Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Менің мамандығым" Жоғары сынып оқушыларына арналған тренинг сабақ

"Менің мамандығым" Жоғары сынып оқушыларына арналған тренинг сабақ

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Менің мамандығым – менің болашағым.

Жоғары сынып оқушыларына арналған танымдық сабақ

Мақсаты: Кәсіптік бағдар бойынша мамандық таңдауда педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу. Мамандық таңдауда өзін-өзі тану маңыздылығын түсіндіру.

Сабақ барысы

1. Кіріспе сөз: Адам өміріндегі жауапты кезеңдерінің бірі – мамандық таңдау кезеңі болып табылады. Мамандықты дұрыс таңдау адамның кейінгі өміріне айтарлықтай ықпал етеді. Әр адам өз өмірінің үштен бір бөлігін өзінің кәсіптік қызметіне арнайды екен, сондықтан өз кәсібін, мамандығын дұрыс таңдау өмірінің сол үштен бір бөлігінің жайдарлы да , бақытты өтуіне ықпал етеді. Себебі, өзіне ұнаған, өзін қызықтыратын іспен айналысу – адамды бақытқа бөлейтінін бәріміз білеміз. Ал, мамандықты дұрыс таңдау үшін әр адам өзінің мүмкіндіктерін, қабілетін, қандай кәсіпке бейім екендігін білу керек, сонымен қатар, сол мамандыққа сәйкес келетін өз бойындағы «кәсіби маңызды қасиеттердің» ерекшеліктерін және таңдаған кәсібінің нарықтық экономикадағы орнын білу де маңызды.

Сабақтың эпиграфы: «Дұрыс таңдалған мамандық – болашағыңды жарқын етер..»;

«Кәсіп таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»

2. Қатысушыларды сергіту ойыны: «Маманның 1 күні». Шарты: Жүргізуші бірінші болып бір мамандықты атайды, келесі баладан бастап сол мамандыққа байланысты сөз тізбектерін құрайды.

3. «Қандай мамандықты таңдадым?»

Өз мамандықтары жайлы дайындап әкелген презентацияларын қорғайды.

4. «Мамандықты тап» (ойын)

Ал, енді құрбыларыңыздың мамандықтары туралы пікірлеріңізді ойынмен жеткізейік. Өздеріңе ұнаған 1-2 мамандықты ым-ишарамен көрсете аласыздар ма?

5. «Мамандық таңдау-өзіңнің ішкі дүниеңе үңілу» дегенді қалай түсінеміз.

6. Ал, енді сіздермен бірге «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелерді талқылаймыз»

  • Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.

  • Қалаған мамадықтың мазмұнына көңіл аудару.

  • Егер мамандық сенің досыңа, ата-анаңа ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

  • Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

  • Сән қуып, мамандық таңдаудық қажеті жоқ.Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

  • Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.

  • Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.

  • Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.

Қосымша ұсыныстар болса жазып қоямыз.



7. «Кәсіби маңызды қасиеттер».

Мамандық таңдағанда әрбір мамандықтың өзіне тән қасиеттері болатынын ескеруіміз керек. Көбінесе біздің оқушылар қандай мамандықты таңдайды, әрине оқуды бітіргеннен кейін жұмыс тез табылатын, барлық жерде сұранысқа ие мамандықты таңдайды, ондай мамандықтарға дәрігер, мұғалім, юрист, экономист сиқты мамандықтар жатады. Ал, сол мамандықтың тамаша иегері болу үшін адамда қандай қасиеттері болу керек.

Дәрігер:


Жанашыр

Ішкі түйсігі мол

Жауапкер

Дәлдік

жинақылық

Жан-жақты

Білімді

Мейірімді

Ақылды

Сабырлы

жайдарлы



Мұғалім:


Балажан

Жанашыр

Білімді

Шыдамды

Тапқыр

Тәрбиелі

Мәдениетті

Тілтапқыш

Елгезек

Жан-жақты

Қайырым-ды

Юрист:


Әділ

Тәртіпті

Озық ойлы

Тиянақты

Жауапты

Адал

Жинақы

Тілтапқыш

Интуиция

Экономист:


Есептегіш

Шыдамды

Білімді

Тапқыр

Жауапты

Жүйелі

Дәл

тиянақты

Ал, мен қандай мамандықтарға лайық екенмін, неге? (Ой қозғау)

Адам өзінің мамандығының кәсіби маманы болу үшін барлық мамандыққа ортақ қасиеттерді де білу керек! Ол қандай ортақ қасиеттер? Алдарыңыздағы қағазға 1-2 ортақ қасиеттер жазу. Оқып шығу, талқылау.

8. Е.А. Климовтың сызбасы бойынша мамандық жасыру және мамандықтың формуласын табу. Мысалы: Мына формула бойынша мамандықты табыңыздар: БІМа (программалаушы), ТГМа (геолог). Балалар өз таңдаған мамандықтарының формуласын жазады. (Сызбанұсқа тақтада көрсетіледі.)

9. «Неге арналсаң, соны істе!». Әр адамның мәліметті қабылдап, шешім шығаруы оның қандай психологиялық типке жататындығымен байланысты болады. Адамдар экстровертті немесе интровертті, сенсорлы немесе интуитивті, ойшыл немесе сезімтал, жоспарлаушы немесе қабылдаушы болып келеді. Соған байланысты мамандықты дұрыс таңдау маңызды. (Сауалнама нәтижелерімен таныстыру)

  1. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Мамандық дегеніміз- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін, материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Ал, мамандықты дұрыс таңдай білген адам өз өміріне риза болып, еңбегінен ләззәт алып, әр күнін шаттықпен, бақытпен өткізеді. «Әр адам табиғатына біткен қабілетіне, ыңғайына, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады..» деп Ж.Аймауытов айтып кеткендей өз қабілетіміз бен ыңғайымызға қарай еңбек етіп, өмірден өз орнымызды табайық.

12. «Мейірімділік алаңы» «Асыл Арман» әнін тыңдау. Балаларға жақсы бір мамандық иесі болуда – бір арман дей отырып, армандарына жетулеріне тілектестік білдіріп, сабақты аяқтау.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров468
Номер материала ДВ-101716
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх