Инфоурок Другое Другие методич. материалыМерекелік іс-шара "Ұстаздар -ұлы тұлғалар"

Мерекелік іс-шара "Ұстаздар -ұлы тұлғалар"

Скачать материал

«Ұстаздар-ұлы тұлғалар»

1.     Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқыпсенен,
Атақ-даңқынасырды бар әлемнен.
“Ұстаз” дегенаяулы, асылжанды,
Жақсыкөрем, арнаймынжақсыөлең!

                                          2.  Жүргізушілер шығады.

1- жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар,  Қош келдіңіздер,  Құрметті де аяулы  ұстаздар және қонақтар!

2-жүргізуші:

 Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.       

  1- жүргізуші: Нұржан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күнсәулесіөміргеқандайжарық берсе, ұстазесімі де шәкірттергекүндейжарықбереді.                                                                                   Ақырын жүріп анық бас.                                                                                   Еңбегің кетпес далаға                                                                    Ұстаздық еткен жалықпас,                                                             Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

2- жүргізуші: Денсаулықтарыңыз  мықты , шаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей  шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

        Ән «Ұстаздарға қошемет» Мауленова Асемгүл

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Айдана? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші: Мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.                                                                                                                        Ұстаз болу – жүректің батырлығы                                                                    Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,                                                                        Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,                                                         Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

 1-Жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға  мектебіміздің басшысы Зәмзәгүл Сүтешқызы Кожинаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

 Күллі өмірін жеткіншекке арнаған                                     

Мұғалімді ардақтайды барша жан                             

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,                                           

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

Келесі құттықтау сөз кезегін аудандық білім беру бөлімінің басщысының орынбасары Шырын Қайырбекқызына береміз. (Марапаттау рәсімі) 

 

1- жүргізуші:  

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!                                                            

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.                                                               

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,                                                              

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. -дей келе, құттықтау сөз кезегін селолық округ әкімі Серік Сабырұлы Солтановқа береміз.

   2-жүргізуші: Айдана, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

  1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

   2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

  1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

   2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

   1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

 2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Жүргізуші: Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары және көп жылғы ерен еңбегі үшін тәжірбиелі ұстаздар қауымын марапаттау рәсімін өткізу үшін мектеп директоры Кожина Замзагуль Сутешқызын шақырамыз.  (көп жылғы еңбек еткен ұстаздар марапатталады.) (Балтабек Тұяқұлы, Алия Нургазиевна, Алтынсары Шакенұлы, Сандуғаш Советовна, Назигуль Бейсембаевна, Кульбайрам Жумашевна, Қарлығаш Тоқтаровна)

2- Жүргізуші:    Алдарыңызда бастауыш сынып оқушыларының әдеби-монтажын қабыл алыңыздар.

1-Жүргізуші:

Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, осындай талапты да дарынды, үнемі ізденіс биігінде жүретін, үздік, спорт жұлдызы, зерттеуші ұстаздар қауымын ортаға шақырайық. (Мұғалімдер сахнаға шығады)

2-Жүргізуші:

Болатхан Әміржан -Аудандық пән олимпиадасында қазақ тілі пәні бойынша 3-орын, Аудандық қазақ хандығының 550 жылдығына арналған«патриоттық тәрбие бойынша үздік  сценарийі» жеңімпазы. Патриоттық  тәрбие бойынша сыныптан тыс іс-шараның үздік сценарийі» атты облыстық конкурсында «Мәңгілік ел» номинациясы бойынша диплом иегері. Ұлы Отан соғысының 70 жылдық жеңісіне орай мектеп оқушыларының арасында патриоттық тақырыпқа арналған Республикалық шығармалар байқауын ұйымдастырып, өткізуге белсене қатысқаны үшін сертификат иеленді.  Үнемі ізденіс істінде жүретін Әміржан Болатханұлының шәкіртері де әртүрлі деңгейдегі конкурстардың жеңімпазы.

Облыстық оқушылар арасындағы «Парасат падишасы» айтысы сайысына қатысқан үшін «Ұшқыр ақын» номинациясымен және аудандық Абай оқулары«Жүйрікті жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Бағлан Ерлан 3-орын иегері атанды. Аудандық  «Жарқын болашақ» олимпиадасына белсенді қатысқан үшін Бекболатова Жадра алғыс хатпен марапатталды. Аудандық «Жайдарман- 2015» сайысында мектеп оқушыларынан құралған «Қамшылат» тобы 2-орынды иеленді. «Жарқын болашақ» олимпиадасында «Тілші -әдебиетшілер» конкурсында 3-орын Танирбергенова Гүлмарал иеленді. Аудандық Махамбет оқуларының «Ел құтқарар ер едім...» номинациясы бойынша Қалелова Қарақат 3-орын. Ұлы Отан соғысы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Сердцем прикоснись к Подвигу!» тақырыбында «Проба пера» балалар әдеби шығармашылығының облыстық конкурсында «Проза» номинациясы бойынша 3-орынға ие болған Танирбергенова Гүлмарал марапатталды. Ұлы Отан соғысының 70 жылдық жеңісіне орай мектеп оқушыларының арасында патриоттық тақырыпқа арналған Республикалық шығармалар байқауының жеңімпазы 8 сынып оқушысы  Ахметова Санияға сертификат иеленді.

 

 

 

1-Жүргізуші:

Байсалды,ашық жарқын ,жаңа форматтағы ұстаздардың бірі- Буланбаева Бақытнұр Қазыбайқызы.

2-Жүргізуші:

Анафина Алия Нұрғазықызы- аудандық тұңғыш президент күніне арналған мәнерлеп оқу сайысында Гросс Дидар I-орынды, Бекболатова Жадра II-орынды иеленді.

1-Жүргізуші:

Тусупбекова Дана Ерболатқызы

2013 жылы  қалалық пән олимпиадасында 2-орын

2014жылы аудандандық пән олимпиадасы 1-орын. Облыстық пән олимпиадасының қатысушысы. (КИО)Интернет олимпиадасынаға қатысқаны үшін сертификат игері. «Май аруы»сайысы 3-орын. «Менің үздік презентациялық сабағым атты республикалық сайысында» «Педагогикалық шеберлікті жетілдір» номинациясы бойынша 3-орынға иегері.  «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» облыстық педагогикалық олимпиадасының қатысушысы.Аудандық Ұлы Отан соғысы Жеңістің 70 жылдығына арналған «патриоттық тәрбие бойынша үздік  сыныптан тыс іс-шаралар сценарийі» конкурсы бойынша «Танымдық әндердің үздік сценарийі» номинациясының жеңімпазы  және «Патриоттық  тәрбие бойынша сыныптан тыс іс-шараның үздік  сценарийі» облыстық  конкурсына қатысқаны үшін сертификат иегері. Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында интернет ,баспа беттерінде сабақ жоспары, мақалары жарық көрді.

2-Жүргізуші:

Солтанова Ботагөз Кайырқызы

1-Жүргізуші:

Ережепова Асемгүл Казыкенқызы- Ұлы Отан соғысының 70жылдығына орай баспа беттерінде Д.Тусупбекова мен А.Ережепованың мақалалары жарық көрді. Аудандық «Шебер қол-2015» мектепке дейінгі 4-5 жасар тәрбиеленушілер арасында қолдан жасалғанбұйымдар сайыснда  мүсіндеу саласы бойынша 2-орын алған Гросс Мұрат және жапсыру саласы бойынша 1-орынмен Серікқали Мунира марапатталды.

2-Жүргізуші:

Кенжебаева Қарлығаш Тоқтаровна

1-Жүргізуші:

Сыздыков Алтынсары Шакенұлы- «Птичий перезвон» V республикалық экологиялық сайысына дайындағаны және облыстық «Қысқы ертегі»атты сурет көрмесіне дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

«Птичий перезвон» V республикалық экологиялық сайысында көтермелеу жүлдеге ие болған шәкірті Ризолла  Ізмұхамед. Облыстық  «Қысқы ертегі»атты сурет көрмесіне қатысқан  8-сынып оқушысы Сабыр Ұлан II орын жеңімпазы атанды. Жетекшісі  Сыздыков А.Ш. жеңімпаз дайындағаны үшін марапатталды.

2-Жүргізуші:

Солтанов Даурен Сабырұлы- Спорт саласы бойынша XXIV аудандық жазғы спартакиада бағдарламасы бойынша өткізілген баскетбол жарысында I-орынды иеленді.Ұлы Отан соғысы Жеңістің 70 жылдығына арналған XXIV аудандық жазғы спартакиада қазақша күрес 3-орын Нұрлан Насихат, 1-орын  Нығмет Нұржан, 3-орын Оразгалин Азамат, 2-орын Гросс Дидар. Аудан көлемінде баскетболдан ұлдар командасы 1-орын. Облыстық футбол 2-орын . Қазақ хандығының 550 жылдығына арналаған аудандық  қазақ күресінен Нығмет Нұржан 1-орын. Ұлы Отан соғысы Жеңістің 70 жылдығына арналған XXIV аудандық жазғы спартакиада қазақша күрестен 2-орынмен Саты ОМ иеленді.

 

1-Жүргізуші:

Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,                                                                        Көңілді күндер тусын алдан әлі                                                                                 Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,                                                                  Бүгінгі күн сіздерге арналады.-дей келе ортаға мың бұралған бишілерімізді шақырамыз. ( өзбек биі)

2-Жүргізуші: 

Қиындықтың көргенменен қандайын, 

Басқалардың қақтырып бір таңдайын. 

Әр мереке ұстаздарға осылай 

Шаттық алып келе берсін әрдайым!

Жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ардагер ұстаздар, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Өздеріңізге арналған сыйлықтарымыз бен ән шашуымызды қабыл алыңыздар!

__________________________орындауында «Ұстазым­» әні. Қарсы алыңыздар! (Ардагерлерге оқушылар сыйлық тапсырады)

 

 

2-жүргізуші:       

Асыға сәлем жолдап жүректен біз                                                          

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,                                                     

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,                                       

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз. (корей биі)

(Осы кезде  қалған мұғалімдер сыйлық таратылады. Мөлдір Тасболатқызы, Жұлдыз Пушкенбаевна, Жұлдыз Мукашевна, Мөлдір Жанатқызы, Ғалия Бакибаевна, Асылбек Канатбекович, Асем Молдашевна, Нурбек Амантаевич, Улфат Рсбековна, Гульсара Куанышевна)

2-жүргізуші:        

 Жақсы жандар жанымызда әрқашан                         

Ұлағатты сөзін биік ұстаған                                                          

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді                                                      

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

1-жүргізуші:

Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

1-Жүргізуші:

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін.

       

2-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

1-Жүргізуші:

Осымен ұстаздар мерекесіне арналған концерттік бағдарламамыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық білім беру бөлімі атынан бес күндік оқу-дала жиынына белсенді қатысқаны үшін Нығмет Нұржан алғыс хатпен марапатталды. Нығмет Нұржан 10 сынып оқушыларымен өткізген 5 күндік  оқу-дала жиынында ЖҚТ киюден 3- орын, АК бұзу және жинаудан 2-орын, 100 метр қашықтыққа 3-орын, гранат лақтырудан 2- орын иеленді.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік іс-шара "Ұстаздар -ұлы тұлғалар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 356 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2015 1780
    • DOCX 29.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тусупбекова Дана Ерболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тусупбекова Дана Ерболатовна
    Тусупбекова Дана Ерболатовна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17447
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов