Инфоурок Начальные классы КонспектыМенің Отаным-Қазақстан 3сынып Сынып сағаты

Менің Отаным-Қазақстан 3сынып Сынып сағаты

Скачать материал

hello_html_7b7c12f8.gifhello_html_m608af42a.gifhello_html_m3e4108a6.gifhello_html_m1de054e.gifhello_html_m6ba05f2a.gifТақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан 
Мақсаты:  
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, сағыныш сезімін ояту;  

Дамытушылық: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық

сезімге тәрбиелеу;  
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер,

авторларының суреттері, қанатты сөздер

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 

А)Топқа бөлу

1 - топ: Туған жер 
2 - топ: Отан 
3 - топ: Атамекен 

ә) Білім күнімен және алғашқы қоңырау күнімен құттықтау
б)ҚР Әнұраны. 
- Кәне балалар Отан деген не? 
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен. 
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады? 
- Біздің - Отанымыз Қазақстан. 
- Ендеше, бүгінгі білім күнінің тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады. 

2.«Ой қозғау» Қазақстан туралы не білеміз?

ұлан – байтақ,қазба байлықтары бар

Қ

а

з

а

қ

с

т

а

н





Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр



кең алқапты жазық далалы жерлерге бай





Тәуелсіз ел,рәміздері бар









Кім білгір? ойыны . Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды. 

  • ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? 

  • Еліміздің бас қаласы 

  • ҚР президенті 

  • ҚР туының авторы 

  • ҚР елтаңбасының авторлары 

  • Әнұранымыздың авторлары 

  • Еліміздің көрікті жерлері 

  • Отан туралы өлең айт 

  • Отан туралы ән шырқа 



 2.Негізгі бөлім Менің Отаным - Қазақстан 

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.  

Тас жаратын семсердей тілімдесің 
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің. 
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан 
Ойым да, түнім де, күнімдесің. 
Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар айта білген.

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. 
Қыран құсым көк аспанда самғасын 
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр 
Жас ұландар, берік ұста туыңды 
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.  
Еліміздің рәміздерін атайық.  
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны) 
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.  
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.  
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков  
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.  
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев. 
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.  

3. «Есіңде ме.........? Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? 
Отан от басынан басталады. 
Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 
Отан оттан да ыстық. 
Отан үшін отқа түс күймейсің, 
Арың үшін алыссаң өлмейсің. 

4. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс» 

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы. (халық)
Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін) 
Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995) 
Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент) 
Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес) 
«Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан) 
Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? 
(демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік 

Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер? 
(Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы 
туралы заң т. б.) 
Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)

5.Ата Заңымызға-20жыл

1995 жылдың 30 тамызы ҚР-ның Конституциясы қабылданып, ел тарихында алтын әріппен жазылған уақыт. Бұл Республикамыздың тәуелсіздікке қол жеткеннен бергі екінші Конституциясы.

Тарих үшін 20 жыл қас-қағым сәт. Алайда бұл мемлекет өміріндегі сындарлы жылдар болды. 

Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. 

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Өркендеп дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.

6.Қорытынды....

Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы, 
Елтаңбасымен еңселі, 
Әнұранымен айбатты. 
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз. 



Мұғалім: 
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Менің Отаным-Қазақстан 3сынып Сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 315 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2016 1399
    • DOCX 41.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74032
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 954 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 675 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов