Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Мерекелік кеш "Қош келдің,Жаңа жыл!"(мектепалды даярлық топ)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Мерекелік кеш "Қош келдің,Жаңа жыл!"(мектепалды даярлық топ)

библиотека
материалов

Тақырыбы: Қош келдің, жаңа жыл!

Мақсаты: мектепалды даярлық тобының балаларына мерекенің мазмұнын түсіндіру. Балалардың топпен бірге ән айтуға, би билеуге үйрету. Сахна мәдениетін үйрену. Мереке кезінде өзін-өзі ұстау, балалардың бір-біріне қошемет көрсету,сыйлау тәрбиесін үйрету.

Көрнекілігі:Әсем безендірілген зал, мерекелік костюмдер,қойылым мазмұнына қарай киінген ата-аналар (Мыстан, Қоян,Түлкі,Тиін,Қасқыр,Аю) және мерекелік ән-билер.

Барысы:Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.Сахнада Даяна,Бектас,Дильназ –жеке дауыста,қайырмасына балалар қосылып «Шырша жыры» әнін 3 тілде орындап,билейді.
Балалар:
Жаңа жыл, жаңа жыл. Дәулет
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.


Тамаша, тамаша! Аружан
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.


Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған, Диляра
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,


Кел, балалар, келіңдер, Еркебұлан
Тамашаны көріңдер.
Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!


Тәрбиеші: «Сәлем –сөздің анасы» деген,кәне,амандасып алмаймыз ба?


«Қайырлы таң» әні орындалады.

Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады.) «Мария Могдолена» әні
Шыршаның артынан қоян ceкірiп шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз Атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipiп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян:

Амансыз ба, аю паң!
Аю:

Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутындап тулкі келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcіп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю, қоян, түлкі 6ipre билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына кipпi келеді.

Kipпi:
Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Барлығы:
Сәлем, тиін!
Жақсы-ақ биі!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достық тойын жасайық!
Барлығы:

Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!

Қасқыр: ата-анларыңды жақсы көресіңдер ме? Олай болса ата-аналарыңды, туыстарыңда Жаңа жылмен құттықтап ән айтып беріңдерші.


«Жақсы көрем» әні мен биі орындалады.


Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз Атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы келеді. /
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды.
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. /Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық!

«Шырша жыры » әні.Орындайтын Айдана Оразаева.


Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
/Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. /Ақшақар басын көтермей тұрады./
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/
Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шырша шамын жаққызады.

«Шырша жыры » әні

«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойыны ойналады.

Аяз Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бip қуантып, тастадыңдар.
Тәрбиеші: Аяз Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз Ата: Иә, сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз Ата: Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Кәне, таяғым, мына Мыстанды қатырып таста!
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз-Ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)
Балаларға жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)

Тікен, тікен тік пістe.
Қысы жазы бip түсте
(Шырша)
Мыстан:Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым?

Тәрбиеші: Балалардың өнері әлі таусылған жоқ. Сахаға

«Әжем айтқан ертегі» әнімен Исламды шақырамыз .

«Крокодил Генаның» әнін орындау үшін сахнаға Бектасты шақырамыз.

«Ертегілер елінде» әні.Орындайтын Айым мен Аяулым.

Аяз ата:Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Сыйлық үшін тақпақ жаттаған боларсыңдар ? Кәне,кім айтады?

Балалар:
1. Жылдың әнін бастайын, Айгерім
Аяз Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.


2. Мектеп іші мереке, Исхан
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы достар жаңа кеп,
Мерекені бастаған.


3. Жаңа жылды қарсы алдың, Аяулым
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.


4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың. Бектас
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.



5. Ақ қырауға малынған Дильназ
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.


6. Безендіріп шыршаны Лимара
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.


7. Аппақ тонға оранып, Айдана
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.


8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп қалдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып, Қуаныш
Шыршаларға шам іліп


9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып. Ислам
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.


10.Қайда қызық болса думан, Әділжан
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды


Аяз Ата:Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров239
Номер материала ДВ-371244
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх