Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Мерекелік ертеңгілік " Мерекелі берекелі Күз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мерекелік ертеңгілік " Мерекелі берекелі Күз"

библиотека
материалов

Мерекелі, берекелі Алтын күз

Музыкалық әуен ойнап тұрады, әдемі киінген балалар сахнаға шығады.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, армысыздар балалар.

Хормен: Мерекелі, берекелі Алтын күз құтты болсын!

Жүргізуші: Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың,

Алтын күзге арналған

Ертеңгілікті бастайық

(Сырттан бір дыбыс естіледі, желдің шуы)

Балалар тыңдаңыздаршы бұл не шу?

(Осы кезде әдемі әуенмен күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:Уа, халайық дархан далам армысың

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін,

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен- Күз ханшайымымын сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Күз ханшайымы: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса- Жасыл

Түссе- Сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар жарайсыңдар! Балалар сендердің қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Біздің балалар күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады, сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Хор: Ән: «Күз ырғағы»

Жүргізуші: Өнім биыл тамаша

Көз тоймайды қараса

Сәбіз, пияз, қияр, картоп,

Бұршақ, асқабақ, қызылша,

Қызанақ, орамжапыраққа қарашы

Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.

Нұржанар: Пияз.

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Әділет: Қауын

Жинап досты бауырды,

Ортаға алдық қауынды

Жарып едік қауынды

Қарық қылды ауылды.

Жаңғабыл: Асқабақ

Қауыннанда басқарақ

Қарбызданда басқарақ

Семіріпті бақшада

Қойдай болып асқабақ.

Н.Димаш: Қарбыз

Қарбыз деген қой сойдық

Ой бәріміз бір тойдық

Сусап тұр ек көбіміз

Қанып қалды шөліміз.

Марлен: Қырыққабат

Қабат- қабат тоны бар

Тіл үйірер сөлі бар

Суы өмірі кеппейді

Аздап тұзы жетпейді

Қ. Димаш: Күнбағыс

САбағында ырғалып

Күндей болып тұр жанып

Дәні піскен кезінде

Кетеді екен нұрланып

Айжанат: Пияз

Қос батырдай түйілген

Тоғыз сауыт киінген

Аршимын деп мен оны

Жылап шықтым үйімнен

Ислам: Сәбіз

Тығылам деп тереңге

Бұғып жатқан төменде

Ұзын мұрын тәрізді

Тауып алдым сәбізді.

Анел: Қызылша

Аты да оның қызылдан

Кессең шығар қызыл қан

Тәтті түбір дейді екен

Жұрт сүйсініп жейді екен.

Жаңабай: Қияр

Жас өскінін қиярдың

Жаз бойы мен суардым

Түйнектерін көргенде

«Бес» алғандай қуандым.

Жанерке: Сәбіз

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.

Жаңғабыл: Қызылша

Ақ түсім бар қант алар

Қызыл тұсім қанға нәр

Зияным жоқ біліп қой

Қызылшамын біліп қой.

Жүргізуші: Көкөністер бәріде

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер

Оларды жақсы көріңдер.

Хор: Ән: «Күз береке»

Жүргізуші:Күз ханшайымы балардың өнері ұнадыма.

Күз ханшайымы: Йә балалардың бәрі өнерлі екен.

Жүргізуші: Қане балалар осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Кім жылдам»

Ойын шарты: Ер балалар бір себетке көкөністерді, ал қыздар бір себетке жемістерді жинайды.

Мерекелік құттықтаулар

Санжар: Қоңыр салқан тарады

Қойнаулармен сайларда

Қаздар қайтып барады

Қайтқан елдей жайлауға.

Жанар: Жүзім алма жинаймыз

Алтын мақта тереміз

Үлкендерді сыйлаймыз

Көмектесе береміз.

Сыздық: Қалықтаған аспанда

Тарау- тарау тырналар

Алыстағы достарға

Жеткіз біз бір хабар.

Аяулым: Құстар қайтты күз болып

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп гүл солып

Қыз ызғары басталды

Мади: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Ән: «Отан»

Мерекелік құттықтаулар

Сұңқар: Арайлана ай туып,

Қыркүйекте құлпырар.

Салмақтанып су тұнып,

Байлық толы қыр тұрар.

Венера: Көптен көзін бір алмай,

Қызғыш тартты кәрі күз.

Жер қазығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз.

Ақдана: Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәні толы ен далам

Дариядай шалқар күз.



Феруза: Шоғы толған гүлдей жайнап,

Жарқырады жарқын күз.

Сайраңдады күліп- ойнап,

Келді міне алтын күз.

Асылзат: Қазан толы молшылық

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады.

Хангелді: Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді ажырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Айзере: Сары- ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

Нұрлыбек: Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнысы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

Нұрай: Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Келіңдер күз тойын тойлайық.

Би- билеп ойнайық.

Би: «Жапырықтар биі»

Күз ханшайымы: Рахмет,балалар! Өнершіл- өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы.Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығыңа рахмет. Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді) Қош бол, Күз ханшайымы.

Жүргізуші: Күзгі бақтағы қонақтар!

Айналайын балалар,

Мерекеміз бүгінгі,

Естен кетпес күн болды.

Бақыт тілеп бәрімізге,

«Сау болыңыздар» деп,

Аман саулық тілеп,

Мерекені аяқтайық.

Осымен, «Айгөлек» тобының ұйымдастырған «Мерекелі, берекелі Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігін аяқтауға рұхсат етіңіздер! Зейін қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.10.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров257
Номер материала ДВ-024789
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх