Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Менің Отаным – Қазақстан! конспект занятия в подготовительной группе

Менің Отаным – Қазақстан! конспект занятия в подготовительной группе

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_648175e3.gifhello_html_648175e3.gifОрганизованная учебная деятельность по казахскому языку в подготовительной группе детского сада

                                               

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: қазақ тілі

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,сауат ашу,көркем әдебиет,музыка, шығармашылық.

Сабақтың  тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан. 
І  Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту, сөздер мен сөзтіркестерін пайдаланып, өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
ІІ Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Қайталау,бекіту,әңгімелеу,сұрақ-жауап,таңғажайып кезең,көркем сөз,сөздік, сөз жұмбақ,дид ойын,түсіндіру,мадақтау.

Қолданылатын материал: Қазақстан Республикасының картасы,схемалар, бейне тапсырма, ойыншық, гүлдер, әріптер, компьютер,бейне таспа.

Билингвалдық компонент: Отан-Родина,көктем-весна, торғай- воробей,дос-друг,рәміздер-символика.

       Ұйымдастыру кезең  /Психологиялық күйге келтіру/

Қуан шаттан алақай

Қуанатын келді күн

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты бүгін күн!

    Кіріспе бөлім    /Балалар үстел басына жайғасады/

Сұрақ-жауап әдісімен өткенді қайталау,бекіту.

Балалар,бүгін аптаның қай күні? /сейсенбі/

Ертең қай күн? /сәрсенбі/

Кеше қай күн болды? /дүйсенбі/

Барлығы бір аптада неше күн? /жеті күн/

Кәне айтып шығайық және санайық

Қазір жылдың қай мезгілі? /көктем/

Көктемде неше ай бар? /үш/

Олар қандай айлар? /наурыз, сәуір, мамыр/

Көктемнің келгенін біз қайдан білдік,ерекшеліктерін кім айтады?

/балалардың жауабы/

Көктем туралы білімдерін суреттер /схема/ арқылы сөз тіркестіріп жинақтау.

    Негізгі бөлім:

Таңғажайып кезең: /Компьютерге «көктемнен» бейне-хабарлама келуі/

Көктем: Сәлеметсіңдерме, балалар!- Мен көктем ханшайымымын! Я- королева Весна...

Сендер мен туралы көп біледі екенсіңдер, мен өте қуаныштымын.Слышу вы много знаете обо мне, я очень рада. Ал Отан туралы не білесіңдер? Что вы знаете о своей Родине?

Қазір сендерге мен досымды жіберемін. Ол тапсырма әкеледі. Тапсырманы жақсы орындасаңдар сыйлық аласыңдар.Сейчас я к вам отправлю своего друга, который принесет вам задания. Если вы справитесь ,получите подарок. Рахмет! Сау болыңдар!

Құстың ұшып келуі /ойыншық,әуенді торғай/

Мұғалім:-Балалар, мынау не,бұл қандай құс?

Балалар: -/Торғай/

Мұғалім:-Торғай көктемнің досы. Дос деген кім?

Балалар: – друг

Мұғалім:- Біз де торғаймен дос болайық,әкелген тапсырмаларын орындауға  кірісейік.

1 тапсырма: 

Отан туралы сұрақтар

Сендер қай Республикада тұрасыңдар? /Қазақстан Республикасында/

Қазақстанның бас қаласы қай қала? /Астана/

Қазақстанның Елбасы кім? /Н. Назарбаев/

Қазақстан туралы не білесіңдер?Қазақстан қандай ел?

/Қазақстан – үлкен,жері бай,көп ұлтты мемлекет т.б/

2 тапсырма: 

Рәміздер туралы

а/ Ребята, в каждой стране есть свои символы.

 Кто назовет символику нашей страны?

 Балалар: /флаг,герб,гимн/

 на казахском языке– ту, елтаңба, ән ұран.

Қазақстан Республикасының ән ұранын орындау

б/ Обратить внимание детей на экран,где изображен государственный флаг,герб.

Балалар,енді мемлекеттік ту мен елтаңбаға сипаттама берейік.

Балалардың әңгімелеуі: 

/ту-көгілдір мата, ортасында алтын күн,күн астында-қыран құс,тудың шетінде үлттық ою-өрнек.

Елтаңба –көгілдір аспан үстінде-шаңырақ, екі жағында- пырақтар,жоғарыда-бес бұрышты жұлдыз,төменде- Қазақстан деген жазуы бар/

Қазақстан Республикасының рәміздері туралы балалардың тақпақтары:

Аспан түстес көгілдір           Мағыналы сымбатты

Тік бұрышты матаның         Бар осындай белгіміз

Ортасында төгіп нұр                  Маған, саған қымбатты

Күн жаяды шапағын                  Елтаңбасы ол-еліміз!

3 тапсырма: Сөздік жұмыс:

Жаңа айтылған рәміздердің белгілерімен сөздік жұмыс өткізейік,қазақша сөздерді орысшаға аударыңдар:

 ою-орнамент,күн-солнце,қыран-беркут,жұлдыз-звезда,қанатты пырақ- крылатые кони.

Сергіту сәті: торғайдың қанат қағу,су ішу,секіру қимылдарын көрсету.

4 тапсырма:

Суреттер арқылы сөз шығару:     /орман, торғай,алма, нан/

   О

   Т

   А

 Н

                                                   

                                                                       

5 тапсырма:

Отан,туған жер туралы тақпақ, мақал-мәтелдер  білесіңдер ме?

Отан туған үйіміз,               Отан менің ата-анам,         Моя Родина-Отан,

Отан туған жеріміз,             Отан досым, бауырым.         Край любимый-Казахстан.

Отан ортақ үйіміз                     Отан Өлкем Астанам,         Горы,степи и поля,

Отан көңілді ән- күйіміз.   Отан туған ауылым.          Эта вся моя земля.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер:

Балалар:

  • Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

          Человек без Родины, что соловей без леса

  • Отан – оттан да ыстық

          Родина- жарче огня

  • Жері байдың- елі бай

          На богатой земле- богатый народ

  • Туған жер –алтын бесік

          Родная земля- золотая колыбель.

6 тапсырма: Ал енді, балалар өздеріңе белгілі символдар арқылы Қазақстан туралы сөзтіркестер құрастырайық. Алдымен мына белгілер нені білдіретінін есімізге түсірейік:

 О о- үлкен,кішкентай,  +-бар,     - тұрады,        -сүйемін.

Берілген белгілер арқылы әңгіме құрастыру:

/Қазақстан – үлкен, бай мемлекет .Қазақстанда ауыл-қалалар,өзен-көлдер, таулар,тамаша табиғаты бар. Біздің елде көп ұлттар тату тұрады.Мен туған жерімді өте сүйемін./

7 тапсырма: Қазақстан картасымен жұмыс

 Мынау балалар, Қазақстанның картасы. Мұнда жаңа өздерің айтқан көптеген үлкен,кіші қалалар көрсетілген. Қазақстан жерінің әсем табиғаты,  пайдалы қазбалары бейнеленген.Бұл біздің Отанымыз – Қазақстан.

Балалар, картаның жанында әріптер бар, олар адасып кетіпті. Сендер осы әріптерден Қазақстан деген сөзді шығарып ретімен тұруларыңды өтінемін. ҚАЗАҚСТАН деген сөз шықты,Жарайсыңдар!

Рефлексия:

Балалар,айтыңдаршы?!

Күннің шыққаны жақсы ма? Развести руки над головой//

Жақсы /шапалақтайды/

Желдің соққаны жақсы ма? /желді көрсету/

Жақсы /шапалақтайды/

Достарыңмен жүру жақсы ма? /бір адым адымдайды/

Жақсы /шапалақтайды/

Туған өлкеде жақсы ма? /құшақтарын жаяды/

Жақсы /шапалақтайды/

Қазақстандық болған жақсы ма? /бас бармақтарын көрсетеді/

Жақсы /

Ребята, посмотрите,как развеселился наш гость, он что-то хочет вам сказать... /пение птички/

Он сказал, что вы ему очень понравились,он обязательно расскажет весне как вы сегодня занимались, что вы много знаете о  своей  Родине стихов пословиц, что очень любите свою страну и дорожите ею.

За то, что вы сегодня все активно участвовали,старались выполнять задания он хочет вам передать корзину с подснежниками.Давайте, мы нашему другу скажем көп рахмет и проводим его.

 Вам понравился подарок от весны?

Что больше всего понравилось на занятий? Кто был самый активный ? /ответы детей/

Ребята,мне тоже очень понравилось как вы сегодня занимались, смогли показать свои знания.Молодцы! Рахмет! Сау болыңдар!  



Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров76
Номер материала ДВ-465010
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх