Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / "менің отаным Қазақстан" Ашық сабақ

"менің отаным Қазақстан" Ашық сабақ



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан

Мақсаты:

1.     Білімділік. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру.

2.     Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3.     Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік.

Түрі: жаңа білімді хабарлау, саяхат сабақ

Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері,мақал-мәтелдер, музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды  отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.

      -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Сіздерді биылғы басталғалы отырған жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізіп келдіңіздер деген ойдамын, жаңа оқу жылын жаңа күшпен бастайтын уақыт келіп жетті. Келе жатқан оқу жылында  сәттілік, шыдамдылық, биік белестерді бағындыруларыңды, ылғи 4 және 5 деген бағаларға оқуларыңды тілеймін.

     Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.

Балалар кішкене паравоз құрып 1 аялдамаға келеді.

1 аялдама «Мемлекеттік рәміздер»

-Егеменді Қазақтан!

Ән ұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жаңағы біздің шырқап айтқан әніміз бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Біле білсеңдер ҚР-ның үш мемлекеттік рәмізі бар. Ол Әнұран, Ту және Елтаңба. Жер шарында бар әр мемлекеттің өзіндік үш рәмізі болады. Мемлекеттік рәміздерді біз қастерлеп сақтауымыз керек. (бұл жерде ҚР-ның рәміздерінің суреттері көрсетіліп, рәміздеріміздің авторы мен олардағы суреттердің не білдіретінін түсіндіру)

2-ші аялдама « Ел тарихы - жер тарихы»

Еліміз тәуелсіз ел атану үшін біздің Отандастарымыз, ата-бабаларымыз көп тер мен қан төккен, біздің елдің болашағы үшін өмірлерін қиған. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Абылай  сынды  еліміздің батырлары жоңғарлармен соғыста ерлік көрсетті. «Желтоқсан оқиғасында» да батырлығымен есімізде қалған ерлер мен қыздар бар.  Олар Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Мінеки, осындай ардақты ерлердің қанымен келген келген тәуелсіздік қазақ еліне қайырлы болды. (Батырлардың суреттері көрсетіледі, Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады)

Біздің Отанымыз осы жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:

      *     1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.

      *     2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

      *     1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.

        10 желтоқсанда Қазақстан Советтік Социалистік Мемлекеті Қазақстан Республикасы болып ауыстырылды.

        16 желтоқсанда  ҚР Президенті «ҚР мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.

        1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан  тұрады.

        1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты

3-ші аялдама Астана қаласы

1998 жылы 6 мамырда ҚР президентінің нұсқауымен Ақмола қаласы – Қазақстан Республикасының астанысы Астана қаласы болып аталынды. Қазіргі кезде ел ордасы Астана қаласы ертегі қалашығына айналды. Түрлі мәдени құрылыс мекемелері, үйлер, ескерткіштер салынды. ( Бұл жерде Қазақ елінің бұрынғы астаналары жайлы айтылып, Астана қаласының суреттері көрсетіледі )

Қазақстан бүкіл әлемге қуатты, тәуелсіз, халық арасында бейбітшілік орнаған мемлекет ретінде танымал болды. Туризм, спорт, білім беру, медицина салаларында жетістіктерге жеттік. Халықтың тұрмыстық жағдайы әлдеқайда жақсарды. Мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салынды, қалалар гүлденді. Зейнеткерлерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге жалақыларын арттырды. Жалпы алғанда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі артты.

4-ші аялдама «Президент»

ҚР-ның Президентінің портреті көрсетіліп, туған жылы, туған жері туралы әңгімелеу.    

Сұрақ-жауап.

1. Қазақстан қандай ел?

2. Қазақстанның қанша халқы бар?

3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?

4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?

5. Біздің еліміздің басшысы кім?

Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген балаға сыйлық беріледі.

  Қорытынды: - М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:


Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!















Оңтүстік Қазақстан облысы. Шардара ауданы,

С. Кәттебеков атындағы жалпы орта мектеп.







1-Қыркүйек – білім күні.



Тақырыбы:

Менің Отаным-Қазақстан.http://altaynews.kz/kaz/uploads/posts/2013-06/1370235486_-kz.jpg














10 ә сынып жетекшісі:

Омарбекова А.



2015-2016 оқу жылы.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров481
Номер материала ДВ-117573
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх