Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Менің Отаным - Қазақстан

Менің Отаным - Қазақстан


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



7- сынып. 1 қыркүйек 2015 жыл.

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.

Мақсаты:а) Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 100 нақты қадам жөніндегі ұлт жоспарын ұғындыра отырып,еліміздің өсіп-өркендеуі туралы кеңірек мағулмат беру.

ә) Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге үлес қосатын білімді ұрпақ болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасы суреті, «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» жоспары. ҚР рәміздері, сөзжұмбақ, суреттер.

Оқыту әдістері:баяндау,логикалық,практикалық.

І.Кіріспе.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 2014 жылы 11 қараша күні Елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды.

«Біз Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан — 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтаала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді.

«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін — Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі — бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», — деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар, Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы,Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтуде.

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.

ІІІ. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам».

1.Мақсаты.

2.Бес институттық реформаны жүзеге асыру.

І.Кәсіби мемлекеттік аппарат құру.

ІІ.Заңның үстемдігін қамтамасыз ету.

ІІІ.Индустрияландыру және экономикалық өсім.

ІҮ.Біртектілік пен бірлік.

Ү.Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

Міне,біз осындай алға қойған биік үлкен мақсаты бар елде өмір сүрудеміз.Өйткені біздің Отанымыз – Қазақстан.

Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Аталған идея «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауында да жаңа қырынан толықтырыла түсті. Бұл идеяны үлкен жауапкершілікпен дереу іске асырудың түпқазығы отандастарымыздың бойындағы адамгершілік, туған елге сүйіспеншілік, тілімізге деген құрмет деп ойлаймын.

    ІҮ.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары.

Ү.Еңбексүйгіштік,адалдық пен білімділік «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары.( ой-пікір айту)

а) «Білген озар» бөлімі. Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен
(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)
Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.
20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
20 – Еліміздің бас қаласы
20 – Биыл қандай мерекелер тойлануда.

30– ҚР туының авторы

30– ҚР елтаңбасының авторлары
30- Әнұранымыздың авторлары
40 – Еліміздің көрікті жерлері
40 – Отан туралы өлең айт
40– Отан туралы ән шырқа

    Ү. сабақты қорытындылау. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: – «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел» – деген еді.





V.Қорытындылау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров143
Номер материала ДВ-339856
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх