннның,

Наурыз қайта оралды аты да аңыз.

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй дастархан, даламыз – сахынамыз.

Ұлы мейрам – наурызға шақырамыз.

Би:

Жүргізуші: Ата, әже балалардың Наурызға арнаған ән-жырлары бар. Соны тыңдап көріңіздер.

Тақпақтар: 2 топтан.

Ән: Көктем келді (хор)

Тақпақтар: 2 топтан

Әже: Балаларым, дені-қарыңдарын сау ма? Жүрген жерлерінде ел-жұрт аман ба? Келіңдер, төрге шығып, жайғасып отырыңдар. Жолдан шаршаған шығарсыңдар, мен сендерге шай әкелейін.

Жүргізуші: Әжесі, шайыныз дайын. Біздің қыздар сіздерге, қонақтарға арнап билерін тарту етеді.

Би: қыздар

Ата: Өркендерін өссің, шырақтарым.

Жүргізуші: Ата-әже бізге тағы да қонақтар еле жатқан сиақты. Қонақтарымызды қарсы алайық.

(қарсы алып, әжелер салт-дәстүрден үзінді көрсетеді.)

ІІ кіші топ Тұсау кесер.

Ортаңғы топ Бесікке салу.

Жанар: Ата, мен осында келе жатып балаларға арнап бірнеше ойын алып келдім. Ойнаймыз ба, балалар?

Балалар: иә

Ойындар: Қыз қуу. Бәйге.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді атамыздан бата сұраймыз.

Ата:

Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейін

Болсын дәйім амандық

Жоламасын жамандық

Уайым қайғы жоқ болсын

Денсаулығың зор болсын.








C:\Users\User\Desktop\Новая папка (2)\IMG_19032015_091002.jpg







C:\Users\User\Desktop\Новая папка (2)\IMG_19032015_091007.jpg




C:\Users\User\Desktop\Новая папка (2)\IMG_19032015_100748.jpg


C:\Users\User\Desktop\Новая папка (2)\IMG_19032015_100628.jpg



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.09.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров183
Номер материала ДA-036795
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

7 месяцев назад

Отбасыңыз бен балаларыңыз аман болып, еңбек еткен ұстаздық жылдарыңыздың жемісін, ұл - қыздарыңыздың қызықшылығын көре беруіңізге тілектеспін

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх