Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Мерекелік іс-шара "Тәуелсіздік - ұлы той"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Мерекелік іс-шара "Тәуелсіздік - ұлы той"

библиотека
материалов

Мерекелік іс – шара

Тәуелсіздік - ұлы той

Жүргізуші:

  • Құрметті балалар, құрметті ата – аналар, әріптестер! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, ашық аспан тілейміз.



Күміс күлкі әнге толып тұла бойы,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой.

Шаттандырған баласы мен бабасын

Тәуелсіздік күні бүгін – ұлы той.



  • Ертеңгілікті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындауымен ашамыз. (гимн орындалады).



Жүргізуші:

  • Бүгінгі тақырыбымыз Отанға арналады, Отанға деген махабатты дәріптейміз.

Балаларымыздың туған жерге деген махабатын қабыл алыңыздар (балалар қолдарына шар ұстап, әуенмен қимыл-қозғалыс жасап кіреді).



1-бала:

Елі сүйген еңселім де еркінім

Аппақ таңнан дауысыңды естіп, елтідім.

Тәуелсіздік – Назарбаев Нұрсұлтан,

Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын.

2-бала:

Толтырған гүлге даланы,

Жаңартқан ауыл, қаланы.

Ардақты ата мекенім,

Отаным – Қазақстаным.

3-бала:

Гүлге толы кең жазық,

Күйге толы жота құм.

Жан тербеген жер нәзік,

Қазақстан – Отаным.

4-бала:

Отанды жас кәрімізде,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәрімізде,

Бейбіт өмір сүреміз.

5-бала

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ жер ортақ,

Ортақ бізге барлығы.







6- бала:

Тәуелсіздік елімнің күн, айы,

Жанға қуат беретіндей ұдайы.

Елбасының Еліміздің аталғанда есімі,

Еліміздің кіретіндей шырайы.

7-бала.

Алтын шашқан сияқты,

Жер бетінде нұр таңым

Бар адамға шуақты,

Осы менің Отаным!



Жүргізуші:

  • Балалар, біз кішкентай кезімізден бастап Отанымызды сүюге үйренеміз. Отанға деген сүйіспеншілік біздің шаңырағымыздың табалдырығынан басталады:

  1. Балалар сендер тұратын мемелекет қалай деп аталады?

  2. Қазақстан Республикасы қандай Республика?

  3. Қазақстан Республикасының елбасы кім?

  4. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

  5. Мемелекеттік рәміздерге нелер жатады?

Жүргізуші:

  • Балалар, жарайсыңдар, сендер өте дұрыс жауаптарыңды айттыңдар.



Ән: Е. Хасанғалиевтің «Бақытты балалық шақ».



Тақпақтар:

1-оқушы:

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған,

Халқым жетсін мұратқа.



2-оқушы:

Ей, бас қалам – Астана!

Шырқап көкке аспан ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам – Астанам!



3-оқушы:

Отанымның тірегі,

Астананың жүрегі.

Мақтан етем өзіңді,

Бәйтерегім киелі.



4-оқушы:

Рәміздері – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала- дағы ең кіші.

Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

5-оқушы.

Әйнегі- күн, шатыры – аспан,

Кең дала төсі толған егін

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан – Республикам менің.



6-оқушы

Отан туым желбіреген,

Көз тартады құлпыра.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына.

7-оқушы:

Отан асыл анамыз,

Ана сүтін ақтаймыз.

Есейгенде ер болып,

Елді жаудан сақтаймыз.



Ойын «Бәйтерек».



Жүргізуші:

Шалқытып мерекеге ән салайық,

Өнерпаз балаларға тамсанайық.

Мың бұралып билеген өнерпазға,

Алғыс айтып, қол соғайық.



Би: қазақ биі «Аққу».



Жүргізуші:

  • Біздің мемелекетімізде 150 ұлттың өкілдері тұрады олар: қазақ, орыс, өзбек, татар, кәріс, шешен, ұйғыр, барлығымыз ашық аспан астында өзара тату- тәтті өмір сүреміз. Әр ұлттың, салтын, өнерін құрметтейміз.



БИ: украин биі



Жүргізуші:

  • Достығымыз күшейіп, бүкіл әлемге жыр мен ән шашу болсын.

Ән : «Дос болайық бәріміз».

Тақпақтар:

1-оқушы: 2-оқушы:

Көк аспандай көкпенбек, Бақытты боп жүргенім,

Қазақстан жалауы. Сенің арқаң Ұлы Отан.

Көк елес ол тектен тек, Елім менің тірегім,

Елдің ашық қабағы. Құшағыңда гүл атам.



3-оқушы: 4-оқушы:

Бақытты ел бұл Отан Сүйсең ғой даланың,

Бәріне мен иемін. Гүл жайнаған алабын.

Біздің Отан -Ұлы Отан, Білесің бе сен бірақ,

Ұлы Отанды сүйемін. Қазақстан жалауын?



5-оқушы: 6-оқушы:

Алтын дәнді даласы бар, Туымызды аялайды сүйіп көк,

Ақ күмістей қаласы бар. Нұрында күн, көкірегіме құйып кет.

Неткен сұлу, неткен көркем, Ең сенімді қолда тұрған ел туы,

Осы менің туған өлкем. Көк аспанда желбірейді биіктеп.



7-оқушы:

Ақ ниетті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі , пырағы.



Жүргізуші:

  • Балалар, бәріміз бірге:

Жас ұланымыз еліміздің,

Боламыз ұл - қыз зор әлі,

Қазақстан жалауын,

Көтереміз жоғары.



  • Балалар , сендер мақал- мәтел білесіңдер ме?

  • Қандай ұлттық ойындарды білеміз?



  1. оқушы:

Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

  1. оқушы:

Отан – елдің анасы,

Ел - ердің анасы.

  1. оқушы.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

  1. оқушы:

Елінен безген ер оңбас,

Көліңнен безген қаз оңбас.

5 -оқушы :

Отан – оттан да ыстық.



Ұлттық ойындар: « Қыз қуу», « Арқан тартыс», «Жаяу тартыс» , «Күш алмасу» , «Ханталапай», «Тақия тастамақ» .



Жүргізуші:

  • Балалар, жарайсыңдар, қандай керемет, сендер мақал – мәтелдерді айтып, ұлттық ойын ойнай біледі екенсіңдер. Маған қазір жеңімпазды атау өте қиын болып тұр, себебі,барлығының бірдей бізді қуантып, таңқалдырдыңдар! Сендер халықтың салт- дәстүрін құрметтеп, туған жерімізді сүйеді екенсіңдер, сондықтан , бұл мерекеде достық жеңіске жетті.

«Қазақстан еліне ғажайып саяхат».

Жүргізуші:

  • Сіздерге құрметті ата – аналар викториналық сұрақтар.

  • Ту авторы?

  • Елтаңба авторы?

  • Әнұран әнін, сөзін жазған авторлары?

  • Бесікке салу салтанатында «Тыштырма» рәсімі қалай орындалады?

  • Қазақ елінің тұңғыш ғарышкерлері?



Жүргізуші: (бәріміз бірге)



Құрметті қонақтар,

Сенімді біз ақтар.

Ұлан біз ел мақтар,

Қош сау болыңыздар!












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров146
Номер материала ДВ-436934
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх