Инфоурок Дошкольное образование Статьи"Менің педагогикалық мамандығым" тақырыбында эссе

"Менің педагогикалық мамандығым" тақырыбында эссе

Скачать материал

    «Менің педагогикалық мамандығым»

             тақырыбындағы эссе.

Тәрбиеші:Утегенова Л.У

 «Тәрбие-ұлағатты іс»-деп ұлы ойшыл Әл-Фараби айтқандай қызықты да,қиын бала болашағына жол сілтейтін ғажайып жұмыс.

Мен-ұстазбын,мен-мұғаліммін,мен-зеттеушімін , мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын - тәрбиешімін.Менің негізі мақсатым -  жақсы көңіл-күй сыйлай отырып,саналы білім беру.Өзімді әр оқу іс-әрекеті үстінде балаларға бағыт беруші,жол сілтеуші рөліне қоямын.Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс-әрекеттеріне деген тұрақты зейін  қалыптастыруға,қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.

 Мен Утегенова Лаура Уралбайқызы өзімнің еңбек жолымды тәрбиеші қызыметінен бастадым.Алғашқы күннен балалардың жан дүниесін,олардың әрбір қылығын қызықтап,үнемі қимылдарын бақылап қамқорлық танытып,бірге ойнап балаларға үйреніп кеттім.Балалардың балабақшаға келгендегі көңіл-күйлеріне,бүлдіршіндердің жағымды үндері,сыңғырлаған күлкілері,бұртиған ауыздарымен тұйілген қабақтарына аса жоғары мән бердім.

Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды ,мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты - бала тағдырына жауапты екенін сезінеді.Жылылық пен мейірімділікті,ізгілік пен парасаттылықты бала жүрегіне ұялатып,оның дүние танымын кеңейтіп,қоршаған ортамен танысуына ықпал жасауда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамын.

Мен өз тобымда үстел үсті ойындарын ,қуыршақ театрынан көңілді көріністерді әсерлендіре көрсетемін.Бұл балалардың есте сақтау қабілетін дамытады.Сөйлеуге үйретудің негізгі әдістерінің бірі - тәрбиешінің балаларды жетекші сөздер арқылы әңгімеге қатыстыра білуі. Бүлдіршіндерді әрқайсысын икеміне,қызығушылығына қарай ойыншықтарды орнына қойдырып,киімдерін жинатып , көмекші апайға көмектесулерін сұраймын.Бала осыдан ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиеленеді.Балалардың істеген істерін ,жақсы қасиетерін айтып,мақтап, мадақтап отырамын.

Тағыда бір балалармен жүргізетін жұмыстарымның бірі ол - санамақтар.Санамақтарды халық негізінен балаға сан үйрету мақсатымен шығарған.Санамақтар әрі сан үйретеді,әрі дүние танытады,баланың қисынды ойлауын мен математикалық ойлау қабілетін дамытады.Сонымен қатар балаларға жұмбақ жасырғанды ұнатамын.Жұмбақ-баланың ойлау қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың,жан-жануарлардың,киім-кешек, т.б аттарын есте сақтау қабілетін күшейтеді.Дүниетанымын кеңейтіп,ойын ұштайды,тапқырлыққа баулиды.Жұмбақтардың жауабын табу арқылы бала ойы бірте-бірте толыға береді.Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше.Балаға айтатын ақыл-насихат,өнеге,өсиет әсерлі,әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек.Бала тілін дамытуға көркем әдебиет түрлерін орынды пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып,түсінігін кеңейтіп,ұғымын байытады.

Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген екен: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай,келешек заманына лайық қылып шығару крек».Иә,Мағжан аталары айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды.Өйткені елдің ертегі тірегі - жастар.Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.Қазіргі таңда ұстаздар қауымынан үлкен жауапкершілік артып отыр.Бала тәрбиесі – баршаның ісі.Отбасының да, балабақшаның да,мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Балаға айналадағы өмір шыңдығының әсері мол.Айналасындағы үлкендердің,өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы ,көңіл- күй  ерекшеліктері ,жүріс-тұрысы,еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі – өнеге.Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді .Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді.Баланың тұлга болып қалыптасуына отбасынын тәрбиесі аздық етеді.Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше.Себебі,бала-бақшаға баратың бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді.Сонымен қатар жан-жақты жетіледі.

«Балалар-біздің болашағымыз»сондықтан балаларды ерекше күтіп,тәрбиелеу керек.Әсіресе,ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруміз керек деп ойлаймын.Және де балалар үйде отырмай ,балабақшаға келгендері жөн.Өйткені,бала сыртқа шықса,айналадағы ортаға үйренеді,мінезі тұйық болмайды ,адамдармен тез араласады.Балабақшада балаларды алдымен тәртіпен,жауапкершілікке үйретеді.Баланың ойлау қабілеттерінарттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз.Ата-бабамыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен басталады,яғни тәрбиенің негізгі отбасынан бастау алады.Отбасындағы тәрбие мен  балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып,әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын.

Ата-аналар таңертең бізге балаларын әкеліп,жұмысқа кетеді.Әке-шешесі аманаттап бізге сеніп тапсырып кеткен балаларжауапкершілікпен қарамауға болмайды.Балалар аман,қуанып жүрсе,бізге одан артық бақыт жоқ.Балалар келмей қалған күні дауыстарымен былдырлаған сөздерін сағынып отырамын

Шынымен де , ұстаздық жол - қызығымен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол.Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып,бала жүрегіне жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт. Бала жүрегі кішкентай күй сандық.Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.

Бала жүрегінен орын алу мен үшін үлкен бақыт.Олар өзгенің балалары болса да,өз баламнан да артық көремін.Бала тәрбиесінің жолында талмай қызмет етіп келемін.Қызмет етуді азаматтық,ұстаздық міндетім деп санаймын.

Тәрбиеші болған жақсы-бұл қызық және динамикалық жұмыс.Тәрбиеші болған жақсы-игілікті еңбек,отты көзді балаларға білім,нәріс беру,адалдыққа тәрбиелеу - бұл бақыт.Балалармен жұмыс жасау - үлкен бақыт.Себебі,тек бала ғана еш нәрсеге алаңдамай,мейірімділікке сенеді,өз құпияларын айтып,маған сенім артады.Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің педагогикалық мамандығым" тақырыбында эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 262 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.06.2016 774
    • DOCX 14.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утегенова Лаура Уралбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утегенова Лаура Уралбаевна
    Утегенова Лаура Уралбаевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4150
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Управление дошкольной общеобразовательной организацией

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс повышения квалификации

Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Организация образовательного процесса: воспитательная работа, дополнительное образование, внеурочная деятельность

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 930 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 659 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 202 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека