Инфоурок Начальные классы ПрезентацииМерекелік іс-шара "Аяулы анам"

Мерекелік іс-шара "Аяулы анам"

Скачать материал

«Алтын күз» ертеңгілігі

·         Гулсима

 

·         31 мам 2014

 

·         16738

 

·         0

·                                                                                                                                0

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге балалар анасымен бірлесіп, сән көрсетілімін дайындап келген екен,
ана мен баланың сән көрсетілімін бағалайтын әділқазы алқасымен таныстыру.
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
1 - бала: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

2 - бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.

3 - бала: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

4 - бала: Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

5 - бала: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.

6 - бала: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күзгі бақ»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балар: Күзгі жылы киімдерін киеді.
Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың анасымен бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық.
Әдемі әуен ойналып, балалар анасымен күзгі сән үлгісіне шығып, өздерінің және аналарының киімдерін неден қалай дайындағанын бірлесіп сипаттап, таныстырады.
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі
Күз: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.

Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

Қарбыз: Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Қауын: Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз, балаларға алма таратады)
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жеміс тердім»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

       жомарт көңіл жарқын жаз.

       Сары алтынға малынған,

     Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                Ағайынды бәрі

                Шықса жасыл. Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән «Күз»

             Күзім-ау, күзім-ау!

              Мінезің бұзық-ау

            Жаңбырың сіркіреп,

             Келгенің қызық-ау.

            Қарашы күз келді, күз келді,

                Сары алтын жауыпты іздерді

               Құс біткен керуен түзеді

        Көңілсіз неліктен күз енді

      Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

 Бақшаға баратың бізбенен

                                  Сары теңге жапырақ,

                               Бояған ба көл бетін?                                       

                                Тоңазыпты топырақ,

                                 Ызғарлы екен жел де тым.

Кездескен сон күзімен,

 Бұтағынан үзілген.

 Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын

Жүргізуші: «Қолшатыр» биі .

 

Зере: Гүл жайнаған даланың,

        Жапырағы солыпты.

        Таңырқадым, қарадым,

        Танымастай болыпты

                         Айғаным: Алтын, сары, қызыл, көк,

                                       Алуан-алуан жапырақ.

                                           Күзгі бақта күлімдеп,

                                         Көз тартады атырап.

Ерасыл: О, алақай, тамаша,

               Шашу шашады жапырақ.

                              Бақтың іші алаша,

                             Аунар ма еді жатып ап!

 

Нұрай:                  Астық жеміс жиылды,

                             Қамбамызға құйылды.

                             Ардақты күз мың алғыс,

                             Алдық өнім сыйыңды.

       Бекзат:               Көбейді құт-береке

                                  Астық толы қоймамыз.

                                 Құтты болсын мерек

                                 Алтын күзді тойлаймыз.

    Зере:

                                Өнім үйіп тастадық,

                                Оқуды да бастадық.

                              Берекелі алтын күз,

                            Ашық болсын аспаны

                                 Гауһар: Күн шуаққа маужырап,

                                  Жатыр еді атырап

                                 Ағаштардан жамырап,

                                 Ұшты кенет жапырақ.

   Мерей: Қуандырып бізді

                                    Мерекелі күз келді.

                                    Кел жемісті алтын күз,

                                    Кемелденсін халқымыз.

 

  Нұрай: Жүзім, алма жинаймыз,

               Алтын мақта тереміз.

      

          Үлкендерді сыйлаймыз,

               Көмектесе береміз

  Дінмұхаммед:       Жайдары күз, жарқын күз

                                Аяулы күз, алтын күз.

                              Дәнге толы кең далам,

                                Дариядай шалқар күз.

 

           Гүлім: Ұшты талдан жапырақ

                        Сары көбелек секілді

                       Аспанда жай шатырлап

                      Тамшы жерге секірді.

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын «Кім жылдам»

Би:«Жапырақтар»

Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын

                 Аузындамын бар жұрттың.

Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін

             Моншақ болып тізілдім .

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін

          Табиғатқа көрікпін.

Алма: Мен алмамын, алмамын

            Тандайда қалар бәр дәмім.

Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін табу.

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны

1.Пісетін кезі дәл күзде

 Мезгілсіз оны үзбе

 Аузынан кетпес бал дәмі

 Онын аты (шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да,

   Ағаштың басын иеді.

     Жемістерін аиырып,

 Танисың ба? (шиені )

3. Жапырақты тасалап,

   Өсетін жері-бақша-бақ

    Күрең қызыл шіркін-ай

    Оның аты…(таңқұрай )

 

«Шалқан» -орыс халық ертегісі.

«Алтын күз» өленің тамашалыңыздар

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды.

           Берекелі бақ-дәулет,

            Арта түссін тойланып.

             Сау болыңдар, балалар,

             Келгенше жыл айналып.

Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!

 

 Жайдары күз, жарқын күз Аяулы күз,алтын күз Дәнге толы кең далам Дариядай шалқарhttp://referatikz.ru/skrinshot/tarbie_sagati/altyn_k-z.jpg

 http://prezentaciya.ucoz.ru/10.png

 Алтын күз

Сабақтың тақырыбы: « Алтын күз».

Сабақтың мақсаты:

1)       кандай мезгіл еке Күз мезгілі нін, қандай құбылыстар болатынын түсіндіру;

2)       Тақырыпты түсіндіре отырып оқушылардың білімдерін, тапқырлықтарын, іскерліктерін дамыту;

3)       Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу;

Түрі: жарыс сабақ

Көрнекілігі: күз мезгіліне байланысты салынған плакат,жеміс пен көкөніс суреттері, эмблема,шарлар.

Әдісі: сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

      Мұғалім: Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқығқа кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Сондықтан біз күз мезгілін «Алтын күз» деп айтамыз. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.

         Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

         Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

         Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

         Мереке бірлікпенен ортақтассын 

 

  Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.

   I бөлім.  Таныстыру.

   II бөлім. Ханзадалар  мен ханшайымдардың өздерін таныстыру бөлімі.

  III бөлім.  Өнер сайысы

  ІV бөлім. Капитандар сайысы

  V бөлім.  Сән үлгісі

  VІ бөлім.  Ребус шешу

  VІІ бөлім.  Қорытынды.

 

   І бөлім. Таныстыру.

Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Сайысушы топтарды шақырайық,

Таныстыру кезегін жалғастыра .

 

    II бөлім. Ханзадалар  мен ханшайымдардың өздерін таныстыру бөлімі.

Күз келіп, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі бал айын,

Ханшайым тапқыр қыз болады,

Ағызар сөйлеп сөз майын.

Ал ханымыз ақылды,

Барша жұртты шақырды,

Би де билеп, ән айтты,

Қуаныштан шалқыды, -  демекші,  әр топтың ханзадасы мен ханшайымын  ортаға шақырайық

 

    III бөлім. «Өнер»сайысы

Алтын күздің сыйлықтарын алдық біз,

Қызығына қанып біз.

Молайтайық шаттықты,

Ән айтып, би билеп бәріміз, - дей келе, әр топты өз өнерлерін көрсетуге шақырайық.

 

    ІV бөлім. Капитандар сайысы

Бұл жандардың қылығына сай  ісі,

Сәулеленіп тұрады әрбір ісі.

Басшыларды шақырамыз ортаға,

Ендігісі капитандар сайысы.

 

1-топтың сұрақтары.

       Күзде қалатын құстарды атаныз

(Қарға, суықторғай, сауысқан)

 

       Егер күн ашық болса қандай сөздер айтуға болады?

(Аспан ашық,мөлдір, көгілдір, тап-таза)

 

      Бір шумақ өлеңнің арасынан тастап кетілген сөздерді суретке қарап, оқып берініз.

  Ағаштардан жамырап,

  Ұшты кенет жапырақ.

  Ой, алақай, тамаша!

  Шашу шашты жапырақ!

 

          Жұмбақ.

Жазда жасыл болып жыпырлап өнеді,

Күзде сары болып жерге үзіліп түседі.

( Жапырақтар )

2-топтың сұрақтары.

      Күз айларын атаныз.

(Қыркүйек, қазан, қараша)

 

      Күзде қандай өзгерістер болады?

(Күн қысқа, түн ұзақ, жаңбыр жиі жауады,  жапырақтар жер бетіне түсіп сарғаяды, құстар жылы жаққа қарай ұшады)

 

       Қызыл қырман басында,

Ақ бидайды сапырған.

Дихандардың қолында,

Күз есепші отырған.

 

      Еңбек туралы мақал-мател айтып берініз.

 

3-топтың сұрақтары.

       Күз айында болатын мерекелерді атаныз.

(Қыркүйекте білім күні, қазанда ұстаздар,

қарттар мен 25-қазан Республикп күні)

 

       Ағашта әрқашан болады ...

( Жапырағы, гүлі, жемісі,  тамыры, көлеңкесі )

 

 

        Алтын, сары, қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

 

         Жұмбақ.

Бұл недеген көп киім,

Жетпіс қабат көп киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Түймелеуге жетпейді.

                            ( Қырыққабат )

 

 

  V бөлім.  Сән үлгісі

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз тәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,  - дей келе келесі кезекте сән үлгісі

  VІ бөлім.  Ребус шешу

1. Алтын күз

2. Қоңыр к үз

3. Ардақты  күз

VІІ бөлім.  Қорытынды. Оқушыларды марапаттау                                                                                                    Орындаған:                                      кітапханашы 

 

Сәлем саған, алтын күз

Тақырыбы: «Алтын күз»

Жүргізуші:

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!Бармысыздар, жадыраған жас достар!Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшілігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.

Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған. Күзде егінді жинап болған ата – бабаларымыз Сабан той деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған. Міне бүгін сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Сәлем саған, алтын күз» жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі жарыста бастауыш сыныптар сынға түспекші.

Ал енді ортаға қатысушы топтарды шақырайық. (Әуен ойналып ортаға қатысушы топтар шақырылады. Топ басшылары ортаға шығып, реттік нөмірлерін алады).

Жүргізуші:

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1.     ______________________________________________________________

2.     ______________________________________________________________

3.     ______________________________________________________________

4.     ______________________________________________________________

 

Жүргізуші:

Ал енді жарысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

1. Таныстыру (Топтың аты, топтың ұраны, эмблема т.б.)

2. «Өнерлі өрге жүзеді» (Әр топ өз өнерлерін көрсетеді)

3. Полиглот. Топ басшылар сайысы. (Жұмбақтар шешу)

4. Күзгі сән үлгілері.

5. «Кім жылдам» (Әріптерден жемістердің атын теру)

6. Кім көп біледі? (Сұрақ – жауап)

7. Үй тапсырмасы («Күз береке, молшылық» атты қабырға газеті)

Жүргізуші:

Топтарымызды шығарып салайық.

Жүргізуші:

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Сәлем саған, алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар ортада _________тобы.

Жүргізуші:

Ортаға келесі топты шақырамыз!

Жүргізуші:

Ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Таныстыру бөлімінің бағасын сұраймыз.

Жүргізуші:

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымды

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден. Топтарымыздың өнерлерін тамашалайық.

Жүргізуші:

Әділ қазылар алқасынан «Өнерлі өрге жүзеді» кезенінің бағасын сұраймыз.

Жүргізуші:

Бұл жандардың қылығына сай ісі, Сәуленіп тұрады әрбір жай ісі. Топ басшыларды шақырамыз ортаға.Ендігі сәт капитандар сайысы, - дей отырып ортаға топ басшыларын шақырамыз.

Топ басшылар сайысы бойынша әрбір топ басшыларына жұмбақтар қойылады.

1.     Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.         (бидай)

2.     Аналары өле сала

Балалары дүниеге келеді. (Картоп)

3.     Көзге көрінбейді, инеге ілінбейді. (Жел)

4.     Бойы бір қарыс, Айдары екі қарыс (Жүгері)

5.     Қызыл теңіз, Жасыл жаға, Қарабалық. (қарбыз)

6.     Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр.   (қызанақ)
7.    Отыз көйлек киген, Бір түйме жоқ ілген. (қырыққабат)
8.    Көк ала киім киеді, күннің көзін сүйеді.  (қарбыз)
9.    Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады.  (пияз)
10.    Аласа тауда алуан алма, Алқызыл болмай аузыңа салма. (қызанақ)
11.    Жер астында жер қазық, Жеуге болар ас қазық.  (сәбіз)
12.    Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға доп боп оралады.   (алма)

Жүргізуші:

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз,- дей отыра, кезекті күзгі сән үлгілеріне береміз.

Жүргізуші:

Ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Күзгі сән үлгілерінің бағасын сұраймыз.

Жүргізуші:

 Келесі «Кім жылдам?» бөлімі бойынша «Құрастырғыш» ойыны ойналады. Әрбір топ екі конверттің бірін таңдайды. Конверттің ішінде әріптер бар, сол әріптерден 1 жемістің, 1 көкеністің атын құрау керек.

Жүргізуші: Әділ қазылар алқасынан «Кім жылдам?» кезенінің бағасын сұраймыз.

Жүргізуші: Келесі бөліміміз «Білгенге маржан»деп аталады. Мұнда кәрзеңкелер беріледі. Кәрзеңкелерін қолына алып, бақшадан жеміс – жидектер, көкеністерді бір – бірлеп алып, артындағы сұрақтарға жауап бере отырып өз кәрзеңкелеріне салады. Қай топ сұраққа жауап берсе, кәрзеңкесі тез толысып, сол топ жеңеді.

1.     Мезгіл атаулары.

2.     Балалар, сендер күз туралы осы уақытқа дейін көп оқып білдіңдер. Ендеше, күз дегеніміз не?
Балалар күз мезгілі туралы білетіндерін әңгімелейді.

3.     Жыл құстарын айтып беріңіздер!

4.     Мақал – мәтел білесің бе?

5.     Күз туралы өлең жолдарын білесіңбе?

6.     Күз туралы ән білесіңбе?

7.     Күз айларын ата.

8.     Күздің соңғы айы қай ай?

9.     Көкеністерді ата.

10.                        Жемістерді ата.

Жүргізуші: Әділ қазылар алқасынан «Білгенге маржан» кезенінің бағасын сұраймыз.

Жүргізуші: Үй тапсырмасы бөлімі бойынша әр топ өздері шығарған қабырға газеттерін таныстырады.

Жүргізуші:

Ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Қабырға газетінің бағасын сұраймыз.

Жүргізуші:

Ал енді әділ – қазылар алқасы қорытынды шығарғанша ортамызға 2 – сынып өнерпаздарын шақырамыз!

Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?

«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжімегін,

Қатысуда бір жеңіс, жан болсан сен ұғатын.

Жүргізуші:

Ал енді қазылар алқасын сөз береміз.

Марапаттау.

Қазылар алқасы жеңген топтарды мақтау қағаздарымен марапаттайды.

Жүргізуші:

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «сәлем саған, алтын күз» атты жарысымызды аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

 

 

hthttp://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/42/2012/10/01/deba28.jpgthttp://www.symbolsbook.ru/images/Zh/Yellow.jpg

http://goo.kz/media/img/journal/4e85b8da02732.JPG

http://f4.mylove.ru/y_nw2gDkzKfVrWTL.jpg

http://www.playcast.ru/uploads/2015/09/01/14908027.jpg

p: http://bluesail-astana.kz/wp-content/uploads/2012/11/xnZWVPh4Asw.jpg

//whttp://www.bumbando.com.br/wp-content/uploads/2012/06/atividades-para-o-inverno.jpg

https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=3d08e611d97ead6121765835b3bbc79d&n=33&h=190&w=240ww.yohttp://kargoo.gov.kz/media/img/journal/52734d926b7c0.jpg

http://balkhash.goo.kz/media/img/journal/min-524919a0756be.jpgutuhttp://data.photo.sibnet.ru/upload/imgbig/136255476952.jpg

behttp://scan-interfax.ru/Document/Image?docRef=DOC%3ASMI2014I%3Aastanafmkznewswrm_60113218_a468dc22-02bf-42c3-a6be-31e5a65c333d

.

http://www.inform.kz/fotoarticles/20141006111413.jpghttp://www.twist.pl/i/1/_art/359/250_13432230274a28dea1cb392.jpgc

http://www.inform.kz/fotoarticles/20141006111350.jpg

ohttp://www.inform.kz/fotoarticles/20141006111350.jpg

http://www.fidelity.kz/media/k2/items/cache/755a09762452d6eb5c314d532540d319_XL.jpg

http://picslife.ru/wp-content/uploads/2012/11/krasivyie-kartinyi-maslom-hudozhnika-leonida-afremova_11.jpg

http://goo.kz/media/img/photogallery/4eae97eb0eb45.JPG

m/http://www.inform.kz/fotoarticles/20141006111405.jpg

wahttp://img-fotki.yandex.ru/get/6520/14124454.315/0_b50ae_f11f2f1e_orig.jpg

https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=f3b947baa5e150b77ea698c78490b15e&n=33&h=190&w=304tch?vhttp://balkhash.goo.kz/media/img/journal/52789acc889a2.jpg

 

http://goo.kz/media/img/journal/506eb234ab7e1.JPG

http://prostodelkino.com/uploads/posts/2012-11-25/image_42501.jpg

http://f15.ifotki.info/org/e17da59b7007ab08403be8d525015c1f539508164269947.jpg

http://www.inform.kz/fotoarticles/20150813093448.jpg

=TQojGhGgtro

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік іс-шара "Аяулы анам""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Аяулы анам

Мен аяулы анамды жақсы көремін.Ана жайлы айтып тауыса алу мүмкін емес.Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз.Мен де анам маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып,өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.Ана дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ.Ана-әрбір адам баласы үшін қастерлі ұғым.Бәріміздің де аналарымыз бар.Ал, кейбір балалар өз аналарын сыйламайды, қарсы сөйлеп тыңдамайды.Өмірде аналары жоқ балалар да бар,олар өз аналарының ыстық алақанының жылуын көрмесе де,тәрбиелеп отырған аналарын аялап мәпелейді.Мен анамды алда келе жатқан 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.Мен анамда жақсы көремін.

Камалхан Қырмызы .

Ана

Ана- деген бізге ең жақын адам.Ол сені түн ұйқысын төрт бөліп әлпештеп өсірді.Ана сенің досың,көмекшің,ұстазың.Ол саған не жаман,не жақсы екенін үйретеді.Мен анамды қатты жақсы көремін.Ана деген баласы қуанса, ол екі есе қуанады,ал баласы мұңайса,мың есе мұңаяды. Ана-ол сені әрдайым ойлап жүреді.Менің анам әлемдегі ең әдемі,ең мейірімді, ең жақсы адам.

Шаяхметова Нурай.

Аяулы анашым!

Мен анамды жақсы көремін.Өйткені ол маған жарық дүние сыйлады.Ана-баласы үшін ең ыстық,ең асыл жан.Шыр етіп жерге түскен күннен бастап мәпелеп,түн ұйқысын төрт бөліп,бізді ер жеткізген анамызға мың алғыс.Жер бетіндегі аналар қайғы көрмесін,ауырмасын тек қана жарқын болып жүруін тілеймін.Анамызға қандай жақсы сөз айтсақ та көп болмайды. «Ана» асыл қасиетімен бүкіл жанұясына,айналасына мейірімін төгеді.Менің анам ең мейірімді,жанашыр,ақылды адам.Жақсы қылықтарыма сәбише қуанады.Мен анамның әрқашан көңілді жүргенін қалаймын.Бала үшін ананың орны бөлек.Анашым саған мың алғыс!Осы дүнинге әкеліп,еркелетіп жүргенін үшін рахмет!Өмір бақи қасымда болшы.Мен де сенің үмітіңді ақтауға тырысамын.

Хасенова Дильназ.

Ана

Әлемде анаға жетер жанашыр,адал, қайырымды жан жоқ.Қазақта «Анасыз жетім-тұл жетім» деген мақал бар.Ешбір бала анасыз қалып жетімдік көрмесін деп тілеймін.Баласы үшін барлық ана аман болсын!

Серікжанқызы Алтын.

№18 жалпы орта білім беретін мектеп

Семей қаласы

3 «Ә» сынып оқушыларының шығармалары

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 497 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 3596
    • DOCX 4.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакина Рымгул Токтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакина Рымгул Токтаровна
    Жакина Рымгул Токтаровна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9449
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1191 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 535 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе