Инфоурок / Другое / Конспекты / Менің – Отаным Қазақстан туристік экспедициямен танысу
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Менің – Отаным Қазақстан туристік экспедициямен танысу

библиотека
материалов

Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: «Менің – Отаным Қазақстан» туристік экспедициямен танысу

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның туристік мүмкіншіліктерімен оқушыны таныстыу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – Қазақстанның географиялық ерекшелігін аңғара білу

Тәрбиелік – Елжандылық сезімдерін нығайту;

Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.

Құрал-жабдықтар: суреттер

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды.

Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т.б.

Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, “Тұран” университетінде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.

Туристік нысандар

Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.

Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді: табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық, тәуеп ету

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы КөкшетауБурабайБаянауылЕрейментауШығыс Қазақстан аумағындағы ЗайсанМарқакөл, қазақстандық АлтайОңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-ШаньАлтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы ҮстіртМұғалжарКаспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы ҚарқаралыҚызыларайБектауатаҰлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, ТүргенЕсікТалғар, Алматы, ҚаскелеңШамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.

Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.

Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған ТәукеТәуекелЖәңгір, Есім, АбылайҚазыбек би жерленген.

Қазақстанда ОтырарСарайшықСайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.

Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейісова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады.

Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты – палеонтолық) және Шарын өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т.б.

ІІІ. Қорытынды. Оқушылардың ойын білу
















Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Жалпы туризм туралы түсінік. Туризм түрлері

Сабақтың мақсаты: Жалпы туризм туралы түсінікті оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – Туризмнің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда айыра білу

Тәрбиелік – Туризмге деген ерекшелікті өз бойларынан да таба білулеріне жол ашу;

Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.

Құрал-жабдықтар: суреттер

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларын түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді.

Туризм кез келген мемлекет үшін экономикалық қарқыны төмендемейтін саласы болып келеді. Себебі, туризм экономикалық жағдайдың жақсаруына үлкен ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде пайдалы қазбалар қоры жоқ көптеген мемлекеттер туризмді дамыту арқылы үлкен пайдаға кенеліп отыр

Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.

1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.

2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.

3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives – деген атпен таныс). Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.

4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.

5. Экономикалық туризм — бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.

6.Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін.

ІІІ. Бекіту.

Туризм деген не? Туризмнің қанша түрі бар?

ІV. Қорытынды. Оқушылардың пікрін анықтау.

Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Өлкеміздің тарихи табиғи ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: өлкеміздің тарихи табиғи ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – Жезқазған өңірінің тарихы мен табиғаты жаынан өз білімдерін толықтыру

Тәрбиелік – Ұлт жандылық сезімдерін нығайту;

Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.

Құрал-жабдықтар: суреттер

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:

1.Жезқазғанның өңірінің табиғатына, шығу тарихына тоқталып өту.

2. Ұлытаудың тарихын айтып өту

3. Ұлытадың табиғатына толық мәлімет беру.

Жезқазған өңірінің табиғаты дегенде – Ұлт ұясына айналған Ұлытау еске алынады.

Ұлытау өзінің жер бедерімен, терек - қайыңымен Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралының шипажай орындарын еске салады. Бұл өңір Қазақстанның тарихи орталығы десек те болады. Қазақтардың бүкілдүниежүзілік құрылтайында форумға қатысушылар ең әуелі қазақ халқының осы қасиетті орнына баруды қалағаны да тегін емес. Сол күндері Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев осында қазақ мемлекетінің калыптасуындағы Ұлытаудың тарихи рөлін құрметтеп, ескерткіш-белгі орнатуға қатысты.

Ұлытау — шын мәнінде географиялық феномен. Терістік дала мен түстік шөлдің арасындағы таулы-ойпаңды бұл өлке жол тартып келе жатқан жүргіншілерге қайнары - салқын суын, терегі мен ақ қайыңы көлеңкесін сыйлайды. Ұлытауда жүзіктің көзіндей әдемі-әдемі көлдер бар. Көктем сайын Барақкөл, Қоскөл, Ащыкөл, Құркөлдерге Үндістаннан, Жерорта теңізінен, Азия, Африка жағалауларынан оралған құстар жыртылып айырылады. Осы арадан ақбөкендердің де жосылған жолдары кес-кестеп өтіп жатыр.

Құрлықтың ортасында, Еуразия кіндігінде орналасқандықтан Ұлытау ауданының ішкі суы тұйық алабта жатыр. Тек Терісаққан өзені ғана Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын өзендердің саласы болып табылады. Сулары жазда тартылып, кесіліп қалса да, Ұлытаудан бастау алатын өзендер көп. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Сондай-ақ аудан аумағында үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы көлдер де аз емес.

Ұлытау жерінің өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары негізінен қар еріген кезде толығып тасиды. Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары арасында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық су қорының 80-90 пайызы ағады.

Өлкедегі ең үлкен өзен – Қаракеңгір. Оның ұзындығы – 350 км, алқабының ауданы – 16700 км, орташа жылдық ағын мөлшері секундына 2,1 текше метрге жетеді. Терісаққан өзені Желдіадыр тауынан бастау алып, әрі қарай көршілес Ақмола, Қостанай облыстары аумағымен ағады. Ұлытау жерінде жағалары тік, тау шатқалдарының арасы болып келеді де, әрі қарай Теңіз-Қорғалжын ойпатынан өткеннен соң, аңғары кеңейе бастайды.

Ұлытаудың оңтүстік-батысынан басталатын үлкенді-кішілі өзендердің барлығы Арала алабына жатады. Тау шатқалдарынан басталатын осы өзендерді тау жоталары бірненше тұйық алабтарға бөліп тастайды. Торғай өзенінің ең басты салалары: Сарыторғай, Қараторғай, Жалдама Торғай, Сабасалды Торғай, Қарынсалды Торғай, Ашудасты Торғай, Ақтасты Торғай және т.б.

Қарсақпай қыратының әр жерінен басталатын өзендер: Байқоңыр (Бұланты), Білеуті , Қалмаққырылған, Қияқты, Қимықы, Жимықы және т.б., біразы тасығанда Шұбар-Теңіз көліне құяды. Ұлытау жерімен Сарысу секілді үлкен өзеннің орта ағысы ғана өтеді. Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жезді өзендері Жезқазған қаласының маңында қосылып, Сарысуға сала болып құяды. Оның ағысына елеулі екпін береді.

ІІІ. Қорытынды.

Оқушылар ойын анықтау



Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Қалалық археологиялық мұражайға саяхат

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мұражай арқылы Жезқазған қаласының тарихымен және жалы азаматын тарихымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – адамзаттың шығу тегі, қазақ елінің қалыптасуы, Жезқазғанның тарихымен таныстыру.

Тәрбиелік – ұлт жандылық сезімді нығайту;

Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.

Құрал-жабдықтар: суреттер, экспонаттар.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы тұңғыш рет 1978 жылы мамыр айында келушілерге есігін айқара ашты. Ал, мұражайдың қызметі жайлы айтар болсақ, екі қабатта орналасқан 13 тақырыптан тұратын экспозициялық көрмеде аймағымыздың тарихынан мол деректер беретін жәдігерлер орналасқан. Атап айтқанда палеонтология бөлімінде осыдан 1 млн жыл бұрынғы акула тістері, мамонт азу тісі, динозавр сүйектері, алып мүйіз тұмсықтар, осыдан 37,5- 25 млн жыл бұрын өмір сүрген парацератерийдің Жәйрем кентінен табылған аяғы, тасқа айналған ағаш секілді баға жетпес жәдігерлер бар. Тарихи хронологияны сақтай отырып орналасқан геология және минералогия бөлімінде марганец, барит, мыс, тау хрусталі, халькопирит, вольфромит, сияқты Жезқазған аймағының табиғи қазбаларының байлығы көрсетілген. Табиғат бөлігінде Ұлытау- Жезқазған аймағынан Қызыл кітапқа енген ақ қоян, елік, құмтышқан, арқар, кекілік, түлкі, күзен, қарсақ, бозторғай, жабайы шошқа секілді жануарлар әлемінің диарамасы орналасқан. Археологиялық көркемдегі тас дәуіріне арналған еңбек құралдары, палеолит, неолит дәуірі ескерткіштері, қыш ыдыстар, садақ жебелер ежелгі дүние дәуіріндегі аймақ өмірінен мол мағұлмат береді. Мәдени- архитектуралық ескерткіштер Алашахан, Жошыхан, Аяққамыр күмбездерінің макетінің көшірмесі де біздің мұражайда орналасқан. Мұражайдың ерекше қымбат бұл жәдігерін мұражай суретшісі, бөлім меңгерушісі, «Алтын қобыз» сыйлығының иегері Өтеген Ахметұлы жасаған. Этнографиялық көрменің ең құнды заттары ас үй заттары: мес, торсық, дән үккіш, келі-келсап секілді заттар Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, суретші Ерғазы Исатаевтың қолынан қайта өңделіп, келушілер назарына ұсынылып отыр. Мұражай көрмесін тамашалауға келген шетелдік қонақтардың Өтеген Ахметұлы мен Ерғазы Исатаевтың қолынан шыққан еңбектерге таңдай қағуы, суретшілердің дарындылығы мен еңбекқорлығын айғақтай түседі. Ұлытауда орналасқан «Мемлекет тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірлігі» монументінің көшірмесімен аяқталатын мұражайдың бірінші қабаты еліміздің ежелгі дүниеден бастап орта ғасырлардың кейінгі аралығынан мол деректер береді.

Қазақстанның жаңа замандағы және қазіргі уақыттағы тарихына байланысты көпетеген құнды жәдігерлер бар. Қазақстан тарихының бұл кезеңдері жайлы мұражайдың екінші залындағы жәдігерлер сыр шертеді. Қазақ хандығының құрылуы, хандар шежіресі, қазақ батырының қылышы мен найзасы, шоқпары мен қалқаны, қанжары, сауыты да мұражайдың алтын қорының жәдігері болып табылады. Ұлттың азаттығы үшын күрескен Кенесары ханға арналған көрме келушілердің ерекше назарын аударады. Тарихи және көркемдік ерекшелігін сақтай отырып жасалған Кенесарының қамалға шабуылы бейнеленген диарама оқиғаны мүмкіндігінше дәл берген. Бұл диараммадағы көріністер көтерілістің бір кезеңдері осы өлкеде өтуімен байланыстырылған. Атбасар мен Ақмоланы бетке алғанда Ұлытау, Қаракеңгір арқылы Кеңгір өзенін жағалай жүргені ақиқат. Диарама осынысымен де құнды. Келесі бөлімде аймағымызға 20-шы ғасырдың бас кезінде келіп орныға бастаған ағылшын капиталистерінің табиғи қазбаларды игеру тарихы туралы көрністерді қамтиды. Қазақтардың жұмысшы тобына енді қосыла бастаған уақыты да дәл осы уақыт. Мұражай қызметкерлері қазақ жұмысшыларының ауыр тұрмысын суреттеп көрсетуге барынша күш салғанын осы көрмеде анық көруге болады. Шахта астынан кен таситын арбаның доңғалағы, ағылшын капиталисінің «Павел Бурье» атты қабырға сағаты, Қарсақпайда орналасқан кеніш басқармасы үйінің суреті берілген көрме мұражай қонақтарын қызықтыра түсуде. Кеңес үкіметінің орнауымен қатар келген саяси өзгерістерге арналған көрме қазақ халқының бастан кешкен ауыр нәубеті 1932 жылғы ашаршылық, сталиндік репрессия құрбандарына арналған жәдіргерлер көрмесі мұражайдағы кейіннен тың өзгерістермен толыққан көрме болып саналады. И.Пенчуков жасаған Степлаг картасы, фотосуреттер көремінің басты жаңалығы болып табылады.

Қала тарихына қатысты тың деректер жинастырылған.

Тек қана табиғи қазба байлықтарға ғана бай емес халқына қалаулы, еліне елеулі ардақты азаматтарымызға да бай. Жезқазған қаласының аяғынан нық тұруына дамуына, қалыптасуына аянбай еңбек еткен қаланың алғашқы құрылысшыларының еңбегі орасан зор. Мұражайдың «Жезқазған қаласының қалыптасуы мен дамуы» атты экспозицияда қала тарихына қатысты құжаттардың түпнұсқалары, қаланың алғашқы кезеңдегі фотосуреттері бізде толық сақтаулы. Жезқазған қаласы орналасқан аумақтың 1937 жылы түсірілген фотосы қала тұрғындары мен келушілердің басты назарын аударатын жәдігер болып саналады. Мұражайға келуші қонақтар өздері туған қаланың осыдан 65 жыл бұрынғы өмірін салыстыра, қызықтап қарайды. Жезқазған өңірі тегіне тартып текті туған азаматтармен де әйгілі. «Ұлы дала ұландары» деп аталатын бөлімде Ө.Байқоңыров, Ә.Иманғалиев, М. Әуезов, Ж. Наурызбай сияқты азаматтардың өмірі мен қызметіне арналады. Ал «Жезқазған қаласының Құрметті азаматтары» атты жоба аясында жасалған экспозицияда қаламыздың 196 құрметті азаматтардың суреттері қойылды. Ғарышкерлер, қаламгерлер, ақындар мен жазушылар, соғыс ардагерлерінен тұратын тізімді қаламыздың ең алғашқы Құрметті азаматы Қ.И Сәтпаев бастап тұрғанын мақтанышпен атап өте аламын.

ІІІ. Қорытынды.

Оқушылардың көңіл-күйін анықтау және пікір алмасу.



Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Өлкеміздің туристік мүмкіншіліктері

Сабақтың мақсаты: өлкеміздің туристік мүмкіншіліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – өлкеміздің туристік ерекшелктерін айта отырып, тарихымызбен танысу.

Тәрбиелік – ұлт жандылықты нығайту;

Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.

Құрал-жабдықтар: суреттер

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Сарыарқа ежелгі заманның сырларын ішіне бүккен шежірелі өлке. Ол өзінің тарихи мәдени және археологиялық, архитектуралық ескерткіштерінің көптігімен, әсем табиғатымен қызықтырады. Өңірімізде туристік саяхат жасап, сол арқылы тарихымызбен кеңінен танысуға болатын тарихи – мәдени ескерткіштер молынан кездеседі. Сондай тарихи - мәдени мәні зор ескерткіштердің бірі Алашахан мазары болып табылады.

Алашахан мазары ХI- ХII ғғ., Ұлытау аспанының астында жатқан ашық музей сияқты тарихи ескерткіш нұсқалары Сарысу, Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендерінің бойынан, сағаларынан, тарамдарынан көптеп кездеседі. Солардың бірі Қаракеңгірдің Сарыкеңгір өзеніне қияр жерінде орналасқан Алашахан мазары. Алашахан мазарының жасалу тарихы, құрылыс ерекшеліктері және салынған ерекшеліктері, жағынан Қазақстандағы ең бағалы ескерткіштер қатарынан орын алады. Ғалымдардың жорамалдауынша оның салыну мерзімі 11-12 ғасырлар шамасы. Алашахан мазарының осы аймақтағы ең үлкен сәулет ескерткіші екенін байқауға болады. XI-XII ғасырларда Ұлытау топырағына мейлі тізесі батсын, мейлі қадірі артсын, әйтеуір осынша көңіл бөлініп, құрмет көрсететіндей ол кім еді? Күні бүгінге дейін қазақ арасында Алашахан, Алаш есіміне қатысты айтылатын, аңыз-әңгіме сан алуан.

Жошыхан мазары ХIII ғ., Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағалауында Жезқазған қаласынан 45 км.жерде орналасқан. Бір камерлік портальды күмбезімен биіктігі 8 м болады. Жошыхан мазары Алашахан мазарына ішкі құрылысы жағынан ұқсастығы бар бұрыштары және ішкі жағынан қарағанда күмбездерді айналдыра қаланған қатты қыздырылып күйдірілген кірпіштермен қаланған. 13-ғасырдың басында Шыңғысханның манғол жерінде үлкен империясы құрылды. Шыңғысхан өзінің жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп енші ретінде берген еді. 1226 жылы Жошыханның қайтыс болған. Жошыханның мазары 13- ғасырда қаланған.

Домбауыл кешені – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші.
Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Кенгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан. 1946-1947жж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Домбауыл кешенінен 4 км төменде әйгілі Жошы хан күмбезі бар. Домбауыл есімі тарихи жазбаларда, аңыз әңгімелерде көптеп кездеседі. Бір аңыз бойынша ол Шыңғысханның әкесі делінсе, енді бірінде Жошыханның сарай күйшісі немесе батыр-мергені болған деп айтылады. Жалпы биіктігі  6 м. Домбауыл кесенесі тас қалаудың қола дәуірінде қалыптасқан ежелгі дәстүрінің жалғасы екенін көріп, тарихқа көз жүгірте аласыздар. 

Теректі Әулиеге келген адамдардың көпшілігі бұл жерлерде күшті табиғи энергетиканың барын айтады. Мұнда күн энергиясының ағылы күшті, әсіресе суы емді, ол түрлі тау жыныстарынан, кварц және шақпақ тастардан өтіп келіп, адамды көптеген аурудан жазылатынын білген.Қала жұртшылығы, қаламызға келген қонақтар, оқыушылар мен студенттер және де көптеген мекеме ұжымдары Теректі Әулиеге жиі барып тұрады.

Аяққамыр мазары шамамен 14- ғасырдағы Құтлық Темір мазары деп аталған деген болжам бар. Аяққамыр мазары Жезді өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Аяқамыр мазары жайлы Шоқан Уалиханов өз еңбектерінде атап кеткен болатын. Мазар портальды күмбезді күрделі құрылыстар қатарына жатады.

ІІІ. Қорытынды.

Оқушы пікірін анықтау.







Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Туристік топ, міндеттері, жорық құжаттарын толтыру.

Сабақтың мақсаты: туристік міндеттерін, топтарын оқушымен толық таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – міндеттерін анық білу, толтыру.

Тәрбиелік – топпен жұмыс істеуге үйрету

Дамытушылық – жанашарлық, топпен қарым-қатынасты дамыту.

Құрал-жабдықтар: суреттер

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Топ құрамын анықтау

Жас мөлшері, мүдделері, көзқарастары, техникалық, физикалық дайындық дәрежесі жақын болғаны жақсы.

Спорттық топ болса, жорықтың күрделілігіне орай қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптарға, ережеге сәйкес топ құрамы анықталады.

Ереже бойынша, 1-2 күрделілік дәрежесіндегі жаяу, тау, су, велосипед жорықтарының топ құрамы 4 адамнан кем болмауы керек. Шаңғы туризмінің 2 дәрежелік, жаяу, тау, су, велосипед 3 дәрежелік жорықтарының топ құрамы 6 адамнан кем болмауы керек.

Топ тым үлкен болса да жорық қиындап кетеді.

Саяхатқа қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптар

Топ жетекшісі бұрын осы күрделілік дәрежедегі саяхатқа қатысып, одан бір дәреже төмен жорықты бұрын басқарған болуы тиіс.

Қатысушылардың тәжірибесі жорық күрделілігіне сәйкес болуы крек.

Топ ішіндегі міндеттер

Алдымен міндеттерді тағайындау қажет.

Топ жетекшісі дайындықты, шынығуды басқарады, маршрут әзірлеу мен оның құжаттары үшін жауап береді, саяхатқа ресми рұхсат алады. Жорықта ол басшы, бұйрықтары екі қайталанбай орындалуы міндет.

Жетекшінің орынбасары тәжірибесі бар туристердің арасынан таңдалады. Жетекші шешімдеріне сәйес әрекет орындағандықтан, оның да бұйрықтары орындалу қажет.

Шаруашылықты меңгеруші(завхоз) тамақ пен жабдықталуға жауап береді, олардың есебін жүргізеді, жүктерді(тамақ пен құралдарды) рюкзактар бойынша таратады, ас мәзірін(меню) жасайды, жолда ас қорын толтыру мәселесін шешеді.

Қазынашы жорық алдында ақша жинайды, оны өзі сақтайды немесе сақтау үшін туристердің арасында таратады. Барлық қаржы есебін жасайды.

Санинструктор(фельдшер) дәрі қорапшасын қалыптастырады, оны алып жүреді. Санитарлық-гигиеналық ережелер орындалуын қадағалайды, қажет болса, ағашқы медициналық жәрдем береді.

Күнделік жүргізуші барлық оқиғаларды, жолдағы мәліметтердің барлығын жазып отырады. Топ күнделігіне топтың басқа мүшелері де өздерінің жазуларын қосады.

Фотограф немесе сүретші жорықты толығымен фото немесе сүретпен көрсетеді.

Жөндеуші(ремонтник) сайман мен материалдар үшін жауап береді, құрал-жабдықтарды жөндейді.

Жорықта бивак жұмыстарын, отын жинау, тамақ пісіру, басқа жұмыстарын кезекшілер орындайды.

Қажет болса, түнгі кезек болады.

Жорыққа дайындалған кезде де туристер әртүрлі міндеттер орындайды. Апта сайын олар кездесіп, жасалған жұмыс, мәселелер туралы ақпаратпен алмасу керек.

ІІІ. Қорытынды.

Оқушылар міндеттін бөліп беу, топ құру







Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Жорық жоспарын, қозғалыс графигін, шығын сметасын жасау.

Сабақтың мақсаты: Жорық жоспарын, қозғалыс графигін, шығын сметасын жасауды үйірмешіге үйрету

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – жоспарлай білу, қағазбен жұмыс істей білу.

Тәрбиелік – жоспармен қозғала білу;

Дамытушылық – алдын ала жоспар құру, қатемен жұмыс істей білуді дағдылану.

Құрал-жабдықтар: суреттер, кестелер, сызбалар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Маршрутты әзірлеу

Машрутты әзірлеу туризм түріне, мақсатына, жыл мезгіліне, туристер тәжірибесіне, т.б. факторларға байланысты.

Маршруттың тактикалық схемалары мынадай болады:

- сызықтық(линейная);

- айналмалы(кольцевая);

- радиалды және оның варианттары;

- түйдектелген(комбинированная).

Маршрут күрделілігі біртіндеп қиындау керек, мысалы, 1 дәрежелі жорықта қатысқандар 2 дәрежеден өтуді көздеуі мүмкін және т.с.с.

Маршрут ауданын зерттеу

Туристер алдын ала саяхат ауданының географиялық, тарихи, әкономикалық және т.б. ерекшкліктерін зерттеу қажет. Ол үшін көркем және ғылыми әдебиеткөздерін, географиялық сүреттемелер мен анықтамаларды, метеорологиялық байқауларды, бұл ауданда болған туристік топтардың есептерін оқып, қарап шығу қажет.

Туристер ауданның жер бедерін, ауа райы көрсеткіштерін, өзен мен көлдердің лоцияларын, ауа райы болжамын, экскурсиялық нысандардың орналасуын, көрінісі әдемі нүктелерін алдын ала біліп алуы керек.

Осымен қатар, барлық қажетті құжаттар мен рұхсаттарды дайындап қою керек.

Ауданды зерттеу қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де керек.

Маршрутты безендіру

МКК рұхсатын алу үшін алдын ала арнайы құжаттарды бір ай бұрын беру керек:

Саяхат жоспары. Жорық мақсаты, жолдағы жұмыстар, экскурсиялық нысандар, т.б.

Қатысушылар тізімі. Жас мөлшері, қызмет орны, құжат туралы мәліметтер, үй мен жұмыс мекенжайы, туристік тәжірибе, дәреже, өтілген маршруттар мен олардың ауданы, күрделілік дәрежесі, кім ретінде өтті, т.б. Жетекші, сонымен қатар, нақты қандай жорықтарын басқарғанын белгілейді.

Қозғалыс графигі. Аталған топтың ықтимал жылдамдығын, жолдағы кедергілерін, нысандарын, жүк салмағын, физикалық хал-күйін ескере тұра, картада қозғалыс графигін белгілейді.

Шаңғы, жаяу 1 дәрежелі жорық графигі шамамен мынадай болуы мүмкін: 1-ші күн – 15км, 2 – 20км, 3 – 20км, 4 – 20км, дневка, 20, 25, 25, 20, 15км.

2 дәреже – 1-2 демалыс жоспарланады: 15, 15, 20, 20км, дневка, 20, 20, 20, 25км, дневка, 25, 25, 25, 20км.

3 дәреже, әсіресе шаңғы жорығы: 10, 15, 20км, дневка, 20, 20, 20, 20, 20, 20км, дневка, 25, 25, 25, 25, 25, 15км.

Жалпы ереже: жүктің ауыр болғандығынан және қатысушылардың бейімделмегендігінен бірінші күндері жол онша алыс емес. Бірінші демалыс үш күннен кейін болады, себебі – құрал-жабдықтарды жөндеу және өзіне дәлдеу керек болады. Екінші жартысында жүктемесі үлкен. Соңында километраж төмендейді – уақыт резерві болуы керек.

Құрал-жабдықтар тізімі. Топтық, жеке құрал-жабдықтар мен сайман.

Маршрут схемасы. Жоспарға жорық жолыың схемасы келтіріледі. Схемада жолы, түнеу мен дневка демалыстарының орны көрсетеледі. Қосымша маршрут схемасы да көрсетіледі. Масштабтары бірдей болу керек.

Схемаға қосымша жолдың ең қиын жерлерінің сүреттемелері мен олардан өту әдістері көрсетіледі.

Тамақтандыру. Әралуан азық-түлік энергиялық құнын, олардағы ағуыз, көмір-су, май, витамин үлестерін, маршрутта жұмсалатын энергия мөлшерін біле тұра, тамақ рационы жасалады. Мұнда туризм түрі, жыл мезгілі, маршрут күрделілігі, қаржының болуы, қажетті азық-түлік ассортиментінің болуы ескеріледі.

Тамақтандыру құжатында бір адамға және топқа келетін тамақ салмағы мен бағасы, жорыққа дейін сатып алынған және жолда сатып алуға жоспарланған тамақ тізімі келтіріледі.

Смета(шығын есебі). Барлық шығындар есептеледі. Қосымша тағы 10-15 % ақша қоры болу керек.

Байланыс тәртібін алдын ала ойластыру керек, Бақылау(контроль) нүктелері мен мерзімдері көрсетіледі..

Қаүіпсіздік мәселелері.

Жорыққа 1-2 апта қалғанда топ рұхсат алу керек. Рұхсаты маршруттық кітапша немесе парақ ретінде беріледі.

ІІІ. Қорытынды.

Әр оқушының істеген жұмыстарына баға беру.

Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Рюкзак ішіне қажетті заттар мен азық – түлікті орналастыру тәртібі.

Сабақтың мақсаты: оқушаларды рюкзак таңдауға және омен жұмыс істете білу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – сапалы рюкзак таңдау;

Тәрбиелік – азық-түлікті ұқыпты орналастыру;

Дамытушылық – өзінің көмегіне молынан жүгіне білу;

Құрал-жабдықтар: рюкзак

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Рюкзакты таңдау.  Қазірдің өзінде көне заманда, адам олармен қажетті заттарды өткізу, жаяу қашықтықты жеңуге болды. Ал уақыт рюкзактар ​​жабдықтар мен жүктерді тасымалдау үшін ең ыңғайлы жолы болып табылады деп дәлелдеді. Ежелде адамдар «рюкзактар» сұрыптау қолданылады. қазіргі заманғы рюкзактар ​​арнайы үлгілік тораптары бойынша қап ішінде және сыртында жабдықтар қойып, бірнеше километр арақашықтықтан күш жұмсамай, оны асыруға мүмкіндік беретін жүйесі.

Сіз рюкзактар ​​функционалдық және көлемі шеңберінде қалалық, шабуыл және экспедициялық бөлінеді екенін білуі керек. рюкзактар ​​жобалау қалтасына немесе онсыз жүктеу камераны, шетел үлгідегі үшін қосалқы бөлшектер, рюкзактар ​​мен әбзелін жабу клапаны кіреді. Loading камера оларға тұру қажетті және тез қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Ол бір-көлемі мен екі томдық болып табылады.

Екі томдық камерасына екі бөлімі бар: екінші, ал бірінші жасағы, ең бастысы үйлеседі - жатын қап. Омыртқа, оның артқы және жүктеме дұрыс бөлу туралы Ыңғайлы орналасуы мен тығыз рюкзактар ​​аспа жүйесін қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні ол кеңінен қолданылатын анатомиялық, жартылай қатты, реттелетін подвеска жүйелер болып табылады. Олар қатаң бронды деп аталатын элементтер мен иық баулар тұрады. Plate нысаны омыртқа профилін қайталау және артқы рюкзактар ​​бойынша арнайы қалтасына енгізіледі.

Дорбаға және желдетілетін артына ыңғайлы мақсатын қамтамасыз жұмсақ бронды өндірме үстіне орналасқан. Әдетте тізе белдеуін омыртқа бастап жүктеме қайта қамтамасыз жабдықталған ұзақ жорықтар арналған рюкзактар ​​саяхат. Принципіне негізделген туристік рюкзактар ​​таңдау: неғұрлым қымбат сөмке, жақсы ктелген «артқы жағында отырған» болады, және оған қозғалудан соншалықты ыңғайлы. Рюкзактар ​​сатып алу мүмкін ең төменгі бағасы оның ең ыңғайлы арасындағы ымыраға іздеу Сондықтан табылады.

Сапалы жақсы рюкзактар ​​бірнеше шарттарын қанағаттандыратын:

1. қалың нейлон жақсы материалдық Cordura жасалуы керек. 

2. жартылай қатты анатомиялық реттелетін аспа жүйесін міндетті болуы. 

Қымбат және «сәнді» болуы мүмкін. Қандай да рюкзактар, ол дұрыс орнықтыру қабілетті болуы тиіс, және бұл тұтас ғылым болып табылады. Рюкзактар ​​кемпингтер жабдықтарды дұрыс позициялау, жылжыту омыртқа жүктемені азайту және артқа шамадан тыс шаршау арылуға жайлылықты қамтамасыз етеді.Заттар төсеу кезінде бірнеше ережелерді орындаңыз:

- Ең қиын нәрсе жақын артқы қойды. 

- Арнайы бөлімде, қап түбінде орын. 

- Жүктеме негізгі салмақ иық деңгейінде және сәл төменде орналастыру керек.

Орнату кезінде рюкзактар ​​Backpacking ол бұрын «тақырыптар» (және т.б. азық-түлік, киім, жатын, дауыл киім) заттарды қоюға жеңіл матадан жасалған арнайы орау сөмкелер, пайдалану ұсынылады. Сондықтан Сіз айтарлықтай төсеу және көрінетін нәрселер ықпал етуі мүмкін. Дұрыс салынғанына рюкзактар ​​тікелей артқы жағында орналасқан және ол жаяу түзету қажет емес.

Рюкзакқа заттарды дұрыс орналастыру практика жүзінеде көрсетіледі.

ІV. Қорытынды.

Оқушыларды практикалық түрде рюкзакпен жұмыстарын тексеріп, баға беріп өту.







Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Аялдау және түнемелік орындарға қойылатын негізгі талаптар

Сабақтың мақсаты:Аялдау және түнемелік орынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді меңгерту

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – өз өміріннің қауіпсіздігіне молырақ сену ;

Тәрбиелік – алыс жорықтарға шыққанда өзін-өзі тәріпті түрде ұстай білу;

Дамытушылық – өзінің көмегіне молынан жүгіне білу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: Жеке және топтық туристік құрал –жабдықтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Аялдаулар және түнеу орындары "Түнеу орны" - туристік шаруашылықтың негізгі элементі, оның ішіне туристердің түнеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасайтын обьектілер мен құрылғылар жиынын жатқызуға болады. Оны екі түрде қарастыруға болады: түнеу мекемелері (қонақ үйлер, турбазалар, демалыс орындары, пансионаттар, мотельдер) және лагерлер (кемпинг, палаталар қалашығы). Қолданыс ерекшелігіне байланысты: жыл бойғы және маусым аралық; қызмет көрсету жағынан - ашық (бәріне қол жетерлік) және жабық (арнайы тұтынушылар тобы). Түнеу орындары мемлекеттік немесе жекеменшік (тұрғылықты халықтың пәтерді жалға беру) болуы мүмкін. Түнеу орындары сияқты жыл бойғы немесе маусым аралық болып бөлінеді; қызмет көрсету жағынан - ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, жекеменшік немесе өзге меншік басшылығында болуы мүмкін. 51. Лагерь (бивак) ұйымдастыру тәртібі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету Таудағы бивак орналастыру ережелері: 1. Сайдың астында, шөгінді жартас астында, қар көшкіні болатын жерде, өзен арнасының жанында, қар карнизінің астында орналастыруға болмайды. 2. Желден, өрттен, суықтан қорғану шараларын жасау. 3. Палатканы мықты бекіту.  Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, жаттығу орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу. Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді: 1 топ: табиғи қауіп-қатерлер; 2 топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі; 3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау; 4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік. Табиғи қауіп-қатерлері: жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы, мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері; ауа райының қолайсыздығы – жел, найзағай, ауа температурасы мен ылғалдылығының шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сәулелері, қараңғылық.

ІІІ. Қорытынды. оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.














Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Жаттығу жорығы: қозғалыс тәртібі.

Сабақтың мақсаты: қозғалыс тәртібін үйірмешіге үйрету .

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – жоспарлай білу, қағазбен жұмыс істей білу.

Тәрбиелік – жоспармен қозғала білу;

Дамытушылық – алдын ала жоспар құру, қартемен жұмыс істей білуді дағдылану.

Құрал-жабдықтар: суреттер, кестелер, сызбалар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Қозғалыс графигі. Аталған топтың ықтимал жылдамдығын, жолдағы кедергілерін, нысандарын, жүк салмағын, физикалық хал-күйін ескере тұра, картада қозғалыс графигін белгілейді. Шаңғы, жаяу 1 дәрежелі жорық графигі шамамен мынадай болуы мүмкін: 1-ші күн – 15км, 2 – 20км, 3 – 20км, 4 – 20км, бір күнгі демалыс, 20, 25, 25, 20, 15км. 2 дәреже – 1-2 демалыс жоспарланады: 15, 15, 20, 20км, бір күнгі демалыс, 20, 20, 20, 25км, бір күнгі  демалыс, 25, 25, 25, 20км. 3 дәреже, әсіресе шаңғы жорығы: 10, 15, 20км, бір күнгі демалыс, 20, 20, 20, 20, 20, 20км, бір күнгі демалыс, 25, 25, 25, 25, 25, 15км. Жалпы ереже: жүктің ауыр болғандығынан және қатысушылардың бейімделмегендігінен бірінші күндері жол онша алыс емес. Бірінші демалыс үш күннен кейін болады, себебі – құрал-жабдықтарды жөндеу және өзіне үйлестіру қажет болады. Екінші жартысында жүктемесі үлкен. Соңында километраж төмендейді – уақытқоры болуы керек. Құрал-жабдықтар тізіміне  топтық, жеке құрал-жабдықтар мен сайман кіреді. Құрал-жабдықтар тізімі жорықтың түріне, мақсатына, қиындығына сәйкес болуы қажет. Маршрут схемасы. Жоспарға жорық жолыың схемасы келтіріледі. Схемада жолы, түнеу мен бір күнгі демалыстарының орны көрсетеледі. Қосымша маршрут схемасы да көрсетіледі. Масштабтары бірдей болу керек. Схемаға қосымша жолдың ең қиын жерлерінің сүреттемелері мен олардан өту әдістері көрсетіледі.Тамақтандыру. Әралуан азық-түлік энергиялық құнын, олардағы ағуыз, көмір-су, май, витамин үлестерін, маршрутта жұмсалатын энергия мөлшерін біле тұра, тамақ рационы жасалады. Мұнда туризм түрі, жыл мезгілі, маршрут күрделілігі, қаржының болуы, қажетті азық-түлік ассортиментінің болуы ескеріледі. Тамақтандыру құжатында бір адамға және топқа  келетін тамақ салмағы мен бағасы, жорыққа дейін сатып алынған және жолда сатып алуға жоспарланған тамақ тізімі келтіріледі.

ІІІ. Қорытынды. Практикада барлық әдіс-тәсілдерді бақылап, жіберген қателерді талқылау






Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Жорықты қортылындылау.

Сабақтың мақсаты: оқушаларды жорықты қортындылай білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – болған оқиғыдан қортынды шығаруға үйрету;

Тәрбиелік – өз ойын ашық айтуға жетелеу;

Дамытушылық – өзіне сенімдірек болу;

Құрал-жабдықтар: суреттер, кестелер, сызбалар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Саяхат қорытындысын жасау

Жорықтан кейін есеп беріледі.

Есеп тараулары мынадай болуы мүмкін.

«Жорық ауданының жалпы сипаттамасы». Тарауға географиялық ерекшеліктері, жер бедері, климат, температура амплитудалары, жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімдері, жел күші мен негізгі бағыттары, қар шекарасы, орман шекарасы, гидрография, өзен ағысы, тереңдігі, қайраңдары, табалдырықтары, сарқырамалары, көлбеуі, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі жеуге келетін және шипалы өсімдіктер, аң мен балық аулау мүмкіншіліктері, пайдалы қазбалар, жолдар, елді мекендер туралы мәліметтер кіреді.

Тарау соңында әдебиет тізімі мен кеңес берушілер аттары келтіріледі.

«Жорыққа дайындық» тарауында қатысушылар тізімі, тәжірибесі, олар өткен жорықтары, жорықтағы міндеттері, аудан таңдау себебі, маршрут әзірлеу тәртібі, мақсаттар мен міндеттер.

Тамақ рационы, азық-түлік қоры, сатып алған жері, дәрілер тізімі.

Жоспарланған және шын мәнінде жұмсалған қаржы шығыны салыстырылады.

Құрал-жабдықтар тізімі.

Топ жүгі мен топ мүшелеріне бөлінуі.

Бақылау нүктелері мен уақыт.

«Жорық күнделігі» тарауында күн тәртібі, оқиғалар, туристердің хал-күйі, ауа райы, ауа температурасы, жел күші мен бағыты, жауын-шашын, қар қалыңдығы, қозғалыс туралы мәліметтер, бивктар, өткен жолы, километраж, уақыт, тұрмыс, экскурсиялар, т.б.

Маршруттың техникалық сипаттамасы»(сүреттемесі) тарауында қозғалыс тәртібі, бағдарлар, асулар, өткелдер, қаүіпті жерлер және олардан өту әдістері, қаүіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болады. Сонымен қатар, отын, ауыз су, бивактарға қолайлы орындарының бар-жоғы туралы мәліметер кіреді.

«Жорық қорытындылары» тарауында өткен жорық қиындықтары, оның танымдық маңызы, құрал-жабдықтардың сипаттамалары, басқа топтарға берілетін кеңестер беріледі.

Есепке қосымша масштабы 1: 1000000-дан ірі масштабтағы маршрут схемасы болады. Ерекше қиын жерлерді ірі масштабтағы схемалар, фотографиялар, сызбалар арқылы көрсеткен жөн. Схемада түнеу мен демалыс орындарын, баспана мен отынның бар-жоғын көрсету керек.

Есепте фотографиялық есеп болу керек. Онда барлық маңызды жерлердің сүреті болу керек, белгілі жерлерде рюкзактарды алдына қойып топ толық құрамында түсу қажет. Фотографиялар ақпарат болуымен бірге маршруттан өту дәлелі, кепілі болады.

ІІІ.. Қорытынды.

Оқушыларды практикалық түрде жұмыстарын тексеріп, баға беріп өту.






Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Жеке және туристік жабдықтар.

Сабақтың мақсаты: оқушаларды туристік жабдықты таңдай білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – жабдықтармен жұмыс;

Тәрбиелік – жабдықтармен ұқыпты жұмыс істеу;

Дамытушылық – өзінің көмегіне молынан жүгіне білу;

Құрал-жабдықтар: туристік жабдықтар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жеке, топтық құрал-жабдықтар.

Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жатады.

Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуі оңай, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.

Палаткалар.

Ұйқыға арналған қаптар (спальные мешки).

Рюкзак.

Аяқ киім, киім.

Сақтандыру. Мұзшапқыштар. Айсбайль.Мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер(«айс-фифи»). «Беседка».Грудная обвязка.

Кошки. Зажим, жумар. Күрек. Ракетница. Каска. Карабин.

Ремнабор.

Вуколов: приложение 9, 171 бет – жеке құрал-жабдықтар тізімі.

Су туризмі. Бәтіңкенің орнына – кроссовки, тапочки, рәзеңкеленген матадан жасалған етік-шалбар. Сонымен қатар, міндетті түрде, құтқару жилеті, құтқарушы гидрокостюм. Соңғы жылдары қорғау-құтқару костюмы(ЗСК) және шлем(каска).

Шаңғышы. Саяхат үшін ені 10 см дейін шаңғы қолданылады. Ұзындығы – адамның бойына(см) оның салмағының жартысын(кг) қосу керек. Бәтіңкесі 2 размр үлкен болу керек. Бахилы, ұзындығы 40 см. Жылы киім көп.

Примустар, газ, стеклоткань.

Оммерциялық қиын емес треккинг(10 клиент, 20 қызметкер) болса, екі 8 литрлік, 3 бес литрлік кастрюля жетеді.

Осындай топтың сақтандыру құралдары: 40 метрлі екі арқан, 10м репшнур, 2 мұзшапқыш, 2 мұзға бұрайтын ілгек, 3-4 карабин, ракетница.

Фонарь, батарейкалар, 10-12 стеарин шырағы, ремнабор(приложение 11, 173 бет),безмен, сағат.

Ремнабор құрамы:


1. Сумка

2. Жеңіл пассатижи

3. Әртүрлі жұмсақ сым

4. Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент

5. Қайрақ, үш қырлы егеу

6. Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка

7. «БФ» желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі

8. Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер

9. Тігін материал салатын қорапша

10. Түйреуіштер, рәзіңке


Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары:

1) тізім жасау;

2) тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру;

3) түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау.

Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек. Сақтауға арналған заттарды пайдалану керек(пропитка). Ұлтарағын бөлек сақтау керек, ал аяқ киім ішін қағазбен тығыздау қажет.

ІІІ. Қорытынды. Оқушылардың жұмыстарын практикалық түрде тексеріп, баға беріп өту.

Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Жорық қауіпсіздік ережесімен танысу.

Сабақтың мақсаты: оқушаларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – өздерің қауіпсіздендіре білу;

Тәрбиелік – саяхатта тәртіппен қозғалу;

Дамытушылық – өзінің көмегіне молынан жүгіне білу;

Құрал-жабдықтар: суреттер, кестелер, сызбалар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, тренировка орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және мадициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу.

Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:

1 топ: табиғи ерекшеліктері;

2 топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;

3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;

4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен Т-Т дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік.

Қар көшкіні.

Сел.

Ауа райы.

Улы өсімдіктер мен жануарлар.

Т, Т қателер.

Денсаулық.

Белсенді туризммен айналысатын ұйымда бақылау-құтқару отряды болу қажет. Міндеттері:

1) осы ұйымның маршруттары өтетін аудандарды жете зерттеу және білу;

2) іздеу-құтқару жұмыстарын өткізуге арналған барлық жабдықтау мәңгі дайын болу керек;

3) негізгі және көмекші отряд мүшелерін үнемі даярлау;

4) алдын алу шаралары(кеңес, инструктаж, нұсқаулар, маршруттарды белгілеу, топтарды тексеру, т.б.);

5) іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу, зардап шеккендерге жәрдем беру;

6) қажетті ақпаратты мемлекеттік апаттық-құтқару қызметіне беру.

Контрольдық пункттер мн мерзімдер.

Алдын алу шаралары:

1) медициналық байқау;

2) туристердің біліктілігін бақылау;

3) әрбір турист қауіпсіздік нұсқауларын тыңдағанына қол қойғаннан кейін топты маршрутқа шығару.

Дәріің негізгі алты тобы болу керек:

1) ауруды сездірмейтін дәрілер, қоздырушы заттар(анальгин, амидопирин, кофеин, кардиоми, т.б.);

2) қан тоқтатушы және дезинфекциялаушы дәрілер(сутек асқын тотығы, йод, т.б.);

3) антибиотиктер(пенициллин, тетрациклин, эритромицин, т.б.);

4) сыртқы дәрілер(зеленка, синтомицин майы, марганцовка, нашатырь мен медициналық спирт, лейкопластырь);

5) орау материалы(бинт, марля, мақта, т.б.);

6)саймандар(термометр, қайшы, бұрау, шприцтер, т.б.).

Қар көшкіні болатын аудандарда радиолмаяктар болу керек.

Іздеу-құтқару жұмыстары дегеніміз маршруттағы төтенше жағдайларда туристерге, әртүрлі апат кезінде жергілікті халыққа жәрдем беру.

Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері:

1. Маршрут қатысушылардың қабілетіне сәйкес болуы керек.

2. Алдын ала жолды, жер бедерін, қауіпті жерлерін, су көздерін, маркировканы, маршруттан кетіп қалу жолдарын біліп алу қажет.

3. График қозғалыс тәртібін әзірлеу.

4. Дайындықсыз, акклиматизациясыз жолға шықпау.

5. Алдын ала ауа райы болжамын біліп алу.

6. Өте қолайсыз табиғи жағдайларда жолға шықпау.

7. Қараңғы уақытта жолды өте жақсы білгенде және құтқару жұмыстары кезінде ғана шығу.

8. Құрал-жабдықтарды, азықты, туристер денсаулығын мұқият тексеру, сырқаттанғандарды маршрутқа жібермеу.

9. Беделді жетекшісіз жолға шықпау.

10. Таңертең ерте шығу.

13. Аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау.

14. Киім, аяқ киім бүтін, кебу болу керек.

Қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

1. Топпен жүру.

2. Тәртіп. Кетсе тек қана сұранып кетуі керек.

3. Беделді, білгір жетекші.

4. Аса жылдам жүруге болмайды.

5. Режим. Ағза терморегуляциясы.

6. Бір біріне көмек беру.

7. Батып кету немесе суық тию қаупі бар суда шомылмау.

8. Жолды қысқартам деп қауіпсіздікті бұзбау.

9. Тұман, қараңғы уақытта, нашар ауа райы кезінде жүрмеу.

10. Бос жатқан тастары бар беткеулер мен сайларда байқап жүру.

11. Ең қауіпсіз жолды таңдау.

12. Заттарды ұмытып қалмау, жоғалтпау.

13. Қар көшкіні қауіпі бар жерлерге бармау.

14. Спирт ішімдіктерін ішпеу.

15. Үсіп қалмауды бақылау.

16. Қатты жауын, бұршақ болса сая жерде тығылып, оның аяқталуын күту.

17. Көз бен ашық жерлерді күн радиациясынан қорғау.

18. Найзағайдан сақтану:

а) жотадан түсу;

б) темір-терсектерді жинап адамдардан алшақ(10м) қою;

в) бөлек тұрған ағаштың астында, су жағасында тұрмау;

г) жүгірмеу;

д) бір біріне жақындамау;

е) орман шетінде, ағын судың жанында тұрмау;

ж) металл сымдары бар жерде тұрмау;

з) мүмкіндікше изоляциялық материалда тұру;

и) жай адамға түссе міндетті түрде өлмейтінін білу қажет, дер кезінде жәрдем берілсе, аман сақтап қалуға болады;

19. Судан дұрыс тәртіппен өту;

20. Рюкзакты дұрыс толтыру, жолдасыңды жаралап алмау үшін үшкір заттар рюкзактан шығып тұрмау керек.

Таудағы бивак орналастыру ережелері:

1. Сайдың астында, шөгінді жартас астында, қар көшкіні болатын жерде, өзен арнасының жанында, қар карнизінің астында орналастыруға болмайды.

2. Желден, өрттен, суықтан қоғану шараларын жасау.

3. Палатканы мықты бекіту.

ІІІ. Қорытынды.

Оқушылардың жұмыстарын практикалық түрде тексеріп, баға беріп өту.







Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Жаяу және шаңғы туризмінде кездесетін табиғи кедергілер түрлері.

Сабақтың мақсаты: оқушаларды кедергілерден қиындықсыз өтуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – тактика ойластырып, тез шешім қабылдау;

Тәрбиелік – команда және жеке бас қауіпсіздігіне жауап кершілікпен қарау;

Дамытушылық – шапшаң қозғала білу;

Құрал-жабдықтар: суреттер, кестелер, сызбалар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Тау, жаяу туризміндегі табиғи кедергілер. Асу, су кедергілері, шатқалдар, каньондар, ну орман, үйінділер, мұздықтар, қар, фирн, жартастар.

Техникалық табиғи кедергілер туризмнің әрбір түріне бөлек анықталады.

Жаяу туризмінің кедергілері: батпақтар, ну орман-тоғайлар, өзендерден өту, шөпті беткейлер.

Тау туризміндегі негізгі кедергілер – асулар мен мұздықтар. Сонымен қатар, қар, фирн, жартастар, су кедергілері және т.б.

Соқпақпен жүру ережелері. Ритм.Жоғары-төмен. Тамыр соғуы тоқтағаннан 5-6 мин. Кейін қалпына келуі тиіс, шынықпаған адамдікі – 8-10 мин. Жазық жердегі рюкзакпен жүргенде 3,5-4 км/сағ. болады.Тоқтау, күту.

Шөпті беткей. Қаүіптер: тас құлауы, тайғанақ. Өкшесін толық басып қою. Тастарды пайдалану. Қиғаштап жүру. Альпеншток қолдану. Траверс. Жатас үстіндегі шөпті беткейге бармау.

Шөгінді үйінділер, мореналар. Мықты жатқан тастар: күңгірт, қына өскен. Тас құлағанда айғайлау керек.

Қар түрлері өте көп. Фирн. Ережелер:

1.Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды

2.Беткейге еңкеймей тұру керек.

3. Тәңертең жүрген жөн.

4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау.

5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу.

6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы үлкейту керек.

7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.

8. Алдағы келе жатан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.

9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек.

10. Алда келе жатқанды жиі ауыстырып тұру қажет.

11. Көлбеуі 30hello_html_38796a11.gif аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады - өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады.

12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға(глиссаж жасауға болмайды).

ІІІ.Қорытынды.

Оқушылардың жұмыстарын практикалық түрде тексеріп, баға беріп өту.






Жаяу туризм

Сабақ тақырыбы: Жорыққа дайындық.

Сабақтың мақсаты: жорыққа дұрыс, білімді түрде дайындық .

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – жорыққа шығар алдында барлық жағдаятты білімді түрде анықтай алу;

Тәрбиелік – жоспармен қозғалу;

Дамытушылық – өзінің көмегіне молынан жүгіне білу;

Құрал-жабдықтар: суреттер, кестелер, сызбалар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Туристік саяхат қаүіпсіздігі – маршрут жолын, тактикалық схемалар мен кедергілерден өтудің техникалық әдістерін таңдаудағы негізгі критериі.

Туризм техникасы дегеніміз – туристік маршрут немесе оның кесіндісінде кездесетін кедергілерінен өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу. Туризм түріне байланысты, әртүрлі кедергілерден өту үшін:

- кедергілердің ерекшеліктерін білу;

- осылардан өту әдістерін жете білу;

- осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды дұрыс таңдап қолдана білу қажет.

Туризм тактикасы дегеніміз – қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын ұақытын мүмкіндікше аз мөлшерде жұмсап және қаүіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика – маршрут жолымен өөту үшін қажетті құралдар мен әрекеттер жиынтығы. Тактикаға кіретіндер: жорықтың график-жоспарын жасап оны орындау, яғни жол мен жол кесінділерінен қолдағы құралдар мен жағдайларда қаүіпсіз түрде өту.

Тактика екі кезеңнен тұрады: а) жорық алдындағы(жорыққа дайындық); б) жорық тактикасы(жорық кезіндегі).

Жорық алдындағы тактикаға 1) маршрутты таңдау, 2) жорықтың график- жоспарын құрастыру, 3) азық-түлік пен құрал-жабдықтар тізімін жасау, 4) өзінің физикалық, техникалық дайындығы мен тәжірибесі бойынша таңдалып алынған маршрут өтуге қабілеті жеткілікті туристер тобы мен оның жетекшісін таңдап алу.

Жорық кезіндегі тактика : 1) жорық жоспары мен бөлек тілімдерін өту графигін өту графигі үнемі реттеп, түзетіп отыру, 2) жорық кезінде алдағы нақты жерлерден өту жолын табу, 3) әрбір кесіндіден өтуде топ қимылын ретін нақты жоспарлау мен іске асыру, 4) жолдың әрбір кесіндісінде техникалық әдістерді, шаралар мен әрекеттерді таңдау.

Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, өлім, мақсатқа жетпеу, қаржыны, адамадардың күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.

Тактикалық мәселелерді шешудің оларды қиындататын әралуан факторлары болады: ауа райының шұғыл өзгеруі, табиғи апаттар, басқа туристік топқа жәрдем беру қажеті, жарақаттар немесе сырқаттар, топтың нашар хал-күйі және т.с.с.

Жорық мақсаты жорықтың тактикалық әзірленуінің негізі болып табылады. Мақсаттар: спорттық, рекреациялық, сауықтыру, оқу, зерттеу(экологиялық, рекреациялық, гляциологиялық, гидрологиялық, медициналық), іздеу-құтқару.

Спорттық жорық мақсаты – туристік тәжірибені жетілдіру, спорттық дәрежені орындау, жарыстарда қатысу.

Рекреациялық жорықтар(демалу) әдетте көрікті, әдемі жерлерде, қатты шаршамайтындай қылып, су көздерінің жанында аялдамалар жасалып өткізіледі.

Оқу жорықтары арнайы график бойынша оқу-практикалық мақсатта өткізіледі.

Зерттеу жорықтары әралуан мақсаттарда зерттеу сипатына сәйкес өткізіледі.

ІІІ.Қорытынды.

Оқушылардың жұмыстарын практикалық түрде тексеріп, баға беріп өту.









Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-402895

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"