Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Менің тұңғыш Президентім" (1 желтоқсан Президент күніне орай ұйымдастырылған сабақ)

"Менің тұңғыш Президентім" (1 желтоқсан Президент күніне орай ұйымдастырылған сабақ)



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім

(Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс-шара)

Мақсаты:

1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.

3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, Елбасының нақыл сөздері, картиналар, хронологиялық тізбек

Түрі: тәрбие сағаты

Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу;

Ә) оқушы назарын сабаққа аудару;

Б) сабақ барысы, мақсат, міндеттерімен таныстыру;

Кіріспе.

І бөлім:

Оқушы Шыңғыс Ерімханов:
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.

Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1958 жылы орта мектепті бітіреді. 1960 жылдың мамыр айында Теміртау қаласындағы «Казметаллургстрой» тресінің «Доменстрой» құрылыс басқармасында қара жұмысшы болып еңбек жолын бастаған.

Ол дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы төралқасының төрағасы, ҚР-сы Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы, Қазақстан Халық Ассамблеясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні» ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

Оқушы Сейтова Аружан:

Жаным менің, Жүрегімнің іңкәрі,
Арай тұнық, махаббаттың нұр таңы!
Түркістан боп аялаған санамды,
Ұлы Бидің шұғылалы бұрқағы!
  Аспандағы ай, жұлдызым сен менің,
  Қадір түнім, таңғажайып ертеңім!
  Меккедегі Қағбадай көз тартасың,
  Аққу құсым, қиялдағы ертегім!
Ұлы Патшам, сол қабағың тартты ма,
Жүрегіңе сағынышым батты да!
Жақсылықтың періштесі болып кел,
Зәмзәм мөлдір, кәусәр бұлақ, ақ тұма!...
  Жаным менің, Жүрегімнің іңкәрі...

Оқушылар Сәкен мен Аида:

Сәкен: Тіліммен Дінім, Ұяятым, Арым, Берекем!
Аида: Еліммен Жерім, Арманым, Мұңым, Мерекем!
Алатау Тұлға, Оранған нұрға бақ дарып,
Тәңірден тағлым бұйырған дара Ер екен!
Сәкен: Елбасым, Елбасым!
Айбарым, Ардағым!
Аида: Елбасым, Елбасым,
Ойлаған Халқының арманын.
Сәкен: Кемеңгер, көрігім,
Тасқыны жаңа жыр арнаның!

Ортада хронологиялық кесте тәртібі:

  1. 1991 жыл Тәуелсіздік алдық, Тұңғыш Президентімізді сайладық;

  2. 1992 жылы мемлекеттік Рәміздер;

  3. 1993 жылы Ұлттық вальюта;

  4. 1995 жылы Конституция қабылдадық

  5. Елбасы бірнеше мәрте Президент болып сайланды;

  6. 2008 Астана күні белгіленді;

С.Айтолқын, Д.Абжатов, А.Шағала, Е.Бахытов, Е.Аяжан,Т.Тоғжан.

II. Бөлім. 1 желтоқсан Президент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағатын өтеміз.
Негізгі бөлім .

Сынып оқушылары алты баладан төрт топқа бөлінеді:
І топ тапсырмасы:

«Ақ тілекпен Президентке» Елбасына тілек жазады!



ІІ тапсырма:

«Президент» сөзжұмбағын шешеді


П


р


е


з


и


д


е


н


т





















Сұрақтары:

  1. Н.Ә.Назарбаевтың негізгі лауазымы (Президент)

  2. Елбасы Қазақстандағы қандай Күштердің Қолбасшысы? (Қарулы)

  3. Н.Ә.Назарбаевтың дүниеге келген айы? (шілде)

  4. Н.Ә.Назарбаевтың Астанадағы Ақ Ордасы қалай аталады?

  5. Соңғы сайлау өткен мерзім (биыл)

  6. Елбасымыздың тұңғыш қызының есімі (Дариға Назарбаева)

  7. Қай қалада қара жұмысшы болып еңбек жолын бастады? (Теміртау)

  8. Қазақстандағы Заң шығарушы орган? (Парламент)

  9. Елбасымыздың кітабы «Тарих….» (толқынында)


ІІІ топ. «Ғасыр қойнауындағы Қазақстан»

Оқушылар постер қорғайды:

Соңғы 100 жылдағы Қазақстан мен

Алдағы 100 жылдағы Қазақстанды сызбамен түсіреді. Қалай елестетеді, қандай даму жолынан өтті? Білгендерінше жұмыс жасайды.

ІҮ топ. «Елбасының сарабдал саясаты мен даналығы еңбектерінде..»

Қандай еңбектерін біледі? Қысқа да нұсқа баяндау.

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.






































Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

«Жетыарал орта мектебі» КММ











Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:


Менің тұңғыш Президентім!

(Тұңғыш Президент күніне орай)



Өткізген: сынып жетекші М.Хадиева

Сыныбы: 7

















2015-2016 оқу жылы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров144
Номер материала ДВ-455994
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх