Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Менім болшақ мамандығым

Менім болшақ мамандығым



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m3367a7b.gifТақырыбы: Менің болашақ мамандығым.

Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауға көмектесу, оқушылардың мамандықтар туралы көзқарастарын біле отырып, алдағы уақытта мамандықты таңдауда дұрыс жол таңдай білулеріне бесенділіктерін арттыру. Оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділігін анықтау, мамандық әлемі және ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылай отырып, өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қабылдауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Проектор, презентация, флипчарт


Ұйымдастыру бөлімі:

  1. Сыныппен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындау.

  2. ҚР Әнұранын орындау.


Кіріспе сөз:


Мұғалім сөзі: Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің болашақ мамандығым». Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне кезігесіңіз.Өздеріңіз білесіздер сынып бітірген кезде сіздерде үлкен мақсат- ол мамандық таңдау.

Бүгінгі сабақта біздер осы маңызды тақырыптарға тоқтала отырып, сіздердің өз қызығушылықтарыңыз мен қабілеттеріңізге қарай сіздерге өз таңдауыңызды жасауға септігі тиеді.Мамадық таңдау кезінде ескерілетін факторларға тоқаталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Сіздер шын мәнінде ендігі қандай маман иесі болатындарыңызды анықтаған шығарсыздар және де өздеріңіздің болашақ мамандықтарыңыздың бағытын жақсы білетін шығарсыздар. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шыңдығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген, бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады.

Ендігі кезекті бағдар дегеніміз не екенін мектеп басшысының пікірін тыңдап көрейік.


2 слайд. Бейнетаспа мектеп директоры И.Т.Сатимовтың сұхбаты.


Мұғалім сөзі: Мамандық таңдауда кейбір факторларды ескеру қажет болып табылады.






Мамандық таңдау ережесі:


  • Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және сіз тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;

  • Өзін өзі зерттеу маңызды (қызығушылықтар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, қабілеттер, денсаулық, өзін өзі бағалау, талаптану деңгейі)

  • Барынша өзіңе ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдау керек;

  • Таңдаған мамандықты зерттеу;

  • Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;

  • Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, ойыңды жүзеге асыруда және мамандықты жетік меңгеруде табандылық танытуың керек.


І. «Әріптерден басталатын мамандық» жатығуы.

Әріптер жазылады,сол әріптермен басталатын мамандықтардың атауларын барынша көбірек жазу керек. А,Д,Ж,И,С,З,Ш,Т,М,Э


ІІ. «Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны.

Қазір мен әр түрлі мамандықтарды айтамын, ал сіздер әрқайсыңыз бірнеше секунд ішінде жолдастарыңызға қарап, аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыздар. Әрі қарай мен қол шапалақтағанда барлығың таңдаған адамдарыңды (аталған мамандыққа көбірек келетін адмады) қолмен немесе қаламмен көрсетулерің керек.

Мұғалім, дәрігер, дизайнер, архитектор, аудармашы,тілші, заңгер, экономист, актер т.б.


ІІІ. Психологиялық сәт: "Психогеометрия"

Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

5 слайд. Бейне таспа мектеп психологі Э.Ғ.Мурзагалиева



ІҮ. Төмендегі кедергіден шығуға рухани дайындығың қандай?

  • Егер сенің таңдаған оқуыңа ата-анаң келіспесе не істейсің?

  • Оқуыңды аяқтап жұмысқа тұрарда саған өз мамандығыңнан басқа жұмыс ұсынса, бірақ еңбекақысы жоғары болса, қайтесің?

  • Оқуыңды аяқтар сәтте алып шыққан мамандығың қазіргі күнде қажеті шамалы болса қайтесің?

  • Өз жұмысыңда елеулі жетістіктер болып, бірақ ол еңбегіңді ешкім бағаламаса қайтер едің?

  • Оқуыңды ойдағыдай аяқтап,жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған одан гөрі еңбекақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесің?


Ү. «Келесі кездескенше!» жаттығуы.

Менің қолымдағы жанып тұрған майшам. Мен сіздің қолыңызда әрдайым бәрі жанып тұруын және бақтарыңыз жанып, армандарыңның лаулай беруін, өмірде бәрі талқыланып сәтті аяқталғанын қалаймын. Кімнің қолында майшам болса, сол бүгінгі тәрие сағаты барысындағы жетістіктер мен жаңалықтарын әңгімелеп береді.

Талдау

  • Бұл күн сізге не әкелді?

  • Жаңадан не білдіңіз?

  • Мамандық таңдауыңызға көмегі болды ма?

  • Қандай көңіл күйдесіз?

  • Өзініз қандай қорытынды шығардыңыз?

Қорытынды:

Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер- уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі тәрбие сағатымызда айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін.

Сабағымыз аяқталды,келесі кездескенше сау болыңыздар!



























Бөрлі негізгі жалпы білім беретін қазақ мектебі















(ашық тәрбие сағаты)









Өткізген: А.М. Муфтиев













57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Тақырыбы: Менің болашақ мамандығым.

Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауға көмектесу, оқушылардың мамандықтар туралы көзқарастарын біле отырып, алдағы уақытта мамандықты таңдауда дұрыс жол таңдай білулеріне бесенділіктерін арттыру. Оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділігін анықтау, мамандық әлемі және ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылай отырып, өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қабылдауға тәрбиелеу.

Автор
Дата добавления 29.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров327
Номер материала 295434
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх