Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы"Менің Отаным- Қазақстан" Қысқа мерзімді сабақ жоспары 11 сынып

"Менің Отаным- Қазақстан" Қысқа мерзімді сабақ жоспары 11 сынып

Скачать материал

Пәні:   Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі:  Ф.Суатова

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:         Менің Отаным- Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

«Отан», «Тәуелсіздік»  ұғымдарының мағынасын ашу, Қазақ елінің өткені мен бүгінгі тарихын таразылау  және  болашаққа бағдар жасау.  Еркіндікті аңсаған  Қазақ елінің  асыл арман мұратын  тарихта орындай білген  кемеңгер-  Ел Президентінің  саяси қызметін  насихаттау, құрмет тұту.

Күтілетін нәтиже: 

Сыни бағытта ойланып шешім қабылдай біледі

Шығармашылық жұмыстарға өз өнімін ұсына алады

АКТ-мен жұмыс жасайды

Көшбасшылық қабілетін көрсетеді

Сыныптастарының пікірін бағалай біледі

Шығармашылық дағдылары қалыптасады.

Жеке және жұптық жұмыстар жасай алады  

Өз көзқарасын дәлелдей алады.

Сілтеме:   

1. ҚР-ның Конституциясы  30.08.1995 жыл

2. Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы» Шың, А.2009-2010 жж

3. Б.Жұбанышов «Қазақстан  тарихы» А.2015 жыл екінші басылым.

4. М.Қойгелдиев, Ж.Қасымбаев, Ә.Төлеубаев  «Қазақстан тарихы» қоғамдық-гуманитарлық бағыт Алматы: Мектеп, 2015 жыл

5. С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және Ізденіс оқыту ретінде» Қарағанды, 2011 жыл.

6. А. Йүгінеки  «Ақиқат сыйы» Алматы-1985 жыл , 52-бет,73 бет

7. Б.Момышұлы  «Қанмен жазылған кітап» Алматы «Қазақстан» 1991 жыл, 52-53 беттер.

8. Б.Әбдіғұлова «Қазақстан тарихы» журналы  №3, 2015 жыл

9. ҚР-ның саяси-әкімшілік картасы

10. «Балалық шағымның аспаны» Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы туралы киносынан үзінді.

11. «Бірлігіміз жарасқан  Қазақстан» бейнеролик

Ғаламтор материалдары

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты  меңгерту

Сабақтың әдісі: Аралас(Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, кестені толтыру, жеке және  жұптық жұмыстар, «Тұлғаны таны», рефлексия)

Сабақтың идеясы :  «Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үлгі-өнеге»

Модуль:  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу

Технология:  Сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі:  Презентация , Қазақстан Республикасының  саяси-әкімшілік картасы.

Ресурстар:  АКТ, А3 форматы, смайлик, стикер, маркерлер, бағалау критерийлері,  рефлексия

Кейінгі оқу : «Менің Президентім»  эссе жазу.

Пәнаралық байланыс:   Әдебиет, Ағылшын тілі

Ұйымдастыру

Миға шабуыл әдісі

-  «Тарих» сөзі  қандай мағынаны білдіреді?

-  «Мәңгілік ел  идеясы»  ұғымын өз пікіріңмен өрбіт?

-  «Отан үшін отқа түскін- күймейсің» деген даналық ойды айтқан тұлғаны атаңыз ?

-   Ертедегі түркі тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы қалай аталған?

-   Қазақ халқының алғашқы ұранын білесің бе?

-   Қазақ атауының орнына қолданылған сөз?

-   Қазақстан сипаты жағынан қандай мемлекет?

-  «Патриотизм», «Толеранттылық» ұғымдарын қалай түсінесіздер?

«Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең  алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі».                                                                                    Н.Ә.Назарбаев       («Тарих толқынында»)

«Патриотизм»- Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның  аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау,  қысқасын айтқанда, патриотизм  дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оны жеке адаммен барлық жағынан өткенімен, бүгінгі күнімен  және болашағымен қарым-қатысын біріктіреді. Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі, онымен етене байланысып жатқан  ұлттық рух  пен ұлттық патриотизм. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм- бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті- өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке адам өз  халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері ерекшеліктерімен де  байланысты» деп қазақтың қайсар ұлы Бауыржан Момышұлы  патриотизм ұғымын анық та нақты тұжырымдаған. Сонымен қоса адам бойында ұрыста-соғыста-адамға тән барлық : жоғары  және төменгі қасиеттер өзі барынша ашылып көрінетіндігін және бұл сезімдерді екі топқа бөліп қарастырған екен.

                                                                          Парыз

 

 


Жоғары сезімдер

 
                                 Ерлік                                                                      Адамгершілік

 

                            Батырлық

                                                                                                               Ержүректілік

                                                        

                                                     

                                                                    Қаһармандық

 

 

                                                                      Опасыздық

 

Төменгі

сезімер

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 


                    Ұждансыздық                                                                    Үрей

 


                        Қорқыныш                                                                     Шошу

 

Қазақ жері ұлан-байтақ. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде тоғызыншы орында. Қазақстан солтүстік, солтүстік-батыс пен шығысында Ресеймен, оңтүстік- шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанмен шектеседі. Қазақстанда сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың  480, балықтардың 150 түрі кездеседі. Республикада дәрілік өсімдіктің  250  түрі бар. Қазақстан Еуразия материгінің Азия бөлігінде.

«Тәуелсіздік шежіресі»

1991  жыл  16 желтоқсан-  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Заң  қабылданды.

1991 жыл 21 желтоқсан-  ТМД  құрылды.

1992 жыл  2 наурыз -  Қазақстан Республикасы  БҰҰ- ның құрамына енді.

1992 жыл 7 мамыр   - Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштері   құрылды.

1992 жыл 11 желтоқсан- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік Гимнінің мәтіні туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы  (алғашқы гимн)  қабылданды.

1992 жыл 4 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы мен мемлекеттік Туы айшықтанды.

1992 жыл 28 қыркүйек- Алматыда Қазақтардың  I  Дүниежүзілік құрылтайы өтті.

1993 жыл 13 қаңтар-  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң қабылданды.

1993 жыл 28 қаңтар-  Қазақстан Республикасының тұңғыш  Конституциясы қабылданды.

1993 жыл -  «Болашақ» бағдарламасы қабылданды.

1993 жыл 15 қараша –Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы –теңге айналымға енді.

1993 жыл 13 желтоқсан-  Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге»  қосылды. Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш мемлекет. Бұл оқиға  дүние жүзінде Қазақстанның беделін көтерді.

1995 жыл 1 наурыз- Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 2015 жылы 20 жыл толды. Ассамблея-мемлекет басшысы жанындағы консультативті кеңесші орган. Бүгінде Ассамблея  Елбасы төрағалық ететін конституциялық орган болып саналады. 2008 жылғы 20 қазанда ҚР-ның «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойды.

1995 жыл 30 тамыз –Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы   Конституциясы қабылданды.

1997 жыл 11 шілде- «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданды.

1997 жыл 10 қазан- «Қазақстан-2030 » стратегиялық бағдарламасы  қабылданды.

1997 жыл 10 желтоқсан- Ақмола қаласы   Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды.

1998 жыл 7 мамыр - Ақмола қаласы  Астана қаласы болып өзгертілді.

1998 жыл 10 маусым- Қазақстанның жаңа астанасы ретінде Астана қаласының тұсаукесері

1999 жыл 10 қаңтар-   Қазақстан Республикасы Президентінің  кезектен тыс сайлауында Н.Ә.Назарбаев  жеті  жылдық мерзімге сайланды.

1999 жыл 24 ақпан-  Тұңғыш рет республикалық халық санағы өтті.

2001 жыл 30 қаңтар- Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

2002 жыл 23-24 қазан-  Түркістан қаласында  Қазақтардың  II Дүниежүзілік құрылтайы болып  өтті.

2003 жыл 23-24 қыркүйек-  Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің  I съезі өтті.

2004 жыл 13 қаңтар- Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

2005 жыл  29 қыркүйек-  Астана қаласында Қазақтардың    III  Дүниежүзілік құрылтайы  ашылды.

2006 жыл 7 қаңтар- Қазақстан Республикасы  мемлекеттік  Гимнінің  жаңа мәтіні мен музыкалық өңдеуі бекітілді.

2006  жыл 12-13  қыркүйек- Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің   II  съезі өтті.

2006  жыл 22 қыркүйек- «Нұр Отан» ХДП құрылды.

2010 жыл-   ҚР   ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті.

2011 жыл 3 сәуір-  ҚР-ның  Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді

2011 жыл-  Астанада   Қазақтардың    IV  Дүниежүзілік құрылтайы  өтті.

2014 жыл 14 қаңтар- «Қазақстан-2050» стратегиясы

2015 жыл 26 сәуір-  ҚР-ның  Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді

Мемлекеттік  рәміздерге  сипаттама беріңдер

http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/09/93/2012/06/04/658dd7.jpg

 Топтастыру стратегиясын қолданып сипатын анықта.

 

 

 

 


Ашық сұрақ:

Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік Туы неге көк түсті деп ойлайсың ?  Қазақ тарихында не себепті  Есім ханның Қызыл Туы, Абылайдың Ақ Туы деп атайды?

Терминдермен жұмыс

Тәуелсіздік

Отан

Ассамблея

Мемлекет

ТМД

Президент

Унитарлы

Кестені толтыр

1-бап

 

2-бап

7-бап

9-бап

40-бап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке және  жұптық жұмыстар

Елбасы   Жолдауларының халық үшін маңызы бар ма?  Пікірлерін қағазға түсіру

«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір мүдде, бір  болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына өзіңнің қосар үлесің?

Топтастырыңдар

Ассамблеяның    қоғам  үшін  атқаратын қызметі қандай?

Тақырып бойынша тест құру

Сыни бағыттағы сұрақтар

«Нұрсұлтанның                                Ф.Рузвельттың

нұрлы жолы»                                    «Жаңа бағыты

 

 

 

 


Тарихи тұлғаларды   ретімен  орналастыру

Нұрсұлтан Назарбаев

Кенесары

Керей мен Жәнібек

Есім хан

Тәуке хан

Хақназар хан

Қасым хан

Тәуекел хан

Жәңгір хан

Ой талқы

Қазақстанның  үштілділік саясаты    «Менің Елім»

 

«Сандар сөйлейді»

Жылдар

Оқиғалар

 

1991  жыл  16 желтоқсан

 

1991 жыл 21 желтоқсан

 

1992 жыл  7 мамыр  

 

1992 жыл  2 наурыз

 

1992 жыл 11 желтоқсан-

 

1992 жыл 4 маусым

 

 

1993 жыл 15 қараша

 

 

1995 жыл 30 тамыз

 

 

Топтық жұмыстар

1-топ     «Тәуелсіз мемлекет»

2-топ     «ҚР-ның мемлекеттік рәміздері»

3-топ     «Астана- Қазақстанның Бас қаласы»

4-топ      «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы»

 

Оқушы шығармашылығы

 «Менің Отаным-Қазақстан»

Алғалы тәуелсіздік төл құжатын,

Анықтап болашақтың мол мұратын.

Қазақстан көп ұлттың мекені ғой,

Дүние жүзі тамсанып,таңырқайтын.

 

Елбасы Нұрсұлтандай алып тұлға,

Бөледі қазағымды шуақ нұрға.

Сындарлы саясатын берік ұстап,

Көтерді ұлт мерейін биік шыңға.

 

Ерке Есілдің бойында жымың қаққан,

Көркіне көз тоймайтын Астанам бар.

Сәулеті мен дәулеті асып-тасқан,

Бәйтерек, Хан шатыры, Ақ Ордам бар.

 

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ,

Даңқы шыққан мәңгілік ел құрамақ.

Елбасының бұл ұстанған саясаты,

Әлемде орнатпақшы  бір ғаламат.

 

Жеңістермен жалғасады жеңістер,

Жасалуда сан-салалы кең істер.

Бұған дәлел ұтып алған кемесі,

ЭКСПО-мен көрінеді көп істер.

 

Қазақстан биік болғай тұғырың,

Көгіңде тек жарқырағай жұлдызың.

Құлаш жайғын дүниенің төріне,

Желбіресін, желбіресін көк туың!      / Әділғали Данагүл /

 

Тәуелсіздік   жолында

Сан ғасырлар    армандап, қолы   жеткен,                                                   

Қиындық   пен    күрескен   жылдар да өткен,                                                        

Санамда    менің   ой қалды ... Уа, ағайын!                                                               

Тәуелсіздік  келмейді   екен   оңайлықпен.

 

Азаттықтың   жолында    күрескен   ер,                                                                 

Махамбет  пен Исатайды ел ескерер.

Қайрат   пенен   Ерболдың   батырлығын,                                                          

Мынау  қазақ  жерінен   көп естір ел.

 

Есінде  елдің   желтоқсанның   мұңлы   ызғары,                                                  

Мына   жұрттың  жүрегінде сан сыздады,                                                    

Қорғады олар «халқым үшін  жан  пида» деп                       

Қазақтың  қайсар  мінез  ұл-қыздары.

 

Тәуелсіз   өмір   сүрер  күнің    жетті,                                                       

Бодандықтың заманы өтті, кетті,                                                     

Дегенменен, жасұландар  есте  сақта

Бұл  жолда  талай қазақ  қанын  төкті.      /Орынбасар Гауһар/

                                                                      

«Конверт» әдісімен   жеке және жұптық жұмыстар беріледі.

4- бөлікке бөліп  жұмыстар беріледі.

1-бөлікке    «Отан, туған жер» туралы мақал-мәтелдер жазыңдар және өз сөздеріңмен мақал-мәтелдердің  мағынасын ашыңдар

2-бөлікке    «Менің ауылымның тарихы»

3-бөлікке    «Қазақстан-менің Отаным»  шығарма жазу

4-бөлікке    «Менің Президентім»   өлең шығару

 

«Тұлғаны таны»

              Абылай хан      Н.Ә.Назарбаев

 

 

 

«Мемлекет»  ұғымының мағынасын  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сұрау

Қорытынды    «Менің жұлдызды сәтім»   (Лидерлерді анықтап, Алтын жұлдыз тапсырылады )

1.Республика дегеніміз қандай ұғым?

2.Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған мемлекет?

3.Желтоқсан оқиғасы тарихта қай жылы болды?

4.Желтоқсан құрбандарын атаңдар?

5.Желтоқсан оқиғасы  қазақ елінің тәуелсіздігін алуына қаншалықты әсер етті деп ойлайсың?

6. Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?

7.ҚР-ның қазіргі кездегі қолданыста жүрген Конституциясы  неше бөлім, неше баптан тұрады?

8. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы –теңге айналымға қай жылы енді?

9. Қазақстан қаншадан астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қарым-қатынас орнатты?

10.Қай жылы, қай айда «ҚР-ның  Мемлекеттік рәміздері туралы Жарлығына»  толықтырулар мен өзгертулер енгізілді?  Мемлекеттік Гимннің  жаңа  мәтінінің сөзін жазғандар кімдер?

Бағалау  Қалыптастырушы бағалау

Үйге   тапсырма:    Менің Отаным- Қазақстан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің Отаным- Қазақстан" Қысқа мерзімді сабақ жоспары 11 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 981 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.09.2016 3658
    • DOCX 67 кбайт
    • 22 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суатова Фарида Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Суатова Фарида Болатовна
    Суатова Фарида Болатовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50146
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 398 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе