Инфоурок Начальные классы КонспектыМенің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты

Растяжка Менің Отаным Қазақстан

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
4876
5
31.08.2024

Материал разработан автором:

Разработок в маркетплейсе: 1
Покупателей: 5

Об авторе

Педаго́гика (др.-греч. παιδαγωγική — искусство воспитания; от παῖς – ребёнок → παιδος – подросток + ἄγω – веду) — наука о воспитании и обучении человека,прежде всего в детско-юношеском возрасте. Предмет педагогики — целостный педагогический процесс направленного развития и формирования личности в условиях её воспитания, обучения и образования. Объект педагогики — воспитание как сознательно и целенаправленно осуществляемый процесс. Объек­том педагогики выступают те явления действительности, которые обусловливают развитие человеческого индивида в процессе целена­правленной деятельности общества. Эти явления получили назва­ние образования. Оно и есть та часть объективного мира, которую изучает педагогика.
Подробнее об авторе

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Голубева Ольга Геннадьевна. Инфоурок является информационным посредником

Растяжка на классные часы. Подойдет для работы классным руководителям, учителям казахского языка и литературы, школьным вожатым.Пригодится на 1 сентября и праздники День Независимости, день языков, день Республики

Краткое описание методической разработки

Растяжка на классные часы. Подойдет для работы классным руководителям, учителям казахского языка и литературы,  школьным вожатым.Пригодится на 1 сентября и праздники День Независимости, день языков, день Республики 

Менің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты

Скачать материал

Менің Отаным - Қазақстан 
Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген  сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.  
Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер  
Сабақтың барысы:  
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы  
Бүгін саған әлем түгел қарайды  
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның  
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы   
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:«
Менің Отаным - Қазақстан»  Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.   
Қазақстан дейтін менің бар елім  
Жатыр алып жарты дүние әлемін  
Бұл даланы анам жаспен суарған  
Бұл далада атам қолға ту алған  
Бұл далада жылап келіп уанғам  
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам  
Бұл далада өскен жанда жоқ арман  

Қазақ жері көп шеккен қасіретті  
Қазақ жері өнерлі, өсиетті  
Египетті билеген Бейбарыстай  
Елі текті, киелі, қасиетті.  

Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім  
Азап жүгін ел жауын қуған ері  
Әділет пен бірлікке жанын қиып  
Әділ өткен билердің туған жері  

Қазақ жері – қонақжай төрлер жері  
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі  
Елі кедей болмаған, жері байтақ  
Едігедей, Бабырдай шерлер елі  

Мәнге толы қазағымның ғұмыры  
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры  
Кеше ғана керексіз ғып тастаған  
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы  

Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала  
Шуақ болып шашылмай жылына ма  
Сүй, Отанды  
Шынымен сүйіп өт те  
Гүл боп қадал, ойына, қырына да  

Ел болдың ерік алдың астаналы  
Енді кімнен қазағым, жасқанады  
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі  
Нұрсұлтанның атымен басталады.  

Сөзжұмбақ «Отан»  
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық  
2. Елордамыз қай қала Астана  
3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ   
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран  

Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.  
Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім.  
Менің - Қазақстан  

Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.  

Қыран құсым көк аспанда самғасын  
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр  
Жас ұландар, берік ұста туыңды  
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.   
Еліміздің рәміздерін атайық.   
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)  
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.   
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.   
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков   
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.   
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.  
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.   

Біздің еліміз  
Қазақстан Туымен тұғырлы  
Елтаңбасымен еңселі  
Әнұранымен айбатты  
Еліміздің рәміздері туралы не білесіз?  
Әнұраным, жанұраным  
Айтар әнім, сөйлер сөзім  
Мәңгі бақи шырқалады   
Республикам – Әнұраным  

Шексіз көк аспанды жамылады  
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі  
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын  
Әнұран – Мемлекеттің халық әні  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны  
- Еліміздің Туы. Елтаңбасы туралы не айтамыз?  

Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы,   
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.  
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,  
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.  
Туымызға жас туған,  
Бір қарамай өтпейміз.  
Сол көк тудың астында,  
Көгереміз көктейміз.  

Қатар шапқан қос тұлпар  
Ай астында қазақ үй  
Қалықтаған жас сұңқар  
Шарықтаған таза күй  

Бұл - таңбасы елімнің  
Елдігімнің белгісі  
Мұнда да бір ерлігім  
Мұнда да бар жер күші  

Қара –шаңырақ – ел күні. Асқақтатып тұр мұны  
Елтаңбасы – елдігім. Елдің тыныш тірлігі  

Ән. Елтаңбасы елімнің  
Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.   
Ақын – жазушыларымыз   
Қандай сұлу, қандай көркем,   
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.   

Әйнегі күн – шатыры аспан  
Кең дала, төсі толқыған егін.  
Көлдері көкке күмістер шашқан  
Қазақстан – Республикам менің!  

Айқаста жаудың алқымын сыққан  
Ажалға қимай намысты елін  
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан  
Қазақстан – Республикам менің   

Абай туған, Сәкен Туған  
Құрметте досттым қазақтың жерін  
Қамбаға жылда мол астық құйған  
Қазақстан – Республикам менің!  

Көгінде күн нұрын төккен  
Жерінде гүл жұпар сепкен  
Неткен сұлу неткен көркем  
Осы менің туған өлкем  

Алтын дәнді даласы бар  
Ақ күмістей қаласы бар  
Неткен сұлу неткен көркем  
Осы менің, туған өлкем!  

Ер еңбегі шалқып тасқан  
Ел еркіндей бақыт тапқан  
Неткен сұлу, неткен көркем  
Осы менің туған өлкем!  

Ән. Отаным Қазақстан!  
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген   
Жөргегімде таныстым мұң тілімен  
Жылағанда жүрегім күн тұтылып  
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген  
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.  

Біз, қазақ – мал баққан елміз  
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз  
Басымыздан құт-береке қашпасын деп  
Жеріміздің шетін жау баспасын деп  
Найзамызға үкі таққан елміз  
Ешбір дұшпан басынбаған елміз  
Басымыздан сөз асырмаған елміз  

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат  
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз.   

Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін  
Қайта тудым өмірге қайта келдім  
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске   
Айта бергім келеді, айта бергім.  

Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген  
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен   
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын  
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген  

Көк байрағын көтеріп  
Желбіреткен қазақпыз  
Түбі бірге бауырды  
Елжіреткен қазақпыз  

Бостандықты сағынып   
Қолына алған қазақпыз   
Жұлдызымыз жарқырап  
Жолы болған қазақпыз  

Би «Қара жорға»  

Туған тілім – тірлігімнің тірегі  

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс.   


Қымбат маған анам тілі, бал тілім  
Қымбат маған дана тілім, ар тілім  
Ақ сүтімен бірге сеңген бойыма  
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.  

Ана тілін жырлап өткен талайлар  
Жырлап өткен Ыбырай мен абайлар  
Қасиетті менің ана тілімде  
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.  

Ана тілім бәрін сөйлер шежірем  
Тілсіз нені білдіре алам не білем  
Тілім барда ғана мынау ғаламның  
Кілтін табар саналысы сезінем  

Өлең жырмен арайланса таң күліп  
Ардақтымды жырлап өтем мәңгілік   
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын  
Жалғастырып жаза берем мәңгілік  
Ән «Айналдым ана тілімнен»  

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік  
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан –байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады.   

Көрініс Үш бидің даналығы.   
Жерімді гүлдендірген аңыз өлкен   
Данышпан даналары аңыз еткен   
Үш жүздің басын қосып біріктірген   
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер  



Қазақ биі (Әмірбекова Ақерке)  
Отанымыздың жүрегі  
Тәуелсіздік тірегі  
Жеріміздің кіндігі  
Халқымыздың бірлігі – Астана  
Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті  
Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Бүгінгі Астана – азат елдің бас қаласы.   
Астана кеше ғана басқа қала   
Айналды бәйтеректі Астанаға  

Астана туралы өлең шумақтары  

Осынау елде бақ табам.   
Осынау елде шат балам   
Мерейін елдің артырған   
Астанам – менің Астанам  

Байтақ дала – жерім менің  
Арта берсін кенің сенің  
Көк байрағың желбіресін   
Егеменді елім менің  
Ән «Бала тілегі» (Әбдіхалықова Лиза)  

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.   

Жаса Қазақстаным,  
Жаса, менің ұлы елім!  

Астана кеше ғана басқа қала  
Айналды бәйтеректі Астанаға  
Астана қаласы – Біздің Отанымыздың жүрегі:  
Жаса Қазақстан,  
Жаса, менің ұлы елім!  

Жаса Қазақстан, жаса менің қазағым  
Артта қалды қиындық пен азабың   


Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім  
Атқан таңдай ашық болсын ажарың  

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым  
Алтын бесік байтақ дала – арманым  

Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым  
Көк аспанда желбіресін байрағың  

Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым  
Өз ұраның айтылсын өз әнің  

Ана тілдің айбыны асқақтап  
Болсын таза дін  

Батыр ұлың ел көшіп бастаған  
Жасымасын жас ұрпақ, жаса балаң 

Ашық аспан астында   
Мәртебең ассын басқадан  

Байтақ дала – жерім менің  
Арта берсін жерің сенің  
Көк байрағың желбіресін  
Егеменді елім менің  
Ән «Атамекен»  
Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Менің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты"
Смотреть ещё 5 968 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 354 369 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 17.09.2015 1461
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Косаева Айгул Жиенбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Косаева Айгул Жиенбетовна
    Косаева Айгул Жиенбетовна

    Тәрбиеші

    • На сайте: 9 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 102158
    • Всего материалов: 20

    Об авторе

    Жамбыл облысы6 Сарысу ауданы Жайылма ауылы Әйтеке би атындағы орта мектептің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Сабақтың атауы Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Есептер шығару. Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар Жалпы мақсаттар 1.Білімділік-есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту. 2.Дамытушылық-есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту. 3.Тәрбиелік-жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқыту нәтижесі Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ынтымақтастық атмосферасы Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін! Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру Қызығушылықты ояту 1. Түзудің бойынан 4 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады, егер ұштары осы нүктелер болса? (6 кесінді) 2. Алты 7-ден 100 санын жаз. (777-77):7=100 3. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады? 1 күн және түн 4-3=1 (м) 2 күн 1*2=2 3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде) 4. Есептеңдер: = ? ( -3 ) Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс. 1-топ №1,2 2-топ №2,3 3-топ 4,5 Сергіту сәті Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. Оқушылар сергіп алады Ой толғаныс Үй тапсырмасы №7 11-бетте Күнделіктеріне жазады Бағалау Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 332 893 материалы из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Психология семейных отношений

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы мерчендайзинга

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии управления рисками

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 968 курсов