Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Менің Отаным Казақстан" ашық тәрбие сағаты

"Менің Отаным Казақстан" ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Мақтанышым –Тәуелсіз Қазақстан тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мақтанышым –Тәуелсіз Қазақстан

 Мақсаты:  Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер,  слайд, Астанаға байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және мәдениеттік тәрбие беру.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
      Құт, береке-шаңырақ,
      Орын алған ол төрде.
      Билігі өз қолымда-
      Еркіндігі- Елімнің!   
 
Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Ма
қтанышым –Тәуелсіз Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1.Жүргізуші:

Армысыздар!

Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.

 

2. Жүргізуші:

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

 

1. Жүргізуші:

Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!

2. Жүргізуші:

Қазақстан –бабамнан қалған мұра,
Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.

1. Жүргізуші:

Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Гимнім
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Гимнім, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.

Гимн  орындалады.
 
Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
Айбек

1.Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.

 Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
  2. Жүргізуші:  Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
1.  Жүргізуші:

Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.

2. Жүргізуші:

 Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.
 Аблан Б
Отан деген- атамекен, Отан деген- туған жер.
               Отан – деген ана тіл,
               Қазақстан-туған ел.
               

               Отан- менің  ата-анам,
               Отан -досым, бауырым,
               Отан -өлкем астанам,
             
Отан- аудан, ауылым.

             

             Отанды біз атамекен,
        
    Деп аялап атаймыз.
             Өйткені оны мекен еткен.
             Бабамыз бен атамыз.
             Отан –деген атамекен,
             Отан деген- туған жер.
            Отан- ана,
             Отан –үлкен
             Қазақстан  -туған ел.
     

            Отан- атам,
            Отан -әкем.
           Осы сөзім қатемекен?!
            Қате болса,
            Неге біздер-
            Дейміз оны Атамекен?!

         

                Отан- әжем,
                Отан –анам!
              Туған ел деп,
               Туған жер деп,Ол бекерге аталмаған.

         Атам, әжем, әкем, анам-
           Төртеуіде Отан маған.
           
Төртеуіде ботам дейді,
           Ер азамат атан дейді.
           Мақтанамын Отанымен,
          Отаныма ботамын мен.      

      

              Отан дейміз –от жаққан жерімізді,
              Отан дейміз- өсірген елімізді.
             
Отан дейміз – туған жер, атамекен-
              Биік тау, ориан, тоғай, көлімізді.
              Отан дейміз- кең байтақ астананы,
              Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
              Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
             Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
              Отан туралы мақал-мәтелер айту.

1. Жүргізуші:

                    Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Гимні бар.

 Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.

 

2. Жүргізуші:

                Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.
Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.

 

Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын ой жібере жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке- дар
а!
Өмірің судай ағып өзегімен,
Келеді Президенттер кезегімен
«Елбасы- Назарбаев» - егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бізге өз еліне.

1. Жүргізуші:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.

2. Жүргізуші:

 1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.

1994 ЖЫЛЫ 1- ЖЕЛТОҚСАНДА  РЕСПУБЛИКАМЫЗДА БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ Президент сайлауы болып өтті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

   1. Жүргізуші.  1996 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.

2. Жүргізуші:

Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас- демекші, егеменді ел ,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық қарым-қатынас жүргізе алады. 

1. Жүргізуші:   1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Гимні туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.
 Алтың заңда парасатым, пайымым,
 Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың,
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күн.

2. Жүргізуші.    1995 жылы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.

 

Қуаң халқым, күшіне енді «Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілменен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Жүргізуші:Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.
   

Туған тілім
Туған тілім-бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім- анам тілі - өз тілім!
Туған тілім –далам тілі-өз тілім
Туған тілім- өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып алыңдар.

 

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп,
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым.
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

 

   1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.

 

Ұшқыш батыр ағаның,
Өнегесін аламын.
Аспан үстін шоламын,
Мен ғарышкер боламын.

 

2. Жүргізуші:

Қорытынды: Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.
 -Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!
    (хормен)

 Ән: «Көк тудың желбірегені».

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің Отаным Казақстан" ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 668 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.06.2016 723
    • DOCX 50.5 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ережепова Гулнур Шалкарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5338
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек