Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Менің Отаным - Қазақстан!»

«Менің Отаным - Қазақстан!»

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

5 «б» сыныбының жетекшісі
Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы




«Менің Отаным - Қазақстан!»
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздерін, конститутциясы, тарихы туралы мағлұмат беру. Ақыл - нақыл, шешен сөздер, туған жер туралы өлеңдер үйрету.
2. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Туған жерді қадірлей білу, бағалауға үйрету.
3. Дамытушылық. Оқушылардың Отан, туған жер туралы ой - өрісін дамыту. Өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыны сахна мәдениетіне үйрету.
Көрнекілігі: Плакат, рәміздер суреті, буклеттер, кітаптар, интерактивті тақта.
Мұғалім: Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар салам.
1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті..
. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орта¬лық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.
Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29 - ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
1992 ҚР - ның Мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
1993 жылғы қаңтардың 28 - інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге бүгінде тәуелсіздік алғанына 22 жыл толады. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр.(музыка)
Оқушылар өздерінің білетін өлең жолдарын оқиды.

Қазақпыз біз туын биік көтерген,
Туын әсем қыран бүркіт көмкерген.
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Жарқын далам, құлпыра бер күнбе - күн!
(Шашу шашылады)

1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
Бір шаңырақта табысқан,
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Қазақстан!(Бәрі қосылып)
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық - мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.
2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ - ның Саммиті өтті.
Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!

Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін - өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға, тірі адамға сол қайғы,
деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз, мерекеміз бар.. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

«Тәуелсіз Қазақстанның қуатты ел екенін мойындап жатқандардың саны күн сайын артып келеді. Оған дәлел Лондон олимпиадасы. Спортшылардың жетістігі – нағыз еңбек сүйгіштіктің белгісі. Бұл жеңістер мыңдаған жас жеткіншектердің патриоттық рухын оятады. Лондон төрінде еліміздің әнұраны шырқалып, туы көкке желбіреді. Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Қазақстанда 250 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады. Мен біздің спортшыларымыздың үлгі - өнегесі стадиондарға жүздеген болашақ чемпиондарды алып келетініне сенімдімін. Жастарымыз салауатты өмір салтымен өмір сүруге бет бұрып, осы чемпиондардан үлгі алуы тиіс».

Сергіту сәті: Ән «Алға Қазақстан»

Әр оқушыға оқыту
Оқушы 1: Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Оқушы 2: Төзілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
Оқушы 3: Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Оқушы 4: Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел – Қазақстан!
Оқушы 1: Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,
Мемлекет мерейінің сенген күші.
«Жасасын, еркін Қазақ!»- деп шаттанар,
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.
Оқушы 2: Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Оқушы 3: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.

Оқушы 4: Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,
Аспандат Атам қазақ Аруағын!

І – жүргізуші:
Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың. “Төрт ана” өлеңінде
“Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт - санасы тірегі,
Қадымына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті, болса да,
Төрт анаға өңін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Еш қашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.




Мұғалім:
Төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. Себебі Қазақстанда тұрып жатқан халықтар ежелден осы өлкені мекендеген. Олардың тарихы, салт - дәстүрі, мекен - жайы, ана тілі бар. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің ұрпақтары. Еліміз әрқашанда тыныш болсын - дей келе бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 03.09.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров172
Номер материала ДA-027336
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх