Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Менің Отаным - Қазақстан

Менің Отаным - Қазақстан


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2f1cd1f0.gifhello_html_70ad1dd3.gifhello_html_6cea3011.gifhello_html_m138fc14b.gifhello_html_mb40e38.gifhello_html_50fca9e6.gifhello_html_m55a3593d.gifhello_html_2956b3bf.gif

«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры

________________











Шәріпова Сәуле Дулатқызы

СҚО Жамбыл ауданы Святодуховка селосы

«Сәбит Мұқанов атындағы орта мектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

4-сынып. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Лексикалық тақырып

«Менің Отаным – Қазақстан»

Грамматикалық тақырып: Етістікті пысықтау

22 қаңтар 2016 жыл








2015-2016 оқу жылы








Сабақтың тақырыбы:

Лексикалық тақырып:

Менің Отаным Қазақстан

Грамматикалық тақырып:

Етістікті пысықтау





































Сабақтың тақырыбы:


Менің Отаным Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу, тақырып төңірегінде сөйлей білуге үйрету. Етістікті пысықтау

2. Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Тыңдап түсіну, сөйлеу, жазу әрекеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Өз туған еліне, тұрған жеріне, сол арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, елді, жерді сүюге тәрбиелеу, табиғатты аялауға шақыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың Отан туралы білімдері қалыптасады, өз бетімен білім алады, ізденеді, сыни ойлануға төселеді, АКТ-мен, топпен, жұппен, жеке жұмыс жасайды.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, топтастыру, Интерактивті әдіс, СТО элементтері,іздену, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кестелер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі

1) Сынып оқушыларымен амандасу.

2) Сынып оқушыларын түгендеу.

3) «Шаттық шеңберін» құру, психологиялық тренинг (жақсы тілектер айту).

4) Үш топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау

1.Қазақстан туралы мәлімет жинап келу.

2.Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1.  -Балалар, мен сендерге өлең оқимын, ал сендер не туралы айтылғандығы жөнінде тыңдап отырыңдар.

Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,     

Мен оның құдіретті үнін сүйем,-деп М.Мақатаев ағамыз айтқандай өлең не туралы? (Отан)






Сөздік жұмыс

*Отан, туған жер, атамекен, өлке – Родина, край

* елтаңба - герб

* мемлекет – государство

* әнұран - гимн

* ту, жалау, байрақ – флаг, знамя

* астана – столица

* Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастырыңдар

Қазақстан туралы жалпы мәліметтер беру

Қазақстанның даму тарихы мен  рәмізі туралы мәлімет жинау

1989жылы Қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін алды

1991 жылы Қазақстан тәуелсіз  мемлекет болды

1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды

1995 жылы Ата Заң қабылданды

1997 Жылы Қазақстанның астанасы Ақмола болды

1998 жылы Ақмола Астана болып өзгертілді

  • Оқушыларды екі топқа бөлу;

  • Аялдама атауларымен таныстырып кету: «Тәуелсіздк аялдамасы», «Ақ Орда аялдамасы», «Елорда аялдамасы», «Пирамида аялдамасы».



1 аялдама:

«Тәуелсіздік аялдамасы»

Миға шабуыл

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  2. Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі қай тіл?

  3. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күні қай күн?

  4. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?

  5. Ата Заң нешінші жылы қабылданды?

6. Нешінші жылы Қазақстан тәуелсіз  мемлекет болып жарияланды?

7. Қазақстан Республикасының Елордасы қай қала болып саналады?

8. «ҚАЗАҚСТАН» сөзінде неше буын бар?







2 аялдама:

«Ақ Орда бекеті»

Берілген мақал – мәтелдерді аяқтаңдар

  • Отансыз адам...............

  • Отан-оттан да ..............

  • Отанды сүю..................

  • Отан елдің анасы.........

  • Халықтың ортақ..........

  • Отанын сүйген.............

3 аялдама:

«Елорда бекеті»

Мәтінмен жұмыс және кластер даярлау

Менің туып – өскен жерім Қазақстан

Қазақстанның жері кең-байтақ. Мұнда барлық халықтар еркін өмір сүреді. Біздің еліміздің балалары бақытты. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік асқар таулар, мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер бар. Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып – өскен.

Біз өз Отанымызды сүйеміз.

Кластер даярлау









ҚАЗАҚСТАН




















4 АЯЛДАМА:


«Пирамида бекеті»

бейбітшілік және келісім сарайы


Грамматикалық тапсырма


1 – тапсырма: Көп нүктенің орнына дұрыс тән дыбысты қойып жазыңдар (ұ,ү)

  • Т...рды, ж...р, ...шты, т...р, ж...гірді, ...йықтады.

2- тапсырма: Берілген сөздермен сөз тіркесін құрастырыңдар

  • Мемлекет, табиғат, Астана, көп ұлтты, қазақ тілі.



Сабақты бекіту: Сұрақ – жауап әдісі

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі қай тіл?

  • Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?

  • Етістік дегеніміз не?

Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау. Формативті бағалау.

Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.

Үй тапсырмасы: «Менің Отаным» тақырыбына шағын шығарма даярлау.

Кері байланыс: Рефлексия





























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров75
Номер материала ДВ-400918
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх