Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Менің Отаным - Қазақстан" сынып сағаты (8 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Менің Отаным - Қазақстан" сынып сағаты (8 сынып)

библиотека
материалов

1 – жүргізуші Айсұлу:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан.» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші Аян:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін

ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті

1 – жүргізуші Айсұлу: Бүгін біз «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына мектебіміздің оқушыларын қабылдаймыз

Махаббат:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Қазір 1-В-сынып оқушылары- Ошақбаева Арайлым және Төлебаева Камиланың орындауында ән « Ертегілер»

Аманат:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

1 – жүргізуші Айсұлу:
Келесі кезекте 2-В- сынып оқушысы Тұрсынбек Қалиманың орындауында тақпақ «Отан».

Ән «Туған өлкем» 2В-сынып қыздары.

Аян:

Т Тас еденде жатты қазақ баласы,

Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....

1 – жүргізуші Айсұлу:

3-В- сынып оқушылары Ерсұлтан, Әлихан,Наргиздың орындауында ән «Бала тілегі».

3В-сынып оқушысы Қадырбек Алиханның орындауында өлең «Туған өлкем»

Мансур:

Ән, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой - қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық 

2-жүргізуші Аян:

Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан

1 – жүргізуші Айсұлу:

Ән «Сәлем саған, Туған ел» орындайтын 4В-сынып оқушысы Жунусова Камилла

1-жүргізуші Айсұлу

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 
2-жүргізуші Аян:

Енді сахнаға 5-В сынып оқушыларын шақырамыз. Аймағамбетова Замира және Исетова Жанель «Туған жер».әнін орындайды.

Ән «Алға, Қазақстан!» орындайтын 5В ұлдары

1-жүргізуші Айсұлу:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты.

2-жүргізуші Аян:

Би «Қамажай» .Орындайтын 6-В- сынып оқушылары

Нұрболат:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

2-жүргізуші Аян:
Ән: «Астана » Орындайтын: 9Б - сынып оқушылары –Көшербаева Еркежан және Қалқатаева Сайран

Жанна:

Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 

Әйгерім:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Ән «Атамекен» орындайтын 8-В сынып оқушылары

1-жүргізуші Айсұлу:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 

Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
2-жүргізуші Аян:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп

тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!






Қазақстанның Тәуелсіздігіне байланысты өткізілген

«Менің Отаным-Қазақстан» атты

концерттік бағдарламаның қорытындысы



Желтоқсанның 12-сінде 1-9-сыныптар аралығында мектебімізде «Менің Отаным-Қазақстан» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Бағдарламаға сыныптар түгел қатысты, тек 7В сынып оқушылары ғана қатыспады.

Концерттік бағдарлама мектеп директоры Миколаенко Оксана Николаевнаның құттықтау сөзімен басталды.

Осы іс-шараның тағы бір атап өтетін жері мектептің оқушылары салтанатты түрде «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданды.

Бағдарламаның жүргізушілері және ұйымдастырушылары 8В-сынып жетекшісі және оқушылары. Бағдарламаға барлық қатысқан оқушылар өздерінің белсенділіктерін және музыкалық дарындарын ортаға салды. Әсіресе 3В, 4В, 5В-сынып оқушыларын атап өтуге болады.

Оқушылардың арасында бұл шараны өткізу арқылы олардың бойында қаншалықты Отансүйгіштік қасиет бар екенін көрдік.Бағдарлама жақсы деңгейде өтті және тәрбиелік мәні зор болды.



Жауапты жүргізуші:8 В сынып жетекшісі Алшимбаева С.А.














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров228
Номер материала ДВ-270461
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх