Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Менің тұңғыш президентім (ашық сабақ)

Менің тұңғыш президентім (ашық сабақ)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ортаңғы тобында ашық сабақтың технологиялық картасы


Білім беру саласы : «Қатынас»

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы.»

Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Тұңғыш президент»мерекесі жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге

елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына

деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз,елбасы.

Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтел.


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті




Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғаушылық

Шеңберге тұрып,жаңа күнмен амандасады.

-Армысың,қайырымды аспан ата!

-Армысың, мейірімді жер ана!

-Армысың,шұғылалы алтын күнім!

-Армысың,балабақша дос-жанарым!

Ынталандыру. Сезімді ояту. Сабақтың тақырыбын ашу.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.

Бейнетаспадан қазақ елі,тұңғыш президентіміз туралы 5 минуттық фильм көрсету.



Балалардың фильм жайлы пікірлері тыңдалады.


Мандасу тақпағын бірге қосылып айтып қимыл-қозғалыстарды жасайды.











Барлығы тұрып әнұранды айтады.



Бейнетаспадан тұңғыш президент жайлы фильмді тамашалайды.





Кім,не жайлы екенін өз сөздерімен баяндап береді.


Ұйымдастырушылық - ізденістік

а)Қазақстан Республикасының картасын көрсету.

-Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады.Осы кең байтақ қазақ жері- бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.Яғни егеменді мемлекет.



ә)Сөздік жұмысы:

Тәуелсіз-толық еркі бар,ерікті,бағынышты емес.



Егемен-өз билігі,бас бостандығы өзінде,тәуелсіз.

б)Топтық жұмыстар:

Сұрақ-жауап: І топ

«Топтың атын қалай қоясыңдар?»

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

-Елордасы қай қала?



-Астана қандай қала



-Алматы ше?

Сұрақ-жауап: ІІ топ

«Топтың атын қалай қоясыңдар?»



-ҚР-да президент күні қашан тойланады?

-ҚР-сы қандай мемлекет?

-Н.Ә Назарбаев қандай адам?





в)Шығармашылық жұмыс: І топ «Байтеректің» суретін бояйсыңдар, ал ІІ топ «Ақ орданың» суретін бояйсыңдар. Содан кейін ол ғимараттар туралы білгендеріңдң айтып бересіңдер.



г)Президент жайлы өлеңдер білесіңдер ма?








Қазақстанның картасынан еліміздің жер көлемімен танысады.











Тәуелсіз,егемен сөздерінің мағынасымен танысады.









Сұрақтарға жауап береді.

-Тұңғыш президент-Назарбаев Нұрсұлтан.

-Астана

Астана- жас қала.



Алматы –бас қала









-1 желтоқсанда

-Тәуелсіз, егемен

-Білімді, ақылды, ол ел үшін еңбек

етеді.



Суреттерді бояп, тапсырманы орындайды.









Мадияр

Сөзбен өрнек өрнейін.

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Басқарған аға Нұрсұлтан!

Карима

Елбасымыз Нұр аға

Салғызып Алтын орда.

Көркейтіп елін қазақтың,

Көрсетпей өмір азабын.

Рамазан

Елбасымыз саған мәңгі ризымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Альбина

Бірлігімнің бұзылмады қаймағы,

Бейбіт күнде желбіреді байрағы

Осы күнге жеткізген Елбасымның,

Тілеймін әрқашан да амандығын.

Назерке

Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.





Әмір

Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достың қатарын,

Нұр аға – біздің ұлы адам.






Рефлексиялық – түзетушілік

Қорытындылау.

-Балалар сендер бүгін Қазақстан, президентіміз туралы көп мәлімет алып, оны естеріне сақтайтындарна үміттенемін. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Ал енді бүгінгі ашық сабағымызды «Отаным Қазақстан» өлеңімен аяқтайық!

Отаным Қазақстан,

Желбіреген туы бар.

Отаным Қазақстан,

Егеменді елі бар.

Отаным Қазақстан

Мөлдіреген өзені

Отаным Қазақстан

Жайнаған жасыл орманы

Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған

Жасай бер отаным Қазақстан






















Отаным Қазақстан,

Желбіреген туы бар.

Отаным Қазақстан,

Егеменді елі бар.

Отаным Қазақстан

Мөлдіреген өзені

Отаным Қазақстан

Жайнаған жасыл орманы

Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған

Жасай бер отаным Қазақстан



Күтілетін нәтиже:


Білуі тиіс: Президенттің халық үшін, елі үшін еңбек ететінін білуі тиіс;


Болуы қажет: Отанға, елге, елбасына деген құрметтің болуы қажет;


Жасай алады: Өз беттерінше, өз ойларын айта біледі,сөздік қорлары мол.


Отаным Қазақстан,

Желбіреген туы бар.

Отаным Қазақстан,

Егеменді елі бар.

Отаным Қазақстан

Мөлдіреген өзені

Отаным Қазақстан

Жайнаған жасыл орманы

Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған

Жасай бер отаным Қазақстан


Мадияр

Сөзбен өрнек өрнейін.

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Басқарған аға Нұрсұлтан!

Карима

Елбасымыз Нұр аға

Салғызып Алтын орда.

Көркейтіп елін қазақтың,

Көрсетпей өмір азабын.

Альбина

Бірлігімнің бұзылмады қаймағы,

Бейбіт күнде желбіреді байрағы

Осы күнге жеткізген Елбасымның,

Тілеймін әрқашан да амандығын.

Назерке

Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.

Елбасымыз саған мәңгі ризымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.



Әмір

Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достың қатарын,

Нұр аға – біздің ұлы адам.




Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»

Балалар залда тұрады, әнұран айтылады

1-жүргізуші:

Сәлем бердік, кешіміздің көрермені

Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені

Тәуелсіздік кешімізге қош келдіңіз,

Алдарыңда болашақ өрендірі

2 – жүргізуші

Армысыздар, бұл кештің қонақтары

Халқымның әрқашанда қонақ – бағы

«Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым» атты кешті

Бүлдіршіндер көруге шақырады.

Балалар: (хормен) Армысыздар құрметті қонақтар!

1-жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сағатының мақсаты: Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу.

Тәрбиелік мәні:

-өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу

-ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу.

2-жүргізуші:

Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз. Ол - өз елің, өзінің туған жерің, өз Отаның. Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу. Ал енді біздің бүлдіршіндеріміз өз Отаны туралы не біледі екен? Өздерінен сұрайық.

1-жүргізуші: Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)

2-жүргізуші: ҚР-сы қандай ел? (тәуелсіз, егеменді ел)

1-жүргізуші: ҚР-ң халқы тәуелсіздік күнін қашан тойлайды? (16-қарашада)
2-жүргізуші: Біздің ұлтымыз қандай? (Қазақ)
1-жүргізуші:Біз қай тілде сөйлейміз? ( қазақ тілінде)
2-жүргізуші : Ал,сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме? ( Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

1-жүргізуші: Балалар туған жеріміздің табиғаты қандай? (Алуан. Отанымызда шөлді жерлер, ормандар, таулар, өзендер, көлдер бар)

2-жүргізуші: Отан деп қалай түсінесіңдер? (Отан - біздің туған жеріміз)

1-жүргізуші: Балалар сендер өте білімді екенсіңдер. Ад енді Отан туралы тақпақтарыңды айтасыңдар ма?

Әмір

Отан – елдің анасы

Отан – жердің анасы

Бақытты ғой, дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы?!

Альбина

Бар байлықтың басында

Туған Отан тұр биік

Пейілі үшін қазақтың

Маңдайынан нұр сүйіп

Рамазан

Тыныш менің, отаным

Ырыс менің, Отаным

Ардақтайтын отанын

Мен Отаншыл баламын

Назерке

Жалғыз отан өзіңсің

Жүрегімнің түбінде

Оттай ыстық сезімсің

Күнім – Отан, күлімде!

Алтынбек

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана, Отан – үлкен,

Қазақстан – туған ел.


Хор: «Отан»

1-жүргізуші:

Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндік пен ілгерілшікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі. Келесі өлең жолдарын Қазақстан туралы Мадияр пен Карима айтып береді.



Мадияр

Ел даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан

Менің жерім, туған елім –

Күн сәулелі Қазақстан.

Карима

Көкке тиген асқар тауы,

Жасыл киген бақша бауы

Менің жерім, туған елім –

Күн сәулелі Қазақстан.


1-жүргізуші:

Ұлттық би: Бір топ қыздар


(Залға «Алтын адамың» костюмін киген оқушы шығды)

Алтын адам: Армысың қазақ елім, армысың қазақ халқым, армысың қазағымының ұрпақтары!

Балалар: Қош келдіңіз!

Алтын Адам: Балалар мен Алтын адаммын! Сендерде қазақ елінің тәуелсіздігіне орай іс-шара өткізіліп тұрғанын естіп, ерте заманнан келіп қалдым. Қазақ елі, қазақ жері туралы не білесіңдер?


Карима: Қазақстан Республикасы- тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда қазақтар, орыстар, қырғыздыр, өзбектер және тағы басқа ұлттар тұрады. Олар бәрі тату тұрады.


Әмір: Қазақстанның астанасы-Астана қаласы. Ол өте әдемі қала. Астанада көптеген биік ғимараттар бар.


Рамазан: Еліміздің президенті бар. Оның аты –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол Қазақстанды көркейту үшін көп жұмыс істейді.


Альбина: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бар. Әнұран, елтаңба және ту. Ту аспанымыз ашық болсын деп көк түспен бейнеленген. Оюлары, қыран құсы, күннің көзі алтын түспен бейнеленген.


Мадияр: Елтаңбада шаңырақ, қанатты тұлпарлар, жұлдыз бейнеленген. Астында Қазақстан деген жазуы бар. Әнұранды біз баріміз жатқа білеміз және айта атамыз.


2-жүргізуші: Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.


1- жүргізуші:

Көк байрағым желбіресін көгімде,

Әнұраным әуелесін елімде,

Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,

Тұрса артық не арман бар өмірде.-дей тұра бүлдіршіндердің мемлекеттік рәміздер туралы тақпақтрын тыңдаңыздар!

Карима

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен – тек

Елдің ашық қабағы


Әмір

Ақ ниетті – алтын күн

Асқақ арман – қыраны

Жалауы бұл - халқымның

Мәртебесі, мақтаны


Рамазан

Тәуелсіздік жолында

Талай – талай тер төккен

Билігім өз қолымда

Еркіндігім – Елтаңба


Мадияр

Құт, береке – шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты құс – қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген


Альбина:

Әнұраным, жанұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республика Әнұраны


2-жүргізуші: Хор:


1-жүргізуші: Есілдің жағасына қонған қалам,

Жүрегі қазақымның болған қалам

Күн санап ертегідей өскен қалам,

Жайнашы, жайнай берші нұрлы Астанам! –келесі өлең жолдарын елордасы-Астанаға арналады.


Манарбек:

Арайлы таң Астанам,

Тек өзіңмен мақтанам.

«Бәйтерек» пен «Ақорда»

Жас та болса, бас қала


Гүлрайхан:

Бабалардың көзіндей

Даналардың сөзіндей

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам!


Мәди

Астанама қарашы,

Елімнің жас қаласы.

Неткен ұлы, неткен кең,

Қазағымның даласы!


Алтын адам: Менің кішкентай бүлдіршіндерім сендер өте білімді, өнерлі, ақылды балаларсыңдар! Қазақстанның ұрапқтары осындай болса, біздің еліміз әрқашанда жайнап өсе береді. Мен оған өте қуаныштымын. Енді менің кететін уақытым да жақындап қалды. Кетер алдында батамды беріп кетейін!

Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!

Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

Қазақстан әрқашан да жасай берсін!


Сау болыңдар!


Балалар: Сау болыңыз!


2-жүргізуші:

Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы жолында жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай білімді де, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлт жанды ұрпақ, отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық.

Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін!

1-жүргізуші

Мен –қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкіммен күн түрілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім –деген өлең жолдарымен бүгінгі «Айгөлек» шғын орталығының бүлдіршіндері дайындаған «Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз.

1,2-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!


















Әмір

Отан – елдің анасы

Отан – жердің анасы

Бақытты ғой, дәл мендей

Тәуелсіз ел баласы?!

Әмір: Қазақстанның астанасы-Астана қаласы. Ол өте әдемі қала. Астанада көптеген биік ғимараттар бар.

Әмір

Ақ ниетті – алтын күн

Асқақ арман – қыраны

Жалауы бұл - халқымның

Мәртебесі, мақтаны

Әмір:

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз 

Көптен күтіп сағынған.


Альбина

Бар байлықтың басында

Туған Отан тұр биік

Пейілі үшін қазақтың

Маңдайынан нұр сүйіп

Альбина: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бар. Әнұран, елтаңба және ту. Ту аспанымыз ашық болсын деп көк түспен бейнеленген. Оюлары, қыран құсы, күннің көзі алтын түспен бейнеленген.

Альбина:

Әнұраным, жанұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республика Әнұраны

Альбина

Таяғы бар қолында

Қар борайды соңында

Қандай сыйлық бар екен

Арқалаған қабында











Рамазан

Тыныш менің, отаным

Ырыс менің, Отаным

Ардақтайтын отанын

Мен Отаншыл баламын

Рамазан: Еліміздің президенті бар. Оның аты –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол Қазақстанды көркейту үшін көп жұмыс істейді.

Рамазан

Тәуелсіздік жолында

Талай – талай тер төккен

Билігім өз қолымда

Еркіндігім – Елтаңба

Рамазан:

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

Адикенов Алтынбек

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын


Назерке

Жалғыз отан өзіңсің

Жүрегімнің түбінде

Оттай ыстық сезімсің

Күнім – Отан, күлімде!

Назерке

Қараңдар  мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық  думанға,

Аяз ата келіпті.

Балауса:

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Тақпақ айтқан балаға

Кәмпиттерін беріп тұр


Алтынбек

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана, Отан – үлкен,

Қазақстан – туған ел.

Сәрсенбек Алтынбек

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.


Мадияр

Ел даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан

Менің жерім, туған елім –

Күн сәулелі Қазақстан.

Мадияр: Елтаңбада шаңырақ, қанатты тұлпарлар, жұлдыз бейнеленген. Астында Қазақстан деген жазуы бар. Әнұранды біз баріміз жатқа білеміз және айта атамыз.

Мадияр

Құт, береке – шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты құс – қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Мадияр

Борандатып аққарлатып,

Аяз ата келіп тұр.

Ақ көңілмен, пәк көңілмен

Бізге сәлем беріп тұр.


Карима

Көкке тиген асқар тауы,

Жасыл киген бақша бауы

Менің жерім, туған елім –

Күн сәулелі Қазақстан.

Карима: Қазақстан Республикасы- тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда қазақтар, орыстар, қырғыздыр, өзбектер және тағы басқа ұлттар тұрады. Олар бәрі тату тұрады.

Карима

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен – тек

Елдің ашық қабағы

Карима

Сақалы ақ, мұрны қызыл

Жылы екен жүзі де.

Кірпігі ақ, ерні қызыл

Мейірімді екен көзі де



Манарбек:

Арайлы таң Астанам,

Тек өзіңмен мақтанам.

«Бәйтерек» пен «Ақорда»

Жас та болса, бас қала

Манарбек

Келді міне жаңа жыл,                          

Қарсы  алайық, бәріміз.                        

Күліп, ойнап,би  билеп                          

Ән  салайық  бәріміз.                            


Гүлрайхан:

Бабалардың көзіндей

Даналардың сөзіндей

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам!

Гүлрайхан

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр



Мәди

Астанама қарашы,

Елімнің жас қаласы.

Неткен ұлы, неткен кең,

Қазағымның даласы!

Мәди

Келіңдер, келіңдер                             

Тақпақ айтып  беріңдер                          

Жомарт Аяз атадан                               

Сыйлық алып көріңдер!                         


Алтын адам: Армысың қазақ елім, армысың қазақ халқым, армысың қазағымының ұрпақтары!

Алтын Адам: Балалар мен Алтын адаммын! Сендерде қазақ елінің тәуелсіздігіне орай іс-шара өткізіліп тұрғанын естіп, ерте заманнан келіп қалдым. Қазақ елі, қазақ жері туралы не білесіңдер?

Алтын адам: Менің кішкентай бүлдіршіндерім сендер өте білімді, өнерлі, ақылды балаларсыңдар! Қазақстанның ұрапқтары осындай болса, біздің еліміз әрқашанда жайнап өсе береді. Мен оған өте қуаныштымын. Енді менің кететін уақытым да жақындап қалды. Кетер алдында батамды беріп кетейін!

Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!

Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

Қазақстан әрқашан да жасай берсін!


Сау болыңдар!








Ақшақар: Жарайсыңдар балалар! Менің сендерге дайындаған ойыным бар!

Ақшақардың сұрақтары:
Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Аружан:
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

Аида

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке - шеше

Құтты болсын Жаңа жыл


Сымбат

Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.

Елдана

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын,жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр.


Сабина

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме қыздарым мен ұлдарым.Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім.Көп сыйлықтар әкелдім. Бірақ та бір қиыншылықтарға тап болдым!

Аяз ата: Мынау бізді қамап қойған жалмауыз кемпір ғой! Қазір мен сені қатыртып тастаймын. Сен үшін балалардың мерексіне кешігіп келдім!

Аяз ата: Балалар Мыстан кемпірді кешіреміз бе?

Аяз ата: Олай болса Ақшақар қызым балалармен бірге шыршаны айналып ән айтайық!

Аяз ата: Ап, бәрекелді, тыңдайық

Балалардың бал тіліне тоймайық.

Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сау болыңдар балалар!


















Желаяқ: Уф! Ештеңеден қалып қойған жопын ба? Уақытымен келдім ба? Жүгіргенім сонша тез болғанымен Күнекей қыз, Таусағар мен Көлтаусар қайда қалып қойғанын білмей қалдым. Қазір келіп қалатын шығар. О! Кешіріңіздер! Мен амандаспай, бүгінгі мерекемен құтықтамай тұрғаным несі? Армысыздар құрметті ата-аналар мен кішкентай бүлдіршіндер! Сендерді көргеніме сондай қуаныштымын! Жаңа жыл мерекесімен барлықтырыңызды құттықтаймын. Жаңа жыл жаңа бақыт пен қуаныш әкелсін!


(Ән әуенімен Күнекей қыз, Таусоғар ме Саққұлақ келеді)


Күнекей қыз: Армысыздар құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Сәлеметсіңдер ме кішкентай бүлдіршіндер! Жаңа Жыл құтты болсын! Бақ - береке, мол ырыс - дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы Жылыңызға ұмытылмас шатты сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!


Таусоғар: Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.


Саққұлақ: Келді тағы жаңа жыл

Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді


Күнекей қыз: Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін жылына 2 рет тойланады. Қазақтар үшін нағыз Жаңа жыл наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Соны біліп қойыңдар балалар!

Жүргізуші: «Ертегілер әлемінен» қош келдіңіздер! Балалар сендерге өз өнерлерін көрсетуге асығып тұр! Біздің балалар ән айтқанды өте жақсы көреді. Балалар Жаңа жыл туралы ән айтамыз ба?

Балалар: Әрине айтамыз!

Жүргізуші: Онда бәримиз қол ұстасып, «Жаңа жыл» әнін айтайық!

(Ән айтып болғаннан кейін Саққұлақ жерге құлағын қойып естіп жатады. Барлығын тыныш алуды сұрайды)

Желаяқ: Саққұлақ! Тыныштық па? Не болып қалды?

Саққұлақ: Біреудің келе жатқан дауысын естіп тұрмын!

Желаяқ: Мен білем бұл кім екен! Бұл Аяз ата мен Ақшақар!

Саққұлақ: Жоқ бір адамның ғана келе жатқанын естіп тұрмын. Өзі ақсақ қой деймін. Осы дауыс маған ұнамай тұр! Келе жатқан дауысы жақындап тұр! Ал кәне көрейік бұл кім екен ақсап келе жатқан?

(Залға Мыстан кемпір ақсап кіріп кетеді де кейіпкерлерді қорқытады)

Мыстан кемпір: Мені күткен жоқсыңдар ма! Мені жаңа жылға шақырмасаңдар да мен бәрі бір келдім! Мені қонаққа шақырмаған үшін сендердің мерекелік көңіл-күйлеріңді бұзамын, шыршаларының быт-шытын шығарамын. Аяз ата мен Ақшақарды сиқырлап тастадым , енді олар сендерге келе алмайды, мерекелеріңді дұрыс болғызбаймын !!!

Күнекей қыз: Оған қалай бардың? Біздің емес мына кішкентай балаларды ренжітуге қалай қолын барды? Балалар сендер мыстан кемпірге ренжіп тұрсыңдар ма?

Балалар: иә!

Мыстан Кемпір: Маған бәрі бір! Мен Жаңа жылды сендерге болғызбаймын! Ешқандай шырша шамдарын жаққызбаймын! Себебі Аяз ата мен Ақшақарсыз ешқандай Жаңа жыл келмейді! Ха-ха-ха!

Таусоғар: Жетер енді кәрі Кемпір. Аяз ата мен Ақшақарды босатасың ба жоқ па? Кәне балалар Аяз ата мен Ақщақарды босатуын сұрайық!

Балалар: Мыстан кемпір! Аяз ата мен Ақшақарды босатыңызшы!

Мыстан кемпір: Жоқ босатамаймын! Аяз атаның сендерге дайындаған сыйлықтарыңды өзіме аламын! Менің де сыйлық алғым келеді!

Таусоғар:Мыстан кемпір саған күшімді жұмсауыма тура келеді. Қолдарын ұстап, орындыққа байлап қояды.

Мыстан кемпір: Кешіріңдер! Кешіріңдер! Маған тиспеші, мен енді ешкімді де ренжітпеймін. Аяз ата мен Ақшақарды дәл қазір босатамын! Абра-кадабра! Аяз ата мен Ақшақар тордан босатылсын! Ал енді балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақыруларына болады.

Жүргізуші: Олай болса балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Барлығы хормен: Аяз ата, Ақшақар! 3 рет

Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме қыздарым мен ұлдарым.Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім.Көп сыйлықтар әкелдім. Бірақ та бір қиыншылықтарға тап болдым!

Мыстан кемпірді көріп қалып:

Аяз ата: Мынау бізді қамап қойған жалмауыз кемпір ғой! Қазір мен сені қатыртып тастаймын. Сен үшін балалардың мерексіне кешігіп келдім!

Мыстан кемпір: Кешірші мені Аяз ата енді жаман істерді жасамаймын! Жаксы кемпір боламын. Балалардан ертегі кейіпкерлерінен де бәрінен кешірімді сұрадым!

Аяз ата: Балалар Мыстан кемпірді кешіреміз бе?

Балалар: Кешіреміз!

Аяз ата: Олай болса Ақшақар қызым балалармен бірге шыршаны айналып ән айтайық!




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров206
Номер материала ДВ-362478
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх