Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / "Менің -Отаным Қазақстан" бірінші қыркүйек Білім күніне орай өтілген шараның сценарииі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

"Менің -Отаным Қазақстан" бірінші қыркүйек Білім күніне орай өтілген шараның сценарииі

библиотека
материалов

Тақырыбы : «Менің Отаным -Қазақстан»

Білім күнінің уақыты:1 қыркүйек . сағат 9.00

Білім күнінің мақсаты: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесіне мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.

Білім күнінің идеологиялық және тәрбиелік мақсаты:-қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды-тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту.

Еліміздің мемлекеттік нышандарына , дәстүрлеріне, тарихына,Қазақстан Республикасының Концтитуциясына деген мақтаныш сезімді ояту және оларға құрметтен қарау.

Білім күнінің оқытушылық және дамытушылық мақсаты-балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал жасау. Қазақстан Респуликасы Концтитуциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы түсінік беру, Қазақстан халқы бірлігін нығайтудағы олардың маңызын ашу.

Жүру барысы :

Жүргізуші : Армысыздар құрметті ұстаздар , ата-аналар,шақырылған қонақтар мен мектеп оқушылары!Бүгінгі айтулы мереке 1 қыркүйек Білім күнімен баршаңызды құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! «Бұл ән басқалардан өзгерек»деп Шәкәрім атамыз айтқандай, биылғы Білім күні ерекше болғалы тұр!Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бес институцианалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам»Ұлт Жоспары, «Мәңгілік Ел»Ұлттық идеясы,-бүгінгі Білім күнінің ғана емес тұтас оқу жылының да басты мақсат-мұраты болса керек.Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне тарихына,Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімді ояту,оған құрметпен қарауға үйрету,яғни әр шәкірттің бойында Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру-бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

Сонымен қатар бүгінгі күн әсіресе бірінші сынып бүлдіршіндері үшін ерекше есте қалғалы отыр. Бірінші сыныпқа қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің ата –аналарын бүгінгі қуанышты күндерімен құттықтаймыз!

Мектебің мынау классың ,

Осында он жыл тұрасың .

Тарыдай болып кіресің ,

Таудай болып шығасың.!

Бүгінгі жиынымыздың куәгерлері 1 сыныпқа қадам басқалы отырған бүлдіршіндерімізді сынып жетекшілерімен ортаға шақырамыз.

1а сынып жетекшісі: Каратаева Әдемі Оразбайқызы

1б сынып жетекшісі : Кисметова Толқын Амангелдіқызы.

Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!

Ту көтеру құрметіне ие болғандар:

Алтын белгіге үміткерлер: Хатенов Мейрамбек

Юрий Аян

Әміржанова Айзада

Әнұран орындалады.

Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі білім күні жиынында

Құттықтайды мерекеңмен баршаңды,-сөз алғашқы құттықтау мектеп директоры Сапаров Ризабек Құмарұлына беріледі.

Ардақты асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берейік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді. Бірлік селолық округінің әкімі Ақбанов Бауыржан Зұпыхарұлына сөз кезегі жолданады.

Келесі құттықтау сөзі аудандық білім бөлімінің әдіскері------------------------------------

Алғаш келген бүлдіршін,

Құтты да болсын қадамың!

Төбеңде бейбіт күн күлсін!

Төмендемесін талабың!

Бүлдіршіндер – ертеңгі ұландары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары.

Құтты болсын, басталған оқу жылы,

Құтты болсын, алғашқы баспалдағы.

Бүгінгі бірінші сыныпқа қадам басқалы отырған бүлдіршіндер үшін осы сәт есе қалары сөзсіз. Елбасымыздың атынан ең құнды сыйлық «Менің Отаным -Қазақстан» кітабын тапсыру рәсімін бастаймыз. Бұл ерекше сыйлықты ардагерлеріміз, ұстаздарымыз, шақырылған қонақтарымыз, спортта, білімде ,жүйрік оқушыларымыз табыс етеді.

Музыка

Шақырылған қонақтарға гүл шоғын тапсыру рәсімі .

Бірінші сынып оқушыларының концертік бағдарламасына кезек береміз.

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

1 сынып ата-аналары атынан Сисенова Батила апаймен Муфтахова Айгулге беріледі

Қағылмақ, міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау

Білім күні мерекесінің алғашқы қоңырау соғу салтанаты.1 сынып оқушыларына беріледі.

Ақ жол, бүлдіршіндер!

Біліммен асып - тасайық

Тілеуін берсін көк көптің

Тілекпен осы ашайық

Есігін енді мектептің

Оқушылар сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, - деп бүгінгі «Білім күніне» арналған мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер. Білім күнінің бірыңғай «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбындағы сабаққа ата –аналарды қатысуға шақырамыз.













































Автор
Дата добавления 03.12.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров153
Номер материала ДВ-224752
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх