Инфоурок Другое Другие методич. материалыМерекелік кеш: "Анаға тағзым!"

Мерекелік кеш: "Анаға тағзым!"

Скачать материал

                   Тәрбие сағаты:  «Анаға тағзым»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз  еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі:нақыл сөздер,суретті  плакаттар, қабырға газеттері, слайдтар                                             Сабақтың барысы:  оқушыларды сахна төріне шығару

Ескендір:  Құрметті ұстаздар, аяулы аналар,көктем күніндей құлпырған қыздар!  Сіздерді 8- Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық,еңбектеріңізге табыс тілейміз. Адам бойындағы  барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған . Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ  қыздар, бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!                           

Салтанат: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, қыздар!
                    Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар 
                    мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңісау,көңілдеріңіз 
                    жайдарлы жүздеріңіз жарқын болсын!

Екеуі:   Мерекелеріңіз құтты болсын!

Енді 4 «В» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!

Би «Ана туралы жыр»

Ескендір:«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!
Салтанат:
Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту – таралғының керегі жоқ.
Ескендір:
Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады. Сондықтан да дүние жүзінің озық ойшыл жандары 8 - наурызды халықаралық әйелдер күні етіп белгіледі. Ол күн жыл сайын үлкен мереке ретінде аталып өтіледі.
Салтанат:
Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!

Әдеби монтаж:    тақпақтар

Көрініс «Саябақтағы оқиға»

Оқушылардың тілектері

Диалог: Ескендір: ( галстугін дұрыстап) Салтанат, маған қарашы мен әдімімін   бе?
 Салтанат: И....и...Ескендір саған не болған?
 Ескендір: Не болушы еді,  қазір біздің достарымыз  өнер көрсетпекші
 Салтанат: Ия өмір зымырап бара жатыр,  ал біздің достарымыз күннен  күнге   құлпырып бара жатыр
 Ескендір:Ия... (күрсініп)                                                                                 Салтанат: И... Ескендір  күрсінбе, біз достарымызбен әле талай қызықтарды біге өткіземіз.   
 Бірге: Олай болса  4 «В»- сынып оқушыларының орындауындағы аналарымызға арнаған концерттік бағдарламаларын  қабыл алыңыздар.

Концерттік бағдарлама

Салтанат:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейік  көңілін
Ән салайық бәріміз.

1.     Ән: «Әке, ана» 4 «Ә» сынып оқушысы Ерболатқызы Аягүл

Ескендір: Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін қанекей,көңіл күйлер.

Алдарыңызда қазіргі өнерменен,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер.

 

2.     Би: Қыздардың орындауында «Нежность» биі 4 «В» сынып

 

3.     «Ұстазым» әні 4 «А» сынып оқушысы

Жүргізуші: Бүгін аналардың мерекесі ғана емес,әжелердің де мерекесі.Бүгінгі қариясы бар үйдің,қазынасы бар дегендей әжелер биіне кезек берейік.

4.     Би: «Әжелер» биі 4 «В» сынып қыздары

Жүргізуші:Немере деген балдай ғой

                    Тәттілігі шайдай ғой

Ақжаулықты әжелеріміз аман болсын.Немерелеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге арнап жігіттер би билейді

5.     Жігіттер биі   4 «Ә» сыныбы

6.     «Аққу» биі  4 «А сыныбы

7.     Флешмоб биі  4 «Б» сыныбы

8.     Қазақша би   4 «А» сыныбы

9.     Флешмоб биі  4 «Ә» сыныбы

Жүргізуші:Балалар бүгін біз аналарымызға арнап ән де, би де ,әзіл де айттық

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»  әні

Қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.

Музыка әуенімен Арнұр қыздарды алып келеді. Ұлдар қыздармен вальс билейді.

 

Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер!
                    Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар 
                    мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз 
                    жайдарлы
жүздеріңіз жарқын болсын дей келе келесі құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Жайлибаев Т.Б.-на беріледі.

Қанат:Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
           Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
           Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
           Мерекелеріңіз құтты болсын!

Балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақ:
Ф.Інжу: Жанымызды жайнатқан,
              Сіздерді ғой аналар
              Зор денсаулық мол бақыт
              Тілейміз біз балалар.

Тимур: Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ  мамам!» - деп, шаттанам
             Түн ұйқыңды  төрт бөліп
              «Бөпешім!»- деп жатпаған.

Гүлімжан :Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.

Нурсая:Сегізінші наурыз күнін,
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.
Жансая:Аналарды сүйеміз,
                Сөзін ойға түйеміз.
                Әжені де ардақтап,
                Әдеппен бас иеміз.

Жүргізуші:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.

 

ХОР: «Ақ мамам»

 

Жүргізуші. Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүрініз.-деп аналарға арналған тақпақтарға кезек берейік.

 

Тақпақ:

Сенен өскен балалар Арнур

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!

 

Үлкен, кіші әркімде Каусар

Әже де бар, ана бар

Аналарды әр күнде

Қуантса екен балалар!

 

Жақсы көрем күлкінді Мадина

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам.

 

Келбетінде ұлылық Алтынай

Даладай кең пейілі

Ана –деген жылылық

Ана –деген мейірім

 

 

Әзіл: «Әжелер»

 

Әжесі немересіне:
- Балам, егер жөтелетін болсаң ауызыңды қолыңмен жауып жөтел, - дейді.
Сонда немересі:
- Әже қорықпаңыз, менің тістерім сіздікіндей ұшып кетпейді, - депті. ))

 

Әжесі бес жасар немересіне:
– Құлыным, қарашы, «бип-бип» келе жатыр.
– Әже, қойшы, қайдағыны айтпай. Бұл BMW 325 қой!

 

 

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге арнап жігіттер би билейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Титтей бөбек кезімнен Нұргүл

Әлдилеген емізген

Еркелетіп күлгізген

Алғаш «апа» дегізген

 

Ән: «Ақ мамам» (Г.Інжу және М.Гүлімжан)

 

Жүргізуші: Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгіреді бір өзі
Балалар сіздермен ойын ойнасақ.

Ойын: «Қыздарға гүл сыйлау»

Тақпақ:Әлпештеген аялаған,Ақерке.
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз.

Наурыздың сегізі, Арсен

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізім.

Анашым анам Бекзат

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам

 

Мәпелеп мені өсірген Назым

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде

 

Ана деп күнде ән салам Жансерік

Ауылға бүкіл жар салам

Қуанту үшін анамды

Күнде-күнде бес алам

 

Хор: «Анашым» (Оянғанда түнде ......)

 

Жүргізуші:Бишілер бар біздерде қыздар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін .

Таң қалдырып қанекей би билеші,

Қол соғып демеу берер қонақтарың.

Би: «Көбелектер»

 

1 әже:(Чип –чип әні) Аманкелді

Немерем менің блатной

Күндіз тыным таппайды

«Видик көру керек » деп

Кешкі ұйқыға жатпайды

 

2 әже:(Қызыл өрік әні) Қанат

Немерем менің кір-кір боп

Үйдің бетін көрмейді

«Киндр» сатып әпер деп

Еш тыныштық бермейді

 

3 әже(Т.Төреалі «Бол жанымда») Арнұр

Немерем менің ән салса

Махаббат деп айтады

Қызың бар ма деп едім

«Жоқ» деп басын шайқады.

 

4 әже. (Ойпырым-ай) Әліби

Келіндер келіп қапты ғой

Біз де үйге кетейік

Немере шіркін тәтті ғой

Барына шүкір етейік

 

Жүргізуші:Немере деген балдай ғой

Тәттілігі шайдай ғой

Осы ақжаулықты әжелеріміз аман болсын.Немерелеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер.

 

Жүргізуші: Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

ХОР: «Әже»

 

Диалог:Ф.Інжу: Інжу қарашы маған Қанат сақина сыйлады.
               Г.Інжу: Қойшы Інжу сақина сыйлағанша одан да неге би   сыйламайды
               Ф.Інжу: Әрине олардың биі  де дайын
Екеуі бірге: Ендеше ортаға жігіттердің орындауында би

 

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге арнап жігіттер би билейді.

 

Би: «Жігіттер» биі

 

Жүргізуші: Балалар,аналарын мерекеге барғанда қандай болады?

 

Балалар: -әдемі киінеді, боянады, шаштарын әсемдейді, т.б.

 

Жүргізуші:Дұрыс айтасындар балалар, ендеше аналарымызға арнап тақпақ айтайық.

 

Тақпақ:

Сыйлаймын мен жырымды, Әліби
Саған арнап жаттаған.
Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын Ақ анам!

Еркелесем күнім дейтін, Елмур

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сипап мені,
«Құлыншағым, күнім» дейтін. 

 

Айналайын, Анашым, Назерке

Аялайсың, бағасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың

 

Аналарды сүйеміз,Асем
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Сенен өскен балалар,Г.Інжу
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!


Ойнаймыз күлеміз Айша
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.

 

Жүргізуші: Әуені бар шарлатын кең даланы,

Шырқаса бәріңізді таң қаласыз.

Інжудей қызымыз ортамызда,

Қол соғып қошеметтпен қар салайық.

 

Ән:«Ақ мамам» Ф.Інжу

 

Жүргізуші:Балалар бүгін біз аналарымызға арнап ән де, би де ,әзіл де айттық.Енді ана туралы мақал мәтел білемізбе?Қане, кім айтады?

Мақал мәтелдер: 
«Ана сүті бал, баланың тілі бал» Аяжан
 «Әкеден – ақыл, анадан – мейір» Асем
 «Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет» Ақерке

 

Ойын: (Ата - аналармен)
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.

 

Жүргізуші: Аналарға арналған тақпақтарға кезек берейік.

 

Тақпақ:

Ақыл құйған санама, Әлішер
Күннен артық расында.
Күн алыста, ал анам, 
Ылғи менің қасымда.

Баланың да тірегі,Амина
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.

Бәрімізге анасың,Аяжан
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.

Үн қатасың бал тілмен,Аманкелді
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші Наурызбен

 

Хор: «Менің әжем»

 

Жүргізуші: Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың - деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет Енді балалар аналарымызға арнап жапсырып жасаған тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз.

 

 

 

 

 

Сабина: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі:- Ана.
Сабина: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
Сабина: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.

Ән "Құттықтаймын мама туған күніңмен"
Әдеби монтаж.
Нұрдәулет:

 

 

 

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік кеш: "Анаға тағзым!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 325 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2017 2050
    • DOCX 55.7 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амирова Актоты Мырзакуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амирова Актоты Мырзакуловна
    Амирова Актоты Мырзакуловна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11519
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой