Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыМерекелік сценарий: Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз!

Мерекелік сценарий: Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз!

Скачать материал

Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз!

Тәрбиешінің сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар,қонақтар!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына  жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт  күтіп, оны  ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтап: дендеріңізге саулық , жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге  табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге тек бақыт сыйласын.

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған,

Мына біз бар!

Естімеген естіңдер!

Тыңдамаған тыңдаңдар!

Наурыз тойы басталды!

Жүргізуші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге, қазақ даласына Жаңа            

жыл келді. Қой жылы келді. Жаңа жыл – бақыт жылы, бейбіт жылы болсын.

 Олай болса ортаға біздің бүлдіршіндер өз тақпақтарын айтуға шығады.

1 Балалар наурыз мейрамы туралы тақпақтарын айтады.

 

Ән шырқайды   Ұлттық киім киген Ақ әже (кіреді):

 

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе,Ақ әже!

 

Ақ әже:Армысыздар, балалар!

 Наурыз тойы құтты болсын!

Ақ мол болсын  қайда барсаң да жол болсын!

Жүргізуші:Ақ әже сіз сондай әдемісіз!Сіз осы мерекелік кешке барғалы жатырсыз ба?

Ақ әже:Бүгін менің немерем Наурызгүл  келеді, ол  Наурыз мейрамында дүниеге келген. 22 наурыз күні далада қар жауып    

тұрды,ол жақсылықтын белгісі.

Ән шырқайды.   Назгүл  немересі келеді.

Немересі: Сәлеметсіздер ме, балалар!

   Сәлеметсіздер ме,қонақтарСәлеметсіз бе, Ақ әжем менің. Құшақтайды.

   Ақ әже:Келгеніне қуаныштымын, сені сонша көп күттім!Қалың қалай?Денсаулығың қалай?

Немересі: Бәрі жақсы.Сіздер сондай әдемісіздер,барлығы жақсы ма?  мені күтіп отырсыздар ма?

Жүргізуші:Ия,  сені де, наурыз мейрамында  көп күттік. Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ  тілінде «Наурыз» сөзі  біріншіден- жыл басында тойланатын  думанды  халықтық  мейрам, екіншіден – наурыз айы, үшіншіден – ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні –Ұлыс күн» деп атаған.Осы күні барлық жұрт дастархан  жаяды. Дастархан басында жиналады

Ән «Дастарқан»

1.Ей халайық ,халайық

Бар өнерге салайық

Ас ұсынып,бас тартқан

Жайылып тұр дастарқан

Қайырмасы:

Дастарқан-ау дастарқан

Берекелі дастарқан

Мерекелі дастарқан

Ей-ей-ей

2.Жақсы келсе құт болар

Жаман келсе жұт болар

Жолаушымыз біз десең

Асыл мұрат іздеген.

Қайырмасы:

Дастарқан-ау дастарқан

Берекелі дастарқан

Мерекелі дастарқан

Ей-ей-ей

 

Ән орыс тобы«Солнышко»

Кішкентай баланың жылаған даусы шығады

Ақ әже:Ойбай, немерем оянды! Бесікке салуым керек. Наурызгүл, сен маған көмектесе ғой.

Жүргізуші: Халықтық салттар да өте көп. Бала  шыр етіп дүниеге келген күнінен еңкейіп қарт болған шағына дейін тойлар тойланып, салттар сақталады. Ол салттарға бала дүниеге келгенде: азан шақырып  ат қою, баланы бесікке бөлегенде  бесік тойы т.б. көптеген  салттар бар. Соған орай қазір сіздерге  бесікке салу салтын көрсетеміз.

Ән: «Әй,әй, бөпем»Тәрбиешілер мен күтушілердің орындауында.

1.Ауылым көшіп барады-ау

Алмалығы кім көнбейді тағдырдың

Салғанына- ай

Көрмегеліткөп айдың

Жүзі болды ата-анамның хабарын

Алмағалы-ай

Қайырмасы:

Ай ай бөпем кейін қалған елімді

Көрер мекен-ай

Игигай игигай-оу

Көрер мекен-ай

2.Туған жерді сағындым

Топырағы көз алдыма келеді

Сол турағым-ай

Ата-анамның аяулы

Аңсағанда, ақ бөпемді  аялап

Отырамын-ай.

Қайырмасы:

Ай-ай бөпем кейін қалған елімді ай

Көрер мекен-ай

Игигай игигай-оу

Көрер мекен-ай

Ақ әже:Рахмет сіздерге немерем ұйықтап қалды мерекемізді әрі қарй жалғастырайық.

Тақпақтар.

Жана бақыт жаңа жыр

Ата әже,әке ана,

Құтты болсын Наурыз! (Самат)

 

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді,

Бізге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді. (Эвелина)

 

Ашылды да кебене,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды. (Аружан)

 

Наурыз көктем, наурыз жыр,

Ана мейрім, шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан,

Аққан бұлақ ,нәзік сыр. (Аида)

Ақ әже:Балалар тақпақтарын әдемі,ал наурыз мейрамында қазақша би билеу деген жоқ па өзі?

Жүргізуші Қалай ша жоқ деп ойлайсыз?  әрине бар. Қазақтың қыздарын ортаға шақырайық.

«Ботақан»тобының тәрбиеленушілерінің орындауында «Қамажай» биі

Ақ әже:Ой, қандай әдемі би! рахмет сендерге !!!

Жүргізуші:  Қазақ халқы Наурыз мейрамын ерекше бағалап, жыл сайын тойлап, үлкен дайындықпен қарсы алуды үрдіске айналдырған. Міне, бүгін де ұлт мейрамы Наурызды тойлауға бас қосып  отырмыз.  Наурыз күні қазаның ортаймасын, Жаңа жыл шаттық әкеп, той тойласын»          Қандай үйде тойлатамыз?

Балалар «Киіз үйде»

Жүргізуші:  Дұрыс айтасыңңдар. Балалар қараңдаршы біздің киіз үй қандай әдемі! Қабырғалары дөңгелек.  Ал ең жоғарысындағы не? Ол -  шаңырақ.

Ұлттық  ойын «КИІЗ ҮЙ» Наурызды тойлайық,

                                                 Қызық ойын ойнайық

«Ботақан »тобының ұлдарын  «Тұлпарым» биімен қарсы алыңыздар.

 Жүргізуші: Ұлыс күні көне замандардан жеткен рәсім – көрісу. Таң шапағымен арайлап келген берекені қабыл алғандай қуанышпен жұрттың бәрі бір-бірімен қауышатын, көрісетін. Бұл дәстүр әлі күнге жалғасып келеді. Жасы кішілер үлкендерге келіп, амандасып,  қол алысып,  көріседі. «Бір жасқа шығуыңызбен», «жасыңыз құтты болсын», «Ұлыс оң болсын, ырыс-ынтымақ мол болсын» деген тәрізді құттықтаулар айтып, құшақтасып көріседі. 

Тақпақтар

Жүргізуші: Ақ әже! Балаларға бата беріңіз!

Ақ әже: Ниеттерің ақ болсын

               Наурыздың қарындай.

               Бастарына бақ қонсын

                 Шаштарыңның санындай.

Жүргізуші: Ән қосылсын әніңе,

Сән қосылсын сәніңе.

Ырысты боп Жаңа жыл!

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман-есен жетейік,

Келесі Наурыз тойына!

Ата-аналар, сіздерге де көп рахмет! Осы шағың ертеңгілігімізге  уақыт бөліп келіп атсалысқандарыңызға үлкен алғасымызды білдіреміз.

Ата-аналар ішінен  бата –тілек күтеміз.

(Ата-ана сөз айтады.)

Жүргізуші: Біздің қыдыр атамыз , ақ әжеміз балаларға баталарын берсін

Қыдыр ата:

Ұлыс бақытты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

Достығымыз берік болсын!

Білім - өнер серік болсын!

          Ақ көп болсын,

          Қайғы жоқ болсын,

          Пейілдерің кең болсын,

          Сапарларың оң болсын,

         Мына ұлыстың ұлы күні әр бір отбасына бақыт әкелсін!

           Ұлыс оң болсын! Әумин!

 

Жүргізуші:Әжеміз шашу шашады

                          Уа,халайық, халайық,

                         Ақ  сандықты ашайық

                         Бұл  мереке, бұл  тойдың,

                         Жыр  шашуын  шашайық.Шашу

                                                   /Шашу шашылады/.

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

                                                   

 

 

 

                   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік сценарий: Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 093 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2015 3203
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балшикбаева Акнур Хасеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балшикбаева Акнур Хасеновна
    Балшикбаева Акнур Хасеновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10454
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация и содержание работы логопеда-дефектолога в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 384 человека

Курс повышения квалификации

Современные подходы к деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Психологические условия нравственного воспитания в ДОУ. Построение программы нравственного воспитания

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе