Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМерекелік сценарий "Қош келдің, Жаңа жыл!"

Мерекелік сценарий "Қош келдің, Жаңа жыл!"

Скачать материал

«Қош келдің, Жаңа жыл!» 2015 жылдың бастауыш сыныптарға арналған ертеңгілігі

Дәурен: Барлық жандар бір білікке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той деп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым

     Нұрасыл: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

    Дәурен: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы  Жолин Берікбай Жамалұлына сөз береміз.

    Нұрасыл: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.

    1 Сайқымазақ: Армысыздар, Халайық!

    2 Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?

    1 Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.

    2 Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.

 Ән: "Жаңа жыл, жаңа жыл"

    1 Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.

    2 Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсың. Сонымен, ғажайып басталады.....

    ( Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды.)

    1 Сайқымазақ: Қалай көрдің бе? (ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.)

    1 Сайқымазақ: (ашуланып)  Бұны қалай түсінуге болады?

Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара сонда көресің. жәшікке қарайды.

(аржағынан биші қыздар шыға келеді.)

2-сынып оқушысы Гүлдананың биі

     Дәурен:  Бұрыннан болған екен Аяз ата

Тосады екен балалар қысқы уақытта

Ақшақарды Қасына ертіп алып

Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай

    Нұрасыл: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

    2 Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!

(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)

     Аяз Ата:


Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан


(Балалармен амандасады.)

     Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Жылқы жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Қой жылына табысты  жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарихи  жыл болсын деймін.

     Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.

"Шырша жыры" әні орындалады.

Би: бастауыш сынып ұлдарының заманауи биі

(билеп жатқанда ескі жыл шығады)

Жылқы жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2015 жыл қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.

Келесі жыл бастауын қойға берем

(Сахнаға қой шығады,)

Қой: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?

Жылқы жылы:


Мен тағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақниет

Сіздерге де мың рахмет.


Барлығы: Қош бол, жылқы, қош бол!

Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.

Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.

     Ән «Келді,міне, жаңа жыл!» 3-4 сынып оқушылары

(шыршаны айнала билейді.)

     Би:бастауыш сынып қыздарын әсем биімен ортаға шақырамыз.

Аяз ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.

Қой: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.

Дәурен: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.

Аязата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.

     4-сыныптың КТК әзілдері

Нұрасыл: Қане балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.

Ақшақар: Қанекей балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аязатаға арнаған тақпақ, өлең шумақтарымыз болса айтамыз.

     Ортаға шағын орталық, МАД бүлдіршіндері мен 1-сынып оқушылары шығып, өз өнерлерін көрсетеді.

( аязата ортада отырып балалардың өлең шумақтарын тыңдап сыйлықтарын береді)

      Ән: "Шырша жыры" 2-сынып оқушылары

Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны.

Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.

Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата ақшақар......

    Ән айтып, би билеу

1 Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.

2 Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақыт боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады.

Жүргізушілер бірге: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік сценарий "Қош келдің, Жаңа жыл!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 048 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.10.2016 904
    • DOCX 42 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Төлегенова Эльвира Мәтжанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Төлегенова Эльвира Мәтжанқызы
    Төлегенова Эльвира Мәтжанқызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9135
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек