Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / "менің таңдауым!" жасөпірімдерге арналған психологиялық тренинг
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

"менің таңдауым!" жасөпірімдерге арналған психологиялық тренинг

библиотека
материалов

«Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ



Тренинг тақырыбы: «Менің таңдауым!»(жасөспірімдерге арналған психологиялық тренинг)

Тренинг мақсаты:

-жасөспірімдерді дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру;

-оқушылардың дәстүрлі діндер жөніндегі ақпараттану деңгейін анықтау;

-«жоқ» деп айта білуге дағдыландыру.

Қатысушылар: Жоғарғы сынып оқушылары.

Құрал- жабдықтар: интерактивті тақта, арнайы қорапша, смайликтер.

Жұмыс барысы: I. Ұйымдастыру .

1. Жаттығу. «Сендер білесіңдер, бірақ білмейсіңдер».

Оқушылар шеңберге тұрып,кезекпен «сендер білесіңдер менің осы сыныпта оқитынымды, бірақ білмейсіңдер билейтінімді», .т.с.с. басқалар білмейтін жағдайларды айтады.

2. « Міне,мен қандаймын!» жаттығуы.

Мақсаты: топқа қатысушыларға басқалардың өздеріне назар аударуларын жаңаша қабылдаудағы көңіл-күйлерін сезінулеріне мүмкіндік беру, келісім мен жайлылық жағдайын қалыптастыру.

Топтың барлық мүшелері екі шеңбер жасап( сыртқы және ішкі), бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Қарама-қарсы тұрғандар өзара жұп құрады. Жұптың бірінші мүшесі екіншісіне шын көңілден қошемет білдіріп, мақтау немесе мадақтау айтады. Екіншісі оған: иә, сонымен бірге мен...(ол өзін қай жағынан бағалайды) деп жауап қайтарады. Жұптасының сыртқы түріне, мінез-құлқына, дағдыларына, іс-әрекетіне назар аударып, қошемет айтуға болады.Бұдан кейін серіктестер рөлдерімен ауысады, одан әрі солға бір адым аттайды. Шеңбер аяқталғанша жаттығу қайталана береді.

Талдау.1) Бір- біріңе мақтау айтқанда қандай көңіл-күйде болдыңыз?Сізге өзгелер назар аударғанда сізде қандай сезім болды? Неге? т.с.с. 

Қорытынды: теріс діни ағымдарға жағымды сөздер арқылы тартады.

3. «Қызығушылық» жаттығуы. 

Оқушыларға ерекше қорапша көрсетіледі. Қорапшада арнайы жіберілген қымбат сыйлық бар екендігі айтылады.Ішіне кез-келген нәрсе салып қоюға болады.Мысалы, смайликтер, кәмпит,т.б. Оқушылар кезекпен бір- біріне көрсетпей ашып қарайды.

Талдау.1) Қорапшаны не үшін ашып көргіңіз келді? Сізді не қызықтырды?

Қорытынды: Жастарды діни ағымдарға алып келетін- қызығушылық. Сыртқы түрі қымбат көрінгеннің бәрі құнды бола бермейді.

4. Жаттығу «Ұзақ та таңғажайып өмір».

Қатысушылар шеңбер құрып отырады.Әр қатысушы оң жақтағы құрбысына айтады: « Мен саған ұзақ та бақытты өмір тілеймін, бірақ та мен саған ашулымын, себебі сен...». Ол жауап қайтарады: «Маған осы сөздерді айтқаныңа рахмет, бірақ мен бұл әлемде сен қалағандай болуға тиісті емеспін.

Қорытынды: Әр адамның өз таңдауы бар, әркім басқаның қалауын орындауға міндетті емес,өз ұстанымы бойынша өмір сүруге құқылы.

5. «Мен! Біз...» жаттығуы.

Оқушылардың біреуі «Мен!» деп қатты айтады, қалғандары «біз...»деп жаймен қосылып айтады. Бәрі кезектесіп айтып шығады.

Талдау. «Мен және бізді»айтқандағы көңіл-күйлері, айырмашылығы туралы ой бөліседі. «Мен!» деп айтқанда жауапкершілік бір адамда, «біз» дегенде жауапкершілік жоқ, көптің бірі болатындығы айтылады.

Қорытынды: Әр топтың өз басшысы болады, ұйым мүшесі болып, жауапкершілікті мойнына алмай жүре беру кейбіреулер үшін өмір сүрудің оңай жолы болып көрінуі мүмкін.

6. Жастарға арналған жадынама. «Теріс діни ұйымдарға алданып қалмаудың жолдары».

Интерактивті тақтадан оқылып, талданады.

7. «Мандала- жан дүниемен сырласу». Тақтада сазды әуенмен үйлесім тапқан мандала суреттері көрсетіледі.

8. Қорытынды.

Менің әр сөзім-менің шынайы бет –бейнем, менің қадір-қасиетім. Елімнің мәдениеті мен абыройы менен басталады.

9. Оқушылар шеңберге тұрып, «Өміршеңдік қағидаларын» айтады.



Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров384
Номер материала ДБ-043260
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх