Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Менің Отаным - Қазақстан" тәрбие сағаты

"Менің Отаным - Қазақстан" тәрбие сағаты


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан

Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, отан  туралы мақал-мәтелдер, гүлдер.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Формасы: тәрбие сағаты

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды  даламыз

Біз бақытты баламыз,-дей  отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты тәрбие  сағатымызды ашық  деп жариялаймыз.


Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны  орындалады.


-Балалар  ,сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

- Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атймыз.Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

-Мынау – біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт  ұшып келе жатыр.

-Мынау-елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

-Астана қаласы

-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана –бас қаламыз.

-Балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады. Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер.

- Мен сендерге сұрақтар қоямын, ал дұрыс жауап берген оқушы өзінің қоржынына ұпай жинайды.

20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
20 – Еліміздің бас қаласы
20 – ҚР президенті
50 – ҚР туының авторы
50 – ҚР елтаңбасының авторлары
50 – Әнұранымыздың авторлары
100 – Еліміздің көрікті жерлері
100 – Отан туралы өлең айт
100 - 30 тамыз күні қандай мереке аталып өтіледі?

Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік Декларациясын қабылдап жариялады. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1995 жылдан бастап Қазақстан астанасы- АСТАНА қаласы. Мемлекет – адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.

КОНСТИТУЦИЯ - мемлекеттің негізгі Заңы. Бұл Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері , Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы- Президент. ҚР тұңғыш президенті –Н. Ә. Назарбаев. Қазақстанда 16 миллионнан аса халық тұрса оның 130 әр- түрлі ұлт өкілдері. Әр халықтың тілі мен салт- дәстүрлері бар. Ал мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Қазақстанның табиғатты тамаша ,байлығы мол, жері көз жеткісіз ұлан- ғайыр.Біздің мемлекетімізде табиғатты қорғау үшін көп жұмыстар жүргізілуде. Отанды сүю- табиғатқа қамқорлықпен қарау, туған жерді бағалап сақтау. Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?

-Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер. Енді Отан туралы мақал-мәтел айтайық.

Отан –оттанда ыстық.

Отан –елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

Тілек.
(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.


Қорытынды:
Құрметті ұстаздар!Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.






























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 28.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров154
Номер материала ДВ-105148
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх