Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Научные работы / "Менің отбасым" /Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті/

"Менің отбасым" /Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті/


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақсаты:

  1. Балаларға отбасы және отбасы туралы түсінік беру.

  2. Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру.

  3. Отбасында үлкендерді силап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әнгімелесу.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер


Ұйымдастыру-шылық

қозғаушылық

Шаттық шеңберін құру.

Ә. Қонарбаевтың «Бала, бала, балақан» әні орындалады.

Балалар шаттық шеңберінде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыспен жасайды.

Ұйымдастыру-шылық

қозғаушылық

  1. Әңгіме жүргізу.

-Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?

-Иә, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды.

Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырық – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы – дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.

Отбасы – ол бақыт,

Отбасы – ол ата-ана,

Отбасы – туыстарымыз,

Отбасы ол – шаңырақ.

-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. Олар ата, апа, әке, ана, аға, іні, қарындас т.б.

2. Сергіту сәті: Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңімен орындалады.

3. Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.

-Мына отбасында ата, әже, бар екен, балалар, тағы кім бар?

-Төрде кім отыр?

-Дұрыс айтасыңдар. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.

-Шайды кім құйып беріп отыр?

-Барлығымыздың үйімізде анамыз, әкеміз, атамыз бен әжеміз бар ғой?

4. Үлестірмелі материалмен жұмыс. «Менің отбасым»

Берілген суреттердің ішінен (анасын) отбасы мүшесін табу.

-Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сөйлемейміз.

Жол береміз.

Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсетеміз.


5.Ойын: Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреттері көрсетілген.


Балалар жауап беруге тырысады.









Балалар бірге қайталайды.





Мазмұнына сәкес қимылдар жасайды.

Балалар бірге қайталайды.





Саусақтарын көрсетіп айтады.


-Анасы, әкесі, аға, апасы бар екен.

-Отбасы мүшелері жиналып шай ішіп отыр.

-Ата отыр.



Анасы шай құйып беріп отыр.


Балалар педагогтың көмегімен бірге орындайды.


Балалар өз ойларын айтады.


Балалар бірге қайталап айтады.



Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам атайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

6.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып, үйренгендерін пысықтайды.

Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже:

отбасы мүшелерінің туысқандық қарым-қатынасын түсініп, бір-біріне қамқор болу керектігін біледі;

отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіне тиесілі міндеттерді игереді;




Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Научные работы
Просмотров216
Номер материала ДБ-007278
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх