Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Менің Отаным- Қазақстан" тәрбие сағаты 4-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Менің Отаным- Қазақстан" тәрбие сағаты 4-сынып

библиотека
материалов























«Менің Отаным- Қазақстан»



















Сынып жетекші: Жақсыбаева А.У.

















Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін, Ата заңын қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, Ата заң суреті, қанатты сөздер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Түрі: сынып сағаты
I. Кіріспе.

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды  даламыз

Біз бақытты баламыз, - дей  отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты сынып  сағатымызды ашық  деп жариялаймыз. Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Қазақстан Республикамыздың Ата заңына 20 жыл толып отыр.

Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны  орындалады.

- Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?

- Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

-Мынау – біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт  ұшып келе жатыр.

-Мынау-елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

-Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала?

-Астана қаласы

-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана – бас қаламыз.

Мұғалім: - Балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады. Рәміздерімізді үлкен де, кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды  біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер. Қазақстан республкасының рәміздері туралы  кім тақпақ біледі?

1-оқушы:

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

2-оқушы:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны  халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз  -Қазақстан. Халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?

3-оқушы: Отан деген менің үйім,туған жерім.

4-оқушы: Менің жүрегім Отан деп соғады.

5-оқушы:

Азаматқа лайық,

Отанымның ұлымын.

Отанымды қорғайтын,

Азаматтың бірімін.

Отан деген – Атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан –ана,отан –үлкен,

Қазақстан – туған ел.

Мұғалім: - Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

IІ. Ой қозғау.

Мұғалім: - Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.

Ата Заң Ата Заңым, Алтын Заңым – ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын.

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.

Алтын Заңда – Парасатым, пайымым.

Алтын Заңда - Күш – қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн. (Балалардың жауабы тыңдалады)

IІІ. Кім біледі?

Мұғалім: - 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)

- 1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)

- Конституция туралы не білесіңдер?

VI. Жаңа сабақ. «Санаға сапар»

Мұғалім: - Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995) Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру

1 – бап: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

7 – бап: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – Қазақ тілі.

27 – бап: 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. 3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

30-бап: 1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 – бап: Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

- 1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыта қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды. Суы мол, топырағы құнарлы, жер жанаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды. 
6- оқушы: 
Біз қазақпыз! 
Ежелден-ақ қазақ болып аталған 
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң. 
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от 
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан 

V. Қорытындылау. ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.
































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров472
Номер материала ДВ-152283
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх