Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Менің жанұям" ашық сабақ Жаратылыстану

"Менің жанұям" ашық сабақ Жаратылыстану

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінің

шағын орталық тәрбиешісі:  Болыскей Нұргүл Кенжеғалиқызы

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырыбы:  Менің жанұям

Мақсаты: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ - жауап, сергіту, шаттық шеңбері.
Көрнекіліктер: Отбасы суреттері, интерактивті тақта.

Билингвальды компонент: отбасы – семья, ата – дедушка, әже – бабушка, аға – брат, апа – сестра
Сабақтың барысы
                        Шаттық шеңбері:
            Қол ұстасып тұрайық ,

үлкен шеңбер құрайық.

Бір –бірімізге қарайық,

Күліп ойын бастайық.

-Балалар,таңертең  топ ішіне кірсем,мен дайындаған суретті біреу қиып тастапты міне, қараңдаршы , мұнда кесілген қағаздар жатыр.

-Қалай ойлайсыңдар,осылай істеуге болама? Маған көмектесесіңдерме?

Бүтінделген суретті тақтаға іледі.

-Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге мынадай сурет әкелдім. Бұл суретті қалай атасақ екен.

-Отбасы

- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
                        Жұмбақ:

Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас!

 Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасы - отанымыздың ошағы.

Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

 «Әке- асқар тау,

Ана- етегіндегі бұлақ,

Бала-жасындағы құрақ» -деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетініне сенімдімін.

Ойын-жұмбақ: «Кім ол?»

Балаларға отбасы мүшелерін жұмбақ арқылы жасыру және оларды орысша атау.

Кітапты көп оқитын,
Жырларды жақсы білетін.
Немересін еркелетіп,
Жанында әрқашан жүретін кісіні кім дейміз? (ата)

Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, отбасын қорғаушы, сақтаушы ол кім?    ( әке)

Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды.

Ол кім?  ( Әже)

Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.  ( Ана)

-Балалар сендер осы отбасы мүшелері туралы тақпақ білесіңдер ме?

-Олай болса айта қойыңдаршы кім айтады?

Балалар өздері білетін отбасы мүшелері туралы тақпақтарын айтып береді.
                               Сергіту  сәті

Бас бармағым -атам-үйдің данасы,

Балалы үйрек-әжем-ошақ анасы,

Ортан терек-әкем-отау панасы,

Шылдыр шүмек-анам-шаңырақ ажары,

Титтей бөбек-мен-бәрінің базары

Дидактикалық ойын:  «Менің отбасым»

Балалар үйлерінен әкелген фотосуреттерін көрсетіп, өз жанұя мүшелерімен таныстырады.

- Әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға - әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен. Есімізге түсіріп айтып көрейікші.

- Балалар енді маған кім отбасы мүшелері туралы мақал - мәтел айтып береді?

Мақал-мәтелдер

1. Әке көрген оқ жонар,
шеше  көрген тон пішер.
2. Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
3. Ананың көңілі - балада,
Баланың көңілі - далада.
4. Өз үйім - өлең төсегім.
5. Ата - балаға қорған.

6. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»

7.Інісі бардың тынысы бар.
Ағасы бардың жағасы бар.

Ойын: "  Кім жоқ?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.

- Өте жақсы балалар.
Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Деніміз  сау болсын! Отбасымыз берекелі , мерекелі болсын!

 Қазақтың әр отбасының керегесі  кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің жанұям" ашық сабақ Жаратылыстану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 661 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2017 3939
    • DOCX 19.1 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Болыскей Нургул Кенжеғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Болыскей Нургул Кенжеғалиқызы
    Болыскей Нургул Кенжеғалиқызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22223
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в условиях среднего профессионального образования

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Реализация комплексной программы «Радуга» с учетом требований ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Воспитательный потенциал методики Никитиных на основе идеи необратимого угасания возможностей эффективного развития способностей детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции