Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Мереке наурыз - жыл басы

Мереке наурыз - жыл басы

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


Тәрбие сағаты: Наурыз-жыл басы


1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар,ұстаздар!

Наурыз келді, наурыз келді ағайын!

Жайнататын көңілдердің сарайын.

Көктем келе күлімдейді көк аспан,

Әнге толды, күйге толды маңайым!

2- жүргізуші:

Ілесіп наурызбен көктем жетсін,

Көңілін үлкен-кіші көкке жетсін,

Еңсесі көтеріліп, ер азамат,

Ескі жылмен реніш өкпен кетсін!

Осы кезде топқа кірген ақ әже:

Наурызым әкелсін деп береке, ырыс,

Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс.

Жаңадан келіп жеткен жылдың басын,

Ақ құйып қарсы алғаның өте дұрыс.

Берекең осылайша ортаймасын,

Шаңырақ биік тіккен шайқалмасын,

Босағама о,

Наурыз құт боп кіріп,

Елімнің ырысты ет кәрі-жасын! (Шашу шашылады)

(Рахмет, әже төрлетіңіз!)

Тазша бала:

Уа, балалар! Наурыз құтты болсын. Мені неге шақырмайсыңдар? Сендердің дауыстарыңды естіп, мені де шапқырып қалады-ау, деп, құлағымды қанша төсесем де ешкімің айтпадыңдар. Жарайды, бүгін наурыз, ешкім-ешкімге өкпелеуге болмайтын күн, сондықтан ренжімей-ақ қояйын. Сендердің өнерлеріңді көріп сарапқа салғалы әйгілі үш би аталарың келіп отыр. Мен сол кісілерді ортаға шақырайын.

(Билер ортаға шығып жайғысып отырады.)

1-би: Армысыңдар балалар!

1-Жүргізуші: Амансыз ба, би ата!

2-би: Ұлыс оң болсын!

2-жүргізуші: Есенсіз бе, би ата!

3-би: Ақ мол болсын!

Жүргізушілер: Рахмет би ата!

1-жүргізуші: Тазша бала, сен ренжіме, би аталардың қасына отырып балалардың өнерін тамашала. (Ендеше келесі кезекті әнге берейік)


Ән: «Қазақы дастархан» 0 «ә» класс


Ей, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан
Жайылып тұр дастарқан.


Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!

Жақсы келсе - құт болар,
Жаман келсе - жұт болар.
Жолаушымыз біз деген
Асыл мұрат іздеген.
Қайырмасы:
Айналайын ағайын,
Үміт отын жағайын.
Уайым-қайғы жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын.
Қайырмасы:

1-жүргізуші:

Уа, ағайын туысқан,

Наурыз күн туды шығыстан,

Сол тойға келдім шақырып,

Ат терлетіп алыстан.


2-жүргізуші:

Ақ түйе қарны жарылды,

Наурызды елім сағынды.

Асыққан сен де сол тойға,

Барлық жұрт мұнда ағылды.

(Келесі кезекті өлеңдерге берейік)


Би: Қамажай 0 «б» класс


Бірінші бала:

Наурыз той – көңіл тойы, көктем тойы

Жақсылық болса деймін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін

Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін.

Наурыз құтты болсын ағаларға

Наурыз құтты болсын аналарға

Жыл сайын тойлататын шаттықпенен

Наурыз құтты болсын баршамызға!


Екінші бала:

Наурыз келді – жыл келді,

Тірілтуге гүлдерді.

Сәнденеді аналар,

Сәбилермен бірге енді

Наурыз келді нұр келді,

Түгел аймақ түрленді.

Бақшадағы тәтейлер,

Тойға әзір боп үлгерді!


1-жүргізуші: Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!

Қызыққа еш тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың.


2-жүргізуші: Мерекелі байырғы,

Алды халқым қабылдап,

Ақ дастархан жайылды,

Ошақты от жалындап.

Би: Түрік биі


Жүргізушілер: О, о... наурыз көже келді! Енді барлығымыз үстел басына жайғасайық.


Үшінші бидің батасы:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін!

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын.

Көк жайлауды жайласаң,

Тай құлынды байласаң,

Сабан толсын уызға,

Шыбықтан өсіп шынар бол.

Білім жолын қуар бол.

Ата-бабаң шықпаған,

Биікке шырқап шығар бол.

Аумин!


Әдеби-монтаж: 0 «а» класс

Наурыз келді, балалар,

Көктеді қыр, жағалар.

Наурыз тойын тойлайық,

Жаңа жылда, ағалар!

Қазақ биі: 0 «в» класс

Өніп еккен дәніміз,

Бүршік жарды бағымыз.

Сәскеде жаз, түнде қыс,

Секілді екен Наурыз.


Ән: Наурыз-думан 0 «б» класс

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырысты

Таттық наурызкөжеден.

Наурыз  көже татысып,

Үйден үйге кірген күн.

Ән мен биге қатысып,

Қауым боп ойнап –күлген күн.

1-жүргізуші:


Демеңіз біз өнерді аяп қалды, 

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. 

Қош болып тұрыңыздар көріскенше 

Осымен наурызымыз аяқталды. 

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров87
Номер материала ДВ-534396
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх