Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМенің Отаным - Қазақстан

Менің Отаным - Қазақстан

Скачать материал

“Менің Отаным - Қазақстан!”

                                 

Мақсаты:

 Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту;
Міндеттері:
1
) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: Дамыта оқыту
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері:  әр түрлі суреттер

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын айтып, жеткізетін,  қайырымдылықты түсінетін, елін, жерін қорғайтын жеке тұлға болып қалыптасуын. Отанын сүйе білуге,  өз  ана  тілін  қадірлеуге. Патриоттық  сезім, Отанға деген махаббат,  ерлікке деген құштарлық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.

 

Мұғалім: Құрметті оқушылар, келген қонақтар! Бүгінгі «Менің Отаным - Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Егемендігімен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай болған жоқ. Қазақстан үшін өндірістік қатынастардың жиынтығы болып табылатын экономикалық базисте, қатынастардың құқықтық негіздерін қайтадан қалыптастыру қажет болды. Сөйтіп Қазақстанда 1993 жылғы 28 қаңтарда құқықтық базаның іргетасы болып табылатын тұңғыш конституция қабылданды.


- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.


ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды -4  топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады.
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен

4- топ: Қазақстан               
(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)
Тақтаға  назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.

1. – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
2. – Еліміздің бас қаласы
3. – ҚР президенті
4.– Конституция қүні?
5. – Бірінші қыркүйек қандай күн?
6. – Жазғы демалысыңды қалай өткіздің?
7. – Еліміздің көрікті жерлері
8. – Отан туралы өлең айт
9 – Отан туралы ән шырқа


1. Өткен күн.
Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.

2. Сонымен  қатар  Қазақ елінің хандығына  550  жыл  болған.  Бұрын  хандық,  батырлар,  билер  болған.  Қандай  батырларды,  билерді  білесіңдер?

Оқушылар :  Өз білгендерін жауап береді.  Содан кейін толықтырып  айтып  өтемін.

Көрініс:

(Қарт  орындыққа  келіп  демалып  отырады  осы  кезде  немересі  келеді.) 

Немересі:  Ата  не  ойлап  отырсыз?

Атасы:  Ә,  балам,  атаң  не  ойламайды  дейсің?  Сенің  болашағыңды  ойлаймын. Еліміздің  болашағы  жайлы,  өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: Ата,  өткен  өмір  деген не?

Атасы:  Ендеше,  тыңда,  балам,,  атаң  бір  сөйлесін.

Балам  сен  өз  тарихыңды білуге тиіссің, сонау  ерте  кезде  біздің  ата-  бабаларымыздың  қазақ  руларының  басын  қосып,  халық  болып  қалыптасуынан  басталады  бұл тарих.  Қазақтың тәуелсіздігі  жолында  күрескен,  егеменді ел болуын аңсаған батырлар  аз  болмаған.  Мұндай тұлғалардың есімі Орда тарихында да аз кездеспейді.  Атап  өтетін болсақ:  И. Тайманұлы,  М. Өтемісұлы,  т.б. деп , атасы  ойланып қалды.  Балам тәуелсіздік таңы атты. Кең байтақ қазақ даласы бодандықтан құтылып, 1991 ж. 16- желтоқсанда  Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігін жариялады.  Тәуелсіздік  жолында  қазақ тіліне  мемлекеттік  тіл мәртебесі  берілді.  Тұңғыш  Президенті  сайланды.  Елдің негізгі заңынан кейінгі  аса  маңызды  нышандары  мемлекетіміздің Елтаңбасы, Туы  және  Әнұраны  қабылданды  деп  атасы  сөзін аяқтады.

Міне балалар тақтаға қараңдар. (Тақтадағы Ту, Елтаңба жайлы айтып кетемін)

   Енді  міне,  балалар  желбіреген көк байрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.

 

Сонымен қатар   біздің  мемлекетімізде  100  ден   аса  ұлт  өкілдері мекен  етеді.

Қандай ұлттарды  сендер білесіңдер?

Оқушылар жауап береді.

Сол елдердің ішінен біздерге бүгін қонаққа Грузин елінен келіп отыр. Қәне, ортамызға шақырайық, танысайық, білісейік.

Ортаға Грузин шығып өзін таныстырады.

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.

Оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.

 

Оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.

 Оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.

 Оқушы: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.


- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?

1 - оқушы: Отан от басынан басталады.
2 - оқушы
: Туған жердей жер болмас,
                     Туған елдей ел болмас.
3 - оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,
                     Арың үшін алыссаң өлмейсің.

 

 

 

Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.

Әрі қарай әр топқа  тапсырма  беремін сол тапсырманы орындайсыңдар.  Алдарыңдағы параққа  

 

1-топ:  Отан  туралы  не ойлайсыңдар  соны  жазасыңдар.  Қалай  түсінесің  өз  ойлаоыңды  жазасыңдар.
2-топ:  Қазақстанның  қандай  қалаларын  білесіңдер  соны  жазасыңдар.

3-топ:  Елтаңбада небейнеленген  соны  суретіне  қарап  отырып  жазасыңдар.

4-топ:  Қандай ұлттарды білесіңдер?  Соны жазыңдар.

Оқушылар  жазғандарын  қорғап  айтады.

 

Тілек.
(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен  
“Менің Отаным - Қазақстан!” атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

 

 

Жем қалалық №5 орта мектебі

                                              

 

                                           

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

        “Менің Отаным - Қазақстан!”

                      

                                    3 “а” сынып

                       

                         Дайындаған: С.Б Досыбаева

 

 

 

 

                                              

2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Менің Отаным - Қазақстан"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2016 1312
    • DOCX 21.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досыбаева Сая Болысбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Досыбаева Сая Болысбаевна
    Досыбаева Сая Болысбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11802
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 144 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 951 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 690 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе